Сабақтың тақырыбы: Пирамида, қиық пирамида, дұрыс көпжақтар. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Пирмида, қиық пирамида, дұрыс көпжақтар туралы мәліметтермен таныстыру, студенттердің теориялық білімдерін жетілдіре отырып, практика жүзінде қолдану дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық:Студенттердің ой-өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға баулу, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, геомериялық фигуралар,
бейнебаян, электронды оқу құралы.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.
Cабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдісі: танымдық ойын, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1) сәлемдесу, сабақтың мақсаты, жүру барысын айту
2) үй тапсырмасын тексеру
Негізгі бөлім: 1) «Кезбе тілші»(өткен тақырыпты пысықтау) (10 мин)
2) «Білгенге маржан» (жаңа тақырыпты электрондық оқулық арқылы түсіндіру) (8мин)
3) «Сана аллеясы» (жаңа тақырыпты бекіту) (7 мин)
4)«Пирамида тарихын білеміз бе?» (бейнебаян)(6 мин)
5) «Сиқырлы сандықша» (топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар) (6мин)
6)Кері байланыс(2 мин)
Қорытынды. 1)Үйге тапсырма (2мин)
2)Бағалау.(2мин)
«Кезбе тілші» (өткен тақырыпты пысықтау)
Мақсаты: өткен тақырыпбойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.
Шарты:Оқытушы студенттерге өткен тақырып бойынша сұрақ қояды, ал студенттер шапшаң жауап беруі тиіс, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.
Көпжақ дегеніміз не?
Қандай көпжақ призма деп аталады?
Призманың жағы, төбесі, қыры дегеніміз не?
Призманыңбиіктігідеген не?
Қандай призма тік призма деп аталады?
Қандай призма дұрыс призма деп аталады?
Призманың бүйір бетінің, толық бетінің ауданының формуласын ата?
Қандай көпжақ паралеллепипед деп аталады?
Қандай параллелепипед тікбұрышты параллелепипед депаталады?
Тікбұрышты параллелепипедтің үш өлшемі дегеніміз не?
Тікбұрышты параллелепипедтің диагоналы дегеніміз не?
Куб деген не?Кубтың қандай қасиеттерін білесіңдер?