1. Ата — аналардың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата — аналарды балаларға жауапкершілігін арттыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеттері:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата — ананың жауапкершілігі
2. Мектепте ата — ананың оқу — тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата — ананың бірігіп жұмыс жасауы
І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
«Ана», «Әке» туралы ән айтуға караоке қосу
Амандасады.
Ән айтады
мадақтау
Караоке, тексті
ортасы
Ал, құрметті ата-аналар, қазір мен сіздерге қажетті құралдарды беремін. Осы құралдарды пайдаланып, өзіңіз тәрбиелеп отырған балаңыздың болашақ макетін жасайсыздар.
1.конструктордан баланың бейнесін құрастырасыз.
2. сурет арқылы баланың бейнесін жасайсыз.
3.ермексазбен баланың макетін жасайсыз.
4. гуашьпен баланың бейнесін жасайсыз.
5. қағаздан баланың бейнесін жасайсыз.
Сұрақ-жауап: Жауапкершілік деген не?
Ата-ана мейірімі?
Балаңызға қаншалықты көңіл бөлесіз?
Балаңыздың қажеттілігін, таңдауын қаншалықты ескересіз?
5 жасқа дейін еркелет, 13-ке дейін құлша жұмса, 13-тен кейін досыңдай сырлас деген халық даналығын қалай түсінесіз?
Баланың мінез-құлқы қайдан шығады? Өтірікші, қызғаншақ бұзықы, ашуланшақ болуы кімге байланысты?
Есінізге түсіріңізші аяғыңыз ауыр болған кезде, бірінші не туралы ойладыңыз, қандай сезіміңіз болды?
Енді балаңыз өмірге келгенде алғашқы әсеріңіз? Не туралы ойладыңыз?
1.Енді балаңыз жүре бастағанда, біз бала үшін қорқамыз да, оған барма, шықпа, секірме дейміз. Сонымен аяғын байлаймыз.
2. Енді балаңыз жан-жағындағы дүниені тани бастайды, бәрін ұстап білгісі келеді. Біз оған ұстама дейміз. Сонымен қолын байлаймыз.
3. Баланың тілі шығады да, бәрін сұрай бастайды. Бұл не, мынау не деген кезеңі. Баланың сұрағынан шаршаймыз да сұрама, сөйлеме, айқайлама дейміз. Баланың аузын байлаймыз.
4. Көшеден әр-түрлі сөздер естіп, үйреніп келеді. Біз оған тыңдама, естіме дейміз. Біз сөйтіп құлағын байлаймыз.
5. Теледидардан неше түрлі бағдарламаларды көреді де, біз оған қарама дейміз. Сонымен баланың көзін байлаймыз.
6. Баламыз даладан ұядан құлап түскен балапанды, тастанды мысықтың баласын үйге әкелген кезде біз оған қайдан әкелдің? Неге әкелдің? Алма, ұстама, деп баланың жүрегін байлаймыз.
Енді қараңыздаршы, осындай бала сіздерге ұнай ма?