Прибрежный кентінің әкімі 2011 жылға есеп беруі Прибрежный кенті 2012 жылдың 02 ақпаны Первомайка орта мектебі 2005 жылдың 6 сәуірінен №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жетекшілері халықпен есеп беру кездесуін өткізу туралы»



Дата22.02.2016
өлшемі123.62 Kb.
#1537
Прибрежный кентінің әкімі 2011 жылға есеп беруі
Прибрежный кенті 2012 жылдың 02 ақпаны

Первомайка орта мектебі

2005 жылдың 6 сәуірінен № 1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жетекшілері халықпен есеп беру кездесуін өткізу туралы» мемлекеттік Басшының Жарлығын іске асыру мақсатында халық алдында барлық деңгейдегі әкімдер есеп беруін жыл сайын өткізеді.

Міне бүгін, біздің кездесуде 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы сіздердің алдарыңызда есеп беремін.

Прибрежный кентінің әкім аппараты, әкімі өз жұмысында 2005 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меңгеру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабын басшылық етіп, 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жодауында қойылған мөселерді түсіндіру және орындауға өз күшін бағыттады. Өйткені бұл 2020 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясысында анықталған ең маңызды бағдарламалық құжат.

Халық үшін маңызды мәселелер қойылған – еңбек өндірісін көтеру және инновацияларды еңгізу, кәсіпкерліктің дамуы, Қазақстанның барша азаматтарының өмір деңгейін және сапасын көтеру. 2011 жыл біздің ел үшін ерекше жыл болды. Бұл жыл мемлекетіміздің 20 жылдығын тойлау жылы. Тәуелсіздік жылдары ауылдар, аудандар, облыстардың даму қорытындысын жасап, сараптауын жасау керек болды. Мерей тойға дайындық шеңберінде «20 мейірімді іс» , «20 жұлдызды шың» атты шаралар өткізілді.

2011 жылдың қантарында жиналыста Прибрежный кентінің округ әкімнің алдына осындай мәселелер қойылған болған: Прибрежный кентінде Матросова көшесі бойынша, ағып жатқан бұлақтын арнасын тереңдету бойынша ұсыныстар еңгізу.

2011 жылдың көктемінде көшеге жақын орналасқан тұрғындардын қатысуымен бұлақ арнасы терендетіліп, қоқыстан тазартылды. Жасалған еңбектің нәтижесінде су басу қауіпі болған жоқ.

2011 жылыдң 13 сәуірінен Заводинка ауылында жиналыста, мал жайылымы мәселесі қарастырылды. Мал жайылымы анықталды. Зиратқа дейін жол жөндеу бойынша шаралар қарастырылды. Комиссия тексерісі нәтижесінде жол пайдалануға жарамды екені анықталды, жол тасты таудан өтетін болғандықтан одан әрі жақсы жасау мүмкін емес.



Прибрежный кентінде темір жол перронының нақты иесі жоқ, перрон бетонды плитадан жасалған, қоғамдық жұмыстар бойынша, жұмыссыздардың күшімен қыста қардан тазартылады.

Прибрежный кентінде құрылыс материалдарын сату ұйымы. Күнделікті шаруашылық тауарлардың қажеттілігі «Парус» дүкенінде қамтамассыз етіледі, бірінші қажетті шаруашылық тауарлар сату бойынша бөлімше ашылған.

«Водник» клубын техникалық тексеруден өткізу. 2011 жылы 8 маусымда «Восток Инжиниринг» ЖШС мамандарымен техникалық тексеруден өткізілді. Республикалық трассадан Заводинка ауылына дейін, шұңқырлы жол жөндеу жұмыстарын өткізіп, мердігер бөлінген сомма көлемінде жұмысын атқарды.

Зил-130 өрт көлігінің жағдайын диагностикадан өткізіу. Диагностика өткізілді. Жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінуі туралы, бюджеттік комиссияға ұсыныстар дайындалуда.

Прибрежный кентінде бос пәтерлерді иесіз қалған деп санау, және әрекеттегі заң шығарушыға сәйкес, тіркеуге алу. Қаіпті жағдайда деп санау үшін, көп қабатты жартылай қираған және бос, қираған пәтерлер бекітілген аудандық комиссиямен тексерілді, үш қабатты жатақхана ғимараты бұзуға берілді, Прибрежный кентінде Заводинка ауылында тұруға жарамсыз болған үйлерді бұзып шығаруға комиссия шешімге келді, қалған үйлерді иесіз қалған сияқты үй деп тіркеуге алып, әкімшілікке ақысыз қайтару үшін немесе әрі қарай қолдану үшін, пәтер иегерлерін анықтау бойынша жұмыс жүргізулуде.

2011 жылы

Округ әкімнің аппараты қызметі, барлық әкімшілік рәсімдер, әрекеттегі заңшығарушы қағидасына сәйкес, іске асырылады.

Осы жылы аппаратта мемлекеттік қызметкерлердің «Ар намыс Кодексі», «Мемлекеттік қызметкер туралы», «Жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын оқыту бойынша жоспарлық сабақтар өткізілді. 2011 есеп жылға, әкімшілік жұмысшыларымен жемқорлық және әрекеттегі заң шығарушы бұзушылық болған жоқ.

Заводинка ауылы және Прибрежный кенті бойынша, тұрғындарымен жыл бойы 11 жиналыс өткізілді. Азық түліктің бағасы көтерілуі туралы, су жабдықтау туралы, малды жайылымға шығару туралы, автобустық хабарлама, ауылды жарықтандыруы, қыс кезінде жол маңызының мәселелері қарастырылды. Округ тұрғындарынан 10 жүгінуі түсті, өтініш берушілерге жауап берілді.

Барлық салық түрлерінің тапсырмалары толығымен орындалды. Көліктер, жер учаскілер, үй құрылыстары, салық төлеушішілерді анықтау мақсатында жыл басында үй үйді аралау өткізілді. Анықталған өзгерістер салық тіркеу кітабына еңгізілді. 2011 жылы барлық салық төлеушілер, міндетті төлемдерін төледі. Мүлік салығы – 26,085 теңге, жер салығы – 97,790 теңге. Барлық төлемдер 100 пайызды құрады.

Барлық мемлекеттік ұлттық мерекелерде шаралар өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенттін атынан мерейлік марапаттар берілді, еңбектері сіңген адамдарға 15 желтоқсанда салтанатты жиналыс өткізілді «Қарттар күні», «Конституция күні», «Астана күні», «Балаларды қорғау күні», «Жеңіс күні», «Наурыз мейрамы», «Халық аралық әйелдер күні» мейрамдары кеңінен қоғаммен бірлесіп өткізілді. Тәуелсіздік күнін өткізуіндеокругтың кәсіпорындары және жеке кәсіпкерлері белсене қатысты. Олардың демеулік көмектерінің арқасында округтің еңбек ардагерлері, оқу озаттары, барлық ұйымдардың 37 жұмысшылары сыйлықпен марапатталды. Мектеп ұжымы маңызды мерекелік бағдарлама дайындады. Көрсетілген шаралар ауыл белсенділерінің үлкен мүмкіндіктерін көрсетті, әкімшіліктің осындай белсенділеріменқызметтестігі округтын барлық халықтын қолдауымен мәдени – бұқаралық мәселелерді ғана емес, округтын әр түрлі әлеуметтік, қоғамдық-саяси, шаруашылық, күнделікті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Кеме құрылыс – кеме жөндеу зауытының ұжымы,округтынң әлеуметтік – экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Кеме құрылыс – кеме жөндеу зауыты, су жолдарының кәсіпорыны КасаткинаСветлана Феактистовна, Устинова Людмила Николаевна, Парчайкина Нина Михайловна, Петров Владимир Владимирович, Войтас Марина Викторовна кәсіпкерлерінің ұжымын , олардың белсенді өмірлік позицияларына және демеулі қайырымдылық қызметтеріне алғысымды айтқым келеді.

2012 жылға 01 қантарға кәсіпорындарда, ауылдың ұйымдарында өткен жылмен салыстырғанда жұмысшылардың саны азайған жоқ, 230 адамнан аса құрады.

Прибрежный кентінде қолайлы тұрғылықты жерде ФАБ орналасқан, науқастарды емдеу және қабылдау үшін барлық жағдай жасалған. Медициналық қызметті 3 мед жұмысшы және меңгеруші Л.П.Требущук іске асырады. ФАБ толық көлемінде мед. жұмысшыларымен қамтылған. Дәріхана жұмыс істейді.

Заводинка ауылының ФБ барлық жағдай жасалған, отынмен қамтамассыз етілген.

Округтың барлық тұрғындары медициналық жұмысшыларымен қабылданған шараларымен, жоспарлық тексеруден өткен.

Жыл сайын Зырян ГУП телефон жүйесінің байланысы қызметтерінкеңейту бойынша, жұмысын жалғастыруда. 2011 жылының желтоқсанда Тәуелсіздіктің 20 жыл мерекесі құрметіне тегін 8 нүктелерге телефон байланысы құрылды. Қазіргі кездеауылда байланыс қызметімен 50 пайыз халық қолданады, мөлшері ауылда 250 ден астам телефон бар. Ұялы байланыс та бар. Ауылда компьютерлік техникамен мөлшері 40 қолданушылар бар. Көп мәселелердің шешілуіне қиыншылық туғызытын ғаламторға шығу, ғаламтор байланысының жылдамдығы төмен болғандықтан, ендігі мәселе ғаламтор байланысын орнату.

Біздің Елбасының күнделікті қамында білім беру системасы ерекшк орын алады. Мемлекетімізде барлық жерде мини орталықтары, мектепалды білім беру орталықтары, бала-бақшалар ашылуда.

Оқушыларды тәрбиелеуде, білім беруде басты рөлді Первомай орта мектебінің директоры Рыбина Н.Н. іске асырады. Мектепте сектепалды дайындық сыныбы және 90 оқушы білім алады. Мини орталық 25 баламен қамтылған. Мектепте спорттық секциялардың жұмысы жалғасуда. Жазғы кезде сауықтыру лагері ұйымдастырылған, нашар отбасылардың балалары демалды, жаз бойы мөлшері 200 бала демалды. Мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кабинеттер және коридор линолеум жайылды.

Барлық ауылдың мәдени – бұқаралық, спорттық шаралар: ауылдың белсенділері, мектеп оқушылары және мұғалімдердің белсенді қатысуымен «Наурыз» мейрамы, «Жеңіс күні», «Жаңа жыл», «Денсаулық күні» және басқа мерекелер өткізілді.

Ауыл тұрғындарының және оқушылардың арасындағы ақпараттық жұмысын өткізуінде ауылдың кітапхананың кітапханашысы Капичникова Н.Ф.қатысуын айтып кету керек.

2011 жылының 28 қантарынан мемлекет елбасы жолдауында, халықты бұқаралық спортқа тарту мәселелерін анықтады.

Жазғы кезде футболдық, воллейболдық алаңдар, жеңілатлетикалық кросстар, қысқы кезде спорт залында воллейбол, шаңғымен сырғанау, қарлы мүсіндер тұрғызу ұйымдастырылған. Табиғат жағдайы осындай, үлкен адамдардың , жастардың, оқушылардың қатысуымен әр түрлі спорттық жарыстар өткізуге болады. Бірақ мында жеке адамның қатысуы және ынта көрсетуі әлі де аз.

Ауылдың тұрғылықты пунктерінің санитарлық тазалау шаралары бойынша, тұрғындар қатысты. Қоқыс шығарылды, саяжлдағы тоғайлар кесілді, ескерткіш аймағы тазаланды.

Прибрежный кентінің орталық көшелерінің жарықтандыруы толығымен 2011 жылы пайдалануға еңгізілген, биылғы жылы әрі қарай реті бойынша қалпына келтіруді жалғастыратын боламыз.

2011 жылы ауыл әкімімен - 63 құқықтық акт қабылданды. Сапасы бойынша қабылданған шешімдер және өкімдер жоқ, құқықтық актілер, прокуратурамен қарсылық білдіргендер де жоқ.

Гидропост үшін,тұрғылықты үйлерді салу үшін, жкек қосалқы шаруа жүргізу үшін 7 жер участкесі бөлінген.

Дерек бойынша округтың халық саны 934 адамды құрайды, тіркелгені бұданда көп.

2012 жыл 1 қантарға ірі қара малдың басы 132 басты құрайды, ешкі- қой 103 бас, шошқа 38 бас, барлық құстардың түрі 1034 құрайды.

Ауылдың аумағында 8 – ЖК тіркелген, 1 – ЖШС, 1 – РМҚ, барлық жұмысшылардың саны – 301 адамды құрайды.

Прибрежный кентінде «М.В. Войтас» ЖК, «Ника» ЖК наубайханалары әрекет етеді, 5 адам жұмыс істейді.

2011 жылдың маңызды оқиғасы Ұлы Отан соғыс жылдарының Жеңістің 66 – жылдығы болды.

Осы маңыздың күннің тойлау дайындығына кәсіпорындар жетекшілері, ардагерлер кеңесі, Первомайка орта мектебінің мектеп ұжымы және ұстаздар қауымы белсене қатысты.

Иванов Ю.А. ШҚ «КҚЖЗ»ЖШС Ұлы Отан соғыс жылдарындағы қаза болған жауынгерлердің ескерткішін игілендірді, «Мәнгілік шырақ» системасын қалпына келтірді. Қоғамдық жұмыстардағы жұмысшылар ескерткішке іргелес аумақтарды санитарлық жағдайға тиісті қолдады.

Тыл еңбеккелері, Ұлы Отан соғысына қатысқандармен, оқушылардың кездесулері өткізілді. Медициналық жұмысшылар, ардагерлер кеңесінің мүшелері Ұлы Отан соғысқа қатысқандардың үйіне барып, моральды қолдау көрсетті.

9 Мамыр күні митинг, жас әскерлер парады өткізілді, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл қойылды.

«Шырақты жақ» атты акциямен Ұлы Отан соғысының басталғаны атап өткізілді.

Былтырғы жылы 30 тамызда еліміздің Конституцияның 16 – жылдығын атап өттік.

Конституция – азаматтардың еркіні және құқық кепілі. Нығайтылған ереженін арқасында, демократияны бекіту және азаматтық қоғамның дамуына біз жұмыс істейміз.

Еліміздің Ата Заңын сақтау – бұл әрқайсысының міндеті ғана емес, әрі қарай табысты әлеуметтік – экономикалық даму және ұлтаралық келісім фундаметі.

Ауылда еңбек және Ұлы Отан соғысының кеңесі жұмыс істейді. ШҚ «КҚЖЗ» базасында ұйымдастырылған

Жалпы әскерлік міндет туралы зан шығарушының орындауы бойынша шара қолдану, әскерге шақыру және шақырудың алдынғы жастардың іске асырылды.

Нотариалдық әрекеттер әкім аппараты Айтуарова Ж.Н. бас маманымен орындалды. 2011 жылы барлығы 176 нотариалдық іс іске асырылды. Мемлекеттік баждың жазасы 23012 теңгені құрады. Бала туу, ЗАГС органдарына неке тіркеуге жәрдем көрсетілді.

Ауылда 13 көше және 3 квартал 8 шақырым созылымдығымен. Қысқы кезде бюджеттік қаржы есебінен 24 шақырым созылымдығымен автокөлік жолдарының тазалауы өткізілді.

918 мың теңге жалпы соммаға келісім бойынша (С.И. Смирнов) «Плюс» ЖШС техникасымен жолдарды қардан тазалау жұмыстары өткізілді. Кент аумағында орналасқан кәсіпорындар және РМҚ «ШҚ СЖК» , «ШҚ ККЖЗ» ЖШС техникасымен көшені қардан тазалау өндіріліді. Прибрежный кенті және Заводинка ауылына дейін жолдар өз уақытында және жақсы сапамен тазаланады.

Санитарияға және абаттандыруға бөлінген 30 мың теңге Заводинка ауылымен кенттің ТҚҚ алаңшасын түзетуге қолданған.

Көктемгі және әсіресе күзгі кезеңде өрт қауыпсіздігі мәселесі тұындайды.

2011 жылы округ бойынша 3 өрт шықты. Шілде айында Первороссийск алқабы жағынан тал және құрғақ шөптін тұтанғыштығы болды, Шаруа Қожалығы егіннің орнын жағып, Рожков тұратын аумаұұа өрт кетті, бірақ өрт өшіруге тұрғындарды ұйымдастыру біздің әкімдікке тұра келді. Өрт көліктері келді, бірақ кешірек. Таулы жердің жағдайында, өрт болған кезде көмекке келу де қиындау, 1-2 қктысқан сөндірушілерге мүмкін емес. Сондықтан барлық өзіміздің ауылдастарымызға алғысымызды білдіреміз. Мүмкін болған әр-бір төтенші жағдайда, ең бастысы – алдын алу. ТЖ кезде, және оған дейін бәрімізде не істеуімізді білуге тиіс, жіне осыған дайын болуымыз керек.

Жыл ағымында халықпен жиналыс, кездесулер өткізіледі, кент тұрғындары әкім аппараты жұмысшыларына жүгінуіне, әкімге жеке қабылдауына келуге мүмкңншілігі бар. Әр бір жүгінуіне назар аударылады. Біреулерге сауалды қалай шешуді түсіндіріп айтқан жеткілікті.Екіншілер шешім қабылдауды талап ететін сұрқтар қояды. Мысалы Садовая көшесіндегі тұрғындар бір талай жылдар бойынша сумен қамтамасыз етудің мәселесін кешті. Көшеге су өткізу шаралар қабылдау туралы ұжымдық хат келіп тұсті. Шілде айында халықпен кездесу жиналысына ТҚШ бастығы О.Нұрмұхан қатысты, осында полиэтилен құбырына тапсырыс беруге халықтан ұсыныс берілді, О.Нұрмұхан құбырлардың бағасын ТҚШ төлеуге келісім берді. Әкім Ж. Жакупов құбырларды жасауға тапсырыс берді. Құбырлар дайындалып Садовая көшесіне «ШҚ ККЖЗ» ЖШС (Ю.А. Иванов) көмегімен әкелінді. Енді биыл осы жұмыс іске асырылады. Осы жағдай шешілгеніне О.Нұрмұханға алғыс айтамыз.

Заводинка ауылында су шығаратын сорғы станциясының ғимаратына жөндеу жұмыстары өткізілді. Бүгінгі күні құжаттарын рәсімдеу хатталуда.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімімен жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту шарттар жасалды, өткен жылы жалғастырылды. 2011 жылы 9 келісім шарт жасалды.

Жұмыспен қамту орталығына 4 адам жүгінді, тұрақты жұмыспен 1 адам қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 4 адам тартылды. Жыл аяғында жұмыспен қамту орталығынд а 2 адам тұрды.

Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмысшылары күшімен көшелер тазаланды, тұрмыстыққалдықтар жойылды. Олар автомобиль жолдарының жағалауындағы арам шөпті қиды, карантиндік арамсоя шөптердің ошағын тауып жойды, кент көшелерінің санитарлық жағдайын тексеру рейдтерін өткізді.

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық көмек туралы» Заңын орындау мақсатында халықпен кездесулер өткізілді, көмекті хаттау тәртібі түсіндірілді. Көмек көрсетуге өтінім түсу барысында өтінушінің тұрмыстық хал жағдайы тексеріліп, актілер жасалды, әлеуметтік карталар толтырылды.

2011 жылы, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік көмек алушылар, атаулы көмек алушылар болмады. Кедейлер жоқ

Құқықбұзушылық және қылмысты алдын алу сауалдарына назар аударылды. Жасөспірімдердің тұрған жерлеріне және көшелерге кешкі уақытта рейдтер өткізілді. Әрекеттегі заңнамаларды бұзғандармен әкім аппаратында, учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп айсайын құқықбұзушылықтың алдын алу, әңгімелесулер өткізілді.

2011 жылдың қарашасынан бастап 2012 жылдың қаңтарына шейін жер телімі, салық төлеушілер, азаматтарды тіркеу органдарымен тексеру актылары жасалды. Бұл жауапты және ірі жұмыс. Дерек бойынша халықтың саны, тұрғын жері анықталады, жеке қосалқы шаруашылықтың мал, құс санына санақ өткізілді. Сан бойынша жеке қосалқы шаруашылық 55 жанұяда бар, бұл 16 пайызтұрғындарды құрайды.

Сауда нысандары сауда қызметін іске асырады. Дүкендерде азық-түлік , халықтың тұтыну тауарлардың әр-түрлі жиынтығы жеткілікті. 2011 жылдың көктемінде кент әкімі, дүкен иелерімен саудалық үстемелер 10-15 пайыздан аспау туралы меморандумға келісім жасады. Волна дүкенінде (Войтас М.В.) 1 сұрып наны 50 теңге, 2 сұрып наны 40 теңгеден сатылады. 2012 жылы меморандумдар ұзартылады.

Аптасайын бағаларға бақылау жасалады. Бағалар туралы ақпарат Зырян ауданы кәсіпкерлік бөліміне жіберіліп тұрады.

Кей бір адам бүгінгі күннің шынайылығына түнілушілікпен қарайды, бірақ сенімсіз қарауға болмайды. Бүгінгі күні ешбір адамға шектеу жоқ, әр-бір адам тәуелсіз. Бірақ кей кезде сөзге тәуелсіздік зиян келтіреді. Өзінің ойын ақылмен білдіруді үйрену керек, барлығы жаман деп айта бермей, алдындағы өзгерістерді көріп және осыған өз үлесін қосуды әрекет ету керек. Ал біздің елде ірі өзгерістер болып жатыр. Барлығыңыз білесіздер Ел Басы Қазақстан халқына өте зор назар аударады, осыған күә Бизнес 2020 жол картасы, Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы. Бұл туралы халық хабарландырылды. Бағдарлама талаптарына сәйкес келгендерге телефон соғып ұйлеріне шейін барды, өзімен өзі жұмыс істеп жүргендер, жұмыссыздар, кедейлерге несие алу және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 1-2-3 бағыттар ұсынылды.


2012 жылға мәселелер
Коммуналдық ішкі құрылымның жоқтығынан елді мекендерде санитарлық тазалау және безендіру сауалдарын шешкенде бір талай мәселе тұындайды. Бұл мәселені шешу нұсқасы – округ бойынша коммуналдық қоғам құру. Бекітілген тариф бойынша тұрғындарадан қызмет төлемін алып, тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жүк тасытын автокөлігі бар жұмысшыны бекіту. Өскемен-Зырян жолынан Прибрежный кентіне 7 шақырым, Заводинка ауылына 5 шақырым жолдарына күрделі жөндеу жасау қажет.

Әр-бір көшемен үйлердің маңайын ретіне келтіру. Көктем уақытында тоғай мен гүлдер отырғызуды ұйымдастыру.

Кент бойынша мемлекеттік ішкі және сыртқы саясаты туралы ақпараттау және түсіндіру, жастармен кездесу, жұмыстық ұжымдармен,тұрғындармен жиналыстар өткізу. Барлығымыз ынтымақтастық және бейбетшілікті нығайтуына қолқабыс беруіміз керек, тұрғын жерде туындаған сауалдарды бірлескенкүшімізбен шешу.

2012 жылы көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғастырылады, кенттік ҚТҚ алаңшасын орналастыруына жер телімінің құжаттары хатталады. Әкімге заңнамаларпмен қойылған өкілеттерді орындауға шаралар қолданамыз. Халқымызда «Жата берген тастың астына су бармайды» деген мақал бар, сол себептен әкімдіктің алдында күнделікті ждұмыс жоспарда бірінші нақты қолайлы істер, қажетті ынталар тұрады. Бірақ осыны аудандық құрылымдарысыз толық көлемінде шешілуі қиынға түседі.

Құрметті Ермак Бидахметович!

Сіздің жұмысыңыздың әдісін, және тұындаған мәселені жедел, тиімді шешу ептілігіңізді біле тұрып, Сіздің күнделікті ұлкен және шағын жұмыстарыңызбен бірге біздің бастаған істерге көмек және нақты қолдауыңызды және мүдделі органдарға қол қабыс жүктеуді етуіңізге біз сенеміз!

Ал біздің округқа қайтадан сайланған Галина Владимировна ағымдағы жылда қайтадан белсенді қатысуды қабылдайды.

Назарыңызға алғыс етемін!


Прибрежный кентінің әкім м.о. Ж. Айтуарова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет