Ақмола облысы
Жақсы ауданы
Запорожье орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы экономикалық-географиялық орны, табиғат жағдайы, халқы.
Өткізген: география пәні мұғалімі
Алдияров Д. А
2015 жылы
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы географиялық орны, табиғат жағдайы және халқы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық - географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беруді, қосымша деректерді, оқулықтағы сурет, атлас, картаны пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды патриоттық, экологиялық, туған ел байлығын қорғап қадірлей білуге тәрбиелеу. Ұжымдық, жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдықпен шығармашылық ізденіске баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, интербелсенді тақта, плакаттар, ромашка гүлі,
«google planeta» арнайы интернет картасы.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі:
Сынып оқушыларын Туылған күндерінің жыл мезгілдері бойынша 2 топқа бөлеміз, әр топ өзінің топ басшысын сайлайды. Топқа бағалау парағы үлестіріледі, топ басшысы бағалау парағына оқушының аты - жөнін жазады, бағалап отырады.
Үй тапсырмасын тексеру.
« Гүл сыйлаймын » ойыны арқылы оқушылар гул сыйлай отырып өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды. Гүлді алған оқушы сұраққа жауап береді.
« Карта бойынша саяхат » өткен сабақ бойынша оқушылар географиялық нысандарды көрсетеді.
І - топқа
1. Рудный - қала.
2. Атбасар – қала.
3. Ертіс - өзен.
4. Екібастұз - тас көмір алабы.
5. Соколов - Сарыбай - темір кен орны.
6. Степногорск – қала.
7. Есіл - өзен.
8. Теңіз - көл.
ІІ - топқа
1. Арқалық - қала
2. Торғай - өзен
3. Жетіқара - Қостанай облысындағы асбест комбинаты қала.
4. Құсмұрын - көл.
5. Тобыл - Қостанай облысындағы өзен.
6. Майкүбі - қоңыр көмір алабы
7. Лисаков - темір кен орны
8. Шучинск – курортты зона
Жаңа сабақты меңгеру.
Қызығушылықты ояту кезеңі.
( Шымкент, Қызылорда, Тараз, Алматы қалаларының негізгі ерекшеліктері туралы слайд, презентация түрінде көрсетіледі).
Кластер стратегиясын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын оята отырып тақырыпты ашу.
1. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орны, табиғат жағдайы және табиғат ресурстары қандай ?
2. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының халқы, ұлттық құрамы қандай?
Мағынаны тану кезеңі. Әр топ өздеріне берілген тақырыпты « постер » арқылы талқылып ортаға шығып түсіндіру.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
Аудан құрамына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді.
Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші экономикалық аудан (елдің жалпы аумағының 27%- ы).
Ауданның шекарасы батысында Арал теңізінен басталып, шығысында Қытаймен аралықтағы мемлекеттік шекараға дейінгі 200 км қашықтыққа созылып жатыр. Ал солтүстігінде Бетпақдала мен Балқаш көлінен басталып, оңтүстігінде Орталық Азия мемлекеттері аралығындағы шекараға дейінгі 700 км қашықтықты қамтиды.
Оңтүстік шығысында көптеген өзендер бастау алатын Солтүстік Тянь-Шань жоталары орналасқан.
Табиғат ресурстары.
Су ресурсы
Аудан су ресурсына бай, еліміздегі су ресурстарының 49%- ы осы ауданда кездеседі. Су ресурстары аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Ішкі су қорының 62 %-ы тиеді.
Су энергетика ресурстарына бай өзендер
Сырдария
Іле
Талас
Қаратал
Ақсу
Лепсі
Ірі СЭС-тері
Шардара
Мойнақ (Алматыда)
Қапшағай
Климаты
Аудан аумағының солтүстік бөлігін Республикадағы ең құрғақ климат-құмды шөл алып жатыр. Оңтүстігін қоңыржай ылғалды климатты тау белдеулері алып жатыр.
Оңтүстікте қардың қалыңдығы 20-30см, 40-60 күн қар жатады. Жылдық жауын-шашынның 50-60 % тиесілі.
Халқы
Аудан халықтың тығыздығы жөнінен республикада 1-ші орын алады
Республика халқының-38, 7 %-ы осында тұрады.
Қоныстану тығыздығы-1 км ² жерге 8-10 адам.
Халықтың басым көпшілігі Тянь-Шаньның, Жоңғар Алатауының тау бөктерлері мен Қаратау жоталарында, Сырдария өзенінің бойында қоныстанған.
Ең үлкен агломерация - Алматы
Урбандалу-51 %. Ең үлкен көрсеткіші - Қызылорда облысы-60%
Ең саны көп диаспора - өзбектер және ұйғырлар
Қазақстанда тұратын 370 мың өзбектердің 360 мыңдайы - Оңтүстік Қазақстанда. 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Өзбек коғамы құрылған болатын, қазір - өзбек мәдени орталығы деп аталады.
Облыстары
Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік.. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Әкімшілік орталығы — Алматы қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақ-даласынан Тянь-Шаньға дейін, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144, 2 мың км².
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз.
Қызылорда облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған.
Орталығы – Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған.
Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Бахадүр, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеуші Ибрай Жахаев – Отанның патриоттары, өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихна кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған.
Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, кесенлер Қарасопы, Оқша Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт Ата мемориалды комплексі Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.
Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117, 3 мың км2. Орталығы – Шымкент қаласы.
Жаңа сабақты бекіту:
Қорытынды бөлім:
Бағалау кезеңі бағалау парағы арқылы.
Үйге тапсырма:
§50 Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы экономикалық-географиялық орны, табиғат жағдайы, халқы.
Достарыңызбен бөлісу: |