Приозерск қаласы бойынша тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру бойынша
2015 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Приозерск қаласының Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылы келесі жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, Мұқағали Мақатаев атындағы «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жас ақындар конкурсы, Мағжан Жұмабаевтың туған күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты қалалық байқау, «Тіл – достық бірлігі» Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама, «Үздік іс жүргізуші» қалалық байқауы, «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» атты онкүндік және қалалық ақындар поэзия кеші, Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы, қалалық Пушкин оқулары және мектеп оқушылары арасында «Тілдарын-2015» тілдің үштұғырлығын насихаттайтын олимпиада. Ұйымдастырылып өткізілген ісшаралардың мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және дамыту болып табылады.
2015 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру жұмыстары өз жалғасын тапты. Аталған курстар ҚАЗТЕСТ стандарты негізінде базалық «А2» деңгейі бойынша өтіп, 20 адам қамтылды. Оның 24-і мемлекеттік қызметкерлер, 16-сы азаматтық қызметкерлер.
Қалалық әкімдіктің жанында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын жүзеге асыру жөніндегі комиссия жұмыс жүргізуде.
Комиссияның 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын қаладағы барлық нысандардағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы және «Жарнама туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкестілігін бақылау бойынша рейд жүргізіліп отырады. Есептік кезеңде 110-ға жуық жеке кәсіпкерлердің нысандарында жүргізілген рейд барысында анықталғаны: қалалық базарда орналасқан 7 бутиктің маңдайша жазулары заңға қайшы тек орыс тілінде рәсімделген. Заңбұзушылық анықталған жағдайда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жеке кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетіледі.
Қалалық әкім аппараты және әкімдіктің бөлімдерінде ай сайын іс жүргізу құжаттарына мониторинг жасалып бақылау жүргізіліп отырады. Есептік кезеңде мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының көрсеткіші –95 %.
Мемлекеттік тілді қолдау және оны дамыту жұмыстарын насихаттау мақсатында 2015 жылдың 8 айында жергілікті «Приозерский вестник» басылымына 14 мақала жарияланды.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтетін іс-шараларға біздің қаламыздың жастары да қатысып отырады. Атап өтетін болсақ, Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған үштілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауына Қырықбаев Әсет және «Үздік іс жіргізуші» облыстық байқауына Ілкібаева Фариза қатысып, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру үшін 2015 жылы жергілікті бюджеттен 1168,0 мың теңге қаржы жұмсалды.
Приозерск қаласының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г. Шәрбекова
Достарыңызбен бөлісу: |