Академиялық сауаттылық терминін қалай түсінесіз?
Академиялық жазылым дегеніміз – зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі. Академиялық жазылым – бұл әлемдік білім беру салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үдерістерді, академиялық қарым-қатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға бағытталған құзыреттердің дәстүрлі түрі. «Академиялық жазылым» термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен байланысты кез келген кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір құжаттарды жазуға қажетті дайындығын анықтау үшін кең қолданылады. Осыған байланысты академиялық сауаттылық деңгейі абитуриенттің университетке дайындығын, сонымен бірге маманның басшы болуға әзірлігін айқындауға меже болып табылады. Академиялық жазылым – эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы. Академиялық жазылым – жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы. Академиялық жазылым – бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы. «Академиялық жазылым дағдысын білу – бұл академиялық ортада табысты болудың негізі», – дейді Ресей ғалымы И.Б. Короткина. Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. Біріншіден, осы дағдылар кешенін қазақстандық мамандар әлі де терең меңгермеген десек қателеспейміз, оған дәлел ретінде мекемелердегі хат алмасу тіліндегі кемшіліктерді айтуға болады. Екіншіден, академиялық жазылым сауаттылығы сол мамандарда белгілі бір қиындықтар тудырады. Айталық, мемлекеттік қызметкерлер Қазтест бойынша жазылымнан диктант, мазмұндама, эссе жазуда ақсап жатады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл құзырет түрі қазіргі ақпараттық технологиялар заманындағы кез келген маманның немесе басшының кәсіби жетістігін анықтайды.
2. Академиялық сауаттылықтың қалыптасудың кезеңдері туралы көзқарастар?
Академиялық жазылымның мазмұндау стилі, академиялық лексиканы пайдалану, берілген тақырыпқа немесе мәселеге бағытталу сияқты өзіне тән сипаты бар екендігі белгілі. Академиялық тілдің басты ерекшелігі оның лексикалық қорының мол болуында. Мәтінді сауатты құрастыра алмау қазақ бөлімінде оқитын барлық студентке тән сипат болып келеді, осыған байланысты оқытушының алдында студентте кемшін түсіп жатқан дағдыны қалыптастырып, олардың академиялық контексте қолдана алуына көмектесу міндеті болуы керек. Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар мыналар: 1) зерттеу жүргізу дағдылары – студенттің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі; 2) конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білуі; 3) өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті; 4) болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу; 5) аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу. Академиялық оқылым және жазылымның қазіргі академиялық қызметке бағдарлануы сабақ беретін оқытушылардың студенттермен жұмыс барысында біршама қиындықтар тудырды. Студенттердің жалпытілдік құзыреттерінің төмен болуы, өз беттерімен пайымдау жасай алмайтындықтары, оқылған мәтінді (ғылыми жұмыстарды) сауатты баяндай алмайтындықтары оларға бірден ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге кедергі келтірді. Олардың сөйлеу әрекетінің оқылым, айтылым және тыңдалым сияқты түрлеріне қарағанда жазу дағдыларының артта қалып қойғандығы анық байқалды. Осыған байланысты студенттердің эссе, ғылыми мақала, сауалнама, жоба сияқты бүгінгі таңда кеңінен қолданылатын жұмыстарды жазуда қиналғандарын атап өткіміз келеді.
3. Операциялық сауаттылық, мәдени сауаттылық, сыни сауаттылық дегеніміз не?
Ақпараттық сауаттылық Александрия декларациясында сипатталған. Ол «даму, өркендеу және бостандық жолын жарықтандыратын шамшырақ» ретінде сипатталады. Оқу, мәдени көрініс және даму мүмкіндіктері үшін модельдерді әзірлеу кезінде ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениет ЮНЕСКО-ның ақылды қоғам құру жөніндегі кең мандатының негізі болып табылады.
ЮНЕСКО-ның «Баршаға арналған ақпарат» бағдарламасы үш негізгі бағыттың бірі ретінде ақпараттық сауаттылыққа бағытталған. Сонымен қатар, ол бірқатар іс-шараларды, соның ішінде халықаралық сараптамалық кездесулерді ұйымдастыруды, бірнеше ондаған жобаларды қаржыландыруды және іске асыруды, басылымдар шығаруды және тәжірибешілердің пайдалануы үшін Интернет-порталды ұсынуды қамтиды.
Өмір бойы білім алу
Ақпараттық сауаттылық ұғымы адамның өмір бойы білім алуға деген құштарлығының негізінде жатыр. Біреуі екіншісінің соңынан еруі керек. Екі ұғымды біріктіретін жалпы қасиеттер:
Өзін-өзі ынталандыру және өзін-өзі бағыттау. Студенттен басқа адамның делдалдығына қажеттілік жоқ.
Кеңейту. Олар барлық жастағы, жынысына, нәсіліне, дініне, этникалық топтарына және ұлттық шығу тегіне, олардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне немесе жалпы қоғамдағы рөліне қарамастан көмек көрсетуге бағытталған.
Циклділік. Ақпараттық сауаттылық, үйрену және дағдылар мен көзқарастарды үйрену дағдыларын адам неғұрлым ұзақ сақтаса, соғұрлым олар ағартушылыққа ие болады, әсіресе егер оқыту өмір бойы қолданылса.
«Сауат ашу» туралы жалпы түсінік
6 санатты қамтиды:
сөйлеу, жазу, оқу және санаудың негізгі функционалдық қабілеті;
компьютерлік сауаттылық;
бұқаралық ақпарат құралдары туралы ақпарат;
қашықтықтан білім беру және электрондық оқыту;
мәдени сауаттылық;
ақпараттық.
Достарыңызбен бөлісу: |