Профессор: Ниязов Талғат Жақсыбайұлы



бет1/3
Дата15.02.2024
өлшемі5.89 Mb.
#491830
  1   2   3
  • Қоғам дамуының басымды секторларындағы
  • АКТ-дың рөлі. АКТ-дың стандарттары
  • АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) – пайдаланушылардың пайдасына ақпарат жинау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету және пайдалану мақсатында біріккен әдістер, процестер, бағдарламалық және аппараттық құралдар жиынтығы.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технология – ол ақпараттарды түрлендіруге және өңдеуге бағытталған технология.
  • АКТ әр түрлі механизмдерді, құрылғыларды, алгоритмдерді, мәліметтерді өңдеу тәсілдерін сипаттайтын жалпы ұғым болып табылады.
  • АКТ-ның негізгі мақсаты – білім алушының қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютер құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни білім алушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу.
  • Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу:
  • ұқыптылыққа;
  • нақтылыққа;
  • берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына;
  • басты мәселеге назар аудара білуге;
  • өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға;
  • дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
  • АКТ-ның маңызды заманауи құрылғылары:
  • қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютер;
  • ішіне қажетті ақпараттар енгізілген коммуникация құралдары.
  • Білім беру жүйесінің ақпараттық ортасы үшін АКТ-ның негізгі құралы – ол қажетті жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырумен, сондай-ақ аспаптық құралдармен жабдықталған дербес компьютер.
  • Заманауи қоғамда:
  • мәтіндік процессорлар;
  • презентациялар;
  • электрондық кестелер;
  • графикалық пакеттер;
  • органайзерлер;
  • мәліметтер қоры және т.с.с. әмбебап қолданбалы бағдарламалар мен АКТ құралдары кеңінен қолданылады.
  • АКТ қолдану:
  • оқу, әдістемелік және ғылыми ақпараттарға қол жеткізу;
  • кеңес беруді жедел ұйымдастыру;
  • ғылыми және зерттеу қызметтерін модельдеу;
  • нақты уақыт режимінде виртуалды сабақтарды (дәрістерді, семинарларды) жүргізу;
  • қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін береді.
  • Электрондық оқу басылымы барлық оқытылатын ақпарат көлемін сақтау және ұсыну мүмкіндігін беретін маңызды технология болып табылады.
  • Оларды желі арқылы және оптикалық тасушылар арқылы таратуға болады.
  • Электрондық оқу басылымы ақпараттарды графиктік динамикалық түрде ұсыну мүмкіндігін береді.
  • Ақпарат - бұл мазмұнына қарамастан, белгілі бір нәрсе туралы мәлімет. Ол латынның "information"сөзінен шыққан, оның келесідей бірнеше мағынасы бар:
  • түсіндірмелер;
  • фактілер мен оқиғалар туралы мәлімдеме; түсіндіру; 
  • идеялар, тұжырымдамалар
  • анықтама, білім беру.
  • Ақпарат өздігінен пайда болмайды, оның өзіндік көзі бар. Ақпарат көзі-қоршаған әлемнің элементтері (объект, процесс, құбылыс, оқиға), оның бөлшектері өзгеріп отыруы мүмкін.
  • Келесідей ақпарат көздері бар:
  • ауызша (әңгімелер);
  • жазбаша (құжаттар, кітаптар, хаттар, күнделіктер);
  • электрондық (интернет, теледидар).
  • Жаһандану
  • Экономика
  • Ақпарат
  • Технологиялық
  • инновациялар
  • Білімге негізделген
  • экономика
  • Қоғам
  • Білім алуға Өсіп
  • келе жатқан сұраныс
  • Тиімді оқыту
  • Қоғамға
  • Кез келген уақытта
  • Барлық жерде


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет