Пәні: Қазақ тілі
|
Мектеп: №37 гимназия
|
Күні: 11.12.2019
|
Машықкердің аты-жөні: Рықбекова Гүлнұр
|
Сынып: 4 «в»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Біріккен сөздер
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
4.2.4.1 - мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау
4.4.2.1* - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Біріккен сөздерді біледі. Біріккен сөздер екі сөзден құралғанын түсіндіре алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Жай сөздер мен күрделі сөздердің айырмашылығын біледі. Түбірлердің тұлғалары сақталған сөздерді таба алады.
|
Кейбір оқушылар: Біріккен сөздердің жасалу жолдарын түсіндіре алады. Біріккен сөздердің басқа күрделі сөздерден маңызын түсіндіре алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Біріккен сөздерді талдай алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Қойшыбек,көкпар, соқыртеке, асқазан –сөздеріне түсінік беру.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Күрделі сөздер туралы не білеміз?
Күрделі сөздерді біз үнемі қолданамыз ба?
|
Бағалау критерийі
|
Біріккен сөздер жайлы түсінеді.
Екі сөздің бірігуінен жасалған біріккен сөздердің жасалуын үйренеді.
Біріккен сөздер екі сөзден құралғанын түсіндіре алады.
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
Алдыңғы меңгерген білім
|
Бірнеше сөйлеммен оқушылардың тақырып жайында білетіндерін жинақтау.Жай сөздер мен күрделі сөздер жайлы мағлұматтарды біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
5 минут
|
Ұйымдастыру
Өткенді бекіту:
«Ия немесе жоқ» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрау және жауап беру үшін «иә» және «жоқ» таяқшалары арқылы жауап береді.
Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды? Иә
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді бірыңғай мүше дейміз? Жоқ, күрделі сөз дейміз.
Балқарағай сөзі біріккен сөз? Иә
Күрделі сөздер екі сұраққа жауап береді? Жоқ, бір ғана сұраққа жауап береді.
Қараторғай сөзі күрделі сөз? Иә
Екі езуі құлағына жету қуану ма? Иә
|
Иә және жоқ таяқшалары
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
Оқулықпен жұмыс. 114-бет
30 тапсырма. Мәтінді оқиды.
Қазақстан пайдалы қазбаларға бай. Ол «жерасты байлығының қоймасы» деп бекер айтылмаған. Бізде жер жүзінде кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрі бар.
Пайдалы қазбаларды өндіру үшін алдымен оның шығатын орнын табу керек. Мұндай кен орындарын іздеумен геологтер айналысады. Олар әртүрлі техникалық құралдарды пайдаланады. Табылған пайдалы қазбалардың шығатын жерін шартты белгілер арқылы картаға түсіреді.
«Дүниетану» кітабынан
Неліктен Қазақстан «жерасты байлығының қоймасы» деп аталады?
О: Қазақстан пайдалы қазбаларға бай. Бізде жер жүзінде кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрі кездеседі.
Дискриптор:
Топтық жұмыс. «Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен» танысып, пайдалы қазбалар шығатын жер-су атауларын табады.
Бағалау: Оқушылар бірін-бірі «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
31 тапсырма. Жер-су атаулары мен олардан шығатын пайдалы қазбаларды сәйкестердір. Біріккен сөздерді табады.
Шартты белгілермен таныстыру:
А рқалық алюминий
Ерейментау алтын
Ақсу алтын
Жезқазған полиметалл кендері
Кентеу полиметалл кендері
Қаражал темір кені
Жалғызтөбе алтын
|