Профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялаушы)
препараттарды сақтау, тасымалдау және
пайдалану қағидаларын
бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 156-бабының 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылыковқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы « » _ _ ____
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) анатоксин – токсиннен дайындалатын, айқын уытты қасиеттері жоқ, бірақ бұл ретте бастапқы токсинге антидене шығаруды индукциялауға қабілетті медициналық препарат;
2) бактериофагтар – бактериялық жасушаны зақымдай алатын және оны ерітетін бактериялардың вирустары;
3) вакцина – иммундық жүйе арқылы профилактикалық әсерін тигізетін, инфекциялық аурулардың ерекше профилактикасына арналған медициналық препарат;
4) вакцинатор – профилактикалық егулерді жүргізетін медицина қызметкері;
5) дезактивация – қандай да бір беткі қабаттан немесе қандай да бір ортадан радиоактивті ластануды жою немесе төмендету;
6) дезинфекциялаушы препараттар (бұдан әрі – дезпрепараттар) – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары;
7) диагностикалық препараттар (бұдан әрі – ДП) – зерттелетін материалда микроорганизмдерді, антигендерді, антиденелерді, нуклеинді қышқылдарды танып білуге қабілетті препараттар;
8) иммуноглобулиндер – инфекциялық аурулардың шұғыл профилактикасы және емдеу мақсатында қолданылатын адамның және жануарлардың қан сарысуынан дайындалған медициналық препараттар;
9) қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі – ҚЖКЖК) – пайдаланылған шприцтер мен инелерді жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су өтпейтін және тесілмейтін бір рет пайдаланылатын сыйымдылықтар;
10) медициналық иммундық-биологиялық препараттар (бұдан әрі – МИБП) – инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін препараттары;
11) МИБП түрлері – анатоксиндер, бактерифагтар, вакциналар, иммуноглобулиндер және қан сарысулары;
12) өздігінен блокталатын шприц – бір инъекциядан кейін автоматты түрде блокталатын және қайталап қолдануға жарамсыз болып қалатын шприц;
13) өздігінен бұзылатын шприц – бір инъекциядан кейін поршенінің сынуына байланысты жарамсыз болып қалатын шприц;
14) профилактикалық препараттар – инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың ерекше профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, зерттелетін материалда және сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін, антиденелерін, нуклеин қышқылдарын индикациялауға арналған, сондай-ақ дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған препараттар тобы;
15) салқындату тізбегі – дайындаушы ұйымнан вакцинацияланатын адамға дейінгі жолдың барлық кезеңдерінде МИБП-ны және ДП-ны сақтаудың және тасымалдаудың қолайлы температуралық режімін қамтамасыз ететін, үздіксіз жұмыс істейтін жүйе;
16) қан сарысуы – адам және жануарлар қанынан алынған, құрамында инфекциялық ауруларға қарсы жүре пайда болған иммунитеттің агенттері бар медициналық препарат;
17) термоконтейнер – қуысына орналасқан мұздатылған тоңазыту элементтерінің көмегімен қолайлы температуралық режім (плюс 2°С-тан плюс 8°С-қа дейін) қамтамасыз етілетін, жылу оқшаулағыш қасиеті бар және қақпақпен тығыз жабылатын, вакциналарды алып жүруге арналған жәшік (немесе сөмке);
18) термоиндикатор – қабылдаушыға дейін вакцинамен қоса жүретін бақылау карточкасы және ол вакцинаға температураның әсерін индикатор түсінің өзгеру жолымен белгілейді;
19) тоңазыту элементі (бұдан әрі – тоңазыту элементі) – қолдану алдында мұздатылатын, су толтырылған, герметикалық жабылған және контейнерде плюс 2°С-тан плюс 8°С-қа дейінгі шектерде температураны ұстап тұруға қолданылатын сыйымдылық;
20) мүлікті түгендеу – белгілі бір күнге МИБП нақты мәліметтерін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру;
21) калибрлеу – өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларының нақты мәндерін және/немесе қолдануға
2. Иммундық-биологиялық және диагностикалық препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібі
3. МИБП-ны және ДП-ны сақтауға арналған қойма бөлек тұрған ғимараттарға немесе денсаулық сақтау ұйымы ғимаратының бірінші қабатында, сыртқа шығатын, басқа үй-жайлардан оқшауланған жеке есігі бар немесе құрғақ, желдетілетін жертөледе орналастырылады. ДП-ны сақтауға арналған қойманы тікелей зертханаларда орналастыруға болады.
Жылыту, желдету, жасанды және табиғи жарықтандыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үкімет бекіткен «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерді ұстау мен пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.
4. МИБП мен ДП-ны сақтауға арналған қоймада тоңазытқыштар, мұздатқыштар, тоңазытқыш және мұздатқыш камералар орнатылады немесе тоңазытқыш бөлмелер (бұдан әрі – тоңазытқыш жабдық) жабдықталады.
5. МИБП мен ДП қоймасында жүк тиеу-түсіру алаңы және автокөлікке арналған кіреберіс жолдар көзделеді.
6. Қоймада МИБП мен ДП-ны сақтауға, қаптаманы шешуге және қаптамалауға арналған, тоңазыту элементтерін, термоконтейнерлерді және басқа да қаптамалау материалдарын сақтауға арналған үй-жайлар болады.
7. МИБП мен ДП-ны сақтауға арналған қойма жұмыс күнінің соңында бекітіледі және сүргі салынады
8. Тоңазытқыш бөлмелер, тоңазытқыш және мұздатқыш камералар еденнен кемінде 10 сантиметр биіктіктегі стеллаждармен жабдықталады. МИБП мен ДП жарықтың әсерінен қорғалады. МИБП мен ДП бөгде заттармен бірге және тікелей еденде сақтауға жол берілмейді.
9. МИБП мен ДП-ны сақтау кезінде оларды түрлері бойынша, жарамдылық мерзімін және сериясын ескере отырып, тоңазытқыш жабдығының стеллаждарында немесе сөрелерінде орналастырылады. Күнделікті, тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) тоңазытқыш жабдығының температурасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоңазытқыш жабдықтың температуралық режімін есепке алу журналына белгіленеді.
10. МИБП-ны сақтау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес МИБП сақтаудың температуралық жағдайы кезінде жүзеге асырылады.
ДП-ны сақтау минус 20 °С-қа дейінгі температурада сақталатын, төменгі температура кезінде сақтау талаптарын қажет ететін ДП-ны қоспағанда плюс 2°С-тан плюс 8°С-қа дейінгі температурада жүзеге асырылады.
11. МИБП-ны сақтау мерзімдері:
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының орталық қоймаларында – келіп түскен сәтінен бастап 6 айдан;
қаладағы аудандардың, аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау ұйымдарының қоймаларында – келіп түскен сәтінен бастап 3 айдан;
тікелей егу жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдарында – келіп түскен сәтінен бастап 1 айдан;
егу пункттерінде (мектептер, балабақшалар және басқа да балаларға арналған ұйымдар) – келіп түскен сәтінен бастап 1 аптадан аспауы тиіс.
МИБП-ны егу пункттерінде белгіленген сақтау мерзімдерінде қолданбаған жағдайда, олардың қалдықтары жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарына өткізіледі.
12. Денсаулық сақтау ұйымдарында МИБП-ны сақтау үшін егу кабинеттерінде, егу пункттерінде орнатылған тоңазытқыштар, ал ДП-ны сақтау үшін зерханаларда орнатылған тоңазытқыштар пайдаланылады.
13. Профилактикалық егулерді жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдарында МИБП-ны сақтау кезінде:
1) әрбір қаптамаға салқын ауаның кіруі;
2) жарамдылық мерзімін ескере отырып тоңазытқыш жабдығын толтыру қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, жарамдылық мерзімі аз МИБП бірінші кезекте пайдаланылады.
14. МИБП-мен және тоңазыту элементтерімен тоңазытқыштың жалпы көлемінің жартысынан асырып толтыруға жол берілмейді.
15. Тоңазыту элементтерін тез мұздату үшін арнайы мұздатқыштар пайдаланылады, тоңазыту элементтері мұздатқышта қырынан жатқызылады.
16. МИБП-ны еріту кезінде еріткіштің температурасы МИБП-ның температурасына сәйкес болады. Еріткішті мұздатуға болмайды.
Әрбір МИБП-ға сол МИБП-ны дайындаған өндірушінің еріткіші қоса ұсынылады.
17. Тоңазытқыш жабдығында ақау пайда болған немесе электр энергиясының ажырауы жағдайына денсаулық сақтау ұйымының басшысы МИБП мен ДП-ны басқа ұйымның тоңазытқыш жабдықтарында уақытша орналастыруды көздейтін шұғыл іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітіледі, ол МИБП мен ДП уақытша орналастырылатын ұйымның басшысымен келісіледі.
18. МИБП мен ДП-ны сақтау және тасымалдау кезінде салқындату тізбегін сақтау мақсатында резервті тоңазытқыш жабдық, олардың қосалқы бөлшектері, термоконтейнерлер, тоңазыту элементтері көзделеді.
Энергия көзі қысқа уақытқа ажыратылған жағдайда температураны ұстап тұру үшін тоңазытқыштың төменгі сөресінде орналасқан мұздатылған тоңазытқыш элементтердің қоры орналастырылады.
19. Тоңазытқыш жабдықтар және термоконтейнерлер таза ұсталады, үнемі (айына бір реттен сиретпей) мұзы ерітіледі және жуылады. Тоңазытқыш камераларының қабырғаларындағы қырау қабатының 5 миллиметрден асуына жол берілмейді.
20. Әрбір тоңазытқыш тоңазытқыштың жоғарғы және төменгі бөлігінде орнатылған екі термометрмен жабдықталады.
21. Жылына бір реттен сиретпей тоңазытқыш жабдықтарын білікті маман міндетті түрде орындалған жұмыстардың актісін жасай отырып, техникалық тексеруден өткізеді.
22. Тоңазытқыш және мұздатқыш камераларда жұмыс істеу кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды сақтау үшін:
1) тоңазытқыш немесе мұздатқыш камераға кірер алдында бөлімше қызметкерін ол туралы алдын ала ескертеді;
2) тоңазытқыш және мұздатқыш камераға кірер алдында есігін іштен ашуға болатындығы тексеріледі, оның кілті камерада жұмыс істейтін жұмыскерде болады;
3) мұздатқыш камераға жылы киімсіз кіруге жол берілмейді.
23. МИБП мен ДП қоймадан МИБП мен ДП қабылдап алушының өтінімі бойынша алуға сенімхат ұсынылған кезде беріледі.
24. Өнім берушілер МИБП мен ДП-ны тасымалдауды плюс 2°С-тан плюс 8°С-қа дейінгі температурада ең қысқа, салынғаннан кейін 48 сағаттан аспайтын мерзімде тоңазыту элементтері бар термоконтейнерлерде жүзеге асырады.
25. Әрбір термоконтейнерде олардың сапасын сақтауға қажетті МИБП мен ДП-ның түрі, сақтау температурасы көрсетілген таңбасы болады.
26. МИБП салынған әрбір термоконтейнерге МИБП үшін әрбір 3000 дозаға бір термоиндикатор есебінен термоиндикаторлар салынады.
27. Салқындату тізбегінің барлық деңгейлерінде термоиндикатордағы көрсеткіштерді ілеспе құжаттарда белгілей отырып, МИБП-ның түсуін және денсаулық сақтау ұйымдарына одан әрі жөнелтілуін тіркеу жүргізіледі.
28. МИБП мен ДП-ны жеткізуші қабылдап алушыға жүк түскенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей оны жеткізу мерзімі туралы алдын ала хабарлайды.
29. МИБП мен ДП-ны қабылдау кезінде жүк дереу тоңазытқыш камераға орналастырылады және термоконтейнерлерді түсіру жүргізіледі. Түсіру аяқталған соң МИБП мен ДП-ның топтамасын қабылдау актісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады. Бұл ретте түсу күні көрсетілген, МИБП салынған термоконтейнерлерге салынған тиісті термоиндикаторлардың көрсеткіштері тексеріледі.
Барлық деректер осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша МИБП-ны есепке алу және ДП-ны есепке алу журналдарына енгізіледі.
30. Пайдаланылуын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тоқтатқан МИБП-ның жекелеген серияларын оларды одан әрі пайдалану немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылданғанға дейін қоймада сақталады.
31. Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыз болу белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің, тұнбаның, сыйымдылықта сызаттың болуы, көлемінің болмауы немесе жеткіліксіздігі) бар МИБП мен ДП есептен шығарылады және есептен шығару және жою актісі ресімделе отырып, жойылады.
32. МИБП-ны жою Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Үкімет бекіткен Өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жою қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
33. МИБП мен ДП-ны беру немесе жөнелту кезінде құжаттама екі данада ресімделеді, оның біреуі қабылдап алушыға, екіншісі денсаулық сақтау ұйымының бухгалтериясына беріледі.
34. МИБП мен ДП-ны сақтауды және пайдалануды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында:
1) есепке алу және есеп беру құжаттамалары (қабылданған, берілген МИБП мен ДП құжаттары, МИБП мен ДП-ны алуға өтінім, сенімхаттар, қабылданған және жұмсалған МИБП мен ДП туралы айлық есептер, шығынға жазу және жою актілері);
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдары жүргізген тексерулер актілері;
3) МИБП мен ДП-ны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар болады.
35. МИБП-ны сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде халықты иммундаудың қауіпсіздігі мақсатында мынадай шарттар сақталады:
1) стерильді өздігінен блоктанатын және өздігінен бұзылатын шприцтерді пайдалану;
2) қаптаманың бүтіндігі бұзылған, сақтау мерзімі аяқталған, көрінетін ластану белгілері бар шприцтер мен инелерді жою;
3) қаптамаларын тікелей шприцті пайдаланар алдында ашу;
4) шприцтерді және ҚЖКЖК сақтауға арналған жеке үй-жай бөлу;
5) сапалы және қауіпсіз МИБП-ны қолдану;
6) МИБП-ның әрбір сауытын еріту үшін бір рет қолданылатын стерильді шприцтерді және инелерді пайдалану;
7) МИБП-ны ерітіп қосқаннан кейін дереу сауыт тығынынан инені алу;
8) егер МИБП-ның нұсқаулығында басқасы көзделмесе, еріту кезінде МИБП-ға еріткіштің толық мөлшерін пайдалану;
9) МИБП-ны енгізген кезде енгізу техникасын сақтау және дене аймағын дұрыс таңдау;
10) МИБП-сы бар сауыт тығынын өңдеу және МИБП енгізілетін дене аймағын өңдеу үшін бөлек мақта немесе дәке шариктерді пайдалану;
11) дене аймағын өңдеуге арналған мақта немесе дәке шариктерді спиртте емес, құрғақ күйінде сақтау;
12) вакцинатордың қолында терінің зақымдалуы болған жағдайда бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану;
13) егілушінің медициналық құжаттамасында профилактикалық егу жүргізуге рұқсатты ресімдей отырып, егілушіні дәрігердің, ол болмаған жағдайда фельдшердің тексеріп-қарауы;
14) кәмелеттік жасқа толмаған, әрекетке қабілетсіз адамдарға ата-аналарына немесе олардың заңды өкілдеріне алдын ала хабарлағаннан кейін егу жүргізу;
15) шприц қаптамасын ашқаннан кейін МИБП-ны енгізуге дейін мүмкіндігінше ең аз уақытты қамтамасыз ету;
16) МИБП-ны енгізу кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған баланың дұрыс қалпы;
17) егу бөлмелерін МИБП-мен, өздігінен блоктанатын және өздігінен бұзылатын шприцтермен және ҚЖКЖК-мен кешенді жабдықтау қағидатын сақтау;
18) ҚЖКЖК-ны орнықты бетке егу тікелей жүргізілетін орынның жанында орналастыру;
19) пайдаланылған инесі бар шприцтерді инъекциядан кейін алдын ала жумай, дезинфекцияламай, бөлшектемей және қалпын өзгертпей дереу ҚЖКЖК-ға жинау;
20) ҚЖКЖК қақпағын төрттен үш бөлігі (немесе белгіге дейін) толған кезде жабу;
21) пайдаланылған шприцтермен толтырылған ҚЖКЖК-ны уақытша сақтау үшін арнайы бөлінген орын бөлу;
22) толған ҚЖКЖК-ны жою.
3. Дезинфекциялаушы препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібі
36. Дезпрепараттарды сақтауға арналған қойма ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталған бөлек тұрған ғимаратта орналастырылады. Дезпрепараттар бүлінбеген ыдыста сақталады. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау препараттары әртүрлі үй-жайларда бөлек сақталады.
37. Дезинсекциялау және дератизациялау препараттары «У» немесе «УЫТТЫ» деген тиісті ескертпе жазуымен заттаңбасы бар, тығыз жабылған бұзылмаған ыдыста сақталады.
38. Ұсақ ыдыстағы дезпрепараттарды сақтау үшін металл стеллаждар, ал бөтелкелерді сақтау үшін ағаш сөрелер орнатылады.
39. Дезпрепараттарды сақтауға және пайдалануға арналған үй-жайларда бөгде заттарды сақтауға, темекі шегуге, тамақтануға жол берілмейді.
40. Дезпрепараттарды бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
41. Дезпрепараттардың кірісін және шығысын есепке алу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дезинфекциялаушы препараттарды есепке алу журналында, пайдаланылуын есепке алу – осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дезинфекциялаушы препараттарды пайдалануды есепке алу журналында жүргізіледі.
42. Жұмыс күнінің соңында өңдеуден кейін қалған дезпрепараттар жауапты адамға беріледі.
43. Дезпрепараттар мамандандырылған автокөлiк құралдарымен немесе қауiптi жүктерді тасымалдауға бейiмделген басқа көлiк құралдарымен тасымалданады.
44. Дезпрепараттарды вагоннан (контейнерден) түсірген кезде, оны ашудан бұрын пломбаның бүтіндігі тексеріледі. Шашылып (төгіліп) қалған дезпрепараттар бар болған жағдайда көлік құралын жинау және дезактивациялау жүргізіледі.
45. Дезпрепараттарды өлшеп-орау сору шкафында немесе арнайы бөлінген үй-жайда сору шатыры астында жүзеге асырылады.
46. Дезпрепараттардың ыдысы препараттардың қалдықтарынан мұқият тазартылғаннан кейін кальцийленген соданың 3-5 пайыздық ерітіндісімен (10 литр суға 300-500 грамм) жуу арқылы залалсыздандырылады. Жуылғаннан кейін ыдысқа осы ерітінді құйылады, экспозиция уақыты кемінде 6 сағатты құрайды, содан соң бірнеше рет сумен шайылады.
47. Дезпрепараттармен жұмыс орындарында дезпрепараттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары және уланулар кезіндегі алғашқы көмек көрсету қағидалары туралы көрнекі құралдар, кітапшалар, нұсқаулар, плакаттар мен жаднамалар орналастырылады.
________________________________________
Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялаушы) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Тоңазытқыш жабдықтың температуралық режімін есепке алу журналы
Күні
|
Термометр көрсеткіші
|
Жауапты қызметкердің қолы
|
Ескертпе (электр энергиясының ажыратылғандығы, ерігендігі, тоңазытқыш жабдықтың жарамсыздығы туралы белгі)
|
Таңертең
|
Кешке
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_________________________
Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялаушы) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
Медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сақтаудың температуралық шарттары
Препараттардың атауы
|
Плюс 2°С-тан плюс 8°С-қа дейінгі температурада сақтау, тоңазытқыштағы орны
|
Минус 15°С-тан минус 25°С-қа дейінгі температу-рада сақтау
|
Жарықта сақтау
|
Полиомиелитке қарсы вакцина
|
жол беріледі
|
жол беріледі
|
жол беріледі
|
БЦЖ-вакцинасы, қызылша вакцинасы, паротит вакцинасы, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина (ҚҚП), қызылша мен қызамыққа қарсы вакцина (ҚҚ), қызамыққа қарсы вакцина
|
жол беріледі
|
жол берілмейді
|
жол берілмей-ді
|
Адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспеге қарсы вакцина, дифтерия-сіреспе анатоксині, азайтылған антиген мөлшері бар дифтерия-сіреспе анатоксині, азайтылған антиген мөлшері бар дифтерия анатоксині, сіреспе анатоксині, іш сүзегіне қарсы вакцина, «В» типті гемофильдік инфекцияға қарсы вакцина, туберкулин, кене энцефалитіне қарсы вакцина мен иммуноглобулин, құтырмаға қарсы вакцина, «А» гепатитіне қарсы вакцина, «В» гепатитіне қарсы вакцина, обаға қарсы вакцина, пневмококк инфекциясына қарсы вакцина, дифтерияға қарсы қан сарысуы, бактериофагтар
|
жол беріледі
|
жол берілмейді
|
жол беріледі
|
_________________________
Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялаушы) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Медициналық иммундық-биологиялық және диагностикалық препараттар топтамасын қабылдау актісі
Жөнелтушінің мекенжайы ____________________________________________
Тасымалдау барысындағы жоспарланған аялдамалар _______________________ ____________________________________________________________________
Жөнелту күні (әуе/теміржолдарының жүк құжаттарының деректеріне сәйкес) _____________________________________________________________
Жүктің белгіленген пунктке келу күні және уақыты _______________________ ____________________________________________________________________
Препараттардың атауы _______________________________________________
Ұйым, дайындаушы __________________________________________________
Қаптамалар немесе сауыттар (ампулалар) саны ____________________________________________________________________
Дозалар (литрлер, таблеткалар) саны ______________________________
____________________________________________________________________
Серия нөмірі, бақылау нөмірі ___________________________________________
ИБП-ның, ДП-ның жарамдылық мерзімі _________________________________
Еріткіш сауыттарының (ампулалардың) саны _____________________________
Серия нөмірі, бақылау нөмірі __________________________________________
Еріткіштің жарамдылық мерзімі_________________________________________
Индикаторлар көрсеткіші: түстің өзгеруі, жүктің жағдайы___________________
Контейнерлердің жалпы саны __________________________________________
Таңбасының болуы ___________________________________________________
Қаптамаларды жеткізу кезіндегі жағдайы_________________________________
(бүтіндігінің бұзылуы, зақымдалудың, пішінінің өзгеруінің, ылғал іздерінің болуы, жазуларының өшіп қалуы)
Қолдары:
Жүкті жөнелтуші _________________________________________________
Жүкті қабылдаушы _______________________________________________
Жүкті қабылдау күні 20___ жылғы «____»______________
_________________________
Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялаушы) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Медициналық иммундық-биологиялық препараттарды
есепке алу журналы
№
|
Препараттың атауы
|
Түскен күні
|
Қайдан түсті
|
Өндіруші ел
|
Алынған саны
|
Ампуладағы (сауыттардағы) дозалар саны
|
Жарамды-лық мерзімі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
(кестенің жалғасы)
Серия нөмірі
|
Қаржыландыру көзі
|
Кімге берілді
|
Берілген күні, жүк құжатының №
|
Сенімхат №, күні
|
Берілген саны
|
Теңгерім
|
Кіріс
|
Шығыс
|
Қалдық
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_________________________
Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялаушы) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Диагностикалық препараттарды есепке алу журналы
№
|
Препараттың атауы
|
Түскен күні
|
Жеткізушінің атауы
|
Өндіруші ел
|
Сапа сертификатының №
|
Алынған саны
|
Қаптамалар саны
|
Жарамдылық мерзімі
|
Серия нөмірі, бақылау нөмірі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_________________________
Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялаушы) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Дезинфекциялаушы препараттарды есепке алу журналы
№
|
Препараттың атауы
|
Түскен күні
|
Қайдан түсті
|
Алынған саны
|
Жарамдылық мерзімі
|
Берілген саны
|
Кімге берілді
|
Жүк құжаты-ның № күні
|
Қалдық
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_________________________
Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялаушы) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Дезинфекциялаушы препараттарды пайдалануды есепке алу журналы
№
|
Препараттың атауы
|
Шығыс нормасы
|
Препарат-тың көлемі
|
Ерітіндінің дайындалған күні
|
Өңдеу орны
|
Өңдеу алаңы
|
Өңдеуді кім жүргізді
|
Өңдеуді жүргізген адамның қолы
|
Басшының қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |