Ќосымша:
10. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.
11. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л, 1979.
12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.
13. Сүйіншіәлиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –А., 1989.
Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
Пәннің мазмұны
Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
С¤Ж
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Орхон жазуындағы жәдігерліктер.
|
1
|
1
|
4
|
2.
|
«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі
|
1
|
1
|
4
|
3.
|
Қорқыт ата кітабы.(«Китаби дедем Коркуд»)
|
1
|
1
|
4
|
4.
|
Оғыз-наме(«Оғыз-қаған» эпосы)
|
1
|
1
|
4
|
5.
|
Әбу-Насыр әл-Фараби(870-950)
|
1
|
1
|
4
|
6.
|
М.Қашғари «Диуани лұғат ат- түрк(Түркі сөздерінің жинағы»)
|
1
|
1
|
4
|
7.
|
Ж:Баласағұн «Құтадғу біліг(Құтты білік»)
|
1
|
1
|
4
|
8.
|
А:Иүгінеки. «Хибатул –Хақайық»
(«Ақиқат сыйы»)
|
1
|
1
|
4
|
9.
|
А.Яссауи «Диуани хикмат»(«Да-
Налық кітабы»)
|
1
|
1
|
4
|
10.
|
Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары». «Кодекс Куманикус»
|
1
|
1
|
4
|
11.
|
Хорезми «Мұхаббат –наме». Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны
|
1
|
1
|
4
|
12.
|
Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки»
(«Түрік тіліндегі Гүлстан»). Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны.
|
1
|
1
|
4
|
13.
|
Әбілғазы. «Шежіре-и түрік» («Түркі шежіресі»). Қ.Жалайыри. «Жами-ат тауарих»
|
1
|
1
|
4
|
14.
|
Х.Дулати «Тарих-и Рашиди»
|
1
|
1
|
4
|
15.
|
Бабыр «Бабыр –наме»
|
1
|
1
|
4
|
Барлығы: сағат
|
15
|
15
|
60
|
Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Орхон жазуындағы жәдігерліктер.
Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХғ). Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер. «Ұлы жібек жолының» ашылуы . Сол кездегі Қытай,Үндістан, Греция, Иран, Сирия, Месопатамия, Вавилон, Мысыр,т.б. елдермен сауда,мәдени,рухани байланыстар. Сақтардың тайпалық бірлестіктері, аландар мен ғұндар. Есік қаласы маңынан табылған сақ көсемінің «алтын адамның» киіміндегі зергерлік өрнектердің,сақтардың «Алтын обасынан» (Оңтүстік Қазақстан) шыққан әшекей-сәндік бұйымдардың, Таңбалытас, Саймалташ жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттердің, т.б. ғылыми мәні. Сақтардың салт-дәстүрі, наным-сенімі, әдет-ғұрпы, діні, олардың ата-баба әруағына, аспан денелеріне, Күнге, Айға, Жұлдыздарға және Жер анаға табынуы. Зороастризм діні. «Авеста» кітабы-
Ежелгі діни ұғымдар мен мифтік аңыздардың жинағы. Ежелгі жазу-сызулар. Арамей, авеста, соғда, кушан, көне ұйғыр, руна жазулары. «Түрік» сөзінің мәні. Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы (552-745ж). Түрік қағандығының екіге бөлініп кетуі. Шығыс түрік қағандығы. Батыс түрік қағанаты-көне түрік қағандығының негізінде 603-ж құрылған феодалдық мемлекет. Батыс түрік қағанатынан кейін өмірге келген мемлекеттік дәрежедегі бірлестіктер. Түркеш қағанаты (704-766ж) Қарлұқ қағанаты (766-940ж). Оғыз мемлекеті (ІХ- ХІғ) Қыпшақ қоғамының ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келгендігі. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті-Қарахан мемлекеті (940-1212ж). «Ұлы жібек жолындағы» ежелгі кент қалалары; Отырар (Фараб), Сүяб, Тараз, Құлан, Мерке, Испаджап (Сайрам), Баба-Ата, Сығанақ, Созақ, Талхиз (Талғар).
Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу-сызулар. Ежелгі түрік әріптері. «Орхон» немесе «руна» деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну, Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана.
Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр (684-731ж),оның ағасы елбасы Білге қаған (683-734ж) және қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар. Орхон (руна) жазба ескерткіштерін табу, руна жазуын оқу, аударма жасау, ғылыми мәтін дайындау ісіне мол үлес қосқан орыс және Еуропа ғалымдары Н.К.Видзен, И.Т.Старленберг, Н.М.Ядринцев, В.В.Радлов, В.В.Томсен, С.Е.Малов, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, И.В.Стеблева, т.б.туралы мәлімет. Орхон жазуындағы жәдігерлікті қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер С.Аманжолов,
Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, М.Жолдасбеков, Қ.Өмірәлиев, т.б. еңбектері.
2-тақырып. «Күлтегін» жырының көркемдік ерекшеліктері.
М.Әуезовтың пікірі. Жырдағы кескілескен шайқастардың, соғыстағы батырлар ерлігінің, әскери жорықтардың шежіресі. Күлтегін батыр туралы жырдың авторы Иоллығ-тегіннің сөз зергері ретіндегі шеберлігі. Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы. Мұнда үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Жырдағы бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы-аллитерация. Ұйқас түрлері,соңғы бунақтағы дыбыстар үндестігі. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында жиі қолданылатын теңеу, метафора, аллегория, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер туралы. Тасқа жазылған дастандардың композициялық құрылысы. Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі позициясының өзіндік әдеби дәстүрі. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы. Күлтегіннің 16 жастан бастап
47 жасқа дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істерінің эпостық сарынмен баяндалуы. Руна жазуындағы дастандардың идеялық мазмұны.Түрік елін ішкі
бірлік-ынтымаққа, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. Күлтегін-тарихи тұлға, жеңілуді білмейтін батыр. «Күлтегін» жырының сюжеттік құрылысы, баяндау тәсілі, ерлікті мадақтау, батыр тұлғасын бейнелеу, көріктеу құралдарын қолдану жағынан қазақтың батырлық жырларына жақындығы. Тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобланды батыр», «Шора батыр» сияқты қазақ эпостары мен «Күлтегін» жыры арасындағы үндестік.
3-тақырып. Қорқыт ата кітабы ( «Кітабы дедем Қоркуд»)
Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз. Қорқыт атаҮІІІғ Сыр бойында өмір сүрген тарихи тұлға, аңызға айналған күйші-сазгер, мәшһүр жырау, кемеңгер философ. Қорқыт ата адамзат баласына өлмейтін өмір, мәңгілік тіршілік іздеуші. Аңыз кейіпкері. «Қорқыт ата кітабы»-оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт атаның сиқырлы күйлері. Қорқыт атаның өсиеттері, ғибрат сөздері, мақал-мәтелдері. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші, тәржімелеуші Еуропа және орыс ғалымдары. Қорқыт ата мұрасын зерттеу, қазақ тіліне аудару ісіне қазақ ғалымдарының қосқан үлесі. «Қорқыт ата кітабы». Тақырыбы мазмұны, композициясы, қаһармандары, көркемдік ерекшеліктері.
Оғыз-қыпшақ дәуірінің эпикалық туындысындағы тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер. «Қорқыт ата кітабы» 12 жырдан тұрады.
4-тақырып. «Оғыз наме» («Оғыз-қаған» эпосы).
«Оғыз-наменің» түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем баяндайтын эпостық шығарма екендігі. «Оғыз-қаған» эпосына негіз болатын аңыз-әңгімелер мен тарихи деректер. Оғыз қаған және оғыз тайпа-ұлысы туралы мәліметтер. Оғыз қаған-жазба шежіре мен аңыз шежіренің тарихи кейіпкері. «Оғыз наме» эпосының сюжеттік желісіне тән ерекшеліктері.
«Оғыз-наме» эпосының жанры, композициясы, сюжеттік желілері.
«Оғыз-наме» эпосының қаһармандары-Оғыз қаған, оның балалары, Ұлы Түрік, Алтын Қаған, Урум қаған, Урус бек, Сақлаб, Ұлы Орда бек, Қағарлық ер, Темір Қағұл Жосун ер, Көк Бөрі, т.б. «Оғыз-наме» эпосының нұсқалары. Ұйғыр әрпімен және араб әрпімен жазылған нұсқалары. «Оғыз қаған» еңбегін қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ.Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері. «Оғыз-наме» эпосы мен және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер. Эпостың тілі, көркемдеу әдістері.
5-тақырып. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған әмбебап ғалым, әдебиет зерттеушісі, ақын. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка,т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері. Философиялық трактаттары; «Данышпандықтың інжу маржаны» «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек.», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме»,т.б.
6-тақырып. М.Қашқари «Диуани лұғат ат- түрік»
М.Қашқари (ХІ ғ)-ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, саяхатшы. «Диуани лұғат ат-түрік»-түрікше-арабша түсіндірме сөздік. Қазіргі түркі тілді халықтардың барлығына ортақ мұра. «Диуани лұғат ат-түрік» -тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне, т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ. «Түркі сөздерінің жинағының» зерттелуі, тәржімалануы, басылымдары. «Сөздікті» зерттеуші түркі, Еуропа, орыс ғалымдары: А.Рифат, Басым Аталай, Броккельман, Т.А.Боровков, А.Н.Кононов, В.А.Гордлевский,т.б.
М.Қашқари «Сөздігінің» қазақ тіл білімінің тұрғысынан зерттелуі. Н.Т.Сауранбаев, С.А.Аманжолов, А.Н.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов,
Қ.Бекетаев, Ә.Ибатов. «Сөздікте» мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері: бәйіттер, ғазалдар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ғибырат сөздер, сажыдар (ақ өлең), насыр (проза), т.б.
«Сөздікте» аңшылық жайындағы өлеңдер. Алғашқы қауым адамдарының тіршілік көзі аңшылық бейнлейтін көркемсөз үлгілері, еңбек, егін салу, мал бағу тақырыбына арналған өлең-жырлар.
«Сөздікте» батырларды көтере мадақтайтын өлең жолдары. Алып Ер Тұңғаны
(Афрасиф) мадақтау. «Сөздіктегі» тұрмыс-салт жырлары. Қадым заманда өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, кәсібін, тотемдік түсініктерін танытатын өлең-жырлар. М.Қашқари жинаған бәдік, бақсы өлеңдері, бата-тілек, бесік жыры, той бастар, жар-жар, жоқтау, естірту, т.б.жыр үлгілері. «Диуани лүғат ат-түріктегі» мақал-мәтелдер, ғибрат сөздер, афоризмдер. Қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылатын мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
7-тақырып. Ж.Баласағұн «Құдатғу біліг».
Баласағұн-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы,ғылымы, белгілі қоғам қайраткері. «Құтты білік» дастанының бізге үш нұсқасының-ВЕНА (яки Герат), Каир және Наманған нұсқаларының жеткендігі. Дастанды зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, бастырып шығарушылар: Ж.Амадес, Г.Вамбери, В.В.Радлов, Е.Э.Бэртельс, А.Валитова, С.Е.Малов, С.Муталибов, К.Каримов, С.Иванов, А.Егеубаев, Б.Сағындықов,т.б.
«Құтты білік» дастанының негізгі идеясының мемлекетті дұрыс басқару мәселесі екендігі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылғаны: әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат. «Құтты білік»-дидактикалық дастан.Төрт принциптің символы ретінде көрінетін төрт қаһарманы: Күнтуды патша, уәзірі Айтолды, уәзірдің баласы Ұғділміш, дәруіш Одгурміш. «Құтты білік» дастанының негізгі сюжеттік желісінің шығарманың негізгі төрт қаһарманының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазатын хаттарынан тұратындығы. Дастандағы ел басқарған әкімдер бейнесі. Ел басқарған әкімдер мен қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас мәселесі. Патшалар, уәзірлер, қолбасшылар, елшілер, ғалымдар, саудагерлер, дихандар, малшылар, қолөнер шеберлері, аспаздар, түс жорушылар, тәуіптер, т.б. қоғамдағы рөлі жөніндегі дастан авторының ой-пікірлері.
Дастанда ел басқаратын әкімдерге қойылатын талаптар: әділдік, ақыл- парасат, өнер білімге жетік болу, ниеті түзу, сөзі шырын, пейілі кең, кек сақтамайтын болу. Дастандағы ақыл-парасат, өнер-білім, әдептілік, тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік, жомарттық, мейірімділік, тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу, т.б.мәселелер. Дастанның көркемдік ерекшеліктері.
8-тақырып. А.Игүнеки. «Ибатул Хақайық»
А.Игүнеки- ХІІ ғ.есімі бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған атақты ақын. Дастанды зерттеушілер, аударма жасаушылар: Р.Арат, Е.Э.Бертельс, В.Радлов, С.Е.Малов, Қ.Махмудов, Э.Нәжіп, Б.Сағындықов, Ә.Құрышжанов,т.б.
«Ақиқат сыйы»- дидактикалық сарында жазылған шығарма. Композициялық құрылысы, идеялық мазмұны. Қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез- құлық, әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы.Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен оның қажеттілігі», «білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тию әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы.
«Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшелігі. Ақынның бір-біріне қайшы екі құбылысты қатар қойып, жұптап суреттеу әдісі. Дастанның 11 буынды аруз жүйесімен жазылуы.
9-тақырып.Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмат»
Қ.А.Иассауи –сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер. «Диуани хикмат» - түркі халықтарының ХІІ ғасырдан сақталған әдеби ескерткіші. «Даналық кітабын» зерттеуші М.Ф.Кепрюлю, А.К.Боровков, А.Н.Самойлович, Е.ЭБертельс, Э.Р.Рустамов, Н.М.Маллаев, Г.Ф Благова,т.б. «Диуани хикматтың» қазақ тіліне тәржімалануы. М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи, Б.Сағындықов,т.б.
«Диуани хикмат» -исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. «Даналық кітабы» адамзатты туыстыққа, бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің қағида, шарттарын, Алланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикматтың» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы.
10-тақырып. Н.Рабғузи «Рабғузи қиссалары».
Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы. Қиссадағы қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық, адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық,т.б жайындағы қисса-хикаялар, аңыз-әңгімелер. «Рабғузи қиссаларына» енген «Нух алайка с-салам хикаялары», «Лұқпан Хаким хикаялары», «Харут пен Марут хикаясы,т.б. «Рабғузи қиссаларының» зерттелуі, қазақ тіліне аударылуы: Б.Кенжебаев, А.Қыраубаева, Н.Сағындықов.
«Кодекс Куманикус –кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі,қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ. «Кодекс Куманикустің» (1303ж) екі бөлімнен тұратындығы.1-бөлім- латынша, парсыша, куманша сөздік.
«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.
11-тақырып. Хорезми «Мұхаббат-наме». Құтб «Хұсырау-Шырын» дастаны.
«Мұхаббат-наме» дастаны (1353ж)-Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі. «Махаббат-наменің» қолжазба нұсқалары. Көне ұйғыр жазуындағы және араб жазуындағы екі нұсқаның табылуы. «Махаббат-намені» зерттеуші, аударушы, бастырып шығарушы ғалымдар: Э.Н.Нәжіп, А.М.Щербак, С.Қасымов, В.Валиходжаев, Н.Маллаев, А.Қыраубаева туралы.
Дастан негізінен жігіттің 11 хатынан (намеден) тұратыны, қыздың жігітке жауап хаты берілмейтіні, жігіттің хаты арқылы-ақ қыздың махаббаты айқын бейнеленгені.
«Мұхаббат-наме»-адам бойындағы ең ізгі қасиеттер болып саналатын махаббатты, ізгілікті, бауырмалдықты, жомарттықты,т.б. ту етіп көтерген дастан. Дастанның көріктеу құралдары, өлең құрылысы, тілі. «Мұхаббат –наменің» Алтын Орда түркілерінің бәріне бірдей түсінікті болған шағатай тілінде жазылғандары, дастанда қыпшақ тілі элементтерінің басым екендігі.
Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастаны- азербайжанның ұлы ақыны Низамидың осы аттас поэмасының еркін аудармасы. Құтыбтың Низами поэмасын парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударғандығы.
Құтб аудармасының көркмдік ерекшеліктері. Низами поэмасында қала өмірінің,патша сарайындағы сән-салтанаттың, ал Құтб-тың дастанында мал бағумен тіршілік еткен көк майсалы дала көріністерінің көбірек бейнеленетіні.
«Хұсырау-Шырын» дастанының негізгі тақырыбы.Дастанның қаһармандары:
Шырын патша, Хұсырау патша, құрылысшы Фархад, Хұсыраудың досы Шамур, Мариям, Шеруя,т.б. «Хұсырау- Шырын» дастанының қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындастығы,үндестігі,ал баяндау тәсілдері мен композициялық құрылысы жағынан ұқсас болып келетіні.
12-тақырып. Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки». Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны.
Сайф Сараи-Алтын Орда әдебиетінің ХІҮ ғ аса көрнекті өкілі. С.Сараи-лирик және эпик ақын, аудармашы. «Гүлстан бит-түркидің» (1391ж)-прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркм шығарма екендігі. «Түркі тіліндегі Гүлістанның»парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди-Ширазидың «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі
Гүлстанның» парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі
Гулистан» қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жариялануы. Э.Н.Нәжіп- «Гүлістан бит-түрки» қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы тюрколог-ғалым..Дастанның компазициялық құрылысы,тілі.
Қисса-хикаят түрінде баяндалатын 8тараудан тұратыны,1-ел билеуші әкімдер туралы; 2-халық бұқарасы жайында; 3-қанағат жайында,4- тілге сақ болу туралы, 5- жігіттік шақ хақында, 6- кәрілік туралы,7- тәлім-тәрбие жайында, 8- әңгімелесудегі әдептілік туралы.
Көркемдік ерекшеліктері, бейнелеу құралдары, тілі.
Дүрбек 14 ғ. соңы мен 15 ғ. басында өмір сүрген ақын. Жүсіп пен Зылиха арасындағы махаббат сезімін арқау еткен қисса –хикаяттардың кезінде Шығыс әдебиетінде кең тарағаны.
Дүрбектің Жүсіп пен Зылиха туралы тартымды сюжеттерді бетке ұстай отырып, өзінің төл туындысын жазғаны.
«Жүсіп-Зылиха » дастанының идеясы – ел билеушілер арасында тәж бен тақ, байлық пен мансап үшін болатын қанды соғыстарды, адамдар арасындағы алауыздық зардаптарын паш ету.
Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» сюжетіне тұңғыш рет түркі (шағатай) тілінде көркем туынды жазған ақын екендігі.
«Жүсіп-Зылиха » дастанының басты қаһармандары: Жүсіп, оның он бір бауыры, Зылиха, Жүсіптің әкесі Жақып, Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр патшасы Райян.
«Жүсіп-Зылиха » дастанының зерттелуі(Бертельс, С.Хайдаров)
«Жүсіп-Зылиха» дастаны негізінде назирагөйлік дәстүрі бойынша қазақтың бірқатар «кітаби ақындары» қисса-хикаяттар жазғаны.
13-тақырып. Әбілғазы. «Шежіре и- түрк»
«Түрік шежіресі»- бертін келе қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс-тіршілігі, түркі елін басқарған қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы құнды деректері мол шежіре. «Түркі шежіресінің» Шыңғысханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Дешті Қыпшақ, Орта Азия, Таяу Шығыс елдерінде болған түрлі оқиғалар мен әртүрлі мемлекет қайраткерлері жүргізген саясаттың жылнамасы екендігі. Шежіре 9 баптан тұрады: 1- Құдай тағаланың Адам ғалиссаламды жаратқанының баяны; 2- Моңғол хан және оның Шыңғыс ханға дейінгі ұрпақтары жайында; 3- Шыңғыс ханның дүниеге келгенінің тарихы; 4- Үкідай қағанның және басқа да Шыңғысхан нәсілінен патша болғандарының баяны; 5- Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай әулетінің Мауреннахр мен Қашқарда болғанының баяны; 6- Шыңғыс ханның кіші ұлы –Толы хан нәсілінен Иран жұртында патша болғандардың тарихы; 7- Жошы хан әулетінен Дешті Қыпшақта патшалық құрғандардың тарихы; 8- Жошы ханның бесінші Шибан ханның әулетінен Тұранда, қазақта, Қырымда және Мауренахрда патшалық құрғандардың тарихы; 9- Жошы хан әулетінен Хорезмде патша болғандардың баяны; «Түркі шежіресінің» алғаш табылуы (18 ғасыр), басқа тілдерге тәржіме жасалуы, түркология ғылымы тұрғысынан зерттелуі.
14-тақырып.Х:Дулати «Тарих-и-Рашиди»
М.Х.Дулати (1499-1551)-өз дәуірінің ғұлама ғалымы,тарихшы, сөз зергері,ақыны,қоғам қайраткері.
«Тарих-и рашиди» шежіресінде негізіненХІҮ-ХҮІ ғасырлар аралығында Моңғолстан мен Қашқарияда болған тарихи оқиғалар баяндалатыны. Шежіренің екі дәптерден тұратыны, біріншісінде Монғолстанда билік жүргізген хандар шежіресінің, ондағы халық тарихының баяндалатыны, екінші дәптерде қазақ елінің өз көршілерімен қарым-қатынасының жан-жақты сөз болатыны. «Тари-и-Рашидиде» 15-16 ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғанстан және Үндістанда орын алған маңызды тарихи оқиғалардың көркем тілмен баяндалатыны. «Тарих-и-Рашидидің» зерттеуші, аудармашылары.
15-тақырып. Бабыр.
Бабыр (1483-1530) – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды лирик ақын, белгілі жазушы, атақты тарихшы- ғалым. «Бабыр –наме» - үш бөлімнен тұратын прозалық шығарма. Бірінші бөлімінде 15-16 ғасырлардағы Орта Азиядағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық-әлеуметтік, саяси оқиғалар, осы өлкенің табиғаты сөз болады. Екіншісінде – қазіргі Ауғанстан жерінде («Кабул уәлләяты») орын алған маңызды тарихи оқиғалар, үшіншісінде – Үндістанның бай табиғаты, халқы, салт-санасы, ғылым, мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, ондағы саяси оқиғалар баяндалатыны. «Бабыр-намені» зерттеу, басқа тілдерге тәржімелеу, бастырып шығару ісіне көп елдердің ғалымдарының ат салысқаны: үндістандық М.Н.Хайдар, С.А.Шарми, Р.П.Трипатке, ауғанстандық А.Х.Хабиби, А.А.Кохзат, түркиялық Р.Р.Арат, И.Н.Банор, пакистандық Р.А.Надви, А.Мавлийат. «Бабыр-наменің» идеялық мазмұны, тарихы, тілі.
Достарыңызбен бөлісу: |