С++ тіліндегі функция
Функцияға кіріспе Функция – бұл белгілі бір тапсырманы орындау мақсатында программа ішіндегі нұсқаулар тобы. Көптеген программалар үлкен тапсырмаларды орындайды, сондақтан оларды бірнеше ішкі тапсырмаларға бөлуге тура келеді. Сондықтан программмистер әдетте өз программаларын функциялар деп аталатын кішкене қолайлы бөліктерге бөледі. Функция – бұл белгілі бір тапсырманы орындау мақсатында программа ішіндегі нұсқаулар тобы. Үлкен программаны бір ұзақ нұсқаулық ретінде жазудың орнына, программист бірнеше кішігірім функцияларды жасайды, олардың әрқайсысы тапсырманың белгілі бір бөлігін орындайды. Содан кейін бұл кішігірім функцияларды жалпы тапсырманы орындау үшін қажетті ретпен орындауға болады. Қарапайым код. Бағдарлама коды функцияларға бөлінгенде, оны түсіну оңайырақ болады. Бірнеше кішігірім функцияларды оқу ұзақ программаға қарағанда әлдеқайда жеңіл. Кодты қайта пайдалану. Функция программадағы кодтын қайталануын азайтады. Егер бағдарламадағы белгілі бір операция бірнеше жерде орындалса, онда бұл әрекетті орындау үшін функцияны бір рет жазып, қажет болған кезде орындауға болады. Функциялардың бұл артықшыдығы кодты қайта пайдалану деп аталады. Функцияларға негізделген программаның артықшылықтары Қарапайым тестілеу. Программадағы әрбір тапсырма өз функциясында болған кездеғ тестілеу және жөндеу процестері жеңілдейді. Программисттер программадағы әр функцияны жеке тексеріп, оның тапсырманы дұрыс орындағанын анықтай алады. Бұл оқшаулар және қателерді түзету процесін жеңілдетеді. Жылдам даму. Программист немесе программисттер тобы көптеген программалар жасайды делік. Олар әр программада бірнеше жалпы тапсырмаларды орындайды, мысалы, пайдаланушы аты мен парольді анықтау, ағымдағы уақытты шығару және т.б. Осы тапсырмалардың барлығына программалық кодты бірнеше рет жазудың магынасы жоқ. Оның орнына, жиі кездесетін тапсырмалар үшін функциялар жазылады және бұл функциялар оларға қажет кез-келген программаға енгізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |