248
лар шақырылады. Мысалы, егер аластама объектілердің
жиымын құру кезінде
пайда болса, деструкторлар тек сəтті құрылған элементтер үшін шақырылады.
Егер объект динамикалық жадыда
new
операциясының көмегімен
құрылып, конструкторда
аластама туындаған болса, онда объектіге бөлінген
жады дұрыс босатылады.
Аластамалардың иерархиялары
Өзіндік аластамалар кластарын қолдану стандартты мəліметтер
типтерін
қолдануға қарағанда басымдыққа ие болады. Кластардың көмегімен аластама
туралы ақпаратты беруді айтарлықтай икемді ұйымдастыруға, аластамалардың
өңделуін
оңай ажыратуға болады, сонымен қатар кластардың иерархияларын
қолдануға мүмкіндік туады.
Аластамаларды басқару механизмі базалық класс үшін өңдеуішті құруға
мүмкіндік
беретін болғандықтан, көбінесе туыстас аластамаларды иерархия
түрінде көрсетуге болады. Ортақ базалық кластан аластамаларды туындата
отырып, полиморфизмді қолдану арқылы өңдеуіште
базалық класқа сілтемені
немесе нұсқауышты айқындап атқару (ұстап қалу) мүмкіндігі бар. Мысалы,
математикалық кітапханада кластарды келесідей түрде ұйымдастыруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: