Географияны ғылыми жобалау әрекетіндегі топтық қарым-қатынастың ерекшелігі

бет1/7
Дата13.10.2022
өлшемі0.51 Mb.
#462649
  1   2   3   4   5   6   7
жобалау

Географияны ғылыми жобалау әрекетіндегі топтық қарым-қатынастың ерекшелігі

Орындаған: 7M01505- География мамандығының студенті Серік А.А.

Тексерген: П.ғ.д., профессор Есназарова У.А.

Жобалау өзінің негізгі сипаттамасы бойынша жеке де, топта да орындалатын әрекет екені белгілі. Бірақ оқыту барысында көбіне топпен орындауға қолайлы болғандықтан мұғалімдер осы бағытта пайдаланады. Соған орай, жобалауды оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге үйретуге мүмкіндік беретін әрекет деп қарастырамыз.

Бұл кезде оқушылардың мектептен кейін де бірлесіп ойлайтынын, ойын арқылы топтық әрекеттер орындалатынын айта отырып, бұл жобалаудан бұрын басталды деуге негіз бар. Алайда, бірлесіп білім алу, оқыту әрекеттері барысындағы коммуникациялық қатынастар шын мәнінде жобалау арқылы орындалады. Дәстүрлі оқытуды алатын болсақ, онда бірлесе оқу, білімді топпен игерудегі оқушылар арасында коммуникация жоқ деуге болады. Коммуникация бұл жағдайда тек мұғалім мен оқушы арасында жүреді.

Белгілі ғалым Д.Б.Элькониннің айтуынша, достыққа негізделген тұлғааралық қатынастар жасөспірім шақта пайда болып дами береді, бұл қатынастардың өзі оқушылардың негізгі әрекетін құрайды. Бірақ, белгілі бір мақсатқа негізделмеген мазмұнсыз қарым–қатынас, өзара әңгімелесу, олардың бір–бірімен коммуникациялық қарым–қатынастын тиімді дамытпайды. Егер, топ белгілі бір мақсатқа сай бір идея негізінде проблеманы шешуге әрекет етіп, оны жүзеге асыруға ұмтылғанда ғана өзара достық, сыйластық, түсіністік орта қалыптасады. Ал ешбір мағынасыз, еш қажеттіліксіз жиналып, қарым–қатынасқа түсетін, қараусыз топтар өз ішінде бір–бірімен келіспеушілікте болса, қарама– қайшылықтар болуы мүмкін. Оқушылар әдетте ортақ проблеманы шешу мақсатында тиімді қарым–қатынас құра алады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет