Сабақтың ортасы
|
(М) Алған біліміңді өмірде қажет кезде қолдану үшін жоба құрып үйренеміз.
Жобаның мақсаты:
Спрайттардың костюмін ауыстыру.
Жұмыс барысы:
- Scratch программасын іске қосу;
-Интернеттен қажетті суреттерді жинақтау;
-Кейіпкердің әр бағытқа қозғалысын жасау;
-Фон мен спрайттардың костюмдерін ауыстыру;
-жобаны сақтау.
Жеке жұмыс.
1-тапсырма.
Қазақстан картасының суретін Интернеттен жүктеп, бумаға сақта.
Scratch программасын іске қос.
Өзіңе ұнайтын кейіпкерді таңдап ал.
Кейіпкер картадағы қалаларды аралайтындай етіп, қозғалыс жаса.
Дескриптор:
-Интернеттен сурет жүктейді, оны бумаға сақтайды;
- Scratch программасын іске қосады;
-кеіпкерді таңдайды, оған қозғалыс командаларын қолданады.
ҚБ: геометриялық фигуралар
2-тапсырма.
Кейіпкер әр қалада ұлттық киімдерді ауыстырып отыру керек.
Кейіпкер әр қалаға барғанда көрікті жерлер туралы шағын мәлімет айтуы қажет.
Дескриптор:
-кейіпкерге костюм ауыстырады;
-кейіпкерге мәлімет айтуға командаларды қолданады.
ҚБ: геометриялық фигуралар
3-тапсырма.
Сахнаның фонын қалаларға байланысты ауыстыр.
Жобаны өз ойыңмен жалғастыр.
Жобаны «Менің Қазақстаным» деген атаумен бумаға сақта.
Дескриптор:
-сахнаның фонын ауыстырады;
-жобаны өз ойыңмен жалғастырады;
-жобаны бумаға сақтайды.
ҚБ: геометриялық фигуралар
|
Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
3-тапсырманы орындайды
|
Геометриялық фигуралар
Геометриялық фигуралар
Геометриялық фигуралар
|
Компьютер
Scratch программалау ортасы
|