Программалау тілінің орны «Visual Basic»



бет34/34
Дата02.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#452980
түріПрограмма
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
VB

Лекцияның мәтіні:

КОДТЫ РЕДАКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ПРОГРАММАНЫ ЖӨНДЕУ ТЕРЕЗЕЛЕРІ

Сіздің Visual Basic жобалау ортасыңда жұмыс істеу тәжірибе­ңіз жеткілікті көп болса, Сіз өзіңіздің программаны редакциялау тәсілдеріңіздің арсеналымен толықтыра аласыз.

Бұл үшін Сіз кодты редакциялау терезесінің саймандар жиы­ны­мен қатынас жасауыңызға болады.

Басқару элементтерінің қасиеттерін меншіктегеннен кейін олармен байланысты кодтарды жазуға тура келеді.

Оқиғаларды өңдеу процедуралары кодтарда ерекше орын алады. Әр басқару элеметімен жасалған әрекеттерге байланысты соларға сәйкес оқиғалардың толык жиынтығы бар. Ағымдағы пі-шінге және онда орналасқан басқару элементтеріне қатысты код-тар, яғни программа мәтіні осы пішіннің программалық модулі деп аталады.

Егер объектіні ерекшелеп оны тышқанмен екі рет шертсеңіз осы пішін модулінің терезесі, яғни кодты редакциялау терезесі ашы­лады да объектімен байланысты процедура белсенді күйге өте-ді.

Программаны іске косуға әрекет жасау барлық уақьпта тез жетістікке жеткізе бермейді. Visual Basic 6 жүйесі кеткен қателік туралы өте "қорқынышты" хабар тарататын жағдайлар (әсіресе про-грамма қарапайым емес күрделі болған жағдайларда) жиі кезде-седі.

Мүңдай жағдайда өкініп ренжудің ешқандай қажеті жоқ, өйткені жұмыс істемеген адам ғана қателеспейді. қателікті жөндеуге болады. Қателікті жөндеу үшін Visual Basic 6 ортасы Сізге әр түрлі жқндеу қүралдарын үсынады.

ЖЕРГІЛІКТІ АЙНЫМАЛЫЛАР ТЕРЕЗЕСІ

Жергілікті (Локальные - Locals) айнымалылар терезесі қосым­ша­ның жергілікгі айнымалыларының тізімін қарап шығу және олардың мәндерін тексеру үшін қызмет етеді.

Бұл терезе Түрі (Bид - View) мәзірінің Жергілікті айнымалылар терезесі (Окно локальных переменных - Locals Window) командасымен шақырылады. Жергілікті айнымалылар терезесінен ағымдағы процеду­ра­да хабарланған жергілікті айнымалыларды, олардың типтерін және мәндерін қарап шығуға болады.

Бұл информация оны шақырғанда терезеде автоматты түрде пайда болады. Бұл терезе қосымшаның жұмысын жөндеуге және тексеруге пайдаланылады. Оның көмегімен программаның тоқтау нүктелеріндегі барлық жергілікті айнымалыларды бақылауға болады.

Бізді қызықтыратын процедураны таңдау үшін тізімі бар өріс пайдаланылады. Көп нүктелі батырманы басып, бізді қызықтыратын процедураны тізімнен таңдап алуға болады. Егер айнымалының мәні немесе оның аты бағандарға сыймайтын болса онда талап етілетін бағанды тышқанның сол жақтағы батырмасының көмегімен тақырып қатарындағы баған шекарасын орын ауыстыру арқылы кеңейтуге болады.

Егер терезе үнемі ашық түрса, онда қосымшаның жұмысы кезінде программаны тоқтату нүктелерінің арасындағы деректер автоматты түрде жаңартылып отырады.

Жергілікті айнымалылар тсрезесінде программа жұмысының берілген мезетінде айнымалыларды және оның мәндерін тек қана қарап шықпайды. Бұл терезенің ең пайдалы қасиеті осы мәндерге программа­ның сезінуін, яғни реакциясын тексеру үшін айнымалылардың мәнде­рін өзгерте алу мүмкіндігі болып табылады. Ол үшін Мәні (Значение - Value) бағанындағы өзгертілетін мәнді шерту қажет. Соңда мән редакциялау режиміне өтеді және оны өзгертуге болады. Enter пернесімен немесе тышқан көрсеткішін жылжытып жаңа мәнді, егер ол рұқсат етілетін мән болса, басқа өріске орналастырады.

БАҚЫЛАУ ТЕРЕЗЕСІ

Қосымша жұмысын толығырақ бақылау үшін Бақылау (Наблю­де­ние-Watches) терезесі пайдаланылады.

Бұл терезе Түрі (Bид-View) мәзірінің Бақылау терезесі (Окно наблюдение - Watch Window) командасымен шақырылады және өр-нектердің мәндерін анықтау үшін қызмет етеді. Бақылау терезесінде жергілікті айнымалылар терезесіндегіге ұқсас әрекеттерді орындауға болады.

Жергілікті айвымалылар терзесі сияқты бұл терезе де қосым-шаны жөндеуде және оның жұмысын тексеруде пайдаланылады.

ТІКЕЛЕЙ ОРЫНДАУ ТЕРЕЗЕСІ

Тікелей орындау (Непосргдственные выполнение — Im­mediate) терезесі Visual Basic 6 ортасының командаларын қолмен енгізіп орын­дау үшін қызмет етеді.



Бұл терезе программаны тоқтату нүктесінде оның жұмысын үзгенде автоматгы түрде пайда болады. Команданы немесе Visual Basic 6 ортасының операторын орындау үшін қатарға команданы теріп, Enter пернесін басу қажет. Жергілікті айнымалылар терезе-сімем және бақылау терезесімен бірге жұмыс істегенде тікелей ор-ындау терезесі программа жұмысын қадамдап орыңдау режімінде жөңдеу және тексеру үшін ыңғайлы қүрал болып табылады. Про-грамманың тексерілетін бөліктерін немесе блоктарын қосымшаның программалық модульдерінен тікелей орындау терезесіне көшіріп алуға бөлады және тексеру нәтижесі бойынша тексергеннен және өзгертулер енгізгеннен кейін қосымша модуліне қайтарады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет