Прокариоттар және эукариоттар



Дата24.11.2023
өлшемі467.61 Kb.
#484411
БАӨЖ 2 5апта прокариоттар ИНКАР 13


ПРОКАРИОТТАР ЖӘНЕ ЭУКАРИОТТАР
Қазiргi кезде барлық ағзаларды прокариоттар және риоттар деп екіге бөлуге болады . Бұл ұғымдар кarion - жаңғақ ядросы деген түсінік беретін грек сөзінен туындаған .
Прокариот ұғымы " ядроға дейiнгi " , ал эукариот - " жақсы немесе анық ядросы бар " дегендi көрсетеді .
Прокариоттарға көк - жасыл балдырлар , актиномицеттер , бактериялар , спирохеттер , микоплазмалар , хламидиялар жатады .
Эукариоттарға - көпшiлiк балдырлар , саңыраукулактар мен қыналар , өсiмдiк пен жануарлар жатады .
Прокариот жасушаларынын эукариот жасушаларынан айырмашылыгы - олардың генетикалық материалы - сақиналы ДНҚ құрамына ақуыздар кiретiн күрделі хромосомаларга жинақталмаған және де мембранамен қапталмаған . Прокариоттарда белгiлi бiр қызметтер атқаратын мембраналық құрылымдары болмайды . Бактериялар екiге жай белiну арқылы кебейедi , сондай - ақ екi жасуша арасында генетикалық ақпарат алмастыру түрiнде жүретін жыныстық кобеюдi байқауға болады . Прокариоттар жасушаларының пiшiндерiне сәйкес ұсақ болып келедi . Олардың көлемi шамамен 1-10 мкм .
Прокариот жасушаларының құрылымы мен химиялық құрамдарында өздерiне тән ерекшеліктері болады ( 4 - сурет ) . Цитоплазмалық мембранадан тыс орналасқан курылымдары ( жасуша қабыкшасы , капсула , сілемейлi кап , талшықтар , ворсинкалар ) көбінесе беттік құрылымдар деп аталады . Цитоплазмалык мембрана мен цитоплазма протопласт деп аталады .
Эукариот жасушаларынын прокариоттардан негізгі ерекшелiгi олар жеке - жеке компартменттерге бөлшектенген , яғни көптеген мембраналық органеллалары болады . Эукариоттардың ақуызбен байланысқан ДНҚ - ы хромосомаларға жинақталып , қос мембранамен қапталган ядрода орналасады .
Эукариот жасушаларының пішіндері прокариоттарға қарағанда iрi келеді. Прокариот пен эукариот жасушаларынын негiзгi ерекшеліктерi 3 - кестеде нақты көрсетілген






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет