«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты



бет1/2
Дата21.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#151863
  1   2
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 қарашадағы

1486 қаулысымен



бекітілген

 

 



«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»

мемлекеттік қызмет көрсету стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 2-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі - уәкілетті орган), мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық), халыққа ұтқыр қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ұтқыр орталық) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:



1) уәкілетті органның www.prokuror.kz интернет-ресурсында;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық РМК) www.con.gov.kz.  интернет-ресурсында;

3) тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ресми ақпарат көздерінде, уәкілетті органның және орталықтың ғимараттарында орналасқан стенділерде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша да алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері:



уәкілетті органда:

тұлғаның қолтаңбасының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалығын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап беруді растайтын арнайы мөртабан - апостиль қойылған қағаз тасымалдағышта құжат беру болып табылады;

орталықта:

қолтаңбаның түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалығын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруді растайтын арнайы мөртабан - апостиль қойылған электрондық нысандағы құжат беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға жүгінген кезде:

мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі - 1 күннен аспауы тиіс;

құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 40 минут;

құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 10 минут;

2) мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде:

мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі - қажетті құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 1 күн (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспауы тиіс;

құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспауы тиіс.

8. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабы 8) тармақшасына сәйкес республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 50%-ы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер немесе мекемелер арқылы төленеді.

9. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптаның бес жұмыс күні ішінде көрсетеді, құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз, сағат 11.00-ден 11.30-ға дейін, құжаттарды беру сағат 17.30-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейінгі аралықта күн сайын көрсетіледі.

Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Ұтқыр орталықтар құжаттарды орталық бекіткен кестеге сәйкес бірақ бір елді мекенде кемінде алты сағат бойы қабылдайды.

10. Уәкілетті органның үй-жайының жеке кіретін есігі, күту залы болады, ол ақпараттық стенділермен жарақтандырылады және ғимараттың бірінші қабатында орналасады, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.



Орталықтардың ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:



уәкілетті органға:

өтінішті;

жеке куәліктің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бере отырып);

шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастыру талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжатын;

мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті;

мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариус растаған сенімхатты;

орталыққа:

өтінішті;

мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты;

шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастыру талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжатын;

мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті;

мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариус растаған сенімхатты ұсынады.

12. Мемлекеттік қызметті уәкілетті органда алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.



Орталықтарда өтініштердің бекітілген нысандағы бланкілері күту залындағы арнайы бағанда, сондай-ақ Орталық РМК www.con.gov.kz  интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Құжаттар уәкілетті органның жауапты қызметкеріне не орталықтың инспекторына тапсырылады.



Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда жүзеге асырылады.

14. Уәкілетті орган жүгінген адамға құжаттарды қабылдағаны туралы жазбаша растама бермейді.



Құжаттарды орталық арқылы қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат:

өтінішті қабылдау нөмірі мен күні;

сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттардың берілген күні, уақыты мен орны;

өтінішті берушінің тегі, аты, әкесінің аты;

құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, беріледі.

15. Уәкілетті органда апостиль қойылған құжатты жауапты қызметкер уәкілетті органның «Рұқсаттама бюросы» үй-жайында мемлекеттік қызметті алушы не оның өкілі сенімхат бойынша жүгінген кезде береді.



Мемлекеттік қызметті алушының жазбаша сұрауы бойынша апостиль қойылған құжаттарды уәкілетті орган оған почта арқылы жібереді.

Орталықта мемлекеттік қызметті алушыға құжаттарды орталықтың инспекторы мемлекеттік қызметті алушы өзі немесе оның өкілі сенімхат бойынша жүгінген кезде қолхат негізінде береді.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтата тұру немесе қызмет көрсетуден бас тарту үшін:



уәкілетті органда:

осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың пакетін толық ұсынбау;

ұсынылған құжаттардың жалғандығын анықтау;

орталықта:

осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың пакетін толық ұсынбау негіз болып табылады.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Бас прокуратураның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау, толыққанды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Бас прокуратураның жұмысына баға берілетін «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Бас прокуратура қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға көмек көрсету тәртібі туралы ақпаратты 8 (7172) 71-25-77 телефоны арқылы немесе www.prokuror.kz  интернет-ресурсынан алуға болады.

Орталық қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға көмек көрсету тәртібі туралы ақпаратты орталықтың ақпараттық-анықтама қызметінен 8 (7172) 58-00-58, «электрондық үкімет» ақпараттық-анықтамалық call-орталығы қызметінің телефоны (1414) не стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Уәкілетті орган көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Бас прокурорының не оның орынбасарларының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 2-кіреберіс, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мекенжайы бойынша жазбаша түрде беріледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерді қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.



Орталық көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Орталық РМК директорының атына 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 үй мекенжайы, 8 (7172) 94-99-93 телефоны, www.con.gov.kz  интернет-ресурсы бойынша беріледі.

22. Бас прокуратураның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Бас прокуратураның кеңсесі 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 2-кіреберіс, Бас прокуратура мекенжайы бойынша қабылданады.



Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Орталық қарамағына кіретін орталық басшысының атына беріледі, орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй мекенжай бойынша «Орталық» РМК бас директорының атына беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Мемлекеттік қызметті алушы шағымды ерікті нысанда қағаз тасымалдағышта береді.

25. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымының қабылданғанын растап, шағымның нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері, сондай-ақ шағымды қараудың, оған тиісті жауап алу уақыты мен мерзімі көрсетілген, шағымның тіркелгені туралы құжат беріледі.



Уәкілетті органға келіп түскен шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады.

Орталыққа қолма-қол және пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылдануын растау орталықтың немесе Орталық РМК кеңсесінің тіркеуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.

Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымын қабылданғанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талонды береді. Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

 

«Прокуратура органдарынан, тергеу және



анықтау органдарынан шығатын ресми

құжаттарға апостиль қою»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

1-қосымша

 

 



Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі

 


Р/с №

Орталықтардың атаулары (филиалдар, бөлімдер, бөлімшелер)

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «А» үй

8 (7162) 40-10-76

8 (7162) 40-10-63

2.

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 42-үй

8 (7162) 25-00-67

8 (7162) 25-06-21

3.

Красный Яр ауылы аудандық бөлімі

Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 65-үй

8 (7162) 40-43-27

4.

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 102-үй

8 (71638) 2-09-96

8 (71638) 2-18-49

5.

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы кенті, М. Мәметова көшесі, 19-үй

8 (71644) 2-10-77

8 (71644) 2-28-28

8 (71644) 2-10-77

6.

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11-үй

8 (71643) 2-45-94

8 (71643) 4-07-22

8 (71643) 4-12-58

7.

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, әл-Фараби көшесі, 44-үй

8 (71641) 2-35-96

8 (71641) 2-21-94

8.

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 18б-үй

8 (71646) 2-37-20

8 (71646) 2-37-81

9.

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 28-үй

8 (71636) 4-29-97

8 (71636) 4-28-91

8 (71636) 4-59-28

10.

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7-үй

8 (71642) 2-12-57

11.

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесі, 15-үй

8 (71633) 2-44-92

12.

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2«А» үй

8 (71639) 2-22-41

8 (71639) 2-22-42

8 (71639) 2-22-18

13.

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Жеңіс көшесі, 56-үй

8 (71647) 2-22-07

14.

Жарқайың аудандық бөлімі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ғабдуллин көшесі, 104-үй

8 (71648) 9-00-35

8 (71647) 2-22-05

15.

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 8-үй

8 (71635) 2-17-10

16.

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 52-үй

8 (71632) 2-00-74

8 (71632) 2-29-43

17.

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 44«А» үй

8 (71637) 2-17-83

8 (71637) 2-20-36

18.

Степногор қалалық бөлімі

Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, 7-үй

8 (71645) 2-00-40

8 (71645) 2-00-30

19.

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 119-үй

8 (71640) 9-26-66

20.

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15-үй

8 (71651) 3-12-30

8 (71651) 3-11-98

21.

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Безымянный қиылысы, 1-үй

8 (71631) 2-17-97

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Ақтөбе қаласы, Тургенев к-сі, 109-үй

8 (7132) 56-57-87

2.

1 Ақтөбе қалалық бөлімі

Ақтөбе қаласы, Тургенев к-сі, 109-үй

8 (7132) 57-80-27

3.

Қарғалы ауылы (Жилянка)

Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев көшесі, 10-үй

8 (7132) 98-60-06

8 (7132) 98-60-05

4.

Алға аудандық бөлімі

Алға ауданы, Алға қаласы, Киров көшесі, 23-үй

8 (71337) 3-20-79

8 (71337) 3-10-96

5.

Мәртөк аудандық бөлімі

Мәртөк ауданы, Мәртөк кенті, Байтұрсынов көшесі, 1«Б» үй

8 (71331) 22-4-13

8 (71331) 22-1-14

6.

Хромтау аудандық бөлімі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12-үй

8 (71336) 26-6-33

8 (71336) 26-6-34

7.

Қандыағаш аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Молодежный шағын ауданы, 47«Б» үй

8 (71333) 30-2-19

8 (71333) 30-2-18

8.

Ембі аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Әміров көшесі, 10-үй

8 (71334) 23-9-83

9.

8 Темір аудандық бөлімі

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 15«А» үй

8 (71346) 23-5-83

8 (71334) 23-9-87

10.

Қобда аудандық бөлімі

Қобда ауданы, Қобда кенті, Нұрымжанов қиылысы, 2-үй

8 (71341) 22-1-47

8 (71341) 22-1-38

11.

Қарғалы аудандық бөлімі, Бадамша ауылы

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 27-үй

8 (71342) 23-4-64

8 (71342) 23-4-62

12

Ойыл аудандық бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 64-үй

8 (71332) 21-1-81

8 (71332) 21-1-82

13.

Әйтеке би аудандық бөлімі

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауданы, Балдырған көшесі, 10-үй

8 (71339) 22-3-73

8 (71339) 22-3-74

14

Байғанин ауданы бойынша бөлім

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 41«А» үй

8 (71345) 23-5-86

8 (71345) 23-5-87

15

Ырғыз аудандық бөлімі

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелдин көшесі, 7-үй

8 (71343) 21-8-28

16

Шалқар аудандық бөлімі

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, 63-үй

8 (71335) 23-6-10

8 (71335) 23-6-11

«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Талдықорған қаласы,Тәуелсіздік көшесі, 67«Б» үй

8 (7282) 24-15-06

8 (7282) 24-41-33

2.

Ақсу аудандық бөлімі

Жансүгіров кенті, Қабанбай батыр көшесі, 20-үй

8 (72832) 2-14-51

3.

Қапал бөлімшесі

Қапал ауылы, Алпысбаев көшесі, 3-үй

8 (72841) 2-17-60

4.

Алакөл аудандық бөлімі

Үшарал қаласы, 8 наурыз көшесі, 63-үй

8 (72833) 2-35-46

8 (72833) 2-35-48

5.

Қабанбай бөлімшесі

Қабанбай кенті, Абылайхан көшесі, 237-үй

8 (72837) 4-13-85

6.

Балқаш аудандық бөлімі

Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25«А» үй

8 (72773) 95-2-22

8 (72773) 9-18-20

7.

Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі

Есік қаласы, Абай көшесі, 314«А» үй

8 (72775) 4-54-70

8 (72775) 4-54-69

8.

Шелек бөлімшесі

Шелек ауылы, Бижанов көшесі, 100-үй

8 (72775) 2-34-96

8 (72775) 2-34-97

9.

Ескелді аудандық бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 52-үй

8 (72836) 3-22-16

10.

Жамбыл аудандық бөлімі

Ұзынағаш кенті, Мәжитов көшесі, 1-үй

8 (72770) 2-30-90

11.

Іле аудандық бөлімі

Өтеген батыр кенті, Қуат шағын ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 25-үй

8 (727) 251-74-46

8 (727) 251-74-47

12.

Боралдай бөлімшесі

Боралдай ауылы, Вокзальная көшесі, 6«А» үй

8 (72738) 7-82-42

13.

Қараой бөлімшесі

Қараой ауылы, Тыңдала көшесі, 9-үй

8 (7275) 24-88-10

14.

Ақши бөлімшесі

Ақши ауылы, Қонаев көшесі, 29-үй

 

15.

Қарасай аудандық бөлімі

Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесі, 38-үй

8 (72771) 2-56-86

8 (72771) 2-56-96

16.

Тау-Самалы бөлімшесі

Тау Самалы кенті, Рысқұлов көшесі, 129-үй

8 (727) 391-38-58

17.

Шамалған бөлімшесі

Шамалған станциясы, Қонаев көшесі, 1«В» үй

8 (7272) 93-66-33

18.

Қаратал аудандық бөлімі

Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, 22-үй

8 (72834) 2-02-07

8 (72834) 2-20-92

19.

Кербұлақ аудандық бөлімі

Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесі, н/ж

8 (72840) 3-25-88

20.

Қоғалы бөлімшесі

Қоғалы кенті, Желтоқсан көшесі, 45-үй

8 (72842) 9-10-59

21.

Көксу аудандық бөлімі

Балпық би кенті, Измайлов көшесі, 10-үй

8 (72838) 2-16-19

8 (72838) 2-16-18

22.

Қапшағай қалалық бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41-үй

8 (72772) 4-79-61

8 (72772) 4-79-60

23.

Шеңгелді бөлімшесі

Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі, 34-үй

8 (72772) 7-11-94


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет