Протозоа дүние тармағЫ



Дата13.06.2016
өлшемі87.15 Kb.
ПРОТОЗОА ДҮНИЕ ТАРМАҒЫ

Протозоа дүние тармағы (protos – бiрiншi, zoon – жануар) бiр клеткалы организмдердiң түрлi топтары.

Қазiргi уақытта, су бар жердiң барлығында қарапайымдыларды кездестiруге болады. Олардың 50000 астам түрлерi белгiлi. Әр қарапайым организмдi жеке протоплазма деп қарастыруға болады және ол тiршiлiкке тән барлық функцияларды орындай алады. Қарапайымдылар протоплазма құрылымының күрделiгiмен ерекшеленедi. Көптеген қарапайым формаларда (мысалы, Amoeba proteus) протоплазма аз дифференцияланған және спецификалық функцияларды орындайтын органеллалар саны аз. Филогенетикалық дамыған қарапайымдылардың құрылысы (мысалы, paramecium coudatum) өте күрделi. Протоплазмада, әртүрлi функцияларды орындайтын органеллалардың саны көбейедi.

Протозоа дүние тармағының өкiлдерi клеткалық құрылым деңгейiне жатады. Қарапайымдылардыбейнелейтiн, бионт ретiнде, ядросы және цитоплазмалық барлық құрылымдары бар клетка болып табылады. Цитоплазмада кез-келген жануар клеткасына тән әртүрлi органоидтар (эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, лизосомалар, центриольдер және т.б.), сонымен қатар, тек қарапайымдыларға тән органоидтар, мысалы, түрлi жалған аяқтары, кiрпiкшелер мен талшықтар, клеткалық ауыз қуысы, клеткалық жұтқыншақ, ас қорыту және зәр шығару вакуольдерi, трихоцисттер, сезiм аппараттары кездеседi.

Қарапайымдылардың бионты, коректену, тыныс алу, зәр шығару, қозғалу қызметтерi арқылы қоршаған ортамен барлық қарым-қатынастарын iске асырады.

Клетка дербес тiршiлiк ететiн жеке организм ретiнде жыныссыз және жынысты жолдарымен көбейедi. Әр түрдiң тiршiлiк циклi бiрнеше даму кезеңдерiнен және ұрпақтардан тұрады.

Қарапайымдыларды тек бiрклеткалы организмдер деп санауға болмайды. Бұл патшалық тармағында клетка құрылымының, бiр клеткадан бастап аз және көпклеткалыларға дейiн барлық типтерiн көруге болады және колониялар түзейтiн вольвоксты кездестiруге бола

ВОЛЬВОКС


Вольвокс, клеткалары бiр-бiрiмен өзара байланысқан, көпклеткалы организм. Клеткалары екi топқа бөлiнедi: 1) зат алмасу, ас қорыту, қозғалу қызметтерiн атқаратын соматикалық клеткалар және көбею қызметiн атқаратын генеративтi клеткалар.

Протозоа дүние тармағы метазоа дүние тармағының ата-тегi болып табылады. Колониальды формалар және вольвокстың колониялары төменгi тканьдi организмдерге бастама бердi.

Жоғарғы сатыдағы жануарлардың клеткасы бiр ғана арнайы қызметтi атқарады. Егер, жоғарғы сатыдағы жануарлардың клеткасын қарапайымдылардың клеткасымен салыстырса, оның құрылысы қарапайымдалған, бiрақ спецификалық қызметi клеткамен өте жылдам орындалады.

ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМIРIНДЕГI МАҢЫЗЫ

Саркодалылар көптеген теңiз қалдықтарының құрамына кiредi. Iзбес, бор және шөгiндi жыныс қабаттары фораминифералардың сауыттарынан тұрады. Тамыраяқтылардың түрлерiн геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн, мұнай және пайдалы қазбалар iздестiруде қолданады.

Талшықтылар органикалық заттың алғашқыпродуценттерi ретiнде биосфераның биологиялық зат айналымында негiзгi рөл атқарады. Мысалы, планктонды организмдер. Көптеген түрлерi су қоймаларының ластану дәрежесiн анықтауда биологиялық индикаторлардың қызметiн атқарады. Кейбiр түрлерi су қоймаларын тазартады. Саркомастигофоралардың көптеген түрлерi эктопаразиттiк және эндопаразиттiк тiршiлiк етуге байланысты қауiптi патогендi организмдер болып саналады. Мысалы, дизентерия немесе амебиаз iшектiң ауруын тудыратындизентериялық амеба; адамда “Ұйқы” ауруын тудыратын және жануарларда трипаназомоз ауруларын тудыратын қанда паразиттiк тiршiлiк ететiн трипаносомалар; терiнi зақымдайтын лейшманиялар, несеп-жыныс жолдарын зақымдайтын трихомоностар, iшек қызметiн бұзатын лямблиялар.

САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПI

Саркомастигофоралар типiнiң өкiлдерi еркiн немесе паразиттiк тiршiлiк ететiн қарапайымдылар. Жер бетiнде кең тараған жануарлар тобы.

Саркомастигофоралар типiнде бiрклеткалылар, азклеткалылар, көпядролылар, колониальды және көпклеткалы организмдер кездеседi.

Саркомастигофоралар типi екi класқа бөлiнедi: Саркодалылар және Талшықтылар. Талшықтылар класы өсiмдiктер патшалығының бастамсын бердi. Саркомастигофоралар типiне жалаңаш және сауытты амебалар, теңiз радиоляриялары мен фораминифералар, өсiмдiктектес және жануартектес талшықтылар және паразиттiк түрлер жатады.

Типтiң негiзгi белгiлерi:

Жануарлардың бiр клеткалы деңгейi. Бионт клеткамен берiлген.

Қозғалу органоидтарының қызметiн жалған аяқтар немесе талшықтар атқарады. Кей жағдайларда осы органоидтар бiрге кездесуi мүмкiн немесе бiр-бiрiн алмастыруы мүмкiн.

Саркомастигофоралар типiнiң өкiлдерi теңiздерде, тұщы суларда, топырақта кездеседi және паразиттiк тiршiлiк ететiн түрлерi де аз емес.

Екiге бөлiну арқылы көбейедi, кейбiр түрлердiң тiршiлiк циклiнде жынысты процесс кездеседi.

Саркодалылар класының өкiлдерi гетеротрофты организмдер, ал Талшықтылар класының өкiлдерi гетеротрофтылар және автотрофтылар.

Саркомастигофоралардың маңызы. Саркодалылар көптеген теңiз қалдықтарының құрамына кiредi. Iзбес, бор және шөгiндi жыныс қабаттары фораминифераның сауыттарынан тұрады. Тамыраяқтылардың түрлерiн геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн, мұнай және пайдалы қазбалар iздестiруде қолданады.

Талшықтылар органикалық заттың алғашқы продуценттерi ретiнде биосфераның биологиялық зат айналымында негiзгi рөл атқарады. Мысалы, планктонды организмдер. Көптеген түрлерi су қоймаларының ластану дәрежесiн анықтауда биологиялық индикаторлардың қызметiн атқарады. Кейбiр түрлерi су қоймаларын тазартады. Саркомастигофоралардың көптеген түрлерi эктопаразиттiк және эндопаразиттiк тiршiлiк етуге байланысты қауiптi патогендi организмдер болып саналады. Мысалы, дизентерия немесе амебиоз iшектiң ауруын тудыратын дизентериялық амеба; адамда “Ұйқы” ауруын тудыратын және жануарларда трипаназомоз ауруларын тудыратын қанда паразиттiк тiршiлiк ететiн трипаносомалар; терiнi заөымдайтын лейшманиялар, несеп-жыныс жолдарын зақымдайтын трихомоностар, iшек қызметiн бұзатын лямблиялар.



АМЕБАЛАР ОТРЯДЫ

ҚАРАПАЙЫМ АМЕБА

Iрi амеба (200-800 мкм) тұщы суларда тiршiлiк етедi, олар космополиттер болып табылады. Денесi жұқа плазма мембранамен қоршалған. Жалған аяқтары арқылы жылжиды. Жалған аяқтары бiрнеше болып түзiледi, дене пiшiнi тұрақсыз. Цитоплазмада жыйырылғыш және асқорыту вакуольдер, экскреторлы түйiршiктер және симбиотикалық балдырлар көрiнедi.

Дене пiшiнi тұрақсыз, симметриясыз, тыныштық күйде су қабатында шар тәрiздi пiшiнге ие.

Қоректену әдiсi – фагоцитоз, пиноцитоз есебiнен суды сiңiредi. Органикалық заттармен қоректенедi, ұсақ бiрклеткалы жануарларды ұстауы мүмкiн (гетеротрофты қоректену әдiсi).

Ас қорытуы – клетка iшiлiк, асқорыту вакуольдерiнiң iшiнде.

Көбеюi - жыныссыз жолмен, яғни екiге бөлiну арқылы көбейедi.

Цистiлену – қолайсыз жағдайларда тығыз қабаттың түзiлу процесi. Мұндай күйде амебалар ұзақ уақыт бойы тiршiлiгiн сақтап (айлар бойы), қайтадан белсендi тiршiлiкке көше алады.

БАҚАЛШАҚТЫ АМЕБАЛАР ОТРЯДЫ

Бақалшақты амебалар тұщы суларда таралған, бентосты жануарлар, су қоймалардың түбiнде тiршiлiк етедi. Бұл түрдiң едәуiр бөлiгi топырақта және шымтезек батпақтарда да тiршiлiк етедi.

Бақалшақты амебалардың ерешелiгi денесi бақалшақпен қапталған. Бақалшақтың саңылаунан денесi және жалған аяқтары шығады. Жалған аяқтардың көмегiмен олар қозғалады.

Бiреулерiнiң бақалшағы қатты органикалық заттардан түзiлсе, екiншiлерiнiң цитоплазманың бөлiндiсiнен және бөгде бөлшектерден (диатомды балдырлардан, қиыршықтардан, мүк бөлшектерiнен) құралады. Көбеюi жыныссыз, екiге бөлiну арқылы жүредi.

АМЕБА ОТРЯДЫ

ДИЗЕНТЕРИЯЛЫ АМЕБА (Entamoeba histolytica)

Дизентериялы амеба, адамда қанды iш өтудi тудыратын амебиаз немесе дизентерияның қоздырушысы болып табылады. Алғаш рет бұл амебаны орыс ғалымы Л.Ф.Леш (1875) сипаттаған.

Амебаның гаметалары адам нәжiсiмен сыртқы ортаға түсiп, ұзақ уақыт бойы тiршiлiгiн сақтайды. Адам организмiне түскен төрт ядролы гаметалар өте қауiптi. Гаметалар суға, көкөнiстерге, қолға, асқа (тамаққа, шыбындар арқылы түседi), түрлi заттарға түседi, сонан соң адамның аузына түседi. Осы заттармен олар қарын мен iшекке барады. Бұл ортада гаметаның қабығы еридi. Әр ядро екiге бөлiнiп, сегiз ядролық амебаны түзейдi, одан ұрпақ клеткалар пайда болады.

Амебалар адамның тоқ iшегiнде ешқандай зиян келтiрмей тiршiлiк ете алады. Бiрақ кейбiр жағдайларда амебалар ұлпалық патогендi түрлерге айналып, iшектiң қабырғасына енiп қабыну процесi мен жаралардың түзiлуiн тудырады. Дизентериялы амебалар жаралардан қан арқылы бауырға, өкпеге, миға және де басқа мүшелерге өтiп, адам өлiмiне әкелетiн, iрiңнiң жиналуын тудыра алады.

Амебиаз және дизентериялық амебалар Кавказда, Киыр Шығыста, Орта Азияда жиi кездеседi.

РАДИОЛЯРИЯЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

Радиоляриялар – планктонда, су қабатында тiршiлiк етедi. Формалары геометриялық әртүрлi ұсақ теңiз саркодолылар. Түрдiң саны 7-8 мыңға жетедi. Олар тереңдiгi 8000 метрге жететiн су түбiнде де кездеседi. Олар қаңқаның iшкi күрделi құрылысымен ерекшеленедi, ядро маңындағы капсуламен, тармақталған және тармақталмаған өсьтiк жiпшелерiмен аксоподияларменерекшеленедi. Радиоляриялардың көптеген түрлерiнiң цитоплазмалрында, оларды өттегiмен қамтамасыз ететiн және қорек көзi болып табылатын бiрклеткалы симбиотикалық балдырлар (зоохлореллалар – жасыл және зооксантеллалар – сарғыштау) тiршiлiк етуi мүмкiн.

Радиоляриялардың геологиялық қабаттардың жасын анықтауда маңызы зор.

ФОРАМИНИФЕРАЛАР ОТРЯДЫ

Фораминифералар басқа тамыраяқтыларға қарағанда күрделi. Қазiргi түрлердiң саны 1000 асады. Олардың денесi бақалшақтармен қапталған. Бiркамералы және көпкамералы бақалшақтар кездеседi. Көптеген тесiктер арқылы бақалшақтан ризоподиялар (ұзын жiнiшке жалған аяқтар) шығады.

Жынысты және жыныссыз жолмен көбейедi, тiршiлiк циклiнде ұрпақтың алмасуы байқалады. Фораминифералардың көпшiлiгi су қоймалардың түбiнде тiршiлiк етiп, ұсақ организмдермен қоректенедi. Тек кейбiр түрлерi ғана планктон құрамына кiрiп су қабатында тiршiлiк етедi алады.

Фораминифералар кембрий кезеңiнен табылған көптеген теңiз қалдықтарының құрамына кiредi. Олар әктастың, бордың қабаттарын түзедi. Фораминифераларды мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды iздеу үшiн, геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн қолданады.



КҮНТӘРIЗДIЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ

Күнтәрiздiлер тұщы су қоймаларында тiршiлiк етедi. Оларшар тәрiздi, көптеген аксоподийлерi, бiр немесе бiрнеше ядролары болады, минеральдi қаңқасы жоқ. Кейбiр теңiз күнтәрiздiлер кремний тәрiздi қаңқа түзедi. Жыныссыз көбеюi, бөлiну жолымен жүредi, сонымен қатар жыныс процесiнiң нәтижесiнде де көбейе алады.



ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ

ЕВГЛЕНАЛАР ОТРЯДЫ

ЖАСЫЛ ЕВГЛЕНА

Эвгленалар жасыл түске боялған, бiрталшықты қарапайымдылар. Олар тұщы су қоймаларында тiршiлiкетедi, “судың гүлденуiн” тудыра алады. Қараңғыда эвгленалар түсiн жоғалтып, автотрофты қоректену әдiсiн тоқтатып, гетеретрофты қоректенуге көшедi



КӨПТАЛШЫҚТЫЛАР ОТРЯДЫ

ЛЯМБЛИЯ

Iшектi лямблиялар адамның өт өзегiнде, ұлтабарында, ащы iшегiнде паразит түрiнде тiршiлiк етедi. Паразиттiң екi ядросы, 8 талшығы, тiректi фибриллярлы аппараты бар, екi жақты симметриялы болады.



ВОЛЬВОЦИДТЕР ОТРЯДЫ

ВОЛЬВОКС

Вольвокстар тұщы суларда тiршiлiк ететiн көпжасушалы талшықтылар, кейбiр түрлерi теңiзде тiршiлiк етедi. Вольвокстардың денесiнiң құрылымы, олардың түрлерiне байланысты, 500 ден 14 мың клеткалардан тұрады.

Вольвокстардың пiшiнi шар тәрiздi және колонияның клеткалары екi топқа дифференциацияланған: вегетативтi (сiңiретiн, қозғалатын, тiрек) және репродукциямен байланысты генеративтi (көбею). Вольвокстың клеткаларының құрамында тостағанша тәрiздi хроматофоралар бар.

Вольвокстар жынысты және жыныссыз жолмен көбейедi. Көбею тек генеративтi клетка негiзiнде палинтомия жолымен жүредi. Вольвокстың дамуы мен құрылымын бiлу, ткань мен көпклеткалылардың шығу тегiн, сонымен қатар күрделi онтогенез немесе жануарлардың жеке дамуының пайда болуын түсiнуде маңызы зор.



ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПI

Инфузориялар типiнiң өкiлдерiнiң құрылысы күрделi және көбею процесi де күрделi.

Инфузориялар класының кең таралған түрлерiнiң бiрi – инфузория – туфелька. Оның протоплазмасында спецификалық функцияларды орындайтын күрделi органеллалар орналасқан.

Инфузория – туфелька ағынсыз су қоймаларында кездеседi. Оның пiшiнi созылыңқы. Клетка жұқа пелликула қабатымен қапталынған. Пелликуланың астында эктоплазманың түссiз қабаты орналасқан эктоплазмада кiрпiкшелер шығатын кинетосомалар орналасқан. Эктоплазма мен эндоплазманың шекарасында М-фибриллалар немесе мионемалар деп аталатын микрофиламенттер орналасқан. Олардың жиырылуының нәтижесiнде инфузория-туфельканың пiшiнi өзгередi. Оның вентральды жағында дененiң алдыңғы бөлiмiнде перистом орналасқан. Ол тарылып жұтқыншаққа айналады, жұтқыншақ клеткалық ауызбен немесе цистостоммен аяқталады. Эндоплазмада ас қорыту вакуольдерi түзiледi. Қорытылмаған заттар экзоцитоз процесiнiң нәтижесiнде қылаулатқыш арқылы шығарылады.



Эндоплазмада екi жиырылғыш вакуольдер орналасады. Олар дорсальды жағында дененiң алдыңғы және артқы бөлiмдерiнде орналасады. Әр жиырылғыш вакуольдiң айналасында цитоплазмадан су келiп тұратын бiрнеше радиальды каналдар бар. Радиальды каналдар орталық каналға жiбередi, ал орталық вакуоль сыртқа шығарады. Артқы жиырылғыш вакуоль жиi жұмыс жасайды, себебi жұтқыншақ аймағында интенсивтi эндоосмостың әсерiнен клеткаға көп су кiредi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет