Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика



Pdf көрінісі
бет53/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика 
 
Шығу тегі ерекшеліктеріне байланысты барлық психопатологиялық 
симптоматика позитивті және негативті болып бӛлінеді. Позитивті 
симптоматика 
(продуктивті, 
плюс 
– 
симптоматика) 
психиканың 
патологиялық ӛніміне байланысты дамиды. Мҧнда галлюцинация, сандырақ, 
жабысқақтықтар, аса бағалы идеялар және басқа да патологиялық тҥзілістер 
жатады. Негативті симптоматикаға (дефицитарлық, минус симптоматика) 
психикалық қызметтің қандай да бір звеносының дҧрыс дамымауы, жоғалуы, 
нәтижесіндегі психикалық функцияның тҧрақты тҥсіп қалу белгісі жатады. 
Психикалық дефекттің кӛріністеріне естің жоғалуы, ақылкемдігі, 
ақылаздығы, тҧлғалық тӛмендеу жатады. Позитивті симптоматика негативті 
симптоматикаға қарағанда динамикалы болып келеді; ол ӛзгермелі, 
кҥрделенуге қабілетті және жиі қайтымды. Дефицитарлы қҧбылыстар 
тҧрақты, терапиялық әсерлерге ҥлкен тҧрақтылықпен ерекшеленеді. 


~ 101 ~ 
Тәжірибеде психопатология феномендерін продуктивті және негативті 
деп бӛлу жиі қиындық тудырады. Осы уақытқа дейін астениялық қҧбылысты 
қай топқа жатқызуға болатыны жӛнінде ақырғы пікір айтылған жоқ. 
Астениялық симптоматика бір жағдайда динамикалы, қысқа мерзімдік, 
екінші бір жағдайда қайтымсыз болуы мҥмкін. Астения бҧл зейін 
жеткіліксіздігімен, ес әлсіреуімен, еңбекке қабілеттіліктің тӛмендеуімен, 
шығармашылдық ӛнімділіктің тӛмендеуімен жҥреді. Мҧның барлығы 
психикалық қызмет ҥшін жоғалту болып саналады. Сонымен қатар астенияда 
эксплозивті реакциялар, кӛңіл-кҥй бҧзылыстары, ипохондриялық кҥйзелістер 
байқалады. Астения негізінде психиканың кез-келген патологиялық ӛнімі 
туады. Ауыр, продуктивті психопатологиялық симптоматикаға бай зорығу 
психоздары да кездеседі (мысалы, пеллагра кезіндегі психоз және т.б.).
Біздің ғасырымыздың бірінші жартысында невролог Дж. Джексон 
продуктивті және дефицитарлы симптоматика концепциясын ҧсынғаннан 
бері психикалық сферада «дефицит» ҧғымын дәлелдейтін кӛптеген факттар 
жиналды. Дефицит тек қайтымсыз дефект болуы міндетті емес; ол 
психикалық функцияның кідірістері, уақытша сӛнуі болуы мҥмкін екендігі 
айқындала тҥсті. 
Дәрілік емнің кӛмегімен кӛптеген жылдар бойы колония мен 
психиатриялық ауруханаларда жатқан шизофрения, соңғы сатысы 
диагнозымен кӛптеген науқастардың жағдайын жақсартып қоймай
жанҧясына қайта оралтуға да мҥмкіндік туды. Алайда шизофрениялық 
дефекттің кейбір формалары белгілі бір дәрежеде қайтымды болып 
табылады, бҧл жағдайдағы патологиялық ҥрдіс динамикасы кҥрт 
баяулағанымен, аяқталған деп есептеуге болмайды. 
Позитивті және негативті симптоматика бірлескенде олардың ӛзара 
қатынасы жӛніндегі мәселе қиындық тудырады және дҧрыс ӛңделмеген. 
Ауру жағдайында позитивті және негативті белгілер бір – бірімен 
байланысқан бірлікте болса, тҥрлі жағдайларда, жастық кезеңдерде, әртҥрлі 
ауруларда әрқалай кӛрінеді. Қолайсыз ішкі және сыртқы себептердің, ауыр 
аурудың әсерінен сәбилерде белгілі бір психикалық функция дамуының 
кідірістеуі мҥмкін. Осының салдарынан жетіспеушілікті компенсациялауға 
биологиялық тенденцияның болуына байланысты ӛзге психикалық 
функциялар қарқынды дами бастайды да, психикалық қызметтің біркелкі 
емес дамуы, жалпы асинхрония тудырады. 
Позитивті және негативті белгілерді бӛлу клиникалық шындыққа 
сәйкес келеді. Бір – бірімен бірлікте болғандықтан оларды бӛлу бір – біріне 
қарсы қою деген дегенді білдірмейді.
Дж.Джексон айтуынша ауру тек негативті белгілер тудырады, ал 
позитивті белгілер ауру зақымдамаған жҥйке жасушасының активтілігі 
нәтижесінде дамиды деген. Неврологиялық тәжірибеде патология мида 
ошақты, кейде кең кӛлемді болса негативті белгілер басым болады.
Психикалық ауруларда церебральды деструкция жай кӛзбен кӛрінбейді 
және бҧл кезде функциональды бҧзылыс жӛнінде айтамыз. Сондықтан 


~ 102 ~ 
компенсаторлы мҥмкіндіктер сақталып, ол продуктивті белгілердің кӛп 
тҥрлілігімен кӛрініс табады. Мидың зақымдалуы неғҧрлым айқын болса, 
соғҧрлым психикалық реакция әлсіз және дефицит белгілері анығырақ 
кӛрінеді, бҧл органикалық деменцияда максимальды бейнеленген.
Психиатрияда симптомдардың ӛзара әрекеті мәселесі жеткілікті 
ӛнделмеген және одан әрі оқып – зерттеуді талап етеді. Симптомдардың 
бірлестігі және арақатынасы туралы мәселе «синдромдарды» сипаттайтын 
тарауда толығымен қаралады. Аурудың психикалық жағдайын зерттеу 
барысында мынаны ескеру керек: әртҥрлі симптомдарды жасанды жолмен 
бӛліп-жарамыз, бірақ олар жеке дара, басқа белгілерге байланыссыз кӛрініс 
бермейді, оларды жақсы танып білу ҥшін жеке-жеке сипаттаймыз. 
Психикалық ҥрдістің қҧрылымына сәйкес қабылдау, ес, ойлау, эмоциональды 
сфера және қимыл-еріктік бҧзылыстарын ажыратамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет