Ерте балалық аутизм синдромы. - Каннер 1943 жылы балалық аутизмді өз еңбегінде жазған.
- Қоршаған ортамен қатынастың мүлдем жоқтығы ең негізгі синдром көрінісі болып табылады.
- Клиникасы көбінесе 2ден 5 жас аралығында көрінеді.Кейбір жағдайда бұл көрініс омыраудағы балалардада көрінеді. Соматовегетативті бұзылыстар фонында сыртқы тітіркендіргіштерге жауабы төмендейді, аштық сезімі жоғалады. Бұндай балалардың ұйқысы үзілген, беткей,көбінесе негізсіз жылау байқалады. Ерте балалық шақта жақындарына мән бермейді.
- Айналасындағы балалармен ойнамайды. Көңіл күйі біртекті.
Каннер синдромы - Бас миының ерте органикалық зақымдалуымен және тұқым қуалаушылық – конституциялды факторлармен пайда болады.
- Синдром генезінде дұрыс тәрбие көрмеудің рөлі жоғары (эмоциональды депривация).
Аспергер синдромы. - Ерте балалық аутизмнің негізгі клиникалық көріністерімен жүреді.
- Қалыпты немесе қалыптыдан жоғары интеллект, сөйлеу мәнері ерте дамиды (бала жүргеннен бұрын, ерте сөйлей бастайды), көбінесе ұл балаларда кездеседі.
- Шизоидты психопатияның ерекше нұсқасы ретінде қарастырылады.
Синдром Ретта Басталуы 7-24 айында, салыстырмалы түрде сәтті даму аясында. Клиникалық көріністер: бастың өсуінің кешеуілдеуімен, энурезбен, энкопрезбен және ентігу шабуылдарымен, кейде эпилептикалық ұстамалармен бірге сөйлеу дағдылары мен сөйлеу қабілетінің жоғалуы. Кейінгі жаста атаксия, сколиоз және кифосколиоз, ауыр мүгедектік қосылады.
Савант Ким Пик Синдромы
Туа біткен савантизм ерте жастан көрінеді. Балалар психикалық дамудың белгілі бір салаларында құрдастарынан едәуір озып кетеді, бірақ сонымен бірге олардың интеллектуалды дамуы, қоғамға бейімделу және күнделікті дағдыларды игеру қабілеті артта қалады.
Ақыл-ойдың кемдігі
Іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары.
Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай :
- идиотиялық
- имбециалдық
- дебильдік
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |