Тыныс алудың патологиялық физиологиясы бойынша жағдаяттық тапсырмалар
Әдістемелік нұсқау
Тапсырма: Білім алушылар осы тақырыпты оқу алдында ішкі және сыртқы тыныс алу ұғымына және қозғалысын реттейтін факторларды білгені жөн. Ентігу, тұншығу (асфиксия), гипоксемия, гипоксияның анықтамаларын және асфиксияның фазаларын үйренеді. Клиникалық белгілерімен сәйкестендіріп патологиялық процесті және оның мәнін оқып үйрену керек.
Мақсаты: Ауру малдың клиникалық көрсеткіштерін талдауды және балау мен алдын-алу шараларын үйрену. Сонымен қатар олардың патологиялық процесінің мәнін түсіну.
1. Құлынның оң жақ көкірек қуысы жарақаттанған. Тыныс алу кезінде жарақаттанған тесіктен плевра қуысына ауа кіріп, ауа шығару кезінде де ауа кедергісіз шығады. Бұл патология қалай аталады. Оның ақыры қандай болуы мүмкін.
2. Сиырда қансыраудан кейін артерия қысымы 105/60 мм сынап бағанасына дейін төмендеді. Соңынан ентігу пайда болды. Бұл компенсаторлы реакцияның пайда болу механизмі қандай?
3. Ауруға шалдыққан мысықтың несеп шығаруы тоқталды. Оқтын-оқтын тыныс алу қалыптасты. Мысықта оқтын-оқтын тыныс алудың қандай түрі байқалды және оның пайда болу механизмін қалай түсінуге болады. Оқтын-оқтын тыныс алуының ақырын қалай деп болжауға болады.
4. Крупозды пневмонияда тыныс алу жиелейді, 1 минутта 31 рет дем алды. Оның қалыптасуы және даму механизмі қандай?
5. Бір топ шошқаның нитраттармен улануы байқалды. Бұл кезде зардапқа шалдыққан малда тыныс алудың бұзылуы қандай бағытта болады.
6. Бұзаудың екі жақ өкпесі қабынғанда артериялы қанның оттегімен қанығуы төмендейді. Бұл патологиялық жағдай қалай атқарылады және оның даму механизмі қандай?
7. Чейн-Стоксовтың оқтын-оқтын тыныс алудың пневмограммалық сызығын көрсетіңіз және оның патогенезін түсіндіріңіз.
8. Биотовтық оқтын-оқтын тыныс алудың пневмограммалық сызығын көрсетіп және қандай патологиялық процестерде білінетінін анықтаңыз.
9. Куссмаульдік оқтын-оқтын тыныс алудың пневмограммалық сызығын көрсетіп және оның пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
10. Шаншу және асқазан ауруына шалдыққан жылқыға мұрын қуысы арқылы зонд енгізді. Мал дәрігерінің қателігінен енгізген ерітінді түріндегі дәрі асқазанға емес өкпеге түскен. Осының нәтижесінде қандай өкпе ауруы пайда болады. Ақыры неге әкеліп соқтырады?
11. Жарыстан кейін жылқының бұлшықеттеріне күш түсуі нәтижесінде жүрек аурунан өкпе ісігі пайда болады. Қандай жүрек ақаулары (декомпенсация) өкпенің ісінуіне әкеп соқтырады? Өкпе ісінуінің ақыры қандай?
12. Клиникаға әкелінген иттің жалпы жағдайы әлсіз. Иттің клиникалық белгілері – тыныс алуы жиі, өкпесі сырылдайды, жөтелу мерзімі жиі және қатты, мұрнынан ашық түсті ақпа ағып тұр, дене қызуы субфибрильді. Осыған байланысты иттің өкпесінде қандай патологиялық өзгерістер пайда болды, жиі және қатты жөтел неге әкеп соқтырады?
Әдебиеттер:
Кожабеков З.К., Өтенов Ә.М. Малдың патологиялық физиологиясы – Ана тілі: 1992.
Ығылманұлы Ө.Ы. Ветеринариялық патологиялық анатомия – Оқулық – Алматы: 2010.
Жұмабеков Х.С., Дербышев К.Ю. Жануарлардың патологиялық анатомиясы – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.
Лютинский С.И. Патологическая физиология животных М. 2005.
Савойский А.Г., Байматов В.Н., Мешков В.М. Патологическая физиология М. 2008.
Лютинский С.И., Степин В.С. Практикум по патологической физиологии М. 2000.
Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология- СП. 2001.
Ройт А., с соавт. Иммунология -М. 2000.
Воронин Е.С. с соавт. Иммунология- М. 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |