2 ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
2.1 Психология бойынша сабақ және оның негізі
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады. Білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасуы және даму ерекшеліктерінің аралығындагы қатынасы деп түсіндіреді.
Психиканың қалыптасу ерекшеліктері туралы сұрақ - қоршаған ортадағы және генетикалық факторлардың күрделі қатынасы туралы – психологияны оқыту әдістемесінің төңірегінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т.б. ғылым саласында да осы мәселе шешіліп қаралуда.
Сондықтан психология мамандығын таңдаған студентке осы сұрақтағы психиканың қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық құралдармен және эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте студентке психологияның аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен қатар оқытушы ретінде нәтижелі қызмет атқаруға мүмкіндік береді. Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой түрімен, тұтастай т.б. психикалық даму деңгейімен айырықшаланатын оқушылармен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің педагогикалық іс-әрекетін компетентті орындауда, тек психологияны оқыту әдістемесі саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық біліммен қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.
Психологияны оқыту әдістемесі оқу үрдісінде алған фактілік материал мен теориялық білім берудің практикалық жағдайында (оқушылардың психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасыз етуге қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-аналармен жұмыс және т.б.) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды мәні бар.
Алған білімдердің орта білім беру жүйесіндегі реформаның психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім берудің ұлттық үлгісі, білім берудің дифференциациясы мен индивидуализациясы, оқушылардың кәсіптік бағдарын ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері, білім берудегі информатизацияның психологиялық ерекшеліктері, тәрбие және оқыту жүйесі дамуының бүгінгі кезеңдегі психологияның рөлі мен орны, психологияны оқыту әдістемесі ғылыми практикалық пән ретінде және оның педагогикалық пәндер жүйесіндегі алатын орны, пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқыту әдістеме.
Білім беру, оқыту, тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасуы және даму ерекшеліктерінің аралығындағы қатынасы деп түсіндіреді. Психиканың қалыптасу ерекшеліктері турлы сұрақ қоршаған ортадағы және генетикалық факторларының күрделі қатынасы туралы психологияны оқыту әдістемесінің төңірегінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т.б. ғылым саласында да осы мәселе шешіліп қаралуда. Сондықтан психология және педагогика мамандықтарын таңдаған студентке осы құралдармен және эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте студентке психологияның аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен қатар оқытушы ретінде нәтижелі қызмет атқаруға мүмкіндік береді.
Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой түрімен, тұтастай т.б. психикалық даму деңгейімен айрықшаланатын оқушылармен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің педагогикалық іс-әрекетін компонентті орындауда, тек психологияны оқыту әдістемесі саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық біліммен қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.
Психологияны оқыту әдістемесі оқу үдерісінде алған фактілік материал мен теориялық білім берудің практикалық жағдайында (оқушылардың психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасыз етуге қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-аналармен жұмыс және т.б.) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды мәні бар.
Алған білімдердің орта білім беру жүйесіндегі реформаның психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім берудің ұлттық үлгісі, білім берудің дифференциациясы мен индивидулизациясы, оқушылардың кәсіптік бағдарын ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері, білім берудегі информатизацияның психологиялық ерекшеліктері, тәрбие және оқыту жүйесі дамуының бүгінгі кездегі психологияның рөлі мен орны, психологияны оқыту әдістемесі ғылыми практиткалық пән ретінде және оның педагогикалық пәндер жүйесіндегі алатын орны, пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқыту әдістемесі курсының мақсаттары деген сұрақтарға сенімді бағдарлануға мүмкіндік береді.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.
Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сӛзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) кӛпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет.
Қазіргі кезеңде ӛндіріс, ғылым, медицина, ӛнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн ӛзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық кӛрінеді – олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т.б. жатады...» Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың кӛзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бӛлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де.
Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір кӛрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам ӛледі деп тұжырымдады. Осылайша, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы ӛмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады. Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды кӛре білу.
Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда
. Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бӛлімін қарастырамыз: 1) психикалық процестер; 2) психикалық қасиетте; 3)психикалық қалып. 1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сӛйлеу, қиял және елес, ес; 2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет. 3) Психикалық қалып: адамның түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері. Сонымен, психология – психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің кӛпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы ӛте кең.
Ол күрделілік деңгейі әр түрлі - сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп кӛпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жӛн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады. Психологияның тӛмендегідей негізгі дәрежелері бӛлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, әрекет дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл "әлеуметтік" және "биологиялық" ұғымдар.
Адамның әлеуметтік және табиғи касиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау-ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді. Алдыңғы онжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам ӛміріндегі ролі қарқынды түрде ӛзгерген. Ол ӛнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда.
Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды ӛзгеріске ұшыратады. Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік зандылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор
Достарыңызбен бөлісу: |