Әдістемелік нұсқау Нысан н со пму 18. 2/05



Дата14.06.2016
өлшемі189.5 Kb.
#136139
Әдістемелік нұсқау Нысан

Н СО ПМУ 7.18.2/05

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
050301 «Құқықтану» мамандығы студенттеріне арналған

Қазақстан Республикасының Салық құқығы пәні бойынша

Пәнді оқыту бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар



Салық құқығы пәнінің қысқаша сипаттамасы –салық құқығы пәнінің мақсаты – студенттерге салық құқығы арқылы студенттерге салық құқығы саласының дамуы мен қалыптасуын олардың басқы құқық салаларынан ерекшелігін оқытады. Сонымен бірге салық құқығының ерекшеліктерін, халықаралық құқықтың байланыстарын оқытады.

Салық құқығы пәнін оқудың басты мақсаты – салық құқығы саласындағы құқықтық сипаттағы жеке қатынастарды зерттеу болып табылады.

Салық құқығы пәнінің міндеттері:

1 Салық құқығының даму тарихын білу

2 Салық құқығының институттарын білу

3 Салық құқығының басқа құқық салаларымен байланысын білу.

4 Салық құқығының ерекшеліктерін білу

Салық құқығы пәнін оқығанда қажетті пәндер тізімі:

1 Мемлекет және құқық теориясы

2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

3 Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы

4 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы

Студент аталған пәнді оқып, үйренген соң салық құқығының нормаларын талқылап, қолдануға дағдылану керек.

Сонымен қатар студент салық құқығы институттының даму тарихы мен перспективаларына талдау жасай отырып:

- салық құқығына, құрылымына, салыстырмалы түрде талдау жасай білуі тиіс.

- салықтық құқықтық институттарына арнайы құқықтық талдау жасай білуі тиіс.

1-тақырып. Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және рөлі.

Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық – экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.

Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері.

Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.

Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық қатынастары.

Фискальдык, реттеуші, әлеуметтік бакылаушы функциялар.



Тапсырма:

Салықтық толемдерді топтастыру. Салықтардан негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары. Салықтардың қогам өміріндегі әлеуметік – экономикалық рөлін анықтау.


2-тақырып. Салық заң құрамының элементтері.

Салық зан құрамы элементтерінін ұғымы және кукыктык манызы.

Салық субъектісі: ұғымы, түрлері.

Салықтын объектісі және заты, олардын байланысы және айырмашылықтары.

Салық масштабы және салықтық база, салықтық базаны есепке алу әдістері.

Тапсырма:

Салықтық кезең ұғымын ашу. Салықты есептеу және төлеу тәртібіне сипаттама беру.


3-тақырып. Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі.

Мемлекеттің салықтық қызметінің ұғымы. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықық негіздері. Салықтық қызмет әдістері. Мемлекеттің салық саясаты, мәні және құқықтық нысаны. Салық салудың ұғымы. Салық салу әдістері: тең, пропорционалды, прогресивтік, регрессивтік әдістер. Салық салу принциптерінің жүйесі. Салық салу принциптері жөнінде А. Смит және басқа да классиктер.



Тапсырма:

Салық салу принциптеріне талдау жасау. Салықты белгілеу ұғымына анықтама беру. Салықты белгілеу субъектісінің құқықтары мен міндеттерінің мәнін ашу.



4-тақырып. Салықтық құқық құқықтық құралым ретінде.

Салықтық құқықтық ұғымы және пәні. Салықтық құқықтық құқық жүйесіндегі орны,салықтық құқықтың басқа құқық салаларымен аралық қатынасы. Салықтық құқықтық жүйесі. Салықтық қүқықтың негізгі институтарының жалпы сипаттамасы. Салықтық құқықтың қайнар коздері.Салықтық құқықтағы құқықтық реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтіқ.



Тапсырма:

Салықтық құқықта құқықтық реттеудің диспозитивтік әдісін қолдану ерекшеліктері.Салықтық шарт және оның ерекшеліқтері. Салық заңнамасы салықтық құқықтың қайнар көзі ретінде.Халықаралық шарттар салықтық құқықтың қайнар қөзі ретінде. Халықаралық шарттарды жасасу тәртібі. Халықаралық шарттардың түрлері.


5-тақырып. Салықтық құқықтық нормалар.

Салық құқығы нормасының ұғымы. Салық құқығы нормасының өзіне тән белгілері. Салық құқығы нормасының құрылымы. Салық құқығы нормаларын топтастыру. Салық құқығының реттеуші нормалары. Салық құқығының реттеуші нормаларының түрлері: міндеттеуші,тыйым салушы, рұқсат (құқық) беруші. Салық құқығының диспозитивттіқ нормалары. Салық құқығының диспозитивтік нормаларының түрлері: баламалы,факультативті. Салық құқығы нормаларының материалдық және процессуалдық болып бөлінуі. Салық құқығының негізгі және туынды нормалары.



Тапсырма:

Салық құқығы нормасының құрылымына сипаттама беру. Салық құқығы нормаларын топтастыру.


6-тақырып. Салықтық құқықытық қатынастар.

Салықтық құқықтық қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әләеуметтк бағдары.Салықтық құқықтық қатынастардың топтастырылуы. Материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық қатынастары. Салықтық құқықтық катынастардың арнайы ерекшеліктері мен өзіне тән белгілері.Салықтық құқықтық катынастардың құрылымы.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілік құрамы. Салықтық құқық теориясындагы салықтық құқықтық қатынас «субъектісі» және «Қатысушысы» ұғымдарын айқындау жөніндегі көзқарастардың әр түрліліғі. Салықтық құқықтық қатынас объектісі.Салықтық құқықтық қатынастар мәңі. Салықтық құқықтық қатынастардың түындау,өзгеру және тоқтатылу негіздері.



Тапсырма:

Салықтық құқықтық қатынастардың салық заңнамасын дамытудағы рөлін анықтау. Салықтық құқықтық қатынастардың басқа құқық салаларының құқықтық қатынастарынан айырмашылықтарын белгілеу.


7-тақырып. Салық төлеушілер.

Салық төлеуші- салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде. Салық төлеүшінің мәртебесін айқындау. Салық төлеушілердең түрлері. Жеке және заңды тұлгалардың салықтық мәртебесі.Резиденттіқ принципі,резидентті және резидент еместі айқындау. Салықтық құқықтық қабіллеттіліқ және салықтық әрекет қабілеттілігі.Салықтық қатынастарда өкілдік ету. Салық төлеүшінің заңды және уәкілетті өкілі.Салықтық агенттің мәртебесі.



Тапсырма:

Салық төлеушінің құқықтық мәртебесі:құқығы мен міндеттерінің мәнін ашу. Салық төлеушілердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау тәртібіне сипаттама беру.



8-тақырып. Салықтық міндеттеме.

Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ерекшеліктері.Салықтық міндеттеменің азаматтық құқықтық міндетемеден өзгешілігі. Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері объектісі, мәніСалықтық міндеттемені орындау. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері. Салық берешегін мәжбүрлеп алу шарлары.Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері.



Тапсырма:

Салықтық міндеттеменің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздеріне талдау жасау.



9-тақырып. Салық салу аясындағы мемлекеттік басқару.

Салық салу аясындағы басқару органдарының жуйесі. Салықтармен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, қолданысқа енгізу және жою. ҚР Президентінің салық салу аясындағы өкілеттігі. ҚР Парламентінің салық аясындағы құзіреті, Парламенттің салықтық сипаттағы міндетті төлемдерді белгілеу және қолданысқа енгізу жөніндегі айырықша құзыреті. ҚР қызметінің салық салу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері. Мемлекеттік аппарат жуйесіндегі салықтық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесінің сипаттамасы. ҚР қаржы министрлігінің функциялары.



Тапсырма:

Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерінің мәнін ашу. Кедендік органдардың салық салу жәніндегі өкілеттіктері. Уәкілетті және жергілікті аткаруші билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері.


10-тақырып. Салықтық бақылау.

Салықтық бақылау ұғымы.Салықтық бақылаудың өзіне тән белгілері, оның міндеттері мен мақсаты, элементтері жәні түрлері. Салықтық бақылау әдістері, олардын жалпы сипаттамасы. Қамералдық салықтық бақылау.Салықтық тексеру ұғымы және түрлері. Салықтық тексеру жургізу тәртібі. Салықтық тексеру актісі,оның мазмуны және құқықтық маңызы.Салық төлеушілер мониторингі. Фискалдық жады бар бақылау – кассалық машинаны қолдану. Акцизделетін тауарларда ,мемлекет меншігінде айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау,бағалау және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау жургізу, уәкілетті және жергілікті аткарушы органдардың үстінен бақылау.



Тапсырма:

Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс- әрекеттеріне (әрекетсіздіғіне) шағымдану тәртібіне талдау жасау.


11-тақырып. Корпорациялық табыс салығы. Жеке табыс салығы. Қосылған құн салығы

Корпорациялық табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері.Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.Жеке табыс салығы. Салық салу объектісі,салық субъектілері,салық базасын айқындау тәртібі,салықты есептеу және төлеу тәртібі. Табыс салығының ставкасы.Табыс салығы бойынша женілдіктер.Қосылган құн салығы (ҚҚС). Салық салу объектілері.Салықты салу объектілері.



Тапсырма:

Салықты төлеушілердің құқықтары мен міндеттеріне сипаттама беру. Салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі.Салықтық кезен.ҚҚС ставкалары.


12-тақырып. Акциздер.Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Әлеуметтік салық.

Акциздер.Салық салу объектісі,толеушілері, салық базасын айқындау тәртібі,төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі. Салық салу ставкасы. Экспорталатын шикі мунайға, газ конденсатына салынатын рента салығы. Салық толеушілері, салық салу объектісі. Салықтық кезең, төлеу мерзімдері. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерді мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.Салыну объектілері, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі.Ставкалары.Салық салу бойынша жеңілдіктер.Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының улесі. Үлесті анықтау, орнын толтыруға болатын және орнын толтыруға болмайтын шығындар. Жер қойнауын пайдаланушының шығынын өтеу тәртібі. Үстемдік және пайдалы өнімді есепке алу. Өндірілген өнімнің құнын есептен шығару. Қызметін өнімді болу туралы келісім шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі. Әлеуметтік салық.



Тапсырма:

Салық салу объектісі. Салық ставкалары. Салықты есептеу және төлеу тәртібін анықтау.



13-тақырып. Жер салығы. Көлік құралдары салығы. Мүлік салығы.

Жер салығы. Салық салу объектісі. Салық субъектілері. Салық базасын айқындау тәртібі, есептеу тәртібі. Жер салығын төлеу мерзімдері. Жер салығының ставкалары.Салық ставкаларын түзету. Салықтық кезең.

Көлік құралдары салығы. Салық толеушілер. Салық салу объектілері. Салық ставкалары. Салықтың есептеу және төлеу тәртібі. Салықтық кезең. Заңды тұлгалар мен жеке кәсіпкерлердің мулкіне салынатын салық. .Салық субъектілері. Салық салу объектісі.Салық базасын айқындау тәртібі, салық ставкалары.Салықты есептеу және төлеу тәртібі.

Тапсырма:

Заңды тұлгалар мен жеке кәсіпкерлердің мулкіне салынатын салықтың элементтері. Жер салығының ставкаларын анықтау.


14-тақырып. Арнаулы салық режимі.

Арнаулы салық режимін қолдану, оның ерекшеліктері.

Шағын бизнес субъектілері. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолдану жағдайлары. Шаруа(фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері. Заңды тұлгалар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі.

Тапсырма:

Кәсіпкерлік қызметің жекеленген түрлеріне арналған арнаулы салық режиміне сипаттама бере отырып, шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимінен айырмашылықтарына талдау жасау.


15-тақырып. Тіркеу, лицензиялау алымы және өзге де алымдар.

Алымның ұғымы және оның басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы.Заңды тұлгаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.Жылжымайтын мулікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.Механикалық көлік қуралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені ұшін алым.Теңіз, озен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшын алым.

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым. Дәрі – дәрмек құралдарын мемлекеттіқ тіркегені үшін алым.Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өткені үшін алым.Аукциондардан алынатын алым. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрын пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

Тапсырма:

Алымның ұғымын ашу және оның жекелеген түрлеріне мысалдар келтіру.


16-тақырып. Пайдаланған үшін төлемақы.

Төлемақының ұғымы және оның басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы.Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.Жануарлар дуниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.Орманды пайдаланғаны үшін толемақы.Ерекше корғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін толемақы.Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлеақы.Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы.Кеме журетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.Сыртқы (корнекі) жарнаманы орналастырқаны үшін толемақы.



Тапсырма:

Төлемақының ұғымын ашу және оның жекелеген түрлеріне мысалдар келтіру.


17-тақырып. Мемлекеттік баж. Кедендік төлемдер.

Жалпы ережелер. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері,мемлекеттік баж ставкалары,мемлекеттік бажды алу кезінде қөзделінетін жеңілдіктер,мемлекеттік бажды төлеү және қайтару тәртібі.Консулдық алым мемлекеттік баждың бір түрі ретінде.Төлеушілері консулдық алымның ставкалары,жүзеге асырылғаны үшін консулдық алым алынатын іс-әрекеттер. Консулдық алымды төлеуден босату ерекшеліктері.Кедендік төлемдер,олардың түрлері.



Тапсырма:

Мемлекеттік бажды төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін зерделеу. Мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібін анықтау.


18-тақырып. Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу және заңи жауапкершілік.

Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеудің ұғымы.

Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары және олардың түрлері. Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын салық салу аясында қолдану ерекшеліктері. ҚР салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік.Ұғымы және жалпы сипаттамасы.ҚР салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік негізі. Салық занамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлері.

Тапсырма:

ҚР салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің ұғымына сипаттама беру және оның түрлерін анықтау.


19-тақырып. Салықтық құқық бұзушылықтар.

Салықтық құқық бузушылықтың ұғымы. Салық заңнамасын бұзу ерекшеліктері.Салықтық құқық бұзушылықтың субъектісі мен объектісі.Салықтық құқық бұзушылықтың объективті және субъективті жақтары.Қаржылық құқықтың сипатты салықтық құқық бұзушылықтар,олардын сипаттамасы. Әкімшілік құқықтық сипатты салықтық құқық бұзушылықтар, олардың сипаттамасы. Қылмыстық құқықтың сипатты салықтық құқық бұзушылықтар. Салықтық қылмыс ұғымы. Салықтық қылмыс құрамы.



Тапсырма:

Салықтық құқық бұзушылылардың ұғымына сипаттама беру және оларды топтастыру.


20-тақырып. Салық заңнамасын бұзғаны үшін қаржылық құқықтық жауапкершілік.

Салықтық құқық бұзушылықтар үшін қаржылық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы. Қаржылық құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән белгілері. Салық заңнамасын бұзғаны үшін қаржылық құқықтық жауапкершіліктің қолданыстағы режимінің негізі.



Тапсырма:

Салық заңнамасын бұзғаны үшін қаржылық құқықтық жауапкершіліктің қолданыстағы режимінің негіздерін анықтау.


21-тақырып. Салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқықтық жауапкершілік.

Әкімшілік салықтық құқық бұзушылық үшін әкімшілік құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы.Әкімшілік құқықтық жауапкершіліктің белгілері.Әкімшілік құқықтық жауапкершілікке тарту мән-жайлары.Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс..



Тапсырма:

Қазіргі таңдағы әкімшілік жауапкершілікті жетілдіру проблемаларын зерттеу.



22-тақырып. Салық заңнамасын бұзганы үшін қылмыстық жауаркершілік.

Салық заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы. Қылмыстық жауапкершілік негізі. Қылмыстық жауапкершілікке тарту тәртібі. ҚР 221-бабында «Азаматтық салық төлеуден жалтаруы» мән-жайына орай көзделген қылмыстық жауапкершілік.



Тапсырма:

Салық заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің ұғымына сипаттама беру. Қылмыстық жауапкершіліктің негізін анықтау.


23-тақырып. Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері.

Салықтық жоспарлау ұғымы. Салық төлеушілердің мінез-құлықтары мен іс-қимылдары моделдеры. Салықтық жоспарлау этаптары. Салықтық жоспарлау шегі.



Тапсырма:

Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздерін анықтау және оның кезеңдеріне талдау жасау.

СО ПГУ 7/18/2-06
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер


  1. Все начиналось с десятины: этот многоликий налоговый мир. М,, Прогресс, 1992.

  2. Гуреев В. И. Российское налоговое право. М., 1997.

  3. Дернберг Р. Л. Международное налогообложение. М., ЮНИТИ, Будапешт, COLP1, 1997.

  4. Евстигнеев Е.Н. Основы налогообложения и налогового права. М., 1999.

  5. Карасева М.В. Финансовое правоотношение. Воронеж, 1997.

  6. Козырин А.Н. Налоговое право зарубежных стран: вопросы теории и практики. М., 1993.

  7. Кучерявенко Н.П. Налоговое право. Харьков, 1997.

  8. Лукашук И.И. Нормы международного права в правовой системе России. М., 1997.

  9. Мещерякова Ф.В. Налоговые системы развитых стран мира. М., 1995.

  10. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М. Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік. Алматы, 1999.

  1. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М. Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері. Алматы, 1998.

  2. Налоговое право, (под редакцией С.Г. Пепеляева). М., 2000.

  3. Основы налогового права (под ред. Пепеляева). М., 1995.

  4. Пепеляев С.Г. Законы о налогах: элементы структуры. М.. 1995.

  5. ПеттиВ., Смит А., Рикардо Д., Антология экономической классики. М., Эконовключ, 1993.

  6. Порохов Е.В. Теория налоговых обязательств. Алматы, 2001.

  7. Худяков А.И., Бродский Г.М. Теория налогообложения. Алматы, 2002.

  8. Фомина О.А. Источники налогового права зарубежных стран. М., 1996.

  9. Найманбаев С.М. Салықтық құқық. Алматы, 1996.

  10. Найманбаев С.М. Салықтық құқық. Алматы, 2000.

  11. Найманбаев С.М. Салықтық құқық. Алматы, 2002.

  1. Найманбаев С.М. Салықтық құқық (оқу-әдістемелік кешені). Алматы, 2002.

  2. Найманбаев С.М. Салықсалу бойынша практикум. Алматы, 2003.


Қосымша әдебиеттер

1. Алиев P.M. Расследование уголовных дел налоговой полицией. Алматы, 1998.



  1. Аттапханов К.А. Фискальная система государства: роль и вопросы совершенствования. Алматы, 1999.

  2. Досболов А.Д. Методические рекомендации по повышению эффективности борьбы органов налоговой полиции с административными правонарушениями. Алматы,1999.

  3. Миляков Н.В. Налоги и налогообложение. М., 2001.

  4. Мухамеджанов Э.Б., Межибовская И.В., Садвокасова И.К. Казахстан - налоговые договора. Алматы, 1998.

  5. Сологуб Н.М. Налоговые преступления: методика и тактика расследования. М., 1998.

7. Таранов А.А. Административная ответственность в РК. Алматы, 1997.

8. Черник Д.Г., Починок А.П., Морозов В.11. Основы налоговой системы. М., 1998.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет