Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны
Психологияның басқа ғылымдар жүйесiндегi орнын тануға орай психологиялық
деректердiң басқа ғылымдарда пайдалану мүмкiндiктерiн жəне керiсiнше, психология
олардың нəтижелерiн өзiне қалай қолданатынын жете түсiнуге болады. Əр түрлi тарихи
дəуiрлердегi ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным бiлiмдерiнiң даму
деңгейi мен сараптау схемасынан келiп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму
тарихында бiрде бiр бiлiм саласы ғылымдар жүйесiндегi өз орнын психология сияқты жиi
өзгертiп тұрған емес. Қазiргi күнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап əдiсi
қабылданған. Бұл əдiс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты
байланыстарға негiзделген. Ұсынылған схема - шыңдарына жаратылыстану, əлеуметтiк
жəне философиялық ғылымдар қонақтаған - үш бұрыш формасында. Ғылымдардың
негiзгi тобының мұндай орналасуы олардың пəнi мен əдiстерiнiң психология пəнi мен
əдiстерiне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған мiндеттерге орай
психология өз бағытын бұрыш шыңдарының бiрiне бұрып отырады.
Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi - зерттеу объектi адам
болған барша ғылым салаларының жетiстiктерiн бiрiктiрiп, байланыстыру.
Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық
сипаты қандай?
Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекет заңдарын даму барысында
зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенiң адам миында қалай бейнеленетiнi,
осыған орай оның əрекеттерi қалай реттелетiнi, психикалық қызметтiң дамуы мен жеке
адамның психикалық қасиеттерi қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив
шындық бейнесi екенi белгiлi, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен
психикалық құбылыстардың адамның объектив өмiр шарттары мен қызметiне
тəуелдiлiгiн тануға бағытталуы тиiс. Сонымен бiрге, адамдардың əрқандай iс-əрекетi
барлық уақытта адам өмiрiнiң объектив жағдайларымен байланысып қалмастан, оның
субъектив мезеттерiмен де қатынаста болады. Ғылыми психология барша психикалық
құбылыстардың (қаншама күрделi болмасын) материалдық негiзi бас миы қыртысындағы
уақытша байланыстар жүйесi болатындығына арқа сүйей отырып, субъектив жəне
объектив жағдайлардың өзара ықпалды болатынын шынайы заңдылықты дəлелдеуге
негiздеп бере алады. Осы байланыстардың түзiлуi жəне олардың қызметтес болуынан
психикалық құбылыстар адам iс-əрекетiне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды,
шындықты санада бейнелеуде адамға өз əсерiн тигiзедi.
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмiрi мен əрекетiнiң объектив
жағдайларына тəуелдi заңдылықтарын аша отырып, психология осы əсерлердiң мидағыбейнелену механизмдерiн де айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен,
дəлiрек айтсақ, жоғары жүйке қызметi физиологиясымен өте жақын байланыста болуы
сөзсiз.
Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХIХ ғ. басталған
жаратылыстану ғылымдарымен бiрлiкте зерттелуi үлкен маңызға ие болды. Осы
байланыстың нəтижесiнде психологияға экспериментальдық əдiс ендi. (Г. Фехнер),
рефлекторлық теория ашылды (И. М. Сеченов, И. П. Павлов). Қазiргi заман психология
проблемаларының зерттелуiне Ч. Дарвиннiң эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын
тигiзiп, тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi психиканың рөлiн
анықтауға, жоғары психикалық əрекет формаларының қарапайым түрлерден
туындайтынын түсiнуге мүмкiндiк бердi.
Психолог жеткiлiктi дəрежеде өсiмдiктер мен жануар-лар тiршiлiгiндегi
ерекшелiктердi айыра бiлуi қажет. Əсiресе, бiртектi сулы ортада жасаған бiр
жасушалылардың клеткалы өмiр тұрпатынан қоршаған ортада белсендi бағдар-
бағыттылықты талап ететiн құрылықтағы тiршiлiк иесi - көп жасушалылардың күрделi өмiр
формасына өтудегi өзгерiстерiн анықтап бiлген жөн. Жəндiктер дүниесi мен жоғары
омыртқалылардың тiршiлiк принциптерi арасындағы айырма-шылықтарды да бiлгеннiң
маңызы үлкен. Икемделудiң жалпы биологиялық принциптерiн бiлмей, жануарлар қылық-
əрекеттерiнiң ерекше бiтiстерiн дəл түсiну мүмкiн емес, ал онсыз адамның күрделi
формадағы психикалық əрекеттерiн ұғу биологиялық тұғырынан айырылады. Сонымен
бiрге естен шығармайтын жəйт, психология ғылымының пəндiк негiзiн құрайтын
деректердi ешуақытта биологиялық дерек-термен баламаластыруға болмайды.
Психология үшiн оның қоғамдық ғылымдармен бай-ланысы үлкен маңызға ие.
Тарих, экономика, этнография, əлеуметтану, өнертану, заң жəне т.б. зерттеулерiндегi
проблемалар əрдайым психологиямен тiкелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың
жеке жəне ұжымдық əрекеттерiнiң механизмi, əрекет, əдет, əлеуметтiк бағыт, тəртiп-талап
стереотиптерiнiң қалыптасу заңдылықтары жөнiндегi бiлiм-дердi пайдаланбай, кəйiп,
сезiм, психологиялық климатты танып бiлмей, жеке адамның ерекшелiктерi мен
психологиялық қасиеттерiн, қабiлетiн, сезiмiн, мiнезiн, адам аралық қатынастарын
зерттемей, əлеуметтiк процестер мен құбылыстардың мəнi толық ашылмайды, яғни,
ықшамдап айтсақ, əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторды ескеру
заңды қажеттiлiк. Психологиялық факторлар өздiгiнен əлеуметтiк процестердi бағыттай
алмайды, керiсiнше, олардың өзiн осы қоғамдық процестердi талдау арқылы түсiну
мүмкiн. Адамның психикалық iс-əрекеттерiнiң негiзгi формалары қоғамдық тарих
шарттарына орай туындап, дəстүрлi объектив iс-əрекет жағдайында өрiсiн тауып, еңбекке,
еңбек құралдары мен тiлдi қолдануға байланысты қалыптасады. Келтiрiлген пiкiрлер
психологияның қоғамдық ғылымдармен болған байланысының маңыздылығын дəлелдеп
тұр. Егер жануар қылық-əрекетiнiң қалыптасуы тiршiлiктiң биологиялық жағдайларына
түбегейлi тəуелдi болса, адам қы-лығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен
ажы-рамас байланыста. Ең алдымен психикалық əрекет-қы-лықтық адамға тəн
ерекшелiктерiн зерттейтiн психология ғылымы қоғамның негiзгi заңдарын қорытушы
əлеуметтiк ғылымдар деректерiнсiз бiр қадам да iлгерiлей алмайды. Адамның психикалық
əрекетiне арқау болатын қоғамдық шарттарды зейiндiлiкпен көре бiлу психологияның
берiк ғылыми тұғырға орнығуына мүмкiндiк бередi.
Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Əлбетте,
бұл сабақтастық бұрыннан да белгiлi, кезiнде К. Д. Ушинский: "Адамды жан-жақты
тəрбиелеу үшiн оны жан-жақты зерттеу қажет", - деген едi. Бұл арада психологияның
практикалық маңызы нақты көрiнiп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың
табиғаты жөнiндегi бiлiмдерге сүйенбесе, онда ол қара-дүрсiн педагогикалық кеңестер
мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мəнiнде ғылым болудан қалып, мұғалiмге
ешқандай жəрдем бере алмайды. Педагогиканың барша салаларының (жалпы теория,
дидактика, пəн əдiстемесi, тəрбие теориясы) даму барысында психологиялық
зерттеулердi қажет ететiн проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру
заңдылықтарын; бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың қалыптасуын; адам қабiлеттерi мен
мотивтерiн, оның психикалық дамуын тұтастай бiлу оқудың əр сатысындағы бiлiммазмұнын анықтау, оқу мен тəрбиенiң ең тиiмдi əдiстерiн нақтылау жəне т.б. сияқты өзектi
педагогикалық проблемаларды шешуде келелi мағына-маңызға ие.
Қазiргi кезеңде нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керек? Ғылым топтаған
асқар тау ақпарат қорынан мектеп үшiн нендей бiлiмдi жəне оны қалай алу керек? -
дегендей мың сан проблема қордаланып тұр. Бұлардың бəрiне шешiм табу, адамның əр
жас деңгейiндегi психикалық даму мүмкiндiктерiн жəне олардың жедел шемдерiн белгiлеу
педагогикалық психологияның мiндетi.
Психологияның аса қажеттiгi педагогиканың тəрбие проблемаларына орай
байқалады. Тəрбиенiң мақсаты даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке адамды
қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын: бағыт-
бағдар, қабiлет, қажеттiлiк, дүниетаным жəне т.б. зерттеудi қажет етедi. Айтылғандар
қазiргi заман психологиясының ғылымдар тоғысында тұрғанының дəлелi, яғни психология
бiр жағында философия ғылымдары,
екiншi тарапында жаратылыстану ғылымдары, үшiншi жағында əлеуметтiк ғылымдар
болған аралықта орналасқан.
Солай болса да, барша ғылымдармен байланыса, психология өз пəнiне, өзiнiң
теориялық принциптерiне жəне өзiнiң зерттеу əдiстерiне иелiгiмен дербестенетiнiн
ұмытпау керек. Дербес ғылым ретiнде психология аймағында өзара байланысы сырт
көзге байқала бермейтiн бiршама ерекше бiлiм салалары ұштасып жатады, мысалы,
психофизиология мен əлеуметтiк психология. Бұлар, сырттай қарағанға
"сыйыспайтындай" болғанымен, бiр ғылым саласынан, себебi олардың түпкi де
түбегейлi мiндетi бiр - психикалық құбылыстың мəнiн зерттеу. Психология қай ғылым
саласымен байланысса да, оның зерттеу объектiсi жалғыз-ақ: ол - адам, оның психикалық
процестерi, қалыптары жəне қасиеттерi.
Достарыңызбен бөлісу: |