Сөж тақырып: Адам дамуын объективті жүйелі зерттеу Кіріспе



Дата29.02.2024
өлшемі27.3 Kb.
#493224
БӨЖ



СӨЖ
Тақырып:
Адам дамуын объективті жүйелі зерттеу

Кіріспе
Әр ғылымның өзіндік әдістері болады. Бұл әдістер кейін қандай да бір тұжырымдарға келу үшін қажет. Ғалымдар тәжірибе барысында түрлі әдістерді қолданып қорытындыға келеді. Психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Яғни психологияның негізгі объектісі-адам психикасы.

Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы кӛбнесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға да қатысты. Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен кӛптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымның жетістіктері тек осы әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ ортасында бӛлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты ңескің ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады. Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті.


Субъективті әдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына немесе
олардың өзінше есептеріне, сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың
айтқан пікіріне немесе алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес
ғылым саласына айналғаннан бері субъективті әдістер бірінше кезекте дами
бастады және қазірде жетілу үстінде. Бақылау, өз-өзін бақылау және сауалнама
психологиялық құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістері еді.
Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс
секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы
кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда
бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды
психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне психологиялық бақылаудың
басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық
мазмұнын ашу.
Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым
адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп.
Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін
белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау
жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көріну объективтілі
ашылатын арнайы дайындықты талап етеді. Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы және кемшіліктері де бар. Сауалнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін.
Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына
бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда
адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары
зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты,
арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі
зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.
Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде кӛптеген адам санын қамти алады.
Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған
сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу
барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.
Еркін сауал, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда
қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада
зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші
жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, стандартты сауалнама
уақытты аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа
адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзгеріп
отырады.
Жеке адам құрылымының ерекшеліктері
Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан. Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің Мендік сезім болады. Осыған байланысты өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші. Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:
1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық - зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.
2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарымқатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.
3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады. Тұлғаны анықтайтындар қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет