минуттан соң ғана пайда болады, сондықтан, бұл енгізу жолы тез емдік көмек көрсету үшін
қолданылмайды. Пероральді жолдың модификациясы– жергілікті
және жалпы әсер
көрсету мақсатында қолданылатын енгізудің
сублингвальді (тіл астына) түрі болып
табылады.Дәрілік құралдар ауыз қуысының кілегей қабаты арқылы тез
сіңіріліп, асқазан- ішек
трактысы және бауыр барьерлерінен тыс жалпы қан айналым шеңберіне түседі.
Сублингвальді түрде белсенділігі жоғары дәрілік құралдарды белгілейді: жыныс гормондары,
валидол, нитроглицерин.
Ректальді (лат. rectus – тіке) – жергілікті және жалпы әсер көрсету үшін тік
ішекке енгізу
арқылы қолданылатын енгізу жолы. Енёгізудің ректальді жолын балалар тәжірибесінде, ес-
түссіз жағдайдағы аурулар үшін, гериатрияда қолдану қолайлы. Дәрілік заттардың сіңірілуі
7-10 минуттан соң төменгі және орта геморроидальды күре
тамырлар, асқазан асты күре
тамыры, төменгі қуысты күре тамырлар арқылы жүреді. Бұл кезде дәрілік заттар, бауырға
соқпай, жалпы қан айналымына түседі. Дәрілік құралдар ас қорыту трактысының ферменттері
әсеріне ұшырамайды.
Сондықтан улы, есірткі заттар дозасын міндетті түрде тексеру
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: