Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова



бет24/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

Дәлдігі бойынша
І
Ең қарапайым ӨҚ өлшем болып табылады. Өлшемнің негізгі ерекшелігі ӨҚ-ның өлшеу ақпаратына ешқандай түрлендірулер жасамауы. Физикалық шама өлшемі (шама өлшемі; өлшем) - мәндері бекітілген бірліктермен өрнектелген және қажетті дәлдікпен белгілі бір немесе бірнеше берілген өлшемдердің физикалық шамасын жаңғырту және (немесе) сақтауға арналған ӨҚ. Өлшемдер бір өлшемнің физикалық шамасын көрсететін бір мәнді және әртүрлі өлшемдердің физикалық шамасын көрсететін көп мәнді деп бөлінеді. Бір мәнді өлшемдердің мысалы ретінде ұзындықтың жазық параллельдік ұштық өлшемін, бұрыштықты (тік бұрыш өлшемі), ал геометриялық шамаларға жатпайтындарға гірді (масса өлшемі) жатқызуға болады. Көп мәнді өлшемдерге өлшеу сызғышын, бірнеше жұмыс бұрыштары бар бұрыштық ұштық өлшемді, транспортирді жатқызуға болады. Өлшемдер жинақталып берілуі немесе «дүкендерге» топтастырылуы мүмкін.
Өлшем - бұл мәндері бекітілген бірліктермен өрнектелген және қажетті дәлдікпен берілген белгілі бір немесе бірнеше өлшемдердің физикалық шамасын жаңғырту және (немесе) сақтауға арналған ӨҚ.
Өлшемдер жинағы - жеке немесе әртүрлі үйлесімде тә- жірибеде қолдануға арналған (мысалы, ұштық ұзындық өлшем- дерінің жинағы, бұрыштық ұштық өлшемдер, түрлі салмақтар жинағы) физикалық шаманың әртүрлі мөлшердегі өлшемдер кешені.
Өлшемдер дүкені - құрылымында өлшемдерді әртүрлі ком- бинацияда (мысалы, электрлік кедергі дүкені) қосуға арналған құралдары бар бір құрылғыға конструктивті түрде біріктіріл- ген өлшемдер жинағы.
Өлшегіш құрылғы деп өлшенетін физикалық щаманың мәндерін белгілі бір диапазонда алуға арналған өлшеу құралын айтады.
Өлшегіш құрылғылар индикация деңгейі бойынша көрсе- тетін және тіркейтін, әрекеті бойынша интеграциялаушы және қосушы (сомалаушы) деп бөлінеді. Бұған қоса өлшегіш құрылғылары тікелей әрекет ету құрылғылары, салыстыру құрылғылары, аналогтік құрылғылары, сандық құрылғылары, өздігінен жазатын және баспа құрылғылары деп бөлінеді. Өлшегіш_қондырғы'>Өлшегіш қондырғы бір жерде жұмыс істеу түрінде біріктірілген өлшемдер, өлшегіш құрылғылар, өлшеу түрлендіргіштері және басқа да құрылғылардың жиынтығы болып табылады және бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған. Өлшегіш машина - бұйым сипатталатын физикалық шамалар­ды дәл өлшеуге арналған үлкен көлемдегі өлшеу қондырғысы (күш өлшегіш машина, бөлгіш машина, үлкен ұзындықтарды өлшеуге арналған машина).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет