Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова



бет41/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

Белгісіздік көздері
Тәжірибе жүзінде өлшеу белгісіздігінің мүмкін көздері көп [1]:

  1. өлшенетін шаманы толық анықтамау;

  2. өлшенетін шаманы анықтауды толық жүзеге асырмау;

  3. таңдауды дұрыс жасамау - өлшенген үлгі анықтауға өлшенетін шаманы сипаттамайды;

  4. өлшеуге эсер ететін қоршаған орта шарттарынан болатын әсерді білмеу немесе қоршаған орта шарттарын өлшемеу;

  5. ұқсас құрылғылардан көрсеткішті алу барысында оператордың субъективті жүйелік қателігі;

  6. құрылғылардың мүмкіндік шегі немесе сезімталдық қадамы;

  7. өлшеуге қолданылатын эталондарға және материалдар мен заттардың стандартты үлгілеріне берілген мәндердің нақты болмауы;

һ) мәліметтерді өңдеу алгоритмінде қолданылатын және сыртқы әсерлерден болған басқа өлшемдер мен тұрақтылардың мәндерінің нақты болмауы;

  1. өлшеу үдерісінде және өлшеу әдісінде қолданылатын болжаулар мен аппроксиамциялар;

j) бірдей шарттарда өлшенетін шаманы қайталап бақылаудағы өзгеріс.
Бұл аталған көздердің тәуелсіздігі міндетті емес, және оның а)-дан і)-ге дейінгі көздері j) көзіне үлес қосуы мүмкін.
Тәжірибе жүзінде өлшеу қателігі белгісіздігінің мүмкін көздері көп болғандықтан, бағалау тек қана математикалық жұмыс емес,
ол өлшеу үрдісін және өлшеу шамасының табиғатын түбегейлі зерттеуді талап етеді [7].
Белгісіздіктің құраушы түрлері пайда болу көзіне қарай өлшенетін шама белгісіздігі және өлшеу тәжірибесінің белгісіздігі болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет