Өлшеу қателіктерін бағалау, өлшеу қателігінің сипаттамаларын орнату
бет 43/63 Дата 27.01.2023 өлшемі 2.41 Mb. #468817 түрі Оқулық
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз Өлшеу қателіктерін бағалау , өлшеу қателігінің сипаттамаларын орнату
Өлшеу қателіктерін бағалау өлшеу қателіктерін және мүмкін болған оның шығу себептерінің талдаудың басталады.
Өлшеу қателіктерінің шығуының негізгі себептері мыналар:
Жанама өлшеулер кезіндегі әдістемелік қателіктер:
өлшемдері өлшенетін шама ретінде алынатын модельдің бақыланатын объектіге сәйкессіздігі ;
өлшенетін шаманың ӨҚ «кіру» кезіндегі және іріктеу кезіндегі мәндерінің айырмашылығының қабылданған мәндерден ауытқуы ;
өлшенетін шама мен ӨҚ «кірісіндегі» шамана бай- ланыстыратын жұмыс істеу аргументтерінің қабылданған мәндерден ауытқуы;
квантталу әсерлерінен болатын қателіктер;
сынамаларды іріктеу мен дайындау кезінде пайда болатын қателіктер ;
сынама факторлары әсерінен пайда болатын қателіктер (сынама компоненттері, дисперсия және т.б. кедергі келтіретін қателіктер);
Өлшеу құралдарының инструменталды қателіктері:
баяу өзгеретін эсер етуші шамалардан пайда болатын өл- шеу құралының негізгі және қосымша қателігі ;
өлшеу құралдарының мүмкіндіктерінің шектеулігінен бо- латын қателіктер;
өлшеу құралдарының динамикалық қателіктері (өлшем құ- ралдарының инерциялық құрамынан болатын қателіктер);
өлшеу объектісінің өлшеу құралымен өзара әсерінен болатын қателіктер;
Достарыңызбен бөлісу: