Р. Б. Доскалиева


Тұлғаның типтік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет67/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Тұлғаның типтік ерекшеліктері тұтас білім ретінде 
қарастырылады. "Тип" ұғымы жоғары деңгейде ерекшеленіп, 
бақылауға арналған адамның бейнесіне тікелей қатысты көлемдік 
бірліктері және жеке адамның қасиеттерінің категориялық 
қызметін атқарады. Типтер бұл тұлғаның мазмұнды қасиеттерінің 
комбинациясы, олардың арасында заңды және қажетті 
байланыстар комплексі. Тұлғаның типтік сұрақ - жауаптарын 
жасау үшін типтік бағыттар негіз болып табылады. Мұнда 
тұлғаның типі сұрақнаманың ерекшелігін анықтап қана 
қоймайды, ол диагностикалық мәліметтерді жинақтау тәсілі 
болады, сонымен қатар тұлғааралық жақындық, ұқсастық 
дәрежелері бойынша зерттеулерді топтауды қарастырады. Сұрақ 
- жауаптың бұл түрін қолдану барысында сәйкес тұлға типтерінің 
жеке нәтижелерін салыстыру негізінде және олардың ұқсастық 
дәрежелерін анықтауда диагноз қойылады. Сұрақнамалардың бұл 
типін дайындау барысында авторлар өздері сүйенетін тұлға 
теорияларын негізге ала отырып, классификациясын ұсынады. 
Сұрақнамаларды құрастырушылар эмпирикалық түрде әрекет 
жасайды. Мысалы Минесоттық көп профильді сұрақ – 
жауаптар жасалды. Оның авторлары С.Хетуэй және 
Дж,Маккинли (1945). Бұл әдістемені құрастырушылар кейбір 
психикалық ауруларды және қалыпты жағдайды ажырата алатын 
практикалық түрде қарапайым және ыңғайлы клиникалық әдісті 
жасап шығару үшін өздеріне міндет қойды. Алғашқы 
құрастырылған сұрақ - жауаптар денсаулығы қалыпты 
адамдардың тобына арналды. Бұл олардың нормативтік 
көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді. Бұдан кейін әр түрлі 
клиникалық топтарды тексеру барысында алынған мәліметтер 
мен осы көрсеткіштерді салыстырады. 60-жылдары бұл 
сұрақнама психикалық науқастарды бағалаудан гөрі тұлғалық 
әдістерде және қалыпты адамдарға жұмысқа орналасу, әскери 
қызметке орналасуда кеңес беру барысында диагностика жасауда 
ерекше орын алып, медициналық тексеру және соттық медицина, 
экспертиза үшін қолданылды, сондай- ақ ол алғашында 
клиникада психиаторлық диагноз қоюға қолданылды. 


118 
ММРІ сұрақнамаларының тапсырмалар мазмұны денсаулық, 
әлеуметтік, саяси, діни, білім саласының сұрақтары жұмыс, 
отбасы және неке сұрақтары, сонымен қатар белгілі жүйкелік 
және психикалық мінез – құлық, галлюцинациялар, фобия және 
мазихистік сипаттар және т.б. салаларды кең көлемде қамтиды. 
ММРІ классикалық түрінде олар 10 клиникалық, 3 шкала және 13 
бақылау қолданылады. Бақылау шкалалары тексеруге қатысты 
бағдарларын анықтауға арналған ММРІ шкалалары: 
Жалғандық шкаласы (L) 
Дұрыстық шкаласы (F) 
Коррекция шкаласы (K) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет