Қр денсаулық сақтау министрлігі



бет3/4
Дата27.10.2023
өлшемі4.92 Mb.
#481657
1   2   3   4
Ман-нав-ОСКЭ-дыхание-каз

Есіңде сақта:
Топографиялық перкуссия жүргізгенде негізгі ережелерді есте сақтау керек:
- перкуссия нақты топографиялық сызықтармен дәл жүргізіледі (2.7 сурет).
- перкуторлық соққының күші әлсіздеу (тербелістің тіндер терңдігіне таралуы 3-4 см ).
- перкуссия қабырғалар мен қабырға аралықтарында жүргізіледі.
- перкуссия бағыты – өкпелік дыбыстан тұйық дыбысқа дейін. Плессиметр – саусақ бұл кезде пайда болатын тұйықтық шекарасына параллель жылжытылады.
- өкпе шекарасын саусақтың өкпелік дыбыс шыққан жағынан белгілейді
(тек тыныс экскурсиясын анықтау үшін максимальді тыныс шығарғанда өкпенің төменгі қырын тұйық дыбыс шыққан жақтан белгілейді).

Өкпенің жоғарығы ұшы биіктігін артқы жақтан өлшегенде плессиметр саусақты жауырын өсінің үстін орналастырады. Перкуссияны VII мойын омыртқа өсіндісінің бағытында, одан 3-4 см сытрқа қарай орналасқан нүктеге қарай бағыттайды (2.67а сурет). Ашық өкпелік дыбыстың тұйық дыбысқа өткен нүктесін өкпенің артқы жақтағы жоғарғы шекарасы ретінде белгілейді. Өкпенің артқы жақтағы жоғарғы шекарасы қалыпта VII мойын омыртқа деңгейінде болады.


Өкпенің артқы жақтағы жоғарғы шекарасын анықтаудағы дәрігер мен науқастың жағдайы 2.67б суретте көрсетілген, дәрігер науқастың артында тұрады, науқастың қолдары тұлғасының бойында бос және басы сәл алға қарай еңкейтілген.
Крениг жазықтығының енін анықтауда (2.68а сурет) плессиметр – саусақты трапеция тәрізді бұлшық еттің жоғарғы қырына, оның ортасына орналастырылады. Бірінші медиальді бағытта, плессиметр – саусақты 0,5 – 1 см жылжытып дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссиялайды, сол жерден шекараны белгілейді. Сосын топографиялық перкуссияны алғашқы нүктеден иық буын бағытында қайталап, анықталған шекараны белгілейді.
Крениг жазықтығының енін анықтағандағы дәрігер мен науқастың жағдайы 2.68б суретте көрсетілген. Науқас отыруына немесе түрегеп тұруына болады, дәрігер науқастың артында тұрады.
Крениг жазықтығының ені қалыпта 5-8 см болады.
Өкпенің төменгі шекарасын анықтау оң және сол жақтағы топографиялық сызықтар бойымен жүргізіледі, сол жақтан парастернальді және бұғана ортаңғы сызықтар бойымен анықталмайды, себебі ол жерде жүрек тұйықтығы орналасқан.
Оң жақтан парастернальді және бұғана ортаңғы сызықтар бойымен өкпенің төменгі шекарасын анықтау техникасы 2.69 суретте көрсетілген. Дәрігер науқастың оң жағында және сәл алға қарай тұрады. Плессиметр – саусақ горизонтальді орналасып III қабырға деңгейінен бастап перкуторлық дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссияланады. Науқас отыруына немесе түрегеп тұруына болады, қолдары тұлғасының бойында бос тұрады (2.69в сурет).
Сосын дәрігер науқастан қолдарын басның артына көтеріп тұруын өтініп, кезекпен қолтық астының алдыңғы, ортаңғы және артқы сызықтарымен перкуссиялайды (2.70 а,б,в сурет), анықталған шекараларды белгілеп отыру керек.
Әрі қарай науқастан қолдарын тұлғасының бойына түсіруін өтініп жауырындық және паравертебральді сызықтар бойымен перкуссиялайды (2.71а,б сурет).
Өкпенің анықталған төменгі шекараларын сәйкес қабырғалар, қабырға аралықтар және омыртқа өсінділерінің тұстарында белгілеп, жоғарыда келтірілген кеуде қуысының анатомиялық бағдарларын қолданады.
Топографиялық перкуссияның соңында өкпенің төменгі қырының экскурсиясын анықтайды. Керек кезінде оны барлық топографиялық сызықтар бойында анықтайды, бірақ ол жиі тек қолтық артқы сызық бойымен анықталады, себебі сол жерде өкпе экскурсиясы кең болады.
Өкпенің төменгі қырының тыныстық экскурсиясын анықтау үш кезеңнен тұрады (2.72 сурет):

  1. жәй тыныс алғанда анықтау (плессиметр – саусақтың өкпелік дыбыс шыққан жаққа қараған жері белгіленеді);

  2. терең тыныс алып тынысты кідірткен жағдайда (плессиметр – саусақтың өкпелік дыбыс шыққан жаққа қараған беті белгіленеді);

  3. макисмальді тыныс шығарып тынысты кіірткенде перкуссиялау (плессиметр – саусақтың тұйық дыбыс шыққан жаққа қараған беті белгіленеді).

Өкпенің төменгі қырының қозғалғыштығы қалыпта 6-8 см болады.















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет