«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтер стандарты



Дата24.02.2016
өлшемі98.75 Kb.
#14875


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет

мемлекет аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсаттар беру»

мемлекеттік қызметтер стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет):

шетелдiк рұқсаттарды берген кезде – осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган);

бiр күнтiзбелiк жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды (бұдан әрі – тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар) берген кезде – Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1608, 1610 кабинеті, телефоны 8 (7172) 24-36-06, 24-20-36 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) ;

халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - ХҚКО) арқылы балама негiзде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-7 бабының бірінші бөлімінің 15-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысының (бұдан әрі – Қағида) 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжай бойынша орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің аяқталу нысаны:

1) шетелдік рұқсатты (қағаз тасығышта);

2) тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты (қағаз тасығышта);

3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік кызмет халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын және меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде мынадай автокөлiк құралдарына иелiк ететiн дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға көрсетіледі:

1) автобустар, шағын автобустар;

2) жүк автомобильдерi (олардың тiркеменi қосқанда рұқсат етiлетiн жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тiркеменi қосқанда рұқсат етiлетiн пайдалы жүктемесi 3,5 тоннадан астам);

3) мамандандырылған автомобильдер (белгiлi бiр жүк түрiн тасымалдауға арналған);

4) арнайы автомобильдер (әртүрлi, көбiнесе көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған) (бұдан әрі – тұтынушылар).

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

уәкілетті органға жүгінген кезде:

1) өтінішті беру сәттен бастап – 3 жұмыс күні ішінде тұтынушыға:

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алым сомасын қоса шетелдік рұқсатты немесе тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беру туралы хабарлама;

шетелдік рұқсатты немесе тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі;

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасын тұтынушы төлеген сәттен бастап – 1 жұмыс күні ішінде тұтынушыға шетелдік рұқсаты немесе тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаты беріледі;

3) уәкілетті органға өтінішті тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

3) уәкілетті органда шетелдік рұқсатты немесе тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды.

ХҚКО-ға жүгінген кезде:

1) өтінішті қарау мерзімі уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) шетелдік рұқсатты немесе тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беру мерзімі уәкілетті органға төлемді құжат келіп түскен күнінен бастап 1 жұмыс күні;

3) өтінішті тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) шетелдік рұқсатты немесе тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ставкалар бойынша және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым төленеді.

9. Мемлекеттiк қызмет:

1) уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:

демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, осы стандарттың 4-қосымшасына орай уәкiлеттi органның түскi үзiлiсi бар белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес аптаның 5 күнiнде көрсетiледi.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2) ХҚКО-ға жүгiнген кезде:

жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн аптаның 6 күнi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң деректерi (үзiндi көшiрмелерi) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкiндiгi шектеулi адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкiлеттi органның ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжай бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша ХҚКО ғимаратында да көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

Жеке тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргiзу, жұмысты одан әрi жетiлдiру үшiн қоғамдық пiкiрдi зерттеу мақсатында уәкiлеттi органда және ХҚКО-да жеке және заңды тұлғалар үшiн шағымдар мен ұсыныстар кiтабы жүргiзiледi.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі өтінішті ұсынады.

12. Өтініштің нысанын:

шетелдік рұқсатқа осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның қызметкері;

тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатқа осы Стандарттың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның қызметкері;

ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда не консультанттарда болады.

13. Өтініштің нысаны ХҚКО-ға немесе уәкілетті органның кеңсесіне

шетелдiк рұқсаттарды берген кезде - осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша

тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды берген кезде - осы Стандарттың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылады.

14. Уәкiлеттi орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде тұтынушыға:

1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;

2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттар берiлетiн күн (уақыт) мен орны;

5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған уәкiлеттi органның лауазымды адамының не ХҚКО инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлiп, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.

15. Уәкілетті органда шетелдік рұқсатты немесе тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты лауазымдық міндеттеріне шетелдік рұқсатты немесе тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты рәсімдеу және беру жататын уәкілетті органның қызметкері береді.

ХҚКО-да шетелдік рұқсатты немесе тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беруді ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы жүзеге асырады.

16. Шетелдік рұқсатты немесе тұрықты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты тұтынушыға немесе уәкілетті өкіліне жеке келген кезінде жеке басын күәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынуы бойынша қол қою арқылы беріледі.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден:

1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға отандық тасымалдаушының рұқсат беру куәлігі және ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат карточкалары болмаған;

2) халықаралық және қалааралық қатынастарда жолаушыларды автобуспен және шағын автобуспен тасымалдауға лицензиялар, лицензияға қосымшалар мен есептік құжаттар болмаған;

3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасын төлеу болмаған;

4) шетелдік рұқсаттардың аумақтық органда және Комитеттің резервінде болмаған;

5) бір автокөлік құралына қол жеткізудің екі және/немесе одан да көп қолданыстағы рұқсат карточкасы анықталған;

6) пайдаланған және пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттар Қағиданың 33-тармағыда белгіленген мерзімде тапсырылмаған;

7) автомобиль көлігі және кеден ісі салаларындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары бірнеше рет бұзған жағдайда бас тартылады.

Уәкiлеттi орган құжаттарды ресiмдеуде қателiктер анықталған, құжаттар тиiстi ресiмделмеген кезде құжаттар пакетiн алғаннан кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде оларды ХҚКО-ға немесе қайтару себебiн жазбаша негiзден тұтынушыға қайтарады.

Құжаттар ХҚКО арқылы қайтарылған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкерi оларды алғаннан кейiн 1 жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның бас тарту себебi туралы жазбаша негiздеме бередi.

Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, ХҚКО 1 ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға бередi.

3. Жұмыс қағидаттары

 

18. Уәкілетті органның және ХҚКО-ның қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Уәкілетті орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.



20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызеттердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын бiрiншi тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртібі

 

21. Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасы бойынша талаптар болған жағдайда лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн осы стандартқа 1-қосымшада және осы Стандарттың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген телефондар мен мекенжайлар бойынша уәкілетті органның қызметкерлерi түсiндiредi.



ХҚКО арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сапасына талаптар болған жағдайда ХҚКО лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша ХҚКО қызметкерлерi түсiндiредi.

22. Уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету процесі бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1601 кабинеті, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 24-27-08, факс: 24-28-05, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz. мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын (9.00-18.30) құрайды, оның ішінде түскі үзіліс (13.00-14.30).

ХҚКО арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет процесі бойынша апелляция ХҚКО қарамағында болатын жергiлiктi атқарушы органға берiледi.

22. Мемлекеттiк қызметтi осы стандарттың 1-қосымшасында және осы Стандарттың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган және ХҚКО арқылы осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi ХҚКО жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссiз аптасына 6 күн.

ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда, шағым осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атын берiледi.

24. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

25. Шағым еркін нысанда жазылады. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тiркеледi. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, жасалған шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон болып табылады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы тұтынушыға «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң сенiм телефоны: 8 (7172) 24-29-09.



_________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет