Қазақстан Республикасының Оқу Ағарту министрлігі
Түркістан облысының Білім басқармасы
"№11 колледж" МҚКК-ы
Мамандығы: 07161300 - Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,
жөндеу және пайдалану
Біліктілігі: 3W07161303 - Автомобиль көлігін жөндеу шебері
Тақырыбы: Автомобильдің жалпы құрылысы
Орындаған: 96 топ студенті
Илесов Есиркеп
Қабылдаған: Бертай С.
Қазығұрт-2022ж
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
Автомобильдің жалпы құрылысы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қозғалтқыш
2. Автокөліктің трансмиссиясы
3. Автомобильдің жүрістік бөлігі
4. Басқару механизмдері
ІІІ. Қорытынды
АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күделі машиналар қатарына жатады.Өйткені оың құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады.Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.Жүк машиналарының жалпы құрылысы 1.3 – суретте, ал жеңіл машиналардікі 1.4 – суретте көрсетілген.
Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған. Сондықтан да ол таситын жүктің
түрінеқарай әртүрлі болады.Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып, жүргізуші отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңіл машина мен автобустардыңкузовына орындықтар қойылып, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететін қондырғылар орнатылады.
Қозғалтқыш автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуаттытудыратын бөлігі.Оның негізгі жұмыс принципі, энергияның бір түрін ( көбінесе жылуды)екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады.Осы қозғалтқыштаналынған механикалық энергия автомобильдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жолбетімен жанасып, автомобильді қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетіменжүруге мүмкіндік береді.Сондықтанда қозғалтқыштың басқа осындай жұмыс атқаратынгенератордан айырмашылығы, қозғалтқыштан тек қана механикалық энергия алынады, алгенераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін.
Автомобиль негізгі үш бөліктен тұрады: шанақ, шасси және қозғалтқыш.
Шанақ жүргізушіні, жолаушылар мен жүкті орналастыруға арналған. Автобустар мен жеңіл автомобильдердің шанағы деп жүргізуші мен жолаушылары бар салонды айтады. Жүк автомобильдерінде шанақ жүргізушінің жұмыс орны болып саналатын кабинадан, жүктерді және жолаушыларды (борттық платформа болған жағдайда) тасымалдауға арналған платформалардан тұрады.
Шасси үш механизмнен тұрады: трансмиссия, қозғалыс бөлігі және басқару механизмі (В1 сурет).
Трансмиссия қозғалтқыштың иінді білігінен автомобильдің жетекші доңғалағына дейін айналу кезін жібереді. Оның құрамы- на ілінісу муфтасы 3, беріліс қорабы 4, карданды беріліс 5, басты беріліс 6, дифференциал 7, доңғалақтың жетекті біліктері кіреді. Автомобильдің қозғалыс бөлігіне рама 10,аспалар 2 және
8, амортизаторлар, 1 және 9 доңғалақтары, алдыңғы білік және артқы белдік қаптамасы кіреді.
Автомобильдің басқару механизміне тежеуіш пен тізгінді басқару 11 жатады.
В1 сур. Автомобильдің негізгі механизмдерінің орналасуы:
1 — басқарылатын доңғалақ; 2 — алдыңғы аспа; 3 — ілінісу муфтасы; 4 — б еріліс қорабы; 5 — карданды беріліс; 6 — бас беріл іс; 7 — дифференциал; 8 — артқы аспа; 9 — жетекші доңғалақ; 10 — рама; 11 — тізгінді басқару; 12 — қозғалтқыш
Тежеуіш автомобильдің қозғалыс жылдамдығын бәсеңдетуге әрі толық тоқтатуға арналған. Тізгінді басқару автомобильдің қозғалу бағытын өзгерту үшін қажет.
Қозғалтқыш 12 — жылу энергиясын мехникалық жұмысқа айналдыратын күш қондырғысы.
Достарыңызбен бөлісу: |