ҚР Әділет министрлігінде 2000 жылы 15 наурызда №1080 тіркелді



Дата23.02.2016
өлшемі40.03 Kb.
#2805

ҚР Әділет министрлігінде 2000 жылы 15 наурызда № 1080 тіркелді



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКI БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2000 ЖЫЛҒЫ 15 АҚПАНДАҒЫ № 33 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКIТIЛДI
Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық
Өзгерістер мен толықтырулар:

1).ҚРҰББ № 352 22.09.2000ж.

2).ҚРҰББ №127 28.04.2001ж.

3).ҚРҰББ № 399 20.11.2003ж.


Осы Нұсқаулық сақтандыру ұйымдыраның сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып өосылу шарты нысанындағы сақтандыру шартын жасаған кезде‚ сақтандыру полисiн және оның сырт жағын ресiмдеуiнiң ең аз талаптарын белгiлейдi.

  1. Сақтандыру полисi - сақтандырушы сақтанушыға беретiн және сақтандыру шарты болып табылатын құжат.

2. Сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанындағы сақтандыру шартын жасауды көздейтін сақтандыру ережесімен бірге уәкілетті мемлекеттік органға келісуге сақтандыру полисінің мазмұны ұсынылады.

3.Сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанындағы сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру полисiнде мынадай мәлiметтер болуы тиiс:

1)сақтандырушының атауы‚ тұрған жерi‚ телефоны және банктiк деректемелерi;

2)сақтандырушының аты-жөнi‚ мекен-жайы (жеке адам үшiн)‚ атауы‚ мекен-жайы және банктiк деректемелерi (заңды тұлға үшiн);

3)сақтандыру түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті мемлекеттік орган берген мемлекеттік лийензияның берілген күні, сериясы және номері туралы мәліметтер;

4)сақтандыру объектiсiн көрсету;

5)сақтандыру жағдайын көрсету;

6)сақтандыру сомасының мөлшерi‚ сақтандыру төлемінің тәртiбi және мерзiмi;

7)сақтандыру сыйлыақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса сақтандыру жарнасының) мөлшерi‚ оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi;

8)сақтандыру полисинiң қолданылатын аумағын көрсету;

9)сақтандыру полисiнiң қолданылу мерзiмi;

10)сақтанушы (пайда алушы) туралы көрсету‚ егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса;

11)ерекше жағдайлар (егер олар сақтандыру шартына кiргiзiлген болса);

12)тараптардың қолы;

13)сақтандыру полисiнiң номерi:

14)сақтандыру полисiнiң берiлген күнi;

15)Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер.

Егер сақтандыру полисiн филиал немесе сақтандырушы агент берсе‚ онда филиал басшысының‚ атауы‚ тұрған жерi‚ телефоны және аты-жөнi немесе сақтандыру агентiнiң мекен-жайы‚ телефоны және аты-жөнi болуы тиiс.

Егер міндетті сақтандыру түрлері бойынша нормативтік құқықтық актілерде басқаша белгіленбеген болса, тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттерінің сипаттамасы куәліктің (полистің,сертификаттың) сырт жағына міндетті түрде жазылуға тиіс немесе оған қоса берілуге тиіс.

Осы тармақтың 15) тармақшасына сәйкес сақтандыру полисіне өзге де мәліметтер енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 825-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру полисі уәкілетті мемлекеттік органға келісуге ұсынылмайды.

Міндетті сақтандыру түрлері (кластары) бойынша сақтандыру полисінде осы тармақта көрсетілген мәліметтерге қосымша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптар болуы тиіс.


  1. Сақтандыру полисі бойынша құқықтар мен мiндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.

5. Сақтандыру полистерінің бланкілерін полиграфиялық өнімді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар дайындай алады.

Мұндайда міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру полистері бланкілерінің кем дегенде қолдан жасаудан қорғайтын үш қорғау дәрежесі болуы тиіс, оның ішінде микромәтін, ультрафиолет сәулесінің әсерімен анықталатын көрінбейтін элемент және тангерлік сетка міндетті болып табылады.

Сақтандыру ұйымдарының осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтін сақтандыру полистерін беруі уәкілетті мемлекеттік органның заң актілерінде көзделген санкцияларды қолдануға әкеп соғады.

Сақтандыру полисi бланкiнiң мәтiнi екi тiлде: мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылуы тиiс.



  1. Сақтандыру полисiнiң бланкi баспа тәсiлiмен не сиямен (шариктi қаламмен) қолмен толтырылады. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының (жарнаның) мөлшерi санмен және жазумен көрсетiледi.

  2. Сақтандыру полисiнiң мәтiнi оның сөз тiркесiнiң нақты мағынасына сәйкес түсiндiрiлуi тиiс. Мәтiнде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда‚ оның толық және бiр мағыналы ұғымын беру қажет.

  3. Сақтандыру полисiне келiсушi тараптар қол қояды және сақтандыршының мөрi басылады. Сақтандыру полисiнің толтырылған бланкіне мөр басар алдында сақтандырушы немесе сақтандыру агент сақтанушының сақтандыру ережелерімен келiсетiнiн растайтын қолы барына көз жеткiзуi тиiс.

  4. Сақтандыру полисiнiң бланкi қатаң есептегi бланк болып табылады. Сақтандыру полисiнiң бланктерi отқа төзiмдi шкафтарда сақталуы тиiс.

  5. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру полистерiнiң тiркеу журналын жүргiзуi тиiс‚ сол арқылы сақтандыру полистерiнiң барлық жасалған‚ берiлген‚ бүлiнген және жойылған бланктерiнiң есебiн жүргiзiп отырады. Бұл журнал нормерленуi‚ жiп өткiзiлiп тiгiлуi және сақтандыру ұйымында кемiнде 5 жыл сақталуы тиiс.

  6. Сақтандыру полисiн толтырғанда түзетулер және дақтар болмауы тиiс. Куәлiктердi (полистердi‚ сертификаттарды) сақтау‚ пайдалану және жою тәртiбi есепке алуды және заңдарда айқындалады.

  7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша сақтандырушы түпнұсқамен бiрдей заң күшi бар телқұжат жазып бередi. Сақтандыру полисiнiң бланкiнде оның бұрын шғарылған сақтандыру полисiнiң телқұжаты екенi туралы жоғалған сақтандыру полисiнiң номерi көрсетілген белгi болуы тиiс.



ТӨРАҒА Г.МАРЧЕНКО

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет