ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БIЛIМ МИНИСТРЛIГI
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТI
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ФАКУЛЬТЕТI
«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БАНК IСI КАФЕДРАСЫ»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi.Несие қамтамасыздығы.
«Қаржы және несие» мамандығы «Банк ісі» мамандануының 4-ші курс күндізгі оқу бөлімінің студенті
Рақымбай Динара Тұрсынбайқызы
Алматы, 2005 ж
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І -бөлім. Банктiк несиелердiң теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
-
Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2.Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
-
. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . .
1.4. Банктік несиелеуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ-бөлім. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау (Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесі негізінде). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1 «Қазкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. «Қазкоммерцбанк» АҚ несиелік портфеліне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3. «Дәулет» ЖШС – ін несиелеу процесіне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ-бөлім Екінші деңгейлі банктердің несие формалары мен оның қамтамасыздығын дамыту мәселелерi мен шетел тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . .
3.2. Коммерциялық банктердің несиелік процесінiң даму болашағы . . . . . .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қосымшалар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
К І Р І С П Е
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет ықпалынан әсер ететін ең маңызды инструмент - қаржы жүйесі болып табылады. Ол, еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі – банк жүйесі болып табылады.
ҚР банк жүйесі, банк қызметінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Бір банкке келетін меншікті капиталдың көлемі 30 млрд. долларды құрайды. Банк жүйесінің жиынтық жеке қаржысы 2003 жылдан бері 5,6 есе өсіп, қазіргі кезде 7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Осы кезең ішінде банктердің активтері 5,7 еседен астамға ұлғайып, 51,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Екінші деңгейдегі банктер активтерінің ішкі жалпы өнімге қатынасының көрсеткіші 75,4 пайыз болды. Бұл Шығыс Еуропа елдерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.Қазақстандық қаржы ұйымдары халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына көшірілді. Сондай – ақ ипотекалық кредиттері кепілдендіру қоры мен алғашқы кредиттік бюро құрылды.
Банктер экономиканың нақты секторы ірі кәсіпорындарды несиелендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отыр.
Осы орайда экономикалық өсуді қаржыландырудың маңызды факторларының бірі – банктік несиелеудің дамуы екендігін атап өту керек. Әр түрлі экономикалық секторлардағы барлық дерлік кәсіпорындар өз қызметін жандандыру үшін, айналым қаражаттарын және негізгі қорларын толықтыру үшін банктік несиені алады.
Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежеп қана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.
Сондықтан, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, елдегі шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайының жақсаруы шартында несиелеуге байланысты тежеуші факторларды жойып, оны кеңейту мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты банктік несиелеуді жетілдіру механизмін қарастыру – қазіргі кездегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, несиелеуді кеңейтіп, оның дамуына жақсы жағдай жасай отырып, заңды және жеке тұлғалардың қаржылық қажеттілігін қанағаттандырамыз. Ал, бұл өз кезегінде экономикалық өсуге әсер етеді.
Жалпы алғанда, несиелеу кезінде шешімін күтіп тұрған бірқатар қиындықтар бар. Атап айтсақ, біріншіден, талап етілетін құжаттарды қарастырудағы кемшіліктер. Екіншіден, несие қабілеттілігін есептеулерді жүзеге асырудағы жетіспеушіліктер. Үшіншіден, экономика салаларының тек таңдамалы түрлерін несиелеп, кейбір аса қажетті салаларын олардың ұзақ мерзімді қажет ететіндігінен несиелемеу т.с.с. Осындай кемшіліктерді түзеп, несиелеу процесін жетілдіру керек.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрі мен тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік қатынастың субъектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және банктердің өздері жатады. Белгілі болғандай, несие мәмілесінде несиелік қатынастың субъектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады.
. Қазіргі жағдайда Қазақстанда қарыз алушылардың қаржылық жағдайын талдаудың жалпыға ортақ әдістемелер жоқ, сондықтан әр банк клиенттердің несиелік қабілетін бағалаудың өз әдістемесін қолданады. Банктердің өтімділігі және табыстылығы клиенттердің қаржылық жағдайына тәуелді болып келеді. Сондықтан банктер несиелік операцияларының табыстылығын қамтамасыз ету үшін қарыз алушылардың несиелік қабілетін егжей-тегжейлі бағалауды жүзеге асыруға тиіс. Қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауда Қазақстанның банктері қаржылық коэффициенттер әдісін қолданады, бұл әдіс бір қатар факторларды ескермейді. Ал шетел тәжірибесінде несиелік тәуекелдің алдын алу мақсатында несиелік қабілетті бағалаудың әлде қайда тиімді әдістері пайдаланылуда, осының садарынан несие бойынша пайыздар төмендеп, жеке және заңды тұлғалардың несиеге сұранысы жеткілікті деңгейде қанағаттандырылады. Сол себептен Қазақстан банктеріне шетел тәжірибесін ескере отырып, қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалаудың әдістерін жетілдіру өте маңызды.
Диплом жұмысының мақсаты – екінші деңгейдегi банктердің несие формаларына және қамтамасыз етудің экономикалық мәніне талдау жүргізіп, ондағы жетілдірілуі тиіс жағдайларын анықтау. Сол арқылы ұсыныстар беру.
Жұмыстың жетiлдiру жолдары:
-
Несиелеу процессінің мәнін, несиелеу принциптерін;
-
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегi банктердiң несиелеу тәртібін;
-
Несиелеу процесін жетілдіру және даму жолдарын;
-
Шетел тәжірибесіндегі несиелеу процесінің ерекшеліктерін айқындау болып табылады.
Зерттеу объектісіне – «Қазкоммерцбанк» АҚ несиелік процессі қызметі жатады.
Теориялық және әдістемелік негізі. Жұмысты жазу барысында 1999-жылғы 16-тамыздағы Қ.Р. Ұлттық банк Басқармасының Қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейлі банктердің несиелеу бойынша құжат жүргізу Ережесіне», С.Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» кітабына, Г.С. Сейтқасымовтың «Банковское дело» кітабына сүйендік. Сондай-ақ, талдау кезінде Ұлттық банктің статистикалық бюллетеніндегі және Ұлттық банктің 2006-жылғы Жылдық есебіндегі мәліметтерді, Қазкоммерцбанктің материалдарын және 2006 жылғы банктің жылдық есебін пайдаландық.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Бірінші тарауда несиелеу процесінің мәні, формалары несиелеу механизмі және несиелеуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері келтірілген. Екінші тарауда Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі несиелеу тәжірибелері және нақты кәсіпорын . «Дәулет» ЖШС – ін несиелеу процесіне талдау жүргiзiлген. Үшінші тарауда Екінші деңгейлі банктердің несие формалары мен оның қамтамасыздығын дамыту мәселелерi мен шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері қарастырылған.
Жұмыстың көлемі беттен тұрады. Ішінде кесте және сурет бар.
І – бөлім.Банктік несиелердің теориялық негіздері
-
Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерi
Қазқстан Республикасының банк туралы заңдарында қамтамасыз етудiң әр түрлi формалары мен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған.
Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:
-
несиенің мақсаттылығы;
-
несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
-
несиенің ақылылығы;
-
несиенің қамтамасыз етілуі;
-
несиенің сыйақылылығы;
Несиелеудің соңғы қағидасы шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.
Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.
Мерзімділік – бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындалады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.
Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде, басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды.
Несиенің мерзімділігі – несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім-шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп, ссуда қайтарылмаса, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.
Несиенің ақылылығы – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық – бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын несиенің бағасы деп атайды.
Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналарды жатқызуға болады:
-
орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;
-
банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
-
өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;
-
банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
-
несиеге деген сұраныс;
-
несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;
-
еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.
Несиелеудің келесі бір қағидасы – берілетін несиелердің материалдық жағынын қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді.
Бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.
Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ, кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады
Қазіргі кезде банк өзінің 1-ші классты қарыз алушыларына қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді.
Жалпы алғанда, несиелеудің мәнін мынадай 3 элемент арқылы ашуға болады:
-
субъект;
-
объект;
-
қамтамасыздандыру.
Осы үш элемент несиелік операциялардың, оның тиімділігінің түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал, оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.
Несиелеу субъектісі әрекет қабілеттілігі бар, несиелік мәмілелерді жасауға материалдық немесе басқа кепілдігі бар заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Оларды келесідей сыныптауға болады:
-
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
-
кооперативтер;
-
акционерлік қоғамдар;
-
жеке еңбекпен шұғылданатын азаматтар, жалға берушілер;
-
банктер;
-
билік органдарын, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қоса алғанда басқа шаруашылықтар.
Субъектілер бойынша несиелерді бөлу несиелеу жүйесінде тағы бір сыныптама түсінігін тудырады – несие түрлері бойынша бөлу. Ол экономикалық және ұйымдастырушылық қатынаста белгілі-бір нақты несие мәмілесіне тән жиынтық белгілерін көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық белгілері – бұл несиенің өзінің белгілері, олар бірегей болады. Ұйымдастырушылық белгілер әрбір жеке жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін. Осы салалық бағытталушылыққа қарай өнеркәсіптік, сауда, банкаралық несиелерді бөлуге болады. АҚШ-та ссудаларды сыныптаған кезде ауыл шаруашылық несиелерді бөледі.
Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері мыналар: лизингтік, ломбардтық, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік, онкольдық, бланктік және т.б. Әрқайсысына түсінік беретін болсақ, лизингтік несие өндіріске керекті құралдарды сатып алушыларға берілетін несие.
Ломбардтық несие – құнды заттарды, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін несие.
Овердрафт – банктің қысқа мерзімді өтімділігін қамтамасыз етуге арналған бір күндік несие.
Овернайт – бір түнге берілетін несие түрі.
Контокоррентік – несиелік желі арқылы активті-пассивті шот бойынша берілетін несие.
Факторингтік – жабдықтаушының дебиторлық қарызын ала отырып берілетін несие. Ол қысқа мерзімге, 180 күнге дейін беріледі.
Форфейтингтік – экспортерға импортердің төлеуге тисті төлем талабын сатып алуын білдіреді. Бұл тек халықаралық қатынаста вексель және чекті пайдаланып жүзеге асырылады.
Онкольдық – банктің 1-ші класты клиенттеріне талап етуге дейін берілетін несие.
Бланктік немесе сенім несиесі – қамтамасыздандырусыз берілетін несие түрі.
Несиелеу объектісіне келетін болсақ, бұл – несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Қазақстанның банктік тәжірибесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне «Экономиканы қысқа мерзімді несиелеу Ережесіне» сәйкес, банк несиесі есебінен құралатын өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне өндірістік шикізат қорлары, негізгі және көмекші материалдары, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.
Несиелеу объектісі, сондай-ақ, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың сатып алатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру сұрақтары төмен рентабельділігі бар, тұрақсыз қаржылық жағдайдағы қарыз алушылармен ерекше егжей-тегжейлі қарастырылуы керек. Мұндай қарыз алушыларға ссуда беру тек қана оның қайтарылуына гарант алған жағдайда жоғары тұрған буындардың немесе билік органдарының негізделген ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ол белгілі-бір аймақтың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін
қанағаттандыру қажеттілігінен туындауы мүмкін .
Несиелеуді экономикалық-ұйымдастырушылық қатынастарының белгілі-бір қабаты, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буыны несиелік механизм болып табылады. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылық субъектілердің қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі.
Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.
Несиелік механизм банктік қызметке байланысты заңдармен, банктердің дербес несиелік саясаттарымен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталады .
Жалпы алғанда, жоғарыда айтылып кеткен несиелеу элементтерін (субъект, объект, қамтамасыздандыру) бір-бірінен ажыратуға болмайды. Егер субъект ретіндегі фирманың жоғары беделі болып, қамтамасыздандырусыз несие сұраса немесе бұрын банктен ссуда алмаған фирма жақсы кепіл бере отырып несие сұраса банк екі жағдайда қандай шешімге келеді? Банк үшін бір элементтің ғана бар болуы жеткілікті ме, сол элемент қана абсолютті мәнде болып, қалғандары тек теориялық мәнде жүруі дұрыс па?
Осындай сұрақтардың шеңберінде несиелеу жүйесінің тағы бір элементі туындайды – бұл сенім. Ол несие түсінігінің өзінен пайда болады: латын тілінен аударғанда «credo» «сенемін» дегенді білдіреді. Несиелеуде екі жақ – несие беруші мен қарыз алушы қатысатыны белгілі. Олардың арасында ссудаланатын құн қозғалысы жүреді.
Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және зайымдық қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай-да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта анықталады.
Шаруашылық айналысындағы меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі күні берілуге жататын несие мөлшеріне, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер етеді.
Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді,ал несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.
Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, Қ.Р. Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.
Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен бенк арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.
Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі – бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болады.
Жаңа несиелеу жүйесі дәтүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз етілу қағидалары, сол сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың бірқатарының мазмұны түбірімен өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар бұрын
жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.
Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.
Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.
Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды .
1.2.Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі.
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техникалық қабаты» ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда несиелеу механизмі несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм тәжірибеде нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
-
несиелік әдістері және ссудалық шот түрлері;
-
несиелік мәмілені құжаттау;
-
несиенің мөлшерін белгілеу;
-
несиені беру процедурасы;
-
несиені қайтару тәртібі;
-
несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
-
кепіл заттарын бағалау және іске асыру.
Несиелеу әдістері – ссуданың берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдерін білдіреді.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған :
-
қалдық бойынша;
-
айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай ссудалық шоттар бойынша берілді.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі ссуданың берілуі тікелей төлемге қатысты және, ең бастысы, зайымдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы ссудалық шоттар бойынша беріліп отырған. Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, екіншісі банктік ссудаларды үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда үлкен роль ойнайды.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтумен байланысты өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті реформалаудың бірінші кезеңінің барысында саны көп ауқымды объектілерді несиелеуден біртұтас несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге өтудің объективті процесі аяқталды. Мұнда, айналым бойынша несиелеуге жиынтық қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді. Қазіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау-сату ұйымдары несиеленеді.
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады :
-
айналым бойынша несиелеу әдістері;
-
қалдық бойынша несиелеу әдістері;
-
айналым-қалдықтық.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Ссудаға деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты ссуда мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты ссуда қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие ссудаға деген қажеттілікті туындататын тауарлы-материалды құндылықтар мен шығындар қалдықтарымен өзара байланысқан. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалды құндылықтардың қалдықтарын есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді. Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде объектісі толығымен қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
Несиелеу әдістері несиені беру және қайтаруға арналған ссудалық шоттар
формаларын анықтауға негіз болады. Несиенің ұйымдастырылу қозғалысы
банктің клиентке ашқан ссудалық шотында көрсетіледі.
Ссудалық шот – клиенттің банктен олған несиесіне байланысты қарызы көрсетілетін, яғни ссуданың берілуі мен қайтарылуы көрсетілетін шотты білдіреді.
Несиенің берілуі мен өтелуі, қарыздың көрсетілуінің ортақ біртұтас сызбасы барысында ссудалық шоттар өзара бөлінеді:
-
ашылу мақсатына қарай;
-
айналыммен өзара байланысы бойынша.
Ашылу мақсатына қарай ссудалық шоттар депозиттік-ссудалық болып келеді. Мұндай жағдайда, клиент өзінің банктік депозитке салынған меншікті қаражатын жұмсап қойған кезде ғана белгілі бір мөлшерде несие алуға хұқық алады. Егер бұл шотта дебеттік қалдық шықса, онда ол депозиттік шоттан ссудалық шотқа айналады.
Айналымы мен өзара байланысы бойынша ссудалық шоттардың үш типі болуы мүмкін:
-
айналым-төлемдік;
-
қалдықты-компенсациялық;
-
айналым-қалдықтық.
Осы үш типі мәні жағынан несиелеудің үш әдісіне сәйкес келеді.
Айналым-төлемдік шотты ашу барысында клиент әр түрлі қажеттіліктерге байланысты төлем құжаттарын: тауарлар мен қызметтер шотын, жалақыға берілетін чектерді, берешек қарызды өтеуге, салықтар мен басқа да төлемдерді аударуға байланысты төлем тапсырмаларын төлеуге мүмкіндік алады.
Клиент барлық төлемдерді төлеуде қалдықты-компенсациялық шотты пайдалана алады. Клиенттің қанша несиелеу объектісі болса, сонша қалдықты-компенсациялық шоты болуы мүмкін. Бұл ссудалық шот алдындағы екі ссудалық шотқа қарағанда біршама қолайлы және көп техникалық рәсімделуді қажет етеді, Сол сияқты несиенің белгілі бір мақсатқа берілуі қатаң қадағаланады.
Айналым-төлемдік ссудалық шоттың ерекше бір түрін контокорренттік шот құрайды.
Контокоррент шоты – банктік тәжірибеде банктердің бірінші класты несиелік және төмен қабылеті бар қарыз алушыларға несие беруде активті-пассивті (есеп айырысу-ссудалық) шоттарды біріктіре отырып, пайдалануын білдіреді.
Бұл шот банк сенімінің ең жоғарғы формасын сипаттайды. Оның дебет жағы бойынша клиенттік өндірістік қызметіне және пайданы бөлуіне байланысты барлық төлемдер, ал кредитіне клиенттің есебіне түсетін түсімдер және басқа да түсімдер есепке алынады. Бұл шоттың кредиттік қалдығы клиенттің сол уақытта айналымда бар меншікті қаражатын, ал дебеттік қалдығы айналымға банк несиесінің тартылғандығын, яғни ол бойынша пайыз төлеп отырғандығын көрсетеді.
Қарыз алушыларды несиелеуге байланысты операцияларды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банктер оларға ссудалық шоттар ашады: жай және арнайы.
Арнайы ссудалық шоттар шаруашылық ұйымның төлем айналымының үлкен бөлігін несиенің көмегімен жүзеге асыратын жағдайда және несиеге деген үнемі қажеттілікте болатын қарыз алушыларға ашылады. Қазіргі кезде арнайы ссудалық шоттар бойынша тауарлар қорлары айналымына байланысты бөлшек және көтерме сауда ұйымдары, сонымен қатар сату-жабдықтау ұйымдары несиеленеді.
Кәсіпорынға тек бір ғана арнайы ссудалық шот ашылуы мүмкін. Бірақ та банк кәсіпорындағы жекелеген қандай-да бір тауарлар, шаралары үстіне несиелеу қажет деп санаса, онда оған жай ссудалық шоттар ашуға мүмкіндік береді. Жай ссудалық шоттар бір рет ссудалар беру үшін ғана банктік тәжірибеде қолданылады. Мұндай шоттар бойынша қарыздың өтелуі қарыз алушының келісілген мерзімде мерзімді міндеттеме-тапсырмалар негізінде жүзеге асырылады.
Егер қарыз алушы кәсіпорын бір уақытта бірнеше объектілер бойынша несиені пайдаланса, онда оған бірнеше жай шоттар ашылуы мүмкін және ссудалар әр түрлі шартпен, әр түрлі мерзімге және әр түрлі пайызбен беріледі. Мұндай ерекше ссудаларды есепке алуда қарыз алушылардың алған ссудаларын уақтылы өтеуіне банк тарапынан бақылау жүргізудің маңызы бар.
Несиелеу механизмінің екінші құрамдас бөлігі – несиелік мәмілені құжаттау. Бастапқы кезде банк пен клиент арасында ауызша келісім жасалып, оның соңы банкке несиелік ресурсқа сұралатын өтініштің жазбаша түрде несиенің мақсатын көрсете отырып тапсырылуымен аяқталады. Банкте клиенттің қаржылық жағдайын анықтауға және оның несиелік қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін материалдар болуы керек. Сондықтан да, банк клиенттен оның қызметі жайлы соңғы екі-үш жылдағы жыл басына жасайтын кәсіпорынның балансын, қажет болған жағдайларда таяу айдағы күнге жасалған балансын талап етеді. Кәсіпорынның балансына қоса банкке пайда және зиян туралы, ақшалай қаражаттар қозғалысы туралы есептерін береді. Клиенттің белгілі мақсатқа несие алуға, оның қажетті мөлшерін, сыйақы мөлшерін және нақты мерзімнен тұратын несиеге деген қажеттілікті негіздейтін техникалық-экономикалық негіздемесі немесе бизнес жоспары болуы тиіс.
Банк пен қарыз алушы арасындағы жасалатын несиелік мәміленің
құқықтары мен міндеттерін белгілейтін маңызды құжат – несиелік шарт жасалады. Онда екі жақтың экономикалық және заңи жауапкершіліктері көрсетіледі. Елімізде қатаң белгіленген несиелік шарттың арнайы формасы жоқ. Ал, ондай формалар Германия, Австрия сияқты елдердің тәжірибелерінде кездеседі.
Несиелік шарттан басқа кепіл туралы келісім-шарт жасалады. Іс жүзінде, егер кепіл несиелік мәмілеге қатысатын болса, онда міндетті түрде кепіл туралы келісім-шарт жасалуға тиіс.Кейде ол нотариалды түрде куәландырылуы да мүмкін.
Несиелеу процесі барысында клиент банкке басқа да құжаттарды (кепіл-хаты, үшінші бір тұлғаның кепілдемесін, әр түрлі орындардан берілген анықтама қағаздарды) тапсырады.
Несие банктің тиісті қызметкерінің жазбаша үкім шығару барысында беріледі. Бұл қызметкер ретінде: банктің басшысы, оның орынбасары, несиелік департамент бастығы, несиелік бөлім басшысы және банктің несиелік офицерлерінің біреуі болуы мүмкін. Несиенің берілуі туралы үкім клиенттердің шоттары бойынша есеп - айырысу және несиелік операцияларын жүргізумен айналысатын бөлімге түседі. Онда клиенттің аты-жөні, несиенің сомасы, несие беретін шоты көрсетіледі.
Үкім несиенің бағытын белгілейді. Бағыттарына байланысты несиенің берілуі үш түрлі болуы мүмкін:
-
ссуда клиенттің есеп-айырысу шотына аударылады;
-
ссуда есеп-айырысу шотына түспей, тауарлы және тауарлы емес операциялары бойынша әр түрлі төлем құжаттарын төлеуге беріледі;
-
ссуда бұрын берілген несиелерді қайтаруға беріледі.
Жалпы, клиентке берілетін несиенің мөлшері көптеген жағдайларға байланысты. Несиенің мөлшері несиелік келісім негізінде беріледі. Бұл келісімде жазылған сома клиент үшін алуға тиісті ең жоғарғы соманы білдіреді. Бұл сома өзінің мәні жағынан несиелеу лимиті болып табылады. Несие мөлшері мыналарға:
-
қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтыққа;
-
несиенің қамтамасыз етуіне түскен тауарлы-материалды бағалылықтардың нақты жинағына және олардың өтімділік дәрежесіне;
-
маржа деңгейіне;
-
тәуекел дәрежесі мен банктің клиентке сенім дәрежесіне;
-
банктегі бар ресурс көлеміне байланысты.
Әр жекелеген жағдайларда бұл мөлшер қамтамасыз ету құнымен және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне байланысты анықталады.
Несиелеу механизмінің бір құрамдас бөлігі – несиені қайтару тәсілдері. Оның бірегей жасалған үлгісі жоқ. Оның төмендегідей көптеген варианттары болады:
-
мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
-
меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп-айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
-
алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
-
түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу;
-
несиенің қайтарылу мерзімін созу;
-
мерзімі өткен қарызды «мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;
-
банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы немесе қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады.
Кепілге алынған мүлікті бағалау әдістері де несиелеу механизмінің құрамдас бөлігіне жатады. Кепілді пайдалану кепіл механизмінің қолданылуын талап етеді.
Кепіл механизмі – кепіл туралы шартты дайындау, жасау және орындау процесін білдіреді.
Кепіл механизмін іске асырудың негізгі кезеңдеріне жататындар: кепіл заты мен түрін таңдау, кепіл затын бағалауды жүзеге асыру, кепіл туралы шарт жасау және орындау, кепілді пайдалану.
Несиелеу механизмінің құрамдас элементі – несиені беру процесінің өзін- дік кезеңдері болады. Жалпы, несиелік процесті келесі сызбамен көрсетуге болады. (1.1-сурет):
БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС
|
Несиелік комитетке дайындау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Несиелік қабілетін талдау
|
Несиелік комитет
|
Несиені қайтару
|
Төлемдер.
Мониторинг.
Мерзімі өткен төлем.
|
1-ші өтініш
|
Достарыңызбен бөлісу: |