ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және аумақтық бөлімшелердің өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 2015 жылғы бірінші тоқсандағы қызметіне талдау
2015 жылғы бірінші тоқсанда Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің аумақтық Департаменттерінің инспекторлық құрамы тарапынан қауіпті өндірістік объектілердегі апаттан келтірілген адам шығынын азайтуға бағытталған шаралар кешені әзірленді.
Елбасының 27.02.2014 ж. № 757 «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарғысына сәйкес 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына мемлекеттік субъектілерді 105 тексеріс жоспарланған, кәсіпкерлік субъектілері тексеріс жоспарына енгізілмеді.
2015 жылдың бірінші тоқсанында жоспарлы тексерістер өткізілмеді, 58 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді (2014 жылдың бірінші тоқсанында – 471, соның ішінде жоспар бойынша – 369 және 102 жоспардан тыс).
Сондай-ақ құзырлы органға тіркелместен, объектіге бару арқылы бақылаудың басқа нысандары бойынша 684 (511, яғни 34 % артық) бақылау түрі жүргізілді.
Тексеріс қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзушылықтың 4306 фактісі (13480, яғни 3 есе аз) анықталып, 73 объекті (340, яғни 5 есе азайды) тоқтатылып, 1881,0 мың тг. (20880,0 мың тг.) сомаға айыппұл салу арқылы 22 (499) әкімшілік жаза қолданылды.
Жоспардан тыс тексерістер Алматы қ. (1), Ақмола (3), Алматы (12), Атырау (4), Шығыс Қазақстан (8), Батыс Қазақстан (7), Қарағанды (3), Қостанай (7), Қызылорда (10), Маңғыстау (2), Оңтүстік Қазақстан (1) облыстарында жүргізілді.
Астана қ., Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жоспардан тыс тексерістер жүргізілмеді.
Жоспардан тыс тексерістердің негізгі мөлшері бұрындарыберілген ұйғарымдамалардың орындалуын бақылау және прокуратура тапсырмасының негізінде жүргізілді.
Тексерістің басқа нысандары келесі облыстарда жүргізілді:
№
|
Департаменттің атауы
|
Басқа тексерістер
|
|
2014 ж. 1 тоқсан
|
2015 ж.
1 тоқсан
|
+/-
|
1
|
Астана қ. Департаменті
|
78
|
155
|
+ 2 есе
|
2
|
Алматы қ. Департаменті
|
59
|
24
|
-59 %
|
3
|
Ақмола облысының Департаменті
|
4
|
10
|
+ 2,5 есе
|
4
|
Алматы облысының Департаменті
|
21
|
21
|
сол деңгейде
|
5
|
Ақтөбе облысының Департаменті
|
38
|
88
|
+ 2 есе
|
6
|
Атырау облысының Департаменті
|
25
|
19
|
- 24 %
|
7
|
ШҚО Департаменті
|
6
|
27
|
+ 4,5 есе
|
8
|
Жамбыл облысының Департаменті
|
5
|
10
|
+ 2 есе
|
9
|
БҚО Департаменті
|
20
|
41
|
+ 2 есе
|
10
|
Қарағанды облысының Департаменті
|
56
|
91
|
+63 %
|
11
|
Қостанай облысының Департаменті
|
11
|
3
|
- 4 есе
|
12
|
Қызылорда облысының Департаменті
|
41
|
19
|
-54 %
|
13
|
Маңғыстау облысының Департаменті
|
98
|
50
|
-59 %
|
14
|
Павлодар облысының Департаменті
|
11
|
43
|
+ 4 есе
|
15
|
СҚО Департаменті
|
1
|
3
|
+ 3 есе
|
16
|
ОҚО Департаменті
|
37
|
80
|
+ 2 есе
|
|
|
511
|
684
|
+34 %
|
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өзара ынтымақтастық туралы меморандумның негізінде 57 қауіпті өндірістік объектіде өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына техникалық аудит өткізілді. Тексерулер Ақмола (2), Алматы (3), Ақтөбе (6), Шығыс Қазақстан (6), Батыс Қазақстан (2), Қарағанды (31), Қызылорда (6) және Оңтүстік Қазақстан (1) облыстарында жүргізілді.
Өзара ынтымақтастық туралы барлығы 294 меморандумға қол қойылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Есептік кезеңде Қазақстан Республикасының қауіпті өндірістік объектілерінде 4 апат (1, яғни 3 апатқа көп) тіркелді. Апат салдарынан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
2014 жылдың сәйкес кезеңінде орын алмағанына қарамастан, апаттар Батыс Қазақстан (1), Қарағанды (2) және Қызылорда (1) облыстарында орын алды.
2014 жылдың бірінші тоқсанында Қостанай облысында бір апат тіркелді.
02.02.2015 жылы «ИЦА» АҚ «Уральск» УМГ Уральск ЛПУ «Оренбург-Новопсков» магистральдық газ құбырының 288,1 км учаскесінде өртену салдарынан газ құбыры жарылған.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Т.Күзембаев ат.» шахтасында газодинамикалық құбылыс орын алды – 41К10-В конвейерлік қуақаздың тұйық бөлігінде метан газының максималды концентрациясы.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «В.Ленин ат.» шахтасында -170м деңгейжиектен +/-0 деңгейжиекке ауа беретін оқпан арқылы жыныс тиелген вагонды беру кезінде оны тордан итеру кезінде ұштық балка, қуаты кабелі, +/-0 деңг. нәрлендіргіш ЦПП, -170м деңг. отырғызу балкасы, НОК-400 торының төменгі бөлігі бүлінген, зардап шеккендер жоқ.
17.02.2015 жылы «Кумколь Транс Сервис» ЖШС келісімшарттық аумағында Сарыбұлақ кен орнының №212 ұңғымасында планшайбаны демонтаждау кезінде ұңғыманы бітеген кезде мұнайлы қоспа газының бақыланбайтын лақтырысы орын алды.
Салалар тілігінде көмір (2), мұнай-газ өндіру (1) салаларында және магистральдық құбыр объектілерінде (1) апаттар орын алды.
Жазатайым оқиғалардың саны 6-дан бастап 2-ге азайды.
Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 2014 жылдың сәйкес кезеңінде орын алмағандығына қарамастан, әрқайсысында бір-бірден қайғылы жазатайым оқиғалар тіркелді (2014 жылдың бірінші тоқсанында жазатайым оқиғалар Ақмола (3) және Шығыс Қазақстан (3) облыстарында тіркелді).
2015 жылғы 12 ақпанда көпірлі кранмен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде «Олжас» ЖШС-да жүк арқаны үзіліп кеткен. Кран ілгегінен тасымалданатын жүк ілінген ілмектегіш аспаның құлау салдарынан «Семей-ОтделСтрой» ЖШС-ның қойма меңгерушісі Б.З.Байбосинов қайтыс болды.
2015 жылғы 13 наурызда «Акцеп Green Valley» ЖШС, («Коппер Текнолоджи» ЖШС «Приорский» карьерінің №2 үйіндісі) «Приорский» карьерінің №2 үйіндісіне таукен массасын түсіру кезінде 1965 ж.т. В.И.Караваев басқарған автосамосвал үйіндіден құлап, жүргізуші қайтыс болды.
Комитет және аумақтық Департаменттердің инспекторлық құрамының тарапынан қауіпті өндірістік объектілердегі апат салдарынан адам шығынын азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Мысалы, 2015 жылғы 21 қаңтарда «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі орталық штабы» РМҚК бастығының, «Көмір» ӘАҚҚ» филиалы басшыларының және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдерінің қатысуымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД көмір шахталарына апаттық-құтқару қызметтерін көрсету мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға 2015 жылы апаттық-құтқару қызметін көрсету туралы шешім қабылданды.
20 ақпанда Комитет аумақтық бөлімшелердің басшыларымен бірге «Комитеттің орталық аппаратының қайта құрудан кейінгі жұмысы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысындағы мәселелер» тақырыбына кеңес өткізді.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.О.Исекшевтің төрағалығымен, облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктерімен өткізілген кеңеске «Өнеркәсіптік кәсіпорындарда нормативтік қызмет көрсету мерзімін өткерген қондырғыларды пайдалану және дер кезінде ауыстыру жөніндегі өзекті мәселелер туралы», «Кен өндіру кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС қабылдаған шаралар туралы» тақырыптарына баяндамалар әзірленді.
Комитеттің Департаменттері ұсынған ақпаратқа сәйкес Комитет төрағасының 27.01.2015 ж. «Республиканың қауіпті өндірістік объектілерін техникалық қайта жарақтандыру бойынша 2015 жылғы жиынтық жоспар» құрылып, бекітілген. Аталмыш жоспардың орындалуы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бақылауында.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 86 бірлік қондырғы ауыстырылды, бұл 89,5 % орындалуды құрады.
2010 жылдан бастап 2015 жылғы бірінші тоқсанға дейінгі барлық кезеңде 5042 бірлік қондырғы және 374 технологиялық желі ауыстырылды.
2014-15 ж.ж. жылыту маусымына тұрақты мониторинг жүргізіледі.
ҚР «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру туралы» Заңының орындалуы тұрақты бақылауда ұсталады.
Комитет және аумақтық бөлімшелер тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 582 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде қолдануға – 89 рұқсаттама, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізу құқығына – 61 аттестат берілді, 29 декларация тіркелді, жару жұмыстарын жүргізуге – 58 рұқсаттама берілді, ... -345 жоба келісілді.
Қауіпсіздік ережелері мен нормалары бойынша 741 адамның білімі тексерілді, соның ішінде 542 ИТҚ. Оның ішінде аттестациядан өтпегендер – 145, соның ішінде 89 ИТҚ.
Техникалық кеңестерде бақылаудағы ұйымдардың басшыларын (өкілдерін) тыңдау тәжірибесі жалғасын табуда.
18 техникалық кеңес өткізілді, олардың негізгілері Қызылорда облысында – 99, Ақтөбе облысында – 20, Оңтүстік Қазақстан облысында – 12, Қарағанды қаласында – 10, Батыс Қазақстан облысында – 7, Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында 3 кеңестен және Астана қаласында бір кеңес өткізілді.
Комитеттің Департаменттері тарапынан заңды және жеке тұлғалардың 17845 (4457) өтініштері қарастырылды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары бойынша – 1672 (1181) ақпарат дайындалып, жіберілді.
Лицензияланатын қызмет түрлерін атқару үшін қорытынды алуға берілген 140 (114) өтініш қарастырылды, оның ішінде 9 (1) өтініштен бас тартылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылым саны 46 % азайды. Егер 2014 жылғы бірінші тоқсанда 83 басылым шықса, 2015 жылғы ұқсас кезеңде - 45, соның ішінде радио арқылы – 10 (16), телеарна арқылы – 4 (18), баспасөзде – 31 (49).
Бұл бағыттағы жұмыстар Алматы қ., Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақсан облыстарында жүргізілмеді.
Астана қ. бойынша:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті (одан әрі – Департамент) 2015 жылғы бірінші тоқсанда 160 басқа бақылау нысанын өткізді, соның ішінде лицензиардың сұрауы бойынша - 18 тексеріс, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша - 142. Тексеріс барысында 492 объекті тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтың 543 фактісі анықталды.
Комитетке апта сайын ақпарат беру арқылы ЖЭО-1, «Астана-Энергия» АҚ бойынша 2014-15 ж.ж. жылыту маусымының өтуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Отынның нормативтік қоры бар, отын жеткізу кестесіне сай тасымалданады.
Есептік кезеңде 50 ақпарат дайындалды, оның ішінде: министрлік басшылығына – 6, әкімдіктерге – 9, басқа ұйымдарға – 35. 32 ИТҚ білім тексеруден өткізілді.
Техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі Жиынтық жоспарға сәйкес ағымдағы жылы 6 лифтіні ауыстыру жоспарланса, оның 2-уі ауыстырылған.
«Экотон+» АҚ, «Сембол иншаат» компаниясының филиалы, «ЭНГ Метал Япы Иншаат Тааххют Санайы Дыш Тиджарет» АҚФ, ПСК «Клен» ЖШС, СК «СтройАстес» ЖШС, «Аstana Trade International» ЖШС сияқты ұйымдармен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалып, қол қойылды.
Алматы қ. бойынша:
Прокуратураның талабымен бірінші тоқсанда Департамент мамандары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының қадағалануы бойынша 4 кәсіпорынға жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы бұзушылықтың 10 фактісі анықталып, ұйым басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдама берілді. Тексеріс қорытындылары бойынша анықтама Алматы қаласының Прокуратурасына жолданды.
Сондай-ақ басқа бақылау нысандары бойынша 57 тексеріс жүргізілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке 29 жобалық материалдар қарастырылды, 275 бірлік қауіпті техникалық құрал тіркеуге қойылды, 60 бірлік тіркеуден шығарылды.
Басшылардың және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен нормалары бойынша білімдері тексерілді – 72, оның ішінде дайындықсыз болғандар – 2 адам.
2015 жылғы бірінші тоқсанда 390 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қарастырылды (қауіпті техникалық құралдарды тіркеуге қою, шығару – 103, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке жобалық құжаттамаларды келісімдеу – 39, техникалық куәландыруға қатысу үшін инспекторды шақыру – 84, ЖКМ бар-жоғы туралы сұраулар – 66, түсініктемелер – 12, мәліметтер үшін – 27, жобалық құжаттамаларды тіркеу – 5, ТЖЕК мүшелерінен емтихан қабылдау – 24, шағымдар – 6, басқалар – 24).
«2015 жылға қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру бойынша жиынтық жоспар» дайындалып, келісілді. Аталмыш жоспардың орындалуы Департаменттің тұрақты бақылауында.
Наурыз айында Департамент қауіпті техникалық құралдарды пайдаланатын ұйым басшыларының қатысуымен «Ұйымдар тарапынан нормативтік пайдалану мерзімін өткерген техникалық құралдарды заманауи жаңартуды қамтамасыз ету» тақырыбына Техникалық Кеңес өткізді. Техникалық Кеңес қорытындылары бойынша хаттамалық шешім қабылданып, қауіпті техникалық құралдардың иелеріне, көтергі құрылыстарды қадағалау бөліміне ұсыныстар берілді.
Есептік кезеңде Департамент тарапынан «Алматыметроқұрылыс» АҚ, «КазТрансГаз-Алматы» АҚ, «SINOOIL» ЖШС АФ, «Казферросталь», «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ сияқты бес ұйыммен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, құрамында қауіпті өндірістік объектілері бар тағы үш ұйыммен меморандумға қол қойылуда.
Наурызда Департамент қызметкерлері Алматы қ. кәсіпкерлік қоғамдастығының, «Лифтішілер одағы» Ассоциациясы, ПИК өкілдерінің қатысуымен «Лифтілерді монтаждау және пайдалану мәселелері» тақырыбына «дөңгелек үстелге» қатысты.
Атамыш сұрақ бойынша Департамент лифті иелеріне, лифтілерге қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдарға одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында сараптама жасауды, сондай-ақ нормативтік қызмет мерзімін өткерген лифтілерді модернизациялауды және дер кезінде ауыстыруды талап ету арқылы хаттар жолдады.
Жыл басынан бері ТҮКШ модернизациялау бағдарламасы бойынша 5 лифтіге модернизация жүргізіліп, нормативтік пайдалану мерзімдерін өткерген 11 лифті ауыстырылды. Бұл жұмыстар Алматы қ. Тұрғын үй басқармасымен бірге жалғасуда және 2015 жылғы ТҮКШ модернизациялау аясында нормативтік пайдалану мерзімін өткерген тағы 95 лифті модернизацияға даярлануда.
Апатқа қарсы жаттығулар өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Департамент қызметкерлері «Карслберг Казахстан» ЖШС, «ИЦА» АҚ апатқа қарсы жаттығуларын өткізуге қатысты.
Жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Департамент қызметкерлеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары талаптарының орындалуы бойынша нұсқаулық күнделікті өткізіледі.
Сондай-ақ Департамент тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, жемқорлыққа қарсы заңнамалар және қызметтік этика бойынша техникалық сабақтар өткізу кестесі әзірленіп, бекітілді.
Есептік кезеңде жемқорлық құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.
Бүгінгі күнде Алматы қаласы бойынша объектілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерге мыналар жатады:
- қорғалу аумақтарында газ құбырларын салу;
- Алматы қ. өз өндірісінде КӘУЗ қолданатын 8 ұйым жұмыс істейді, аммиактың жалпы мөлшері 22 тоннаны құрайды, бұл техногендік апат орын алған жағдайда халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Ақмола облысы бойынша:
ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» №188-V Заңының 76 бабына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерді декларациялау тұрақты бақылауда. Барлығы 113 кәсіпорын декларацияланды.
ҚР «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес 109 кәсіпорын сақтандырылды, 4 ұйым бойынша сақтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Моральдық тұрғыдан ескірген және физикалық тозған қондырғылардың қолданыстан шығарылуына қатаң бақылау орнатылған. Қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру бойынша 2015 ж. Жиынтық жоспардың шараларын орындау аясында жоспарланған 59 бірлік қондырғының 4-уі ауыстырылған (орындалу 100% құрайды).
Қауіпті өндірістік объектілердегі техногендік сипаттағы апаттардың, жазатайым оқиғалардың және өндірістік зақымданудың алдын алу мақсатында мемлекеттік инспекторлар тарапынан есептік кезеңде 13 тексеріс (3 – жоспардан тыс және 10 – басқа) өткізілді. Тексеру барысында 26 бұзушылық анықталды.
Басшыларға, ИТҚ және жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 39 мың теңгеге 2 әкімшілік айыппұл салынды.
Жоспарлы тексерістер жүргізу үшін нормативтік-құқықтық актілерді болмауына байланысты жоспарлы тексерістер жүргізілмеді.
Басқарма мамандары тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 134 өтініштері, соның ішінде 29 жобалық жұмыс материалдары қарастырылды (талаптарға сай келмеуге байланысты 2-уінен бас тартылды).
Жару жұмыстарын жүргізу құқығына 18 рұқсаттама берілді.
2015 жылғы 30 қаңтарда Ақмола облысы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру құқығын ұсыну бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысылды.
Ақмола облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабымен ГМК «Казахалтын» АҚ «Бестөбе», «Ақсу», «Жолымбет» кеніштерінің алтын құрамдас кендерін заңсыз өндіруге және заңсыз айналымына қарсы әрекет ету жөнінде тексеріс өткізілді.
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы» 13 Меморандум дайындалып, келісілді.
Ақтөбе облысы бойынша:
Есептік кезеңде Департамент мамандары тарапынан басқа бақылау және қадағалау нысаны бойынша 88 тексеріс жүргізілді (2014 жылғы бірінші тоқсанда – 65).
Тексеріс барысында қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзушылықтың 275 (379) фактісі анықталды.
Қандыағаш көлік прокуратурасы ұсынымының негізінде бұрындары өткізілген бірлескен тексеріс бойынша жіберілген бұзушылықтар үшін 1 заңды тұлға – «Газопровод Бейнеу-Шымкент» ЖШС сомасы 99 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Лицензияланатын қызмет түрлерін атқару үшін қорытынды алуға 15 өтініш қарастырылды, оның ішінде 9-нан бас тартылды.
Жару жұмыстарын жүргізу құқығына 27 рұқсаттамалық құжат берілді, 210 жобалық материал қарастырылды, оның ішінде келісуден бас тартылғаны – 25.
Таукен жұмыстары жоспарларының бағдарламасы келісілді – 20.
106 ақпарат дайындалып, жолданды, соның ішінде Комитет басшылығына – 42, жергілікті әкімдіктерге – 43, басқа ұйымдарға – 21.
2015 жылғы таукен жұмыстарын дамыту жоспарларын қарастыру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Департаменттің Техникалық Кеңесінің 20 отырысы өткізіліп, мұнда кәсіпорындардың 20 басшысы тыңдалды.
26 кәсіпорынның қауіпті өндірістік объектілерінің басшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлерінің арасында қауіпсіздік ережелері мен нормалары бойынша білім тексеру өткізілді.
Қауіпті өндірістік объектілерді декларациялау жұмыстары жалғасуда.
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандырылуға жататын бақылаудағы кәсіпорындардың аса қауіпті объектілерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде.
2015 жылғы есептік кезеңде 1 қайғылы жазатайым оқиға тіркелді.
2015 жылғы 13 наурызда «Акцеп Green Valley» ЖШС-да («Коппер Текнолоджи» ЖШС «Приорский» карьерінің №2 үйіндісі) «Приорский» карьерінің №2 үйіндісіне таукен массасын түсіру кезінде 1965 ж.т. В.И.Караваев басқарған автосамосвал үйіндіден құлап, жүргізуші қайтыс болды.
Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті өкілінің төрағалық етуімен арнайы тексеру комиссиясы құрылды.
2015 жылғы 27 наурызда «2015 жылғы техникалық қайта жарақтандыру бойынша Жиынтық жоспардың орындалуы туралы» сұрағы бойынша негізгі шаруашылық субъектілерінің басшыларымен кеңес өткізілді.
Атырау облысы бойынша:
Есептік кезеңде жоспардан тыс 4 тексеріс және басқа бақылау нысаны бойынша 19 тексеріс өткізілді.
Лицензияланатын қызмет түрлері бойынша біліктілік талаптарына сәйкестікке 5 келісім берілді, келісім беруден бас тартылғаны – 4.
Бұрғылау қондырғыларын іске қосу комиссиясының құрамына қатысылды – 17; қауіпті өндірістік объектілерді қолданысқа енгізер алдында сынама өткізуге қатысылды – 10; келісімшарттық аумақтарды қабылдау және қайтару жөніндегі мекемеаралық комиссия жұмысына қатысылды – 8.
Қауіпті өндірістік объектілердегі оқу-жаттығу сабақтарына қатысылды – 23.
138 объекті мен техникалық құрал тіркеуге алынып, 75 бірлік тіркеуден шығарылды.
Ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін комиссияларының 84 мүшелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары бойынша білімдері тексерілді, олардың аттестациядан өтпегендері – 32 адам.
ЖЖ жүргізуге 7 рұқсаттамалық құжат берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың 303 өтініші, 89 жобалық (жұмыс, дербес) материал қарастырылды.
39 ақпарат дайындалып, жолданды, соның ішінде Министрлік басшылығына – 32 ақпарат; жергілікті атқару органына – 1; басқа ұйымдарға – 6.
Кәсіпорын басшыларын тыңдау арқылы инспекцияның 3 техникалық Кеңесі өткізілді.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешовтың Атырауға іссапары барысында Атырау облысы Әкімдігі мен ҚР ИДМ арасындағы, ҚР ИДМ және сервистік мұнай компанияларының арасындағы меморандумдарға қол қоюға және жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі форум жұмысына қатысылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы 13 меморандум жасалды.
10 мемлекеттік инспектордың жұмысы тексерілді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
Жыл басынан бері «Қазмырыш» ЖШС және «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорындарымен жасалған меморандумдарға сәйкес олардың цехтары мен бөлімшелерінде бірлескен техникалық аудиттер өткізілді. Олардың қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы туралы қорытындыға қол қойылып, тапсырылды.
Семей қаласы прокуратурасының тапсырмасы бойынша «ҚИК «Алел» АҚ Суздаль кен орнындағы жарылғыш заттардың сатып алынуына және сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, сондай-ақ прокуратура органдары ашқан жоспардан тыс 7 тексеріске қатысылды.
Сондай-ақ есептік кезеңде «басқа бақылау нысаны» бойынша 27 қауіпті өндірістік объектілер олардың өтініштері, прекурсорлармен жұмыс істеу және қауіпті өндірістік объектілерді қолданысқа енгізу бойынша тексерілді.
17 оқу жаттығу және апатқа қарсы жаттығу өткізілді.
Жүргізілген тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша заңнамаларды, талаптарды, нормативтік құжаттарды бұзушылықтың 539 фактісі анықталып, оларды жою шаралары, мерзімдері және жауапты тұлғалар белгіленді.
Бекітілген техникалық қайта жарақтандыру Жоспарына сәйкес физикалық ескірген қондырғылар ауыстырылуда. Жоспардың 2015 жылғы 1 тоқсанда орындалуға тиісті 10 тармағының 4 тармағы толығымен орындалды, дер кезінде қаржыландырылмауға және дайындаушы-зауыттың тапсырыстарды дер кезінде орындамауына және жеткізу мерзімдерінің ауыстырылуына байланысты орындалмаған тармақтар 2015 жылғы 2-3 тоқсанға шегерілді.
Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялы даму бағдарламасының аясында салынып жатқан қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру, өндірістік зақымдану мен апаттылықтың алдын алу мақсатында оның іске асырылу барысы туралы бақылау жасалады.
Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде 89 рұқсаттамалық құжат берілді, соның ішінде ЖЖ жүргізуге – 30, қауіпті өндірістік объектілердің құрылысын салуға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңғыртуға, жабуға және жоюға жобалық құжаттамаларды келісімдеуге – 59.
72 жобалық материал қарастырылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты 90 ақпарат дайындалып, жолданды, соның ішінде жоғары тұрған органдарға – 34.
ШҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссияның төрт отырысына, сондай-ақ облыс Әкімі орынбасарының қатысуымен өткен «Тасқын суды өткізуге гидротехникалық құрылғылардың даярлығы туралы» және ШҚО әкімдігіндегі «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша» кеңеске қатысылды, ШҚО әкімдігінің аппараттық кеңесіне және басқа да жиналыстарға қатысылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздікті насихаттау жалғасуда. Барлығы «Горный журнал Казахстана» ғылыми-техникалық және өндірістік журналында, «Безопасность труда в промышленности» ғылыми-өндірістік айлық журналында және жергілікті тұрақты басылымдарда, Семей қ. әкімінің сайтында және т.б. 5 мақала жарияланды.
Құрамында қауіпті өндірістік объектілері бар кәсіпорындардағы декларациялау барысын бақылау жұмыстары жүргізіледі.
ҚР «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес міндетті сақтандыру жұмыстары жалғасуда. Мысалы, бүгінгі күнде міндетті сақтандыру келісімшарттары ШҚО бойынша декларациялауға жататын 76 объектінің иелерімен жасалды. 18 объектіде жұмыстар жүргізілмейді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сұрақтары бойынша Техникалық Кеңес отырыстары өткізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің ШҚО бойынша Департаментімен бірге жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарды жасау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта облыстың ең ірі 10 кәсіпорнымен меморандумға қол қойылды.
Жамбыл облысы бойынша:
2015 жылғы бірінші тоқсанда Департаменттің инспекторлық құрамының тарапынан 10 басқаша бақылау нысаны жүргізілді. Жалпы алғанда, 12 қауіпті өндірістік объекті тексеріліп, нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзушылықтың 11 фактісі анықталды.
Есептік кезеңде лицензияланатын қызмет түрлері бойынша 3 өтініш, жару жұмыстарын жүргізуге рұқсаттама беруге 9 өтініш (1-нен бас тартылды), жеке және заңды тұлғалардың 64 өтініші, 17 жобалық материал (2-нен бас тартылды) қарастырылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 42 ақпарат дайындалып, жіберілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша өзекті мәселелерді қамту жөнінен 7 басылым шықты, соның ішінде радиода – 6, баспасөзде – 1.
30 қаңтарда Департаментте «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметке арналған шарттарды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау үшін қауіпті өндірістік объектілерді бақылау-қадағалау жұмысының жүйесін жетілдіру» тақырыбына дөңгелек үстел – кеңес өткізілді.
Ақпанда Қазақстан Республикасының аталмыш Заңының талаптарын түсіндіру бойынша Жамбыл облысының Талас, Сарысу, Қордай және Шу аудандарында 4 көшпелі семинар-кеңестер өткізілді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Комитеттің Департаменті тарапынан ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында 48 кәсіпорынға тексеріс жүргізілді (2014 жылдың 1-ші тоқсанында – 34 кәсіпорын, яғни 41% артық), оның ішінде жоспардан тыс 7 тексеріс, басқа бақылау түрі бойынша 41 тексеріс жүргізілді.
Тексеріс жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша бұзушылықтың 50 тармағы анықталып, заңды тұлғаға 198 мың теңгеден астам 1 айыппұл салынды.
Қауіпті өндірістік объектілердің құрылысын салу, кеңейту, қалпына келтіру, жаңғырту, жабу және жою бойынша 64 жобалық материал қарастырылды, оның 7-уі келісімдеуден бас тартылды. Комитетке 31 ақпарат және басқа ұйымдарға 10 ақпарат дайындалып, жолданды.
Есептік кезеңде Департамент мамандары тарапынан жеке және заңды тұлғалардың 294 хаттары қарастырылды.
2015 жылға Батыс Қазақстан облысының қауіпті өндірістік объектілерін техникалық қайта жарақтандыру бойынша Жиынтық жоспар әзірленіп, Комитетпен келісілді.
2015 жылғы қаңтарда «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК «Ақ Берен» ВПФО Батыс Қазақстандық филиалы мен БҚО бойынша Департаменттің 2015 жылғы өзара іс-әрекет Жоспары құрастырылып, бекітілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасау сұрақтары бойынша қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым басшыларымен техникалық кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы 21 ұйыммен Меморандум жасалды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес тексеріс қорытындылары бойынша «Сайпем Казахстан» АҚФ техникалық басшыларының қатысуымен техникалық кеңес өткізілді.
Батыс Қазақстан облысының Бұрлы ауданының Березовка кентіндегі 28.11.2014 ж. ахуалға байланысты облыс Әкімінің орынбасары А.К.Үтеғұлов басқарған облыстық штаб құрылып, Экология департаменті, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Департаменті, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, «Казгидромет» РМК БҚФ, Жәңгір хан ат. Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университеті, соның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қадағалануы бойынша ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша Департаменті өкілдерін тарту арқылы Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тексеріс тағайындады. 2015 жылғы қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен аталмыш тексеріс ұзартылды. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жалғасуда.
Департамент басшысы Ж.Ж.Балғабаев Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық штабының жұмысына қатысты.
БҚО ІІД ІІБ ТБ аға тергеушісінің 18.12.2014 ж. қаулысына сәйкес Департамент инспекторлары А.Г.Түлепов, М.К.Елеусізов және Е.У.Сүлейменов өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың қадағалануы бойынша «Конденсат» АҚ қызметіне тексеріс жүргізді. Қорытындысы бойынша тексеріс қорытындылары туралы акті берілді.
Жылыту маусымының өткізілуі бойынша облыстық әкімдіктің жиналыстарына тұрақты қатысылады.
Жылыту маусымының өткізілуіне тұрақты мониторинг өткізіліп, апта сайын Комитетке ақпарат жолданады.
02.02.2015 ж. 03.07 сағ. «ИЦА» АҚ «Уральск» УМГ Урал ЛПУ «Оренбург-Новопсков» магистралды газ құбырының 288,1 км учаскесінде апат орын алды. Департамент тарапынан комиссия құрылып, апатты тексеру өткізілді. Қорытындылары бойынша апатты тексеру Актісі берілді.
Келесі сипаттағы шешімдерді қажет ететін өзекті мәселелер:
-
Қаратөбе ауданында орналасқан «Шыңғыс – Телсу» кен орны жер қойнауын пайдаланушының жоқтығынан тиісті бақылаусыз қалуда және объекті күзетілмейді, бұл төтенше жағдайларға әкеп соғуы ықтимал;
-
«Жайкмунай» ЖШС балансында тұрған «Южно-Гремяченское» кен орнының жабылған ЮГ-2 ұңғымасында колонна аралық қысым байқалған.
Қарағанды облысы бойынша:
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жоспардан тыс 3 тексеріс және 91 басқа бақылау нысаны жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде өнеркәсіптік талаптарын бұзушылықтың 1461 фактісі анықталып, 57 объекті мен учаске тоқтатылып, 23 адам жауапкершілікке тартылды.
Есептік кезеңде 2 апат орын алды: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Т.Күзембаев ат.» шахтасында газодинамикалық құбылыс орын алды (41К10-В конвейерлік қуақаздың тұйық бөлігінде метан газының максималды концентрациясы, зардап шеккендер жоқ), «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «В.Ленин ат.» шахтасында (-170м деңгейжиектен +/-0 деңгейжиекке ауа беретін оқпан арқылы жыныс тиелген вагонды беру кезінде оны тордан итеру кезінде ұштық балка, қуаты кабелі, +/-0 деңг. нәрлендіргіш ЦПП, -170м деңг. отырғызу балкасы, НОК-400 торының төменгі бөлігі бүлінген, зардап шеккендер жоқ).
57 жобалық материал қарастырылып, 28 рұқсаттамалық құжат берілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына қатысты 372 ақпарат дайындалып, жолданды соның ішінде жоғары тұрған органдарға – 139, жергілікті әкімдіктерге – 6, басқа ұйымдар мен кәсіпорындарға – 228.
Облыстың негізгі жылу көздерінде жылыту маусымының өткізілуіне күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын іске асыру үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы 15 кәсіпорынмен Меморандум жасалды.
Қадағалаудағы кәсіпорындармен Меморандум жасау жұмыстары жалғасуда.
2015 жылғы 1 қаңтарда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» жаңа Кодексінің іске енгізілуіне байланысты Кодекстің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау функциясы сұрақтарына қатысты негізгі баптары көшірілген Жадынама дайындалып, Департаменттің мемлекеттік инспекторларының мәліметіне жеткізілді.
Мемлекеттік инспекторлар тарапынан жұмыс персоналын мамандық бойынша өз лауазымдық нұсқаулықтарын білуге, жұмыс жүргізуді, қосымша есіктерді, бұрындары орын алған жазатайым оқиғалардың, апаттардың себеп-салдарын білуге сұрақнама өткізу тәжірибесі енгізілген. Қанағаттанарлықсыз білім көрсеткен жағдайда жұмыс жүргізушілер емтихан тапсырғанға дейін жер бетіне шығарылады.
Мемлекеттік инспекторлар тарапынан кәсіпорындар бойынша өндірістік зақымдануға жүйелі талдама жасалып, осының негізінде жұмыс жоспарларына түзетулер енгізіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және апаттылық пен зақымданудың алдын алу жөнінде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен кәсіпорындардың өндірістік бақылау қызметтерінің арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнатылған.
Қызылора облысы бойынша:
Есептік кезеңде жоспардан тыс 10 тексеріс және 19 басқа бақылау нысаны өткізілді.
Жару жұмыстарын жүргізуге 10 рұқсаттамалық құжат берілді, 1-уінен бас тартылды.
Жеке және заңды тұлғалардың 272 өтініші, 92 жобалық материал қарастырылып, оның 40-на келісімдеуден бас тартылды.
54 ақпарат дайындалып, жолданып, соның ішінде Министрлік басшылығына – 50, жергілікті әкімдіктерге – 4.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 7 басылым шықты, соның ішінде телеарнада – 1, баспасөзде – 6.
18 наурызда Қызылорда облысының бақылаудағы кәсіпорын басшылары мен мамандарының қатысуымен «Қызылорда облысының жару жұмыстарын жүргізетін бақылаудағы кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбына техникалық кеңес өткізілді.
Инспекцияның 3 техникалық Кеңесі өткізіліп, мұнда кәсіпорындардың 99 басшылары тыңдалды.
3 мемлекеттік инспектордың жұмысы тексерілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы 60 меморандум жасалды.
ИДӨҚ Комитетінің Қызылорда облысы Департаментінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру сұрақтары бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың, ҚР Үкіметінің қаулыларының, ҚР энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру заңдарының электрондық базасын құру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ Қызылорда облысының Мемлекеттік энергетикалық реестріндегі субъектілердің санын нақтылау мақсатында «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты (Казахэнергоэкспертиза)» АҚ Қызылорда филиалының өкілдерімен бірге жұмыстар жүргізіледі.
Алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысының Мемлекеттік энергетикалық реестріндегі субъектілердің саны – 912, оның ішінде жеке кәсіпорындар (ЖШС, АҚ) – 24, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер – 888.
Маңғыстау облысы бойынша:
Кәсіпорындарға жоспардан тыс 2 тексеріс (2014 жылғы ұқсас кезеңде - 151) жүргізілді.
Ережелер мен нормаларды бұзушылықтың 979 фактісі анықталып, нәтижесінде 198,0 мың теңге сомаға 1 айыппұл салынды.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі құзырлы органда тіркелместен, объектілерге бару арқылы 13 (98) басқа бақылау нысаны өткізілді.
Жазатайым оқиғалар мен апаттар тіркелген жоқ.
Жару жұмыстарын жүргізуге 2 рұқсаттамалық құжат берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың 183 өтініші, 89 жобалық материал қарастырылды, оның 43-не келісімдеуден бас тартылды.
41 ақпарат дайындалып, жолданып, соның ішінде Министрлік басшылығына – 23 (15) ақпарат, жергілікті әкімдіктерге – 4 ақпарат, басқа ұйымдарға – 14 ақпарат.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 7 басылым шықты, соның ішінде радиода – 1, баспасөзде – 6.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы 5 меморандум жасалды.
Павлодар облысы бойынша:
Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде Департамент тарапынан 65 қауіпті өндірістік объекті мен 70 қауіпті техникалық құралға бару арқылы 43 басқа бақылау нысаны өткізілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың 35 мүшелері аттестациядан өткізілді.
Прекурсор айналымы саласындағы қызмет атқаруға лицензиарлардың сұраулары бойынша 3 өтініш, 32 жобалық материал қарастырылды, оның 7-уіне келісімдеуден бас тартылды.
Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында орындау жоспарланған 5 шараның есептік кезеңде тек 5-уі орындалды, бұл 100% құрайды.
2010-2014 жылдарға ҚР Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында Павлодар облысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен мақұлданған және 2011-2014 жылдарға Индустриализацияландыру картасына енгізілген МКШҚ (мұнай коксын шығару қондырғысы) құрылысын салу жобасы жүзеге асырылуда.
Департамент тарапынан «УПНК-ПВ» ЖШС жобалық-техникалық құжаттамасы (1 жұмыс жобасы) қарастырылып, келісілді. Аталмыш объектінің құрылысы Департаменттің қадағалауында.
Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың 156 өтініші келіп түсті.
Департамент бөлімдері қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары бойынша тұрақты түрде талдау жүргізіп, осылардың негізінде өзекті мәселелер бойынша жергілікті атқару органдарына, прокуратура органдарына, Комитетке, кәсіпорындарға ақпарат беріледі. Мысалы, есептік кезеңде өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары бойынша әртүрлі инстанцияларға 63 ақпарат дайындалып, жолданды, соның ішінде Комитетке – 38, жергілікті атқару органдарына – 2, басқа ұйымдарға - 26.
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қамту бойынша Павлодар облысының лифтілік шаруашылығындағы мәселелер туралы «Версия» апталық қоғамдық-құқықтық газетінде «Пешком на десятый» мақаласы жарияланды.
Департамент тарапынан а.ж. қаңтарда 2 Техникалық Кеңес отырысы өткізілді, оған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасау бойынша Павлодар облысындағы кәсіпорын басшылары қатысты.
Қазіргі уақытта облыстың 13 кәсіпорнымен меморандумға қол қойылды.
Қызметтік міндеттерді жүргізу кезінде жемқорлық сипатындағы іс-әрекетке және қылмысқа жол бермеу және жемқорлыққа қарсы заңнамаларды қадағалау туралы нұсқаулықтар өткізіледі. Жемқорлық құқық бұзушылық фактілері мен қылмыстары орын алған жоқ.
Ағымдағы жылыту маусымында облыстың жылу-энергетика объектілерінде қазандық агрегаттарының тоқтау оқиғаларына талдау жасалды. 2014 жылғы 01 қазаннан бастап 2015 жылғы 28 наурызға дейін қазандық қондырғыларының тоқтау саны 24 құрады (2013-2014 жылғы ұқсас кезеңде – 60 тоқтау). Тоқтау саны негізінен қыздыру беттерін жөндеу кезінде орын алған, бұл жөндеу кампаниясы кезеңінде сапасыз жөндеу жүргізілгендігін көрсетеді.
«Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы арқылы рұқсаттамалық құжаттар дер кезінде қабылданады және беріледі. Жару жұмыстарын жүргізу құқығына 5 рұқсаттамалық құжат берілді және 2-уінен рұқсаттама беруден бас тартылды.
2015 жылғы 1-ші тоқсанда Павлодар облысының бақылаудағы кәсіпорындарда апаттар мен оқыс оқиғалар тіркелген жоқ.
Есептік кезеңде Департамент тарапынан директивтік құжаттардың орындалуы қажетті көлемде және белгіленген мерзімде жүргізілді, жоғары тұрған ұйымдар тарапынан ескертпелер болған жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Комитеттің СҚО бойынша Департаменті 2015 жылғы бірінші тоқсанда облыстың 3 кәсіпорнында басқа бақылау нысаны бойынша 5 қауіпті өндірістік объектіге тексеріс жүргізілді.
12 жобалық материал қарастырылып, жару жұмыстарын жүргізу 2 рұқсаттама берілді, жеке және заңды тұлғалардың 21 өтініші қарастырылды. Комитеттің басшылығына және жергілікті атқару органдарына 50 ақпарат жолданды.
Қауіпті өндірістік объектілердің құрылысын салу, кеңейту, қалпына келтіру, техникалық қайта жарақтандыру жобасының құрамында өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялау жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Декларацияланған объектілердің жалпы саны 67 кәсіпорынды құрайды.
Қауіпті өндірістік объектілердегі ескірген қондырғыларды ауыстыру кестесіне сәйкес 3 қондырғы ауыстырылды, бұл 100% құрайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Есептік кезеңде облыстың бақылаудағы қауіпті өндірістік объектілерінде апаттар мен мен оқыс оқиғалар тіркелген жоқ.
2015 жылғы 1-ші тоқсанда ҚР ҰҚК ОҚО бойынша Департаментінің хаты бойынша «Шымкентцемент» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеріс қорытындылары бойынша «Шымкентцемент» ЖШС басшылығына ұсыныстар беріліп, ҚР ҰҚКД ақпарат жолданды.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органға бағытталған хабарламалар бойынша объектіге бару арқылы 80 басқа бақылау нысан өткізілді, соның ішінде лицензияланатын қызмет түрлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша – 25, объектілерді қолданысқа енгізу кезінде қабылдау сынамаларын өткізу бойынша – 51, басқалар – 4.
149 қауіпті өндірістік объекті тексерілді, оның ішінде 43 цех, учаске және қазандық, газ шаруашылығы және көтергі қондырғыларының 106 объектісі тексерілді.
Тексеріс қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері мен нормаларын 115 бұзушылық анықталып, олардың 91-і белгіленген мерзімде жойылды. Жеке тұлғаларға жалпы сомасы 37 мың теңгеге 2 айыппұл салынды, айыппұлдар өтелді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері мен нормалары бойынша ТЖЕК мүшелерінің – 17 адамның білімдері тексерілді.
Лицензияланатын қызмет түрлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша лицензиардың 25 сұрауы қарастырылып, оның ішінде 3 объектіге дәлелді бас тарту берілді.
Департамент тарапынан 109 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жару жұмыстарын жүргізуге 5 рұқсаттама берілді, 104 жобалық материал қарастырылды.
Жеке және заңды тұлғалардың 242 өтініші қарастырылды, оларға белгіленген мерзімдерде жауаптар жолданды.
56 ақпарат дайындалып, жолданды, оның ішінде Комитетке - 47, жергілікті әкімдіктерге – 3, басқа мемлекеттік органдарға – 6.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 5 басылым шықты, соның ішінде радиода – 2, баспасөзде – 2, телеарнада – 1.
2015 жылғы 30 наурызда нормативтік қызмет көрсету мерзімін өткерген, ескірген қондырғыларды жаңғырту және ауыстыру сұрақтары бойынша қадағалаудағы кәсіпорын басшыларымен техникалық кеңес өткізілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасау жұмыстары жүргізілді. Мысалы, Департамент тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы 48 ұйыммен Меморандум жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |