Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы «27» сәуірдегі № 284 бұйрығына
29-қосымша
«Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді:
-
көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;
-
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінәі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің орналасқан орны бойынша тіркеу есебіне қою, тіркеу есебінен шығару – уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
салықтық өтінішті:
жеке тұлғалардың салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша тапсыру мерзімі – тұру, пайдалану күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығында салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объектісі бар дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың, заңды тұлғаның шешімі бойынша мүлік салығын, жер салығы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші деп танылған құрылымдық бөлімшелердің тапсыру мерзімі – салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жері бойынша осындай құқықтар туындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
жер учаскесін беру туралы мемлекеттік органдардың актілері негізінде жер салығын төлеуші деп танылған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тапсыру мерзімі – мемлекеттік меншіктен және (немесе) азаматтық-құқықтық мәмілелермен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде жер учаскесі берілген кезде, – қалған жағдайларда, осындай төлеушілердің салықтық өтінішті тапсыру мерзімі – оның негізінде жер учаскесін нақты иелену мен пайдалану құқығы туындайтын құқық белгілейтін құжаттар күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, ХҚКО – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, ХҚКО – 15 (он бес) минут;
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) тіркеу есебіне қою;
2) салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің орналасқан орны бойынша тіркеу есебіне қою болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз тіркелген орны бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жүргізіледі, портал арқылы кезекті электронды брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі нотариалды расталған сенімхат бойынша жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО табыс етеді:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес салықтық өтініш;
мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші деп танылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі үшін – өтінішке құрылымдық бөлімшені дербес төлеуші ретінде тану туралы заңды тұлға шешімінің көшірмесі.
Қызметті берушіге шағымданған кезде, құжаттар пакетін қабылдаған күні мен уақытын көрсетумен, қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.
Пошта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші пошта хабарламасына белгі қояды.
ХҚКО дайын құжаттарды тапсыру, жеке куәлігін көрсетумен (немесе оның өкілі нотариалды расталған сенімхаты бойынша) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатының негізінде жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО жұмыскері көшірмелерді түпнұсқа құжаттармен салыстырып тексереді, содан соң түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы көрсету жағдайында, қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарымен басқасы қарастырылмаған жағдайда, ХҚКО өкілі берген нысаны бойынша ақпараттық жүйелердегі құпия заңына жатқызылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
ХҚКО нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, сонан кейін оны қызметті алушыға әрі қарай сақтауға береді. Қызметті алушы бір ай өткеннен кейін нәтижені талап еткен кезде, бір жұмыс күні ішінде қызметті беруші ХҚКО-на сұрау салу бойынша қызметті алушыға тапсыру үшін ХҚКО-ға дайын құжаттарды жібереді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
ХҚКО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым www.con.gov.kz ХҚКО интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚКО басшысына жіберіледі.
Шағымда:
-
Жеке тұлғаның – тегі мен аты-жөні, пошталық мекенжайы, байланыс телефондары көрсетіледі;
-
Заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс номірі мен күні көрсетіледі.
Шағым қызметті алушымен қол қойылуы қажет.
Қызметті алушының шағымында оның тегі мен аты-жөні, пошталық мекенжайы, күні көрсетілуі қажет.
Қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына, ХҚКО келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Заңнамалық тәртіпте бекітілген толық немесе қабілеттілігін жарым-жартылай немесе мүмкіндігін немесе өздігінен құжат қабылдау, қозғалу, хабардар болу мүмкіндігін жоғалтқан қызмет алушыға ХҚКО қызметкерлерімен 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы мекен жайға шығу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, ХҚКО-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
«Салық салу объектілерінің және (немесе)
салық салуға байланысты объектілердің
орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
«Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |