ҚР-ның «Білім туралы» заңы



бет2/8
Дата22.02.2024
өлшемі35.02 Kb.
#492814
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
1-10 сұрақ

Дидактиканың принциптері

Табиғатпен үйлестіру;
Ізгілік әрекет ұйымдастыру;
Тұтастықты жүзеге асыру;
Демократиялық негізде ұйымдастыру;
Мәдениетпен үйлестіру;
Кәсіптік мақсаттылықты жүзеге асыру.
Оқыту принциптеріне:
оқытудың ғылымилық принципі (оқытылатын ғылымның тілі мен қисыны, бүгінгі күн талабына сай ғылымның негізгі теориялары мен ұғымдарын, ғылымның нақты әдістерін, қоғамдық және табиғи құбылыстардың ғылыми-таным әдістерін);
оқытудың тарихилық принципі (тарихи даму кезеңдерінің сақталуы);
көрнекілік принципі;
Я.А. Коменский бұл принципті “Дидактиканың алтын ережесі” деп атаған. Көрнекілік принциптің құралдары: нақты объект; көлемді құралдар (модель, макет, муляждар және т.б.); көркем сурет (картиналар, фото суреттер, диафильмдер, т.б.); аудио,видио аппараттар және т.б.
жеткіліктілік принципі;
саналылық, белсенділік принципі;
жүйелілік, бірізділік принципі;
өмірмен байланыстылық принципі;
Оқыту заңдары мен заңдылықтарына сәйкес оның принциптері түзеледі. Олардың бірлікте қарастырылуы мен іске асырылуы оқытудың тиімділігін арттырады және нәтижеге алып келеді.

  1. Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары

Әдіс деген сөз гректің “metodos” деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Әдіс
Мақсатқа қол жеткізетін жол,тәсіл, белгі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет. Оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл амалдары

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.


Оқыту құралдары – білім алудың, іскерліктерді қалыптастырудың көзі, сонымен қатар оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға арнайы әзірленген материалдық заттар, құралдар, құрылғылар.

Оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары – деген пікір айтылады. Оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі,


оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары. Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

Оқыту әдістерінің тобы: сөздік, көрнекілік, проблемалық-ізденістік, практикалық, репродуктивті, индуктивті және дедуктивті, проблемалық-ізденістік. Оқу танымдық іс әрекеттерді ынталандыру

Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер бойынша):
Түсіндірмелі, хабарлау әдісі, репродуктивтік әдіс, проблемалық баяндау әдісі, эвристикалық әдіс.

Тұтас педагогикалық әрекеттердің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):


оқу-танымдық, әрекеттерді ұйымдастыру, оқуға, ынталандыру, оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет