ҚР-ның «Білім туралы» заңы (2021.08.08 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері (2019.23.03 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР-нда білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
ҚР-ның білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама
Дидактиканың объекті, пәні, қызметі және міндеттері
Дидактика – зерттеу объектісі оқыту процестері болып табылатын, мақсаты оқушының өзі қайта жасай алатын мәдени мұраны өту арқылы оны тұтас қалыптастыру болып табылатын теориялық-практикалық сипаттағы педагогикалық саланың пәні.
Дидактиканың ғылым ретіндегі объектісі оқыту-оқыту процесінің күрделі және өзгермелі динамикасын және оның дербестендірілген агенттері (мұғалім мен студенттер) арасында қалыптасатын және дамытылатын диалектикалық, тұлғалық, топтық және ұжымдық қатынастарды кең, инклюзивті түрде зерттеу болып табылады.
Дидактиканың зерттейтін пәні – ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері. Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастырады.
Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я.А. Каменский бойынша) – денег сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері: оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу; оқытудың білімділік мазмұнын анықтау; оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу; оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау.
Дидактиканың категориялары
Білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері, мазмұны, түрлері әдістері, құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика – үнемі дамып, өркендеп отыратын сала. Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір талаптарын орындап, уақыт мәресінен шығу мүмкін емс. Оқыту туралы ол «өтеді», ол «жүзеге асырылады» және «іске осады», ол адамға белгілі бір «білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың берілуі», ол сендай –ақ оқушының білім алу мәселесі«шешілетін оқытушы мен оқушылардың мақсаты бағытталған өзара әрекеті», деп көп айтылып та, жазылып та жүр. Ол оқушылардың ғылыми білімдер мен дағдыларды меңгеруіне, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымын және адамгершілік – этикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға, оқу танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |