ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов
Словак Республикасына сапармен барды
2015 ж. 23 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Мемлекет басшысының арнайы уәкілі ретінде Словак Республикасына сапармен барды. Сапар мақсаты – 2017-2018 жж. Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету, сондай-ақ екі ел арасындағы парламентаралық өзара әрекеттестіктің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылау.
Сапар шеңберінде Қ. Сұлтанов СР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ян Шотпен (Ján Šoth), СР Ұлттық Кеңесі төрағасының орынбасары Мирослав Чижбен (Miroslav Číž) және «Словакия – Қазақстан, Беларусь, Молдова, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия» Парламенттік достық тобының басшысы Роберт Мадеймен (Róbert Madej) кездесулері болып өтті.
СР Президенті Әкімшілігінің басшысымен болған сұхбат барысында Қ. Сұлтанов Словак Республикасының Президенті Андрей Кисканың (Andrej Kiska) атына 2016 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауында Қазақстанның ұсынымын қолдау жөніндегі ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жолдауын табыс етті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың саяси және экономикалық салаларда даму болашағын талқыға салды.
Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдардың ұқсастығы белгіленіп, екі мемлекет арасындағы әлеуетті ескере отырып, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігі баса айтылды.
Қазақстандық депутат заң шығару орындарының өкілдерімен кездесуінде өзара әріптестікті жылжытуда негізгі құралдар болып табылатын парламенттік комитеттер және достық топтар арқылы парламентаралық сұхбатты жандандыру маңыздылығы атап өтті.
Депутат Мажилиса Парламента РК К. Султанов
посетил с визитом Словакию
23 февраля с.г. состоялся визит депутата Мажилиса Парламента РК Куаныша Султанова в Словацкую Республику в качестве Специального посланника Главы государства. Основная цель визита - продвижение кандидатуры Казахстана в непостоянные члены Совета Безопасности ООН на 2017-2018 гг., а также обсуждение состояния и перспектив межпарламентского взаимодействия между странами.
В рамках программы визита в Братиславу состоялись его встречи с Руководителем Администрации Президента СР Яном Шотом, Заместителем Председателя Национального Совета СР Мирославом Чижом и Руководителем Парламентской группы дружбы «Словакия – Казахстан, Беларусь, Молдова, Армения, Азербайджан, Кыргызстан, Узбекистан, Таджикистан, Грузия» Робертом Мадеем.
В ходе беседы с главой Президентской администрации СР К. Султанов вручил Послание Президента РК Н.А. Назарбаева, адресованное Президенту Словацкой Республики Андрею Киски о поддержке казахстанской заявки на место непостоянного члена СБ ООН в 2017-2018 гг. Собеседники обсудили перспективы развития двусторонних отношений в политической и экономической областях. Было отмечено совпадение подходов по многим актуальным вопросоам региональной и международной политики. Также подчеркнута необходимость активизации торгового и инвестиционного сотрудничества с учетом имеющегося потенциала обеих стран.
На встрече К. Султанова с представителями законодательного органа Словакии была подчеркнута важность наращивания межпарламентского диалога, в том числе по линии парламентских комитетов и групп дружбы, которые являются важными инструментами продвижения взаимного партнерства.
Достарыңызбен бөлісу: |