Қр сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Түркия Республикасына ресми сапар жасады



Дата08.07.2016
өлшемі32.3 Kb.
#184728


ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов

Түркия Республикасына ресми сапар жасады
Ү.ж. 28-29 желтоқсанда Қазақстан Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Түркияда ресми сапармен болды.

Қазақстан сыртқы саяси мекемесінің басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоганның қабылдауында болып, Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесіп, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы біріккен Стратегиялық жоспарлау тобының екінші отырысына қатысты.

Министр Е. Ыдырысовтың Президент Р. Эрдоганмен кездесуі барысында Түркия басшысының Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысуы үшін алдағы Қазақстанға сапары талқыланды.

Екі ел сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында кең ауқымды мәселелер бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағы қарастырылды.

Келіссөздер қатысушылары Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық даму екпініне қанағат білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтағы серіктестікті одан әрі нығайтуға екі жақты бірдей ықыласын атап өтті. Астана мен Анкараның өңірлік және жаһанды саясаттағы рөлдерінің өсуі және мұсылман, түркі әлемінде беделдерінің артуы атап өтілді.

Сұхбат барысында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесіне дайындық талқыланды. Түрік тарапы бұл халықаралық іс-шараны өткізуге барынша қолдайтынын білдірді.

Қазақстан мен Түркия СІМ басшылары өзара диалогты жалғастырып, екіжақты қатынстардың барша мәселелерін бауырластық пен стратегиялық серіктестік қағидаларының негізінде шешу ниеттерін білдірді.

СЖБТ екінші отырысының барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастар күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша өзара пікір алмасты. Атап айтқанда, тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, әскери-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдар өзара салыстырылды.

СЖБТ отырысы өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамыту мен тереңдетудің әлеуетін көрсетті.

Е.Ыдырысовтың, сонымен қатар, Түркия Әділет министрі Б.Боздагпен кездесуі өтті. Оның барысында құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды.




Состоялся визит Министра иностранных дел РК Е.Идрисова в Турцию

28-29 декабря 2014 года состоялся официальный визит Министра иностранных дел Казахстана Е.Идрисова в Турцию.

Глава внешнеполитического ведомства Казахстана получил аудиенцию у Президента Турции Реджепа Эрдогана, провел переговоры с Министром иностранных дел Мевлютом Чавушоглу, а также принял участие во втором заседании Совместной группы стратегического планирования между Республикой Казахстан и Турецкой Республикой.

В ходе встречи Министра Е.Идрисова с Президентом Р. Эрдоганом был обсужден предстоящий официальный визит главы турецкого государства в Казахстан для участия во втором заседании Совета стратегического сотрудничества высокого уровня между Республикой Казахстан и Турецкой Республикой.

В ходе встречи министров иностранных дел двух стран были рассмотрены состояние и перспективы двустороннего и многостороннего сотрудничества по широкому спектру вопросов.

Участники переговоров выразили глубокое удовлетворение темпами развития сотрудничества между Казахстаном и Турцией, подчеркнув обоюдное стремление к дальнейшему укреплению партнерства в двустороннем и многостороннем форматах. Была отмечена возросшая роль Астаны и Анкары в региональной и глобальной политике, а также авторитет двух стран в мусульманском и тюркском мире.

Во время беседы была затронута тема подготовки Казахстана к всемирной выставке «ЭКСПО-2017», которая пройдет в Астане. Турецкая сторона выразила готовность к оказанию всяческой поддержки в проведении этого международного мероприятия.

Главы МИД Казахстана и Турции выразили намерение продолжать диалог и последовательно решать все вопросы двусторонних отношений на основе принципов братства и стратегического партнерства.

В ходе второго заседания СГСП стороны обменялись мнениями по актуальным вопросам повестки дня отношений между двумя странами. В частности, стороны обсудили вопросы развития политического, торгово-экономического, инвестиционного, военно-технического и культурно-гуманитарного сотрудничества, взаимодействия в сфере безопасности. Были сверены также позиции по актуальным вопросам международной политики.

Заседание СГСП продемонстрировало большой потенциал дальнейшего углубления и развития взаимовыгодных связей.



Кроме того, состоялась встреча с Министром юстиции Турции Б. Боздагом, на которой были обсуждены вопросы двустороннего сотрудничества в правовой сфере.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет