Қр сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Ашықбаев Америка мемлекеттері Ұйымы Бас Ассамблеясының жұмысына қатысты



Дата21.06.2016
өлшемі28.93 Kb.
#152446
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев Америка мемлекеттері Ұйымы Бас Ассамблеясының жұмысына қатысты
2014 жылғы 2-4 маусым аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев бастаған қазақстандық делегация Парагвай астанасы – Асунсьонда өтіп жатқан Америка мемлекеттері Ұйымы 44-ші Бас Ассамблеясының (АМҰ БА) жұмысына қатысты.

АМҰ – америка континетінің 35 мемлекетін біріктіретін ірі аймақтық ұйым. Қазақстан 1996 жылдан бері Ұйымның тұрақты бақылаушысы болып табылады.

Іс-шараның ашылу күні қазақстандық делегация басшысы Парагвай Сыртқы істер министрінің орынбасары Ф.Гонсалеспен кездесті. Әңгімелесуші тараптар біздің елдеріміздің халықаралық күн тәртібінің, соның ішінде теңізге шығатын жолы жоқ мемлекеттер тобымен бірлескен жұмыс аясындағы бірқатар мәселелері бойынша ұстанымдарымыздың жақындығын растады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Е.Ашықбаев пен Ф.Гонсалес саяси кеңестер орнату туралы Меморандумға қол қойып, біздің елдеріміз арасында визалық режимді жеңілдету жөніндегі Келісім орнату жөнінде жұмыстарыды бастауға уағдаласты.

АМҰ Бас хатшысы Х.Инсульспен кездесуі барысында тараптар ҚР мен Ұйым арасындағы өзара ықпалдастықтың соңғы жылдары белсендене түскенін атап өтіп, әрі қарай ынтымақтастықты нығайту бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ, Х.Инсульса жақын уақытта Астанаға келуге қызығушылық танытты.

Америка мемлекеттері Ұйымының мүше мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің алдында сөйлеген сөзінде қазақстандық делегация басшысы Қазақстанның аймақтағы елдермен байланыстарының іс жүзінде нығаю болашағы жайында айтып берді.

Жалпы, Бас Ассамблея алаңында Е.Ашықбаев АМҰ мүше мемлекеттері делегацияларының басшыларымен 25 кездесу өткізді, атап айтқанда Мексика, Доминикандық Республика, Эквадор, Уругвай, Коста-Рика, Багам, Ямайка, Колумбия, Гренада, Гайана, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадин, Никарагуа, Суринама және т.б. мемлекеттердің делегация басшыларымен кездесті. Саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстан кандидатурасын 2017-2018 ж.ж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне тарту, сонымен қатар Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерімен визалық режимді жеңілдету күн тәртібінің негізгі мәселелеріне айналды.




Казахстан принял участие в работе Генеральной Ассамблеи Организации американских государств
2-4 июня 2014г. казахстанская делегация во главе с Заместителем министра иностранных дел Ержаном Ашикбаевым приняла участие в работе 44-ой Генеральной Ассамблеи Организации американских государств (ГА ОАГ), проходящей в столице Парагвая – Асунсьоне.

ОАГ – крупнейшая региональная структура, объединяющая все 35 стран американского континента. Казахстан является постоянным наблюдателем в Организации с 1996 года.

В день открытия мероприятия глава казахстанской делегации встретился с Заместителем министра иностранных дел Парагвая Ф.Гонсалесом. Собеседники подтвердили близкие позиции наших стран по многим вопросам международной повестки, в том числе в рамках совместной работы в группе стран, не имеющих выхода к морю. По итогам переговоров Е.Ашикбаев и Ф.Гонсалес подписали Меморандум об установлении политических консультаций и договорились начать работу по заключению Соглашения о либерализации визового режима между нашими странами.

В ходе встречи с Генеральными секретарем ОАГ Х.Инсульсой стороны отметили активизацию взаимодействия между РК и Организацией за последние годы и наметили направления дальнейшего сотрудничества. Х.Инсульса также выразил заинтересованность посетить Астану в ближайшее время.



В своем выступлении перед министрами иностранных дел государств-членов Организации американских государств глава казахстанской делегации рассказал о практических перспективах укрепления связей РК со странами региона.

В целом, на полях Генассамблеи Е.Ашикбаев провел 25 встреч с главами делегаций государств-членов ОАГ, в частности, Мексики, Доминиканской Республики, Эквадора, Уругвая, Коста-Рики, Багам, Ямайки, Колумбии, Гренады, Гайаны, Сент-Люсии, Сент-Винсент и Гренадин, Никарагуа, Суринама и др. Ключевыми вопросами повестки стали расширение политического и торгово-экономического сотрудничества, продвижение кандидатуры РК в непостоянные члены Совета безопасности ООН на 2017-2018 года, а также либерализация визового режима со странами Латинской Америки и Карибского бассейна.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет