5.7 Буып–түю және таңбалау
Өрттен қорғау құралдарының буып – түю және таңбалау «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Лак-бояу материалдар мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі және олардың дұрыс түсірілуіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, сондай-ақ ГОСТ 26871, ГОСТ 9980.3 және ГОСТ 9980.4 талаптарына сәйкес келуге тиіс.
6 Қауіпсіздік талаптары
6.1 Өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғау жабынын сынау және пайдалану, өрттен қорғалып өңделуін дайындау және өткізу кезеңінде «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Лак-бояу материалдар мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, сондай-ақ ҚР СТ 12.0.002, ГОСТ 12.0.004, ГОСТ 12.0.230, ГОСТ 12.1.004, ГОСТ 12.1.007 және ГОСТ 12.2.003 белгіленген қауіпсіздік талаптары сақталуға тиіс.
6.2 Ұсынылған өрттен қорғау құралдарын сынау үшін санитарлық – эпидемиологиялық сараптама негізінде Қазақстан Республикасының санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік органдарының белгіленген үлгідегі гигиеналық қорытынды, сондай-ақ ҚР СТ 1185 және ГОСТ 30333 талаптарына сәйкес келетін қауіпсіздік паспорты болуға тиіс.
6.3 Өрттен қорғау құралдарының адам ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша ГОСТ 12.1.007 бойынша қауіптіліктің 3-класынан аспауға тиіс.
6.4 Өрттен қорғау құралдары адам ағзасына канцерогенді және мутагенді әсер көрсетпеуге тиіс.
6.5 Өрттен қорғалып өңделуді өткізу бойынша және өрттен қорғау құралдарын сынау жұмыстарын:
- ГОСТ 12.0.004 және ГОСТ 12.0.230 бойынша қауіпсіз еңбек нұсқаулықтарын және әдістерін;
- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіпте медициналық бақылаудан өткен тұлғалар өткізеді.
6.6 Өрттен қорғап өңдеу жүргізуге қатысатын барлық жұмыскерлер ГОСТ 12.4.011 бойынша жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге тиіс.
6.7 Өрттен қорғау жұмыстарын өткізу және сынау орындарына «Өндірістік объектілерде сигнал түстеріне, белгілерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін сақтандыру белгілері белгіленуге тиіс.
6.8 Сынақ өткізілетін ғимарат ГОСТ 12.4.021 бойынша сорып –шығаратын желдеткіштермен, ҚР СНжЕ 2.04-05 талаптарына сәйкес жарықтандыру және ҚР СНжЕ 4.02-42 талаптарына сәйкес жылыту жүйесімен жабдықталуға тиіс.
7 Қоршаған ортаны қорғау талаптары
7.1 Өрттен қорғау құралдарының қалдығы, сондай-ақ жарамсыз арнайы киімдер мен жеке қорғау құралдары топырақта және ыдыста зиянды заттардың жуылуы болмайтын жерде кәдеге асыруға тиіс.
7.2 Өрттен қорғалып өңделу үшін қолданылатын жабдықты жуу кезінде өрттен қорғау құралдарының қалдықтарын шаруашылық – ауыз су ретінде тұтынатын ыдыстарға құюға болмайды.
8 Қабылдау ережесі
8.1 Өрттен қорғау құралдарын қабылдау ережелері ГОСТ 26871 және ГОСТ 9980.1 талаптарына сәйкес келуге тиіс.
8.2 Өрттен қорғау құралдары мына сынақ түрлеріне өтуге тиіс:
- қабылдау;
- біліктілік;
- қабылдау - тапсыру;
- кезеңді;
- типтік;
- сертификаттық.
8.3 Қабылдау сынақтары өнімнің топтама үлгілеріне өткізіледі. Қабылдау сынағын өткізу көлемі мен әдістемесі дайындаушы–кәсіпорын және өнімді дайындаушы әзірлейді.
8.4 Біліктілік сынақтар өнімді шығаруға кәсіпорынның дайындығын анықтау мақсатында алғашқы өнеркәсіптік топтаманың өнім үлгілеріне өткізіледі.
8.5 Қабылдау – тапсыру сынақтарынан нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына өнімнің сәйкестігін анықтау мақсатында өрттен қорғау құралының нақты түрі өтеді.
Қабылдау–тапсыру сынақтары дайындаушы – кәсіпорынның техникалық бақылау қызметінің мамандары жүргізеді.
8.6 Кезеңді сынақтар өнімнің сапа тұрақтылығын бақылау және оның бұдан әрі шығарылу мүмкіндігін бақылау мақсатында қабылдау–тапсыру сынағынан өткен үлгілерде жылына кемінде бір рет өткізіледі.
Кезеңді сынақты жүргізу көлемі мен әдістемесін дайындаушы – кәсіпорын және өнімді дайындаушы әзірлейді.
8.7 Типтік сынақтар кезеңді сынақ бағдарламасы бойынша өрттен қорғау құралдарының өндіру технологиясын өзгерту және шикізатты ауыстыру кезінде тоқсанына кемінде бір рет өткізеді.
8.8 Сертификаттау сынағынан оның осы стандарт, өрттен қорғау құралының нақты түрлеріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында өрттен қорғау құралының нақты түрлері өтеді.
Сертификаттау сынақтары Қазақстан Республикасы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген меншік нысанына қарамастан сынақ зертханалары өткізуге тиіс.
Сынақ нәтижелері сынақ хаттамасымен рәсімделеді. Хаттама нысаны құрамы бойынша ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 (5.10 тармағы) талаптарына сәйкес келуге тиіс.
8.9 Өрттен қорғау құралдары сынағының басқа да түрлері дайындаушы – кәсіпорын және өнімді дайындаушы әзірлеген бағдарлама бойынша дайындаушы – кәсіпорын ГОСТ 16504 талаптарына сәйкес өткізіледі.
8.10 Өрттен қорғау құралдарының қабылдау–тапсыру, типтік және сертификаттау сынағын өткізу көлемі В қосымшасының В.1 кестесіне сәйкес қабылданады.
8.11 Сынақтардың қандай да бір түрі бойынша кері нәтиже алған жағдайда табылған ақаулардың себептері анықталғанша немесе жойылғанға дейін сынақ тоқтатылады, содан кейін сынақ толық көлемде қайтадан өткізіледі.
Қайталау сынағы нәтижелері түпкілікті болып табылады.
9 Сынақ әдістері
9.1 Сынау шарттары
Сынақтар ГОСТ 15150 (3.15 тармағы) талаптарына сәйкес келетін қалыпты климаттық жағдайы болатын ғимараттарда өткізілуге тиіс.
9.2 Сынау құралдары
9.2.1 Сынақ кезінде қолданылатын өлшеу құралдары ҚР СТ 2.21 сәйкес типін бекіту туралы сертификат немесе ҚР СТ 2.30 сәйкес метрологиялық аттестация болуға тиіс және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету тізілімінде тіркелуге және ҚР СТ 2.4 сәйкес салыстырып тексерілуге тиіс.
9.2.2 Қалыпты сыртқы әсер ету факторлар және (немесе) жүктемелерді шығаратын сынақ жабдығы ҚР СТ 2.75 сәйкес аттестатталуға тиіс.
9.2.3 Сынақты өткізу үшін ұқсас техникалық және метрологиялық сипаттамалары бар және қалыпты сыртқы әсер ету факторлар және (немесе) жүктемелерді шығаратын, 9.2.1 және 9.2.2 талаптарына сәйкес келетін, осы стандартта келтірілмеген сынақ құралдарын қолдануға рұқсат етіледі.
9.3 Үлгілерді іріктеу
Сынақты өткізуге қажетті өрттен қорғау құралдарының үлгілерін іріктеу «Сәйкестікті растау процедуралары» техникалық регламенті, ГОСТ 23789 (2 тармағы) және ГОСТ 9980.2 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
9.4 Сынақты өткізу
9.4.1 Өрттен қорғау құралдарының өрттен қорғау тиімділігін анықтау бойынша сынақ (қалыпты сынақтар)
9.4.1.1 Сынау әдісінің мәні
Сынау әдісінің мәні өрттен қорғау жабынды кіші габаритті стерженьді құрылыс құрастырылымынан оның шекті жағдайына түскенге дейінгі уақытты анықтауда.
9.4.1.2 Сынау құралдары:
- кіші габаритті стерженьді құрылыс құрастырылымының өрт сынақтарына арналған қондырғы;
- үлгі қондырғысына арналған жабдықтар;
- ГОСТ 8239 бойынша № 20 профилі немесе ГОСТ 26020 бойынша № 21 профилінің екі таңбалы қимасының болат бағаналары;
- ГОСТ 6616 бойынша рұқсаттама класы 2 болатын термоэлектрлік түрлендіргіштер;
- өлшеу қателігі 0,1 мм артық емес қалыңдық өлшегіш;
- 1 сағ бойы өлшеу қателігі 10 с артық емес секунд өлшегіш;
- шыны сынапты термометр ГОСТ 13646 бойынша ;
- металл өлшеу рулеткасы ГОСТ 7502 бойынша;
- тұрмыстық газ ГОСТ 20448 бойынша;
- параметрлерді өлшеу және тіркеу жүйесі ГОСТ 30247.0 және ГОСТ 30247.1 бойынша.
Кіші габаритті стерженьді құрылыс құрастырылымының от сынақтарын жүргізуге арналған құрылғының сызбанұсқасы Г қосымшасының Г.1 суретіне сәйкес қабылданады.
9.4.1.3 Сынақты өткізуге дайындық
Сынақтан 4 а) – д) бойынша нақты түрлер өрттен қорғау құралымен өңделген өрттен қорғау жабыны өтеді.
Сынақты өткізу үшін екі бірдей үлгі дайындалады. .
Өрттен қорғау құралы түсірілетін (құрастырылатын) үлгілер ретінде екі таңбалы қималы болат бағаналар пайдаланылады.
Үлгі биіктігі (1,70 ± 0,01) м болуға тиіс.
Болат баған металының қалыңдығы әрбір сынақ алдында тікелей анықталады.
Өрттен қорғау құралы өрттен қорғау құралының нақты түріне (болат үлгілерінің бетін тазалау, топырақ типі, түсірілетін қабаттың қалыңдығы) арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамаға сәйкес үлгілерге түсіріледі (құрастырылады).
4 а), б) немесе в) бойынша өрттен қорғау құралдарын қолдану кезінде өрттен қорғау құралдарының үлгілеріне түсірілген негізгі қалыңдығын бақылау өлшеуі жүргізеді.
4 г) бойынша өрттен қорғау құралдарын қолдану кезінде өрттен қорғау жабындарының қалыңдығын өлшеу үлгі биіктігі бойынша қадамы 0,5 м артық емес қыздырылатын екі таңба бетінің периметрі бойынша кемінде он нүктеде жүргізіледі.
Өрттен қорғау жабындарының қалыңдығы өлшеу қателігі 0,1 мм артық емес қалыңдық өлшегіш көмегімен анықталады.
Нәтиже ретінде барлық өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні қабылданады, бұл ретте орташа арифметикалық мәні S(X), %, өлшеу нәтижелерінен 20 % аспауға тиіс.
Өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық мәнін анықтауды бағалау және мысалдары Д қосымшасына сәйкес қабылданады.
4 а), және б) бойынша өрттен қорғау құралдарымен өрттен қорғалып өңделу нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындарының қалыңдығын анықтау кезінде өлшеу қателігі 0,1 мм аспауға тиіс.
4 в), және г) бойынша өрттен қорғау құралдарымен өрттен қорғалып өңделу нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындарының қалыңдығын анықтау кезінде өлшеу қателігі 1,0 мм аспауға тиіс.
Термоэлектрлік түрлендіргіштер сынаққа арналған үлгіге және пеште орнатылады.
Термоэлектрлік түрлендіргіштер сынаққа арналған үлгіге үш данада тығыздау әдісімен белгіленеді: үлгінің ортаңғы қимасында екі таңбаның ортасына және екі таңба сөрелерінің ішкі бетіне орналастырылады.
Үлгі бетіне ортаңғы қимасында термоэлектрлік түрлендіргіштерді орналастыру сызбанұсқасы Г қосымшасының Г.2 суретіне сәйкес қабылданады
Жылу беру және сұйылту (газ) жүйесі, параметрлерді өлшеу мен тіркеу, сондай-ақ пеште үлгілерді орналастыру жүйесінің жұмыс істеу қабілеттілігін тексереді.
Жанармай (газ) сұйылту жүйесі реттелуге тиіс.
9.4.1.4 Сынақты өткізу
Сынақтар 1 °C бастап 40 °C дейін қоршаған орта температурасы кезінде және егер құрастырылымды қолдану шарттары басқа да сынақ шарттарын қажет етпейтін жағдайда, ауаның жылжу жылдамдығы 0,5 м/с артық емес болғанда өткізіледі.
Сынақтар үлгінің екі таңба қимасының болат бағанының шекті жағдайы түскенге дейін төрт жақты жылу әсеріне үлгілерде статикалық жүктеусіз жүргізіледі.
Ескертпе Шекті жағдай ретінде 500 °С тең (үш термоэлектрлік түрлендіргіш көрсеткіштер бойынша орташа мәні) сыни температурасы үлгісінің екі таңбалы қимасының болат бағаналарының жетуі қабылданады.
Сынақ процесіне мыналар тіркеледі:
- үлгінің шекті жағдайының түсу уақыты;
- пештегі температураның өзгеруі ГОСТ 30247.0 және ГОСТ 30247.1 бойынша;
- өрттен қорғау жабынының жағдайы (ісіну, көмірлену, қатпарлану, сызат пайда болу, түтін бөлінуі, өнімнің жануы);
- үлгінің екі таңба қимасының болат бағанасының өзгеруі.
Ескертпе Үлгінің екі таңба қимасының болат бағанасының температурасы үш термоэлектрлік түрлендіргіштер көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады.
9.4.1.5 Сынақ нәтижелері
Бір үлгінің сынақ нәтижесі ретінде осы үлгінің шекті жағдайы түскенге дейінгі уақыт (минутпен) қабылданады.
Өрттен қорғау құралдарының өрттен қорғау тиімділігі екі үлгінің сынақ нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні анықталады, бұл ретте үлгілердің сынақ нәтижелерінің максималды және минималды мәндері 20 % (үлкен мәнінен) артық бір бірінен ерекшеленбеуге тиіс.
Егер сынақ нәтижелерінің мәндері 20 % артық бір бірінен ерекшеленсе, қосымша сынақ өткізіледі, ал өрттен қорғау тиімділігі осы жағдайда екі кіші мәндердің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады.
Егер өрттен қорғау тиімділігі 5.3.1 және 5.3.2 талаптарына сәйкес анықталса, өрттен қорғау құралы сынақтан өтті деп саналады.
9.4.1.6 Сынақ нәтижелерін рәсімдеу
Сынақ нәтижелері сынақ хаттамасымен рәсімделеді, оның нысаны Е қосымшасында келтірілген.
9.4.2 Өрттен қорғау құралдарының өрттен қорғау тиімділігін анықтау бойынша сынақтар (жылдамдатылған сынақтар)
9.4.2.1 Сынақ әдісінің мәні
Сынау әдісінің мәні өрттен қорғау жабынды кіші габаритті фрагментті жалпақ құрылыс құрастырылымының үлгілеріне жылу әсерінен бастап оның шекті жағдайына түскенге дейінгі уақытты анықтауда.
Өрттен қорғау құралдарының жылдамдатылған сынақтары өндіріс процесінде болатын өрттен қорғау құралдарының өрттен қорғау тиімділігін анықтау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі рыногына ірі мөлшерде жеткізу кезінде өткізіледі (ауданы 1 мың м2 артық металл құрастырылымы беті үшін өрттен қорғау құралдарының қажет етілетін салмағы есебінен).
9.4.2.2 Сынау құралдары:
- кіші габариттік фрагментті жалпақ құрылыс құрастырылымын және жеке тораптарын, олардың түйіспелері мен бекітпелерін жылу физикалық зерттеуге және сынауға арналған құрылғы;
- ГОСТ 6616 бойынша рұқсаттама класы 2 болатын термоэлектрлік түрлендіргіштер;
- өлшеу қателігі 0,1 мм артық емес қалыңдық өлшегіш;
- 1 сағ бойы өлшеу қателігі 10 с артық емес секунд өлшегіш;
- шыны сынапты термометр ГОСТ 13646 бойынша ;
- металл өлшеу сызғышы ГОСТ 427 бойынша;
- тұрмыстық газ ГОСТ 20448 бойынша;
- параметрлерді өлшеу және тіркеу жүйесі ГОСТ 30247.0 және ГОСТ 30247.1 бойынша.
Кіші габариттік фрагментті жалпақ құрылыс құрастырылымын және жеке тораптарын, олардың түйіспелері мен бекітпелерін жылу физикалық зерттеуге және сынауға арналған құрылғы сызбанұсқасы Ж қосымшасының Ж.1 суретіне сәйкес қабылданады.
9.4.2.3 Сынақ өткізуге дайындау
Сынақтан 4 а) – в) бойынша нақты түрлер өрттен қорғау құралымен өңделген өрттен қорғау жабыны өтеді.
Сынақты өткізу үшін екі бірдей үлгі дайындалады.
Өрттен қорғау құралы түсірілетін (құрастырылатын) үлгілер ретінде өлшемі 600 мм × 600 мм × 5 мм болатын болат пластина пайдаланылады.
Болат пластинаның рұқсат етілетін ауытқулары мынадай болуға тиіс:
- ені және ұзындығы бойынша ± 5 мм артық емес;
- қалыңдығы бойынша ± 0,5 мм артық емес.
Болат пластинаның қалыңдығы әрбір сынақ алдында тікелей анықталады.
Өрттен қорғау құралы өрттен қорғау құралының нақты түріне (болат үлгілерінің бетін тазалау, топырақ типі, түсірілетін қабаттың қалыңдығы) арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттамаға сәйкес үлгілерге түсіріледі (құрастырылады).
Өрттен қорғау құралдары үлгілеріне түсірілген негізгі қалыңдығын бақылау өлшеуі жүргізіледі.
4 а), б) немесе в) бойынша өрттен қорғау құралдарын қолдану кезінде өрттен қорғау құралдарының үлгілеріне түсірілген негізгі қалыңдығын бақылау өлшеуі жүргізеді.
4 г) бойынша өрттен қорғау құралдарын қолдану кезінде өрттен қорғау жабындарының қалыңдығын өлшеу үлгі биіктігі бойынша қадамы 0,5 м артық емес қыздырылатын екі таңба бетінің периметрі бойынша кемінде он нүктеде жүргізіледі.
Өрттен қорғау жабындарының қалыңдығы өлшеу қателігі 0,1 мм артық емес қалыңдық өлшегіш көмегімен анықталады.
Нәтиже ретінде барлық өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні қабылданады, бұл ретте орташа арифметикалық мәні S(X), %, өлшеу нәтижелерінен 20 % аспауға тиіс.
Өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық мәнін анықтауды бағалау және мысалдар Д қосымшасына сәйкес қабылданады.
4 а) және б) бойынша өрттен қорғау құралдарымен өрттен қорғалып өңделу нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындарының қалыңдығын анықтау кезінде өлшеу қателігі 0,1 мм аспауға тиіс.
4 в) бойынша өрттен қорғау құралдарымен өрттен қорғалып өңделу нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабындарының қалыңдығын анықтау кезінде өлшеу қателігі 1,0 мм аспауға тиіс.
Термоэлектрлік түрлендіргіштер:
-
екі данада өрттен қорғау жабынды жылытылатын үлгінің бетінен (100 ± 2) мм қашықтықта сынауға арналған пеште;
- үш данада тығыздау әдісімен өрттен қорғау жабыны болмайтын үлгінің қыздырылмайтын бетіне, бұл ретте бір термоэлектрлік түрлендіргіш үлгінің ортасына орнатылады, ал басқалары ортадан (200 ± 5) мм қашықтықта диагональ бойынша орнатылады.
Термоэлектрлік түрлендіргіштері болатын үлгілердің қыздырылмайтын бетіне термикалық кедергі 1,9 (м2 · °С/Вт) кем емес және қалыңдығы 100 мм кем емес, жылу оқшаулаушы материалдар салынады.
Жылу беру және сұйылту (газ) жүйесі, параметрлерді өлшеу мен тіркеу, сондай-ақ пеште үлгілерді орналастыру жүйесінің жұмыс істеу қабілеттілігін тексереді.
Жанармай (газ) сұйылту жүйесі реттелуге тиіс.
9.4.2.4 Сынақты өткізу
Сынақтар егер құрастырылымды қолдану шарттары сынақтың басқа шарттарын қажет етпесе, 1 °C - 40 °C дейінгі қоршаған орта температурасында және 0,5 м/с аспайтын ауа қозғалысы жылдамдығы кезінде өткізіледі.
Сынақтар тәжірибелі үлгінің шекті жағдайына түскенге дейін өткізіледі.
Ескертпе Шекті жағдай ретінде 500 °С тең (үш термоэлектрлік түрлендіргіш көрсеткіштер бойынша орташа мәні) сыни температурасы үлгісінің болат пластинаның жетуі қабылданады.
Сынақ процесіне мыналар тіркеледі:
- үлгінің шекті жағдайының түсу уақыты;
- пештегі температураның өзгеруі ГОСТ 30247.0 және ГОСТ 30247.1 бойынша;
- өрттен қорғау жабынының жағдайы (ісіну, көмірлену, қатпарлану, сызат пайда болу, түтін бөлінуі, өнімнің жануы);
- үлгінің болат пластинасының жылынбайтын бетінің температурасының өзгеруі.
Ескертпе Үлгінің болат пластинасының жылытылмайтын бетіндегі температура үш термоэлектрлік түрлендіргіштер көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады.
9.4.2.5 Сынақ нәтижелері
Бір үлгінің сынақ нәтижесі ретінде осы үлгінің шекті жағдайы түскенге дейінгі уақыт (минутпен) қабылданады.
Өрттен қорғау құралдарының өрттен қорғау тиімділігі екі үлгінің сынақ нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні анықталады, бұл ретте үлгілердің сынақ нәтижелерінің максималды және минималды мәндері 20 % (үлкен мәнінен) артық бір бірінен ерекшеленбеуге тиіс. Егер сынақ нәтижелерінің мәндері 20 % артық бір бірінен ерекшеленсе, қосымша сынақ өткізіледі, ал өрттен қорғау тиімділігі осы жағдайда екі кіші мәндердің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады.
Егер өрттен қорғау тиімділігі 5.3.1 және 5.3.2 талаптарына сәйкес анықталса, өрттен қорғау құралы сынақтан өтті деп саналады.
9.4.2.6 Сынақ нәтижелерін рәсімдеу
Сынақ нәтижелері сынақ хаттамасымен рәсімделеді, оның нысаны Е қосымшасында келтірілген.
9.4.3 Өрттен қорғау жабынының гигроскопиялығын анықтау бойынша сынақтар
9.4.3.1 Сынау әдісінің мәні
Сынау әдісінің мәні өрттен қорғау объектісінің өрттен қорғалып өңделуі нәтижесінде алынған өрттен қорғау жабынының ылғалдың сіңіруіне төзімділігін анықтауда.
9.4.3.2 Сынау құралдары:
- таразылар (дәлдіктің ІІІ класы) ГОСТ 29329 бойынша;
- 1 сағ бойы өлшеу қателігі 10 с артық емес секунд өлшегіш;
- металл өлшеу сызғышы ГОСТ 427 бойынша;
- бүріккіш әдісімен өрттен қорғау құралдарын түсіруге арналған құрылғы;
- 0 °C - 60 °C дейін температурасының ұсталып тұруын қамтамасыз ететін кептіргіш камера;
- қылқаламдар, шпательдер;
- эксикатор ГОСТ 25336 бойынша;
- өлшеу қателігі 2 %артық емес, ауаның ылғалдығын анықтауға арналған құрал;
- күкірт қышқылының тығыздығын анықтау үшін ареометр ГОСТ 18481 бойынша;
- шыны сынапты термометр ГОСТ 13646 бойынша;
- зертханалық сүзгіш қағаз ГОСТ 12026 бойынша;
- өлшемі 60 мм × 150 мм × 5 мм болат пластина;
- тазартылған су ГОСТ 6709 бойынша;
- күкірт қышқылы ГОСТ 4204 бойынша.
9.4.3.3 Сынақты өткізуге дайындау
Сынақтан 4 а), б) немесе в) бойынша нақты түрлер өрттен қорғау құралымен өңделген өрттен қорғау жабыны өтеді.
Сынаққа арналған үлгілер ретінде өрттен қорғау құралымен түсірілген өлшемі 60 мм × 150 мм × 5 мм болат пластина пайдаланылады, бұл ретте өлшемнен аутықу 1 мм аспауға тиіс.
Сынақ өткізу үшін өрттен қорғау құралымен өңделген бес үлгі дайындалады, олардың біреуі бақылауүлгісі болып табылады.
Өрттен қорғау құралдарының шығыны, түсірілу, үлгілерді кептіру шарттары мен уақыты өрттен қорғау үлгілердің нақты түрлеріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Үлгіге түсірілген өрттен қорғау құралдарының жалпы шығыны әрбір қабатты түсірілгеннен кейінгі шығын қосындысымен анықталады және өрттен қорғап өңделу тәсіліне байланысты үлгі бетінің ауданына жатады.
Әрбір өрттен қорғалып өңделуден кейін өрттен қорғау құралдарының шығыны өрттен қорғау құралдарын түсіргенге дейін және түсіргеннен кейін үлгі салмағының айырмашылығы бойынша таразылау әдісімен анықталады.
Сынақ алдында өңделген және кептірілген үлгілер (23 ± 5) °C температура кезінде кондицияланады.
24 сағаттан соң өткізген екі кезекті өлшеу арасындағы салмақтың өзгеруі 0,2 г артық емес құраса, кондициялау тоқтатылады, нәтиже 0,1 г дейін дөңгеленеді.
9.4.3.4 Сынақты өткізу
Сынақтар мынадай жүйелікпен өткізіледі:
а) тығыздығы 1,195 г/см3 күкірт қышқылын пайдаланып эксикаторда, ауаның салыстырмалы ылғалдығы (75 ± 5) % құрады.
Эксикаторда екі негізгі үлгі орналастырылады.
Үлгілер бір - бірімен жанасу және эксикатор қабырғасымен жанасуын болдырмау үшін қабырғада орнатылады.
Орнатылғаннан кейін эксикатор үлгілері негізгі үлгілердің өрттен қорғау жабынының жағдайына кезеңді бақылаумен 30 күн ішінде қалыпты климаттық жағдайда қымтылып жабылады және ұсталады.
Сынақ аяқталысымен үлгілер эксикатордан алынады.
Үлгіде пайда болған конденсат сүзгіш қағазбен алынады.
Екі негізгі үлгілердің гигроскопиялығы (1) формула бойынша анықталатын Гайн ылғалдың сіңіруі бойынша анықталады.
(m2 – m1) ·100
Гобр = , (1)
m1
мұндағы, Гайн – үлгінің ылғалды сіңіру, %;
m1 – сынаққа дейін үлгінің салмағы, г;
m2 – сынақтан кейінгі үлгінің салмағы, г.
Сынақ нәтижелері белгіленеді.
б) тазыртылған суды пайдаланып эксикаторда, ауаның салыстырмалы ылғалдығы (95 ± 5) % құрады.
Эксикаторда қалған екі негізгі үлгі орналастырылады.
Үлгілер бір - бірімен жанасу және эксикатор қабырғасымен жанасуын болдырмау үшін қабырғада орнатылады.
Орнатылғаннан кейін эксикатор үлгілері негізгі үлгілердің өрттен қорғау жабынының жағдайына кезеңді бақылаумен 30 күн ішінде қалыпты климаттық жағдайда қымталып жабылады және ұсталады.
Сынақ аяқталысымен үлгілер эксикатордан алынады.
Үлгіде пайда болған конденсат сүзгіш қағазбен алынады.
Екі негізгі үлгілердің гигроскопиялығы (1) формула бойынша анықталатын Гайн ылғалдың сіңіруі бойынша анықталады.
Сынақ нәтижелері белгіленеді.
9.4.3.5 Сынақ нәтижелері
Өрттен қорғау құралы:
- өрттен қорғау құралымен өңделген негізгі үлгілердің гигроскопиялық мәні бақылау үлгінің мәнінен аспауға тиіс;
- 5.4.1 талаптары сақталса, сынақтан өтті деп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |