Атырау қаласы
№4 облыстық мектеп-интернат
Бастауыш сынып мұғалімі
Жанғалиева Айнұр Аманкелдіқызы
Ашық сабақ
Пәні: Дүниетану 1-сынып
Тақырыбы: «Қыс»
Психологиялық дайындық.
«Ой қозғау»
-Қайырлы күн, Жер-ана!
-Қайырлы күн, көк аспан!
-Қайырлы күн, нұрлы күн!
-Қайырлы күн, ұстаздар!
-Қайырлы күн, достарым!
-Балалар, біз сәлемімізді бірінші нелерге бердік?
-Жер ана, көк аспан,нұрлы күн
-Оларды бір сөзбен қалай айтуға болады?
-Табиғат
-Табиғат дегеніміз не?
-Табиғат- бізді қоршаған орта.
-Табиғат жыл мезгілдеріне қарай құбылып тұрады.
-Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
-Көктем, жаз, күз, қыс (слайд)
-Қазір қай мезгіл? Бүгінгі ауа райы қандай?
Табиғат жыл мезгілдеріне байланысты құбылып тұрады.
-Тағы қандай құбылыстарды білесіңдер? (слайд)
-Найзағай, жаңбыр, кемпірқосақ, жел, қар т.б.
-Балалар біз көктем туады, жаз шығады, күз болады, ал қыс келеді деп айтылады дедім. Өйткені, тіршілік иелері қысқа келеді деп дайындалады. Адамдар, жан-жануарлар, жәндіктер қалай дайындалады?
--Адамдар азық дайындайды, отын-шөп жинайды.
-Ана тілінде Қадыр Мырза Әли ағамыздың «Қысқа дайындық» мәтінінде қандай жануарлар мен жәндіктердің дайындалатынын оқыған едік?
-Ара, саршұнақ, тиін.
-Ал, осы қыс келеді дегенде адам қандай сезімде болады?
-Қорқыныш!
-Қыс өзінің қатал мінезін көрсетеді . (боран, аяз,салқын)
Слайд (боран)
Слайд: « Жыл ақсақалдың» тапсырмасы.
«Қыс»
-Қуаныш сезімі де болады: Балалар асыр салып ойнайды.
Слайд (фото)
Ойын «Аяз»
-Мен Аязбын, Аязбын!
Балалармен аразбын.
Жүрексінбей нық басып,
Батыл болсаң алға шық.
-Қорқатұғын біз емес!
-Қорықпасаңдар менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер. Жауап бермегендерді қатырып тастаймын.
Слайд тапсырма: әр суреттің бірінші дыбысынан сөз құрау. Қыс
Тақтаға: Қаңтардың 29-ы Қыс (дәптерлеріне жазу)
Слайд: «Қыс» топтастыру
-Міне, балалар сендер қыс туралы өз ойларыңды, өз көргендеріңді айтып бердіңдер. Қыс мезгіліне ақындар өлең шығарған, сазгерлер әуен берген, суретшілер суретін салған.
Слайд: Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс: Шырша, бәйшешек.
Көрініс: «Жыл мезгілдерінің айтысы»
-Ал, балалар, жыл мезгілдері адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр, сендер қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар өз ойларын айтады.
-Адам баласына жылдың төрт мезгілі де пайдалы, бұл табиғи құбылыс . Егер жыл бойы қыс, күз немесе көктем, жаз болса табиғатта тіршілік болмаған болар еді. Қыс болмаса көктем, көктем болмаса күз, күз болмаса жаз болмас еді.
Дәптерге қыс мезгілінің суретін салу.
-Балалар, салған суреттеріңде қандай түс басым?(ақ)
-Ақ түс –адалдықтың, тазалықтың белгісі.Ендеше сендердің кіршіксіз ақ өмірлеріңе ақ жол тілеймін! Әрдайым аспанымыз ашық болсын, ашық аспаннан жапалақтап ақ қар ғана жаусын!-дей отыра, қар ұлпаларын шашамын.Бұл қар ұлпаларында тілектер жазылған.Сол тілектер орындала берсін!
Қаңтар қатулы болмасын!
Ақпан ашулы болмасын!
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |