Қр тіл заңының орындалысы



Дата02.05.2023
өлшемі17.31 Kb.
#473111
Мемлекеттік Тіл Заңы


ҚР Тіл заңының орындалысы

Мемлекеттің басты құндылықтарының бірі - оның мемлекеттік тілі. Қазақстан Республикасы – татулық табыстырып, бірлік жарастырған көп ұлтты мемлекет. 


2022-2023 оқу жылында «ҚР Тілдер туралы» Заңының орындалу мақсатында мектепте төмендегідей іс-шаралар жүргізілді:
· 2022-23 оқу жылында «ҚР Тілдер туралы» Заңын орындаудың мектепішілік жоспары құрылып бекітілген;
· Мектепішілік жоспар бойынша әр дүйсенбі сайын саптық жиындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны мемлекеттік тілде орындалады;
· Іс-құжаттарды екі тілде жүргізу жалғастырылып жатыр, қазақ тіліндегі құжаттарға мектептің аудармашысы – Жуманбаева Айгуль Орынбасаровна жауапты;
· Мектеп ішінің безендірілуі екі тілде жүргізілген, барлық сыныптардың рәсімделуі тексеріліп, екі тілді ұстану ұсынылды;
· Мектептің 1-11 орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті талапқа сай қазақ тілінде оқытылады;
· Мектепішілік және сыныптан тыс шаралар «ҚР Тілдер туралы» Заңына сәйкес екі тілде өткізіледі. Қыркүйек айында мектепте ҚР Тілдер мерекесі аталып өтті.
Мерекенің басты мақсаты: ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орнын, жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуін, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбелеу. Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым-қатынасын нығайту.
· Қазан айында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің пән айлығы өтті.
Айлық барысында қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері қазақ, орыс сыныптарында ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізді. Өткізілген сабақтардың тиімділігі мен білім сапасын көтерудегі бағытталған ізденістік және әдістемелік жұмыстарын мұғалімдер сабақ барысында көрсете білді.
· Қараша айында мектепішілік олимпиада өтті. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша 5-7 сыныптар аралығында тапсырмаларды мұғалімдердің өздері дайындап шығарды, 8-11 сыныптар аралығындағы тапсырмалар арнайы ҚББ–нен келді. І орынға ие болған оқушылар қалалық олимпиадаға жолдама алды және грамоталармен марапатталынды.
· Сәуір айында «КАТЕV» Халықаралық қоры тарапынан ұйымдастырылған 7-11 сыныптардағы оқушылар арасында «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға қазақ тілі және әдебиет мұғалімдері оқушыларды берілген ереже талаптарына сәйкес дайындап қатыстырды.
· Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілді дамытуға, өзге тілді ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне үлкен көңіл бөлініп отыр. Мектебімізде ұлты қазақ емес ұжым мүшелеріне қазақ тілі оқытылады, 2022-2023 оқу жылының басында ««ҚР Тілдер туралы» Заңын орындау мақсатында бұйрық шығарылып, бұйрыққа ұжым мүшелері қол қойды. Қазақ тілін оқытудың жоспары құрылып бекітілді. Қазақ тілін оқытып үйрету үшін мұғалімдер топтары құрылды. Топ жетекшілері тыңдаушыларға әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізді. Қазақ тілі сабақтары информатика кабинеттерінде интерактивті тақтаның көмегімен жүргізілді. Қазақ тілін үйренуші мұғалімдердің мемлекеттік тілді үйренуге деген талпыныстарының жақсы деңгейде екенін көріп байқадық. ·
Сәуір айында мектепте жыл сайын дәстүрге айналған «Абай оқулары» өткізілді.
· Мамыр айында мектепішілік ғылыми-практикалық конференция өтті. Қазақ тілі және әдебиет мұғалімдері 2-11 сынып оқушыларын дайындап қатыстырды.
· Жас мамандармен өткізілетін жұмыстар жоспар бойынша дер кезінде орындалды.
Қорыта келгенде :
Ұлттық тіл- мәдениетіміздің іргетасы. Тіл-тарихи, мәдени құндылық. Тілді жасау және қалыптастыру-ұзақ уақытқа созылатын үрдіс. Тілдегі сөздер қоршаған ортадағы құбылыстың, заттық ұғымның атауын білдіреді. Қай тіл болсын қалыптасу, даму барысында әр түрлі жайларды басынан кешіреді. Тілдер де қиыншылықтарды басынан өткізеді. Қазақ тілі – үлкен тіршілік әлемі. Ол –қазақ деген халықтың тарихымен ұштасып жатыр. Қазақ тілі –талай ғасырды басынан кешірген тіл. Тәуелсіздік алған заманда қазақ тілін одан әрі дамытып, асқақтату, өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде сөйлеуге үйрету біздің – басты міндетіміз.

Шешімі:



  1. ҚР Тіл заңының орындалысы қанағаттанарлық деп танылсын

  2. ҚР Тіл заңының ары қарай орындалып отыруын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Берлібекова қадағаласын.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет