Қр тжм шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметі бойынша 2014 жылдың тоғыз айындағы талдау анықтамасы



Дата23.02.2016
өлшемі92.86 Kb.
#3849


ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті

қызметі бойынша 2014 жылдың тоғыз айындағы

талдау анықтамасы

Есеп беру мерзімінде облыста 1472 төтенше жағдай және оқиғалар тіркелді және ол 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17%-ға артқан (2013 жылы - 1260). Олардың ішінде ТЖ 137 жағдайды құрады, ол 2013 жылмен (122 жағдай) салыстырғанда 12,3% артқан. Онда 91 адам қаза болды, 2013 жылдың (99 адам) салыстырмалы кезеңінен 8% кем. Сонымен қатар 14 бала қаза болды, ол 2013 жылдың (7 бала қаза болған) осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе артқан артқан.

Облыста ТЖ мен оқиғалардың басым көпшілігі өрттер болып табылады. Өрттерменболған жағдай 9 айда келесі негізгі көрсеткіштермен сипатталды:

- 1243 өрт тіркелді, 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16% артты (1068 өрт);

- өрттерден келген материалдық шығын 118 млн. 892 мың теңгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3 есеге азайды (2013 жылы – 353 млн. 955 мың теңге);

- өрт кезінде қаза болғандар саны 28 адамды құрады, ол былтырғы 2013 жылмен салыстырғанда 37% азайған (2013 жылы - 45 адам);

- жарақаттанғандар саны 43 адамды құрады, ол былтырғы 2013 жылмен салыстырғанда 19 % артқан (2013 жылы - 36 адам);

2014 жылдың 9 айында ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерімен 992 өрт, 3276 жанулар сөндірілді. ДПД, ПХС құрылымдарымен, халықпен 251өрт сөндірілді. Өрттерде 120 адам құтқарылды. 1256 авариялық-құтқару жұмыстары атқарылды. 977 655 мың. теңгенің материалдық құндылықтары құтқарды. СҚҚ құтқару стансаларымен 267 шығу жүргізілді, оның ішінде: авариялық-құтқару – 36, іздестіру-құтқару – 206, басқалар – 25. Суқоймаларда құтқарылған адамдар саны – 6, оның 18 балалар.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату мәселелерінде Департаментпен қызметтің барлық бағыттары бойынша шаралардың үлкен кешені өткізілді.

ШҚО ТЖД 2014 жылдағы жоспарына орындау барысында жаңа әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес аумақтың, суқоймалардың қауіпсіздік паспорты, ТЖ қаупінің каталогы әзірленді.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу жүйесін ары қарай жетілдіру мақсатында, мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттілікке шек қою мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде және облыстық бюджеттік комиссияның 2013 жылғы 09 желтоқсандағы №18 шешіміне сәйкес, «Облыстық масштабтағы төтенше жағдайларды алдын алу мен жою» 004 бағдарлмамасы бойынша Депараментке 2014 жылы 68 миллион 715 мың теңге сомасында қаражат берілді.

Бұдан басқа, 2014 жылға облыс бюджеті параметрін нақтылау шеңберінде 002 бағдарламасы (негізгі шығын) бойынша қосымша 68 миллион 715 мың теңге қаражат берілді.

2013-2014 жылдардың күз-қыз мерзімінде тұрақты жұмыс атқаруына тіршілік ету объектілерінің байындығы бойынша шаралар Жоспары бекітілді. Қаулының орындалуына бақылау жасау облыстық ТЖ комиссиясының төрағасының орынбасарына жүктелді.

2013 жылы 11 ауданның аумағында су тасқыны мерзіміндегі төтенше жағдайларды алдын алу бойынша шаралар орындалды, оның ішінде 41,8 км. ұзындықта үйінділерден, өсімдіктерден, тұнбалардан тазартылды және тереңдетілді, 18,56 км. ұзындықта 13 өзеннің ең қауіпті учаскелерінде жағалар нығайтылды. Аталған шаралар 32 елді мекенді су басуды болғызбауға мүмкіндік берді, 26 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Иесіз қалған гидротехникалық құрылыстармен мәселе толығымен шешілді. Оларды коммуналдық меншікте ұстау үшін облыста «Шығыс Су қоймалары» МКМ құрылды, оның балансына облыстық бюджеттен 546 миллион теңге бөлінді, олар объектіні құжаттандыруға, көп факторлы тексерулерге, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қолданылды.

2014 жылы орын алуы мүмкін су тасқынын алдын алу бойынша бірінші кезектегі шараларды орындау үшін 565 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылып жатыр.

Облыс Әкімімен облыс аумағындағы орман-дала өрттерін алдын алу мен жою бойынша 2014 жылға Жоспар бекітілді.

Аудандық және қалалық әкімдіктермен жалпы саны 7288 адаммен 307 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылды, олар 83 бірлік өрт сөндіру және 296 бірлік бейімделген техникамен, 165 мотопомпамен, 2490 бірлік өрт сөндіргіштермен жабдықталған.

2014 жылдың өрт қауіпті кезеңінде облыс аумағында жыл сайын 62 ауылдық өрт сөндіру тірек пунктері жұмыс атқарады. 2014 жылдың маусым айында Глубокое ауданы Опытное поле а. тағы бір ауылдық өрт сөндіру тірек пунктінің жұмысы ұйымдастырылды. ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ балансынан ШҚО коммуналды меншік балансына ауылдық округтерде өрт сөндіру тірек пунктерінқұру үшін 12 бірлік өрт сөндіру техникасы тапсырылды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2014 жылдың 9 айында 218 тексеру жүргізілді, оның 8-і кешенді тексерулер. Өткізілген тексерулер кезінде өндірістік қауіпсіздік бойынша 1981 нормативті құжаттар талаптарын бұзушылықтар анықталды.

Қауіпсіздік талаптарын бұзушылыққа жол бергені үшін 99 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 93 адам 6 731 460 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша 1445 объект тексерілді. Тұрғын секторындағы өрттерді алдын алуға бағыталған шараларды өткізу мақсатында 122181 жеке тұрғын үйлер мен пәтерлерге аулалық тексерулер жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 1373 адам тартылды, оның ішінде 1310 тұлға 19 миллион 142 мың 610 теңге айыппұл төледі.

Өрт себебін анықтаумен байланысты даулы болған сұрақтар бойынша, тергеуге дейінгі тексерулер жүргізу барысында 7 өрт-техникалық, 3 құрылыстық, 3 электротехникалық, 1 тауартанулық және 7 сот-мкдициналық сараптама жасалды. ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ өрт сынақ зертханасының мамандарымен өрттер бойынша 119 зерттеулер жасалды.

Өрт фактісі бойынша 342 адам 1 595 578 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалалар, елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы сумен қамтымасыз ету көздерінің техникалық күйіне тексерулер жүргізілді.

2014 жылы 34,4 км шығыршықты және 0,7 км тұйық суөткізгіш желілері қайта салынды. 192 өрт сөндіргіш гидранты және 4 өрт өрт суқоймалары жөндеуден өткізілді.

АҚ шараларын сақтау мәселелері бойынша бақылау субъектілеріне 20 тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 7 адам 77784 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО суқоймаларында қайғылы жағдайларға жол бермеу мақсатында 2014 жылдың басынан келесі үгіт-насихат шаралары атқарылды:

- әңгімелесулер, дәрістер– 3273, онда 105064 адам қамтылды, оның ішінде мектеп жанындағы лагерьлер мен БСЛ-де 11625 баланы қамтыған 303 әңімелесулер өтті

- судағы демалушылар және балықшылармен 1002 нұсқамалар өтті

- Телебағдарламалар – 94

- бейнероликтердің шығу саны мен күні -6/32236

- Радио бағдарламалар – 24

- мақалалар, ескертпелер – 189

- «Суға шомылу кезіндегі ережелер», «Мұздағы қауіпсіздік шаралары» тақырыптарындағы плакаттар/үндеулер тарату - 858/7270 дана;

ММК иелерінің тапсырысы бойынша қосымша 74 жасақ-құтқарушы дайындалды. Жыл басынан 118 бірлескен рейдтер өтті.

Білім беру, спорт және дене шынықтыру басқармасы мен ШҚО ТЖД СҚҚ бірлесіп алғашқы жүзу дағдасына 944 бала үйретілді.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жою бойынша шаралардың тиімділігін жоғарылату, ТЖК күштері мен құралдарын дамыту мақсатында Департамент бөлімшелері «Көктем-2014» РКШОЖ қатысты, «Жер-2014» РКШОЖ өткізілуіне дайындалды және қатысты, «Антитеррор-2014» терроризмге қарсы операцияларды өткізуге жұмылдырылған бөлімшелердің дайындығына, сондай-ақ 4 аудандық штабтық жаттығуларға қатысты.

Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы Альтай өлкесі шекаралас аймағындағы орман-дала өрттерін өшіру бойынша өрт тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты. Қалалық және аудандық жедел әрекет ету жасақтарымен 14 жаттығу өткізілді.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің басшылық және жеке құрамымен тәжірбиелік өзара әрекеттесуді атқару мен жедел шеберлікті жоғарылату мақсатында жауынгерлік даярлық жоспары бойынша 956 өрттактикалық оқытулар мен 79 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Өскемен және Семей қалаларының 448 биік үйлеріне мамандандырылған даярлқ өткізілді. Өрт сөндіру қызметінің Кәсіби даярлау мектебі 235 қызметкерді даярлады және оқытып шығарды, оның 112 қызметкері алғашқы даярлықтан өтті. 123 қызметкер біліктілігін арттырудан өтті.

ТЖ алдын алу мен салдарын жою бойынша іс-әрекетке АҚ және ТЖ аймақтық және объектілік құрылымдарын, басқарма органдарының даярлығын қолдау мақсатында КШОЖ өткізу арқылы 5 кешенді тексеру, 58 штабтық жаттығулар өткізілді.

АҚ оқыту орталықтарында ағымдағы жылдың 9 айында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың жетекші категорияларының 686 қызметкері оқытылды.

Оқыту бойынша мамандар 2014 жылы «АҚ және ТЖ халықты оқыту бойыгша үздік маман» конкурсына қатысты, онда И.В. Козубова «ТЖ шыққан кездегі жетекші құрамының іс-әрекеті» тақырыбымен 1 орынды иеленді.

ТЖ мен оқиғалар жайлы ақпаратты сапалы және жедел өңдеу мақсатында ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоға қарасты мемелекеттік мекемелер арасында үйлестік пен өзара әрекеттесу тәулік сайын қамтамасыз етіледі және ұйымдастырылады.

Дағдарыс орталығының техникалық және бағдарламалық-ақпараттық құралдары үнемі даярлықта тұрады. ШҚО ТЖД мобильді байланыс торабы жауынгерлік кезекшілікке қойылды. ТЖ қаупі мен шығуы кезінде байланысты ұйымдастыру үшін байланыс өткізгіштері, радиобайланыс жоспарлары мен сұлбасы бар.

ТЖ туындаған кезде халықты орталықтандырылған хабарландыру жүйесі арқылы хабарландыру және ақпараттандыру ұйымдастырылған және қамтамасыз етілген. 2014 жылдың 9 айында халықты хабарландыру және хабарландыру жүйелерінің техникалық құралдарының күйін тексеру мақсатында телевизия және радио арналарына 66 рет қосылды.

Бүгінгі күні ТЖ алдын алу мен жою саласындағы, олардың құзіретіне енетін мәселелер жайлы үкімет органдарын, мекемелерді, кәсіпорындарды ақпараттандыру мақсатында Депаратмент бөлімшелерімен 1109, оның ішінде 629 қалалық және аудандық бөлімшелермен ақпарат даярланды және жолданды.

Өткен мерзімде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлерінің Спартакиадасында спортшылар жалпыкомандалық 3 орынды иеленді, волейбол бойынша «Динамо» ФСҚ ШҚОФ жарыстарында 2 орынды, шаңғы жарысы бойынша 2 команда қатысып, жалпыкомандалық 2 және 3 орындарды иеленді, Қарағанды қаласында өткен Шығыс өңірі бойынша ҚР ТЖМ 6-шы қысқы Спартакиадасында жалпыкомандалық 1-ші орынды иеленсе, Павлодарда өткен ҚР ТЖМ 6-шы Спартакиадасындағы финалда біздің қызметкерлер жалпыкомадалық 1 орынды иеленді. Павлодар қаласында өткен Шығыс өңірі бойынша ҚР ТЖМ 6-шы жазғы Спартакиадасында 3-ші орынды иеленді. «Казспас-2014» жиын-семинарында сидьялық бригада ретінде қатысты. ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ҚЖ кинологиялық есебі «Казспас-2014» жарысы шеңберінде бірінші орынды иеленді.

ШҚО ТЖД спортшылары ӨҚС бойынша Қазақстан құрама командасының құрамында ӨҚС бойынша әлем чемпионатына қатысып, онда жалпыкомандалық 5 орынды иеленді. 1-МӨСБ өрт сөндіруші- құтқарушысы, өртке қарсы қызметтің кіші сержанты Павел Хорошилов жауынгерлік өқанат жаюдан әлем чемпионы атанды. Осы тәртіпте Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасыүшінші орынды иеленді. Әйелдер командасына Шығыс Қазасқатаннан үш қыз енді.

Шекаралас ТЖ алдын алу мен жою мәселелерінде өзара әрекет етуді дамыту мақсатында Алтай Өлкесі бойынша Ресей ТЖМ ББ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, 2014 жылдың 02 маусымынан 2014 жылдың 06 маусымына дейінгі аралықта ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ ӨСЗ қызметкерлері «Алтай өлкесі бойынша «Өрт сынақ зертханасы» федералдық өртке қарсы қызметтің сот-сараптау мекемесі» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінде «Өрттерді зерттеу, сынақ және зерттеу жабдықтарын қолдану» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті, Шығыс Қазақстан облысының ресми делегация құрамында ШҚО ТЖД қызметкерлері ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының әкімшілік орталығы - Үрімші қаласына барып қайтты.

ТЖ алдын алу және жою, зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша жұмыстар ұдайы жергілікті және Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарынан жарыққа шығарылды.

Барлығы өткен мерзімде 1928 сөз сөйлеу, соның ішінде: радиодан – 837 материал (2013 ж - 1101) , телеарнадан – 289 бейнематериал (2013 г - 271), баспасөзден 802 мақала (2013 г - 764).

2014 жылдың 13 маусымынан Семей қаласы ТЖБ «Өрт сөндірушімен» бірлесіп ведомстволық «Спасатель Семея» атты газетін шығады.

ҚР ТЖМ мен облыстық әкімдіктің қолдауымен қауіпсіздік шаралары бойынша халықтар үшін 212 000 дана жаднамалар дайындалды.



Балалармен жұмыс атқаруға үлкен назар аударылады. Жыл сайын ШҚО білім беру басқармасымен бірлесіп интерактивті сабақ өткізу жоспары бекітіледі. 2014 жылдың басынан 17 сабақ ұйымдастырылды. Бір мезгілде орташа облыстың 35 мектебінен 2200 бала қамтылды.

Жыл сайын бөлімше базасында «Жас құтқарушылар мектебінің» тыңдаушылары АҚ және ТЖ тақырыбы бойынша тәжірбиелік және теоретикалық даярлықтан өтеді. Қазақстан құрамасының жас құтқарушылары Сочиде өткен халықаралық слетте 2 орынды иеленді. Жарысқа әлемнің 16 елінен 15 команда қатысты. 10 күн бойы жас құтқарушылар әртүрлі жарыстар мен бәсекелерге қатысты.

Өскемен және Семей қалаларының ӨТО-мен бірлескен жұмыс белсенді атқарылды. Өткен кезеңде 92 экскурсия өткізіліп, онда 2300 астам адам қамтылды.

Осылайша, төтенше жағдайларды алдын алу мен жоюға бағытталған жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқарылған шаралар кешені халықтар үшін ТЖ келеңсіз салдарын азайту бойынша стратегиялық мақсатқа жетуіне мүмкіндік туғызды. Облыста ірі және резонансты ТЖ орын алған жоқ, жылумен қамтамасыз ету объектілері апатсыз жағдайда қолданылды, ТЖ мен оқиғалардан адам өлімі мен материалдық шығындардың жалпы азайуына қол жеткізілді.

Жергілікті бюджеттен қаражаттың ұйымдастырылған жүйелі түрде бөлінуі көп жағдайда ШҚО ТЖД материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ТЖ алдын алу жүйесін жетілдіруге ықпал етті, ол табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ халықты қорғау деңгейін жоғарылатты.

Жүргізілген талдау 2014 жылдың 9 айында облыста төтенше жағдайлар мен оқиғалардың өскенін көрсетеді.



Жыл басынан өрттердің өскені байқалады. Өрттердің өсуіне негізінен тұрғын секторындағы өрттердің өсуі әсер етті. Бірінші кезекте жеке шаруашылық құрылыстарында, шөпті сақтау орындарында өрттер саны өсті. Сондай-ақ сауда, мәдени ойын-сауық мекемелері жататын шағын және орта бизнес объектілеріндегі өрттер саны өсті.
ШҚО ТЖД



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет