Рахимова Айна Маратқызы Адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануы (педагогикалық аспект) Зерттеудің өзектілігі



Дата30.06.2016
өлшемі108.54 Kb.
#167152
Аннотация

Рахимова Айна Маратқызы

Адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануы (педагогикалық аспект)
Зерттеудің өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру», – деп атағандай, болашағымыз «интеллектуал» ұғымымен байланысты болуы үшін көптеген маңызды шарттарды орындауымыз қажет. Бұған қатысты қоғамдағы кез келген ғылыми саланың өз міндеті бар. Қазақ тіл білімі Елбасы көрсеткен мақсатқа жетуде жалпы адамның интеллектісіне танымдық-педагогикалық талдау жасап, ғылыми-теориялық із қалдыру арқылы үлес қоса алады.

Бәсекеге қабілеттілікті талап ететін дәуірде адам туралы ғылымды үнемі жаңғыртып отыру керек. Дүниежүзілік жаһандану үдерісі жаратылысымызда адамға ғана тән болған интеллектуалдық мүмкіндіктерді енді жасанды интеллект арқылы дамытуда. Әлемде бұрын-соңды ешкімнің ойына келмеген ғылыми-технологиялық төңкеріс белең алуда. Осы жағдай адамның өміріндегі негізгі құндылықтардың өзгеруіне, ұтқырлыққа, ақпараттық ағымға, әлемдік бәсекелестікке және т.б. осындай факторларға бағыныштылық туындатып отыр. Қалайда, адамға табиғат берген интеллект (ой, сана, ақыл, парсат, білім, дарын және т.б.) – тіршілігіміздің басты тірегі. Адамның интеллектісі – ғылым ғылым болғалы әр бағыттағы зерттеушілердің назарынан тыс қалмаған мәселе. Интеллектіні зерттеген әрбір ізденуші бұл абстрактілік ұғымның қаншалықты терең философиялық, танымдық әрі психофизиологиялық, педагогикалық қызмет атқарып, адамзат жаратылғаннан бастап бүгінгі қоғамдық дамуымызға тікелей байланысты екеніне көз жеткізеді. Кейінгі жылдары отандық ғылымдағы антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің белең алуы адамның ішкі жан дүниесінің, танымының, мәдениетінің, әлеуметтік әрекетінің тілмен байланысын анықтап, талдауға негіз болған еңбектердің қатарын арттырып отыр. Бүгінде қазақ тіл білімінде интеллект этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырлған (Б. Сағынова, 1999).

«Тілді тұтынушы этносты басты орынға қоятын лингвистикадағы антропоөзектік парадигма жаңа ғылыми пәндерді қарастыруда. Мұнда тіл мен адамның бірлестігі басты орынға шығады» [1]. Аталған бірлестік негізінде адамның интеллектуалдық сипаты когнитивтік лингвистиканың, лингвопсихологияның, лингвомәдениеттанымның, әлеуметтік лингвистиканың, гендерлік лингвистиканың, лингвоперсонологияның зерттеу нысаны бола алатын күрделі әрі мағынасы ауқымды ұғым-белгі. Сондықтан, интеллектінің бірінші кезекте танымдық ұғым екенін ескеретін болсақ, ең алдымен, когнитивтік (танымдық) тіл білімінің зерттеу нысаны ретінде қарастырып, адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануын зерттеу, оның басқа ғылыми аспектілерде тоғысуын айқындау, сондай-ақ зерттеуіміздегі суперконцепт (адам), макроконцепт (интеллект), базалық концепт (ақыл, сана, білім, тәжірибе, мәдениет, шешендік), микроконцепт сияқты көлемді ментальдық түзілімдерді анықтау – тіл ғылымы үшін өзекті мәселе.

Ал адам интеллектісінің қазақ мәдениетіндегі көріністері (шешендік өнер, гендерлік интеллект, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер, метафоралар, тұрмыс-салт) қарастырылып отырған концептінің лингвомәдени ерекшеліктерін айқындайды. Сондай-ақ адам интеллектісінің танымдық-мәдени қырлары оның психологиялық астарымен тығыз байланысты дамиды. Осылайша, адам-таным-мәдениет-жан-тіл бестағаны жан-жақты талданып, педагогикалық мәні айқындалады. Біздің зерттеу тақырыбымыздың тағы бір өзекті тұсы осыннан аңғарылады.

Әлемнің ғылыми бейнесіне үңілсек, әлеумет өміріндегі ең маңызды, тірек ұғымдардың бірі – «интеллект» макроконцептісі екендігі дау тудырмаса керек. Отандық және шетелдік лингвистердің аталған феноменді зерттеу тарихы өткен ғасырда басталса да, «интеллект» макроконцептісін ғылыми талдау шегіне жетті дей алмаймыз. Қазақ тіл білімінде адамның интеллектуалдық сипатына кешенді түрде зерттеу жүргізіп, оның педагогикалық астарын ашу – ғылыми кезең талабы.

Зерттеу нысаны. Адамның интеллектуалдық сипатын танытатын концептілердің педагогикалық астары.

Зерттеудің пәні. Қазіргі қазақ тіл білімінің танымдық бағытының педагогикалық аспектісі.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Зерттеудің мақсаты қазіргі қазақ тілі материалы негізінде адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануын талдау, саралау, іріктелген ұғым-түісініктердің концептуалдық мазмұнын, қызметін педагогикалық аспектіде анықтау.

Міндеттері:

- «Концепт», «интеллект» ұғымдарына беріліп жүрген ғылыми түсініктемелерге тоқталу, өзіндік анықтама беру;

- «Интеллект» макроконцептісінің философиялық, психологиялық, лингвистикалық, педагогикалық аспектілері бойынша ғылыми-теориялық тұжырым жасау;

- «Интеллект» макроконцептісін айқындайтын негізгі ұғымдарға кешенді концептуалдық талдау жасап, олардың психология-педагогикалық астарын айқындау;

- «Интеллект» макроконцептісінің мағыналық-ақпараттық өрісіне енетін базалық концептілердің танымдық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

- «Интеллект» макроконцептісінің педагогикалық дискурстағы (когнитивтік метафоралар, тұрақты тіркестер, паремиялар) көрінісін айқындау, талдау;

- «Интеллект» макроконцептісінің гендерлік ерекшелігін айқындау, «гендерлік интеллектіге» түсініктеме беру, педагогикалық сипатын ашу;

Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу барысында синхрондық сипаттама, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-теориялық, педагогикалық, психологиялық және әдіснамалық әдебиеттерді талдау және жинақтау, когнитивтік және лингвомәдени, лингвопсихологиялық тұрғыдан талдау, баяндау, ассоциативтік қатынаста салыстыру әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

- Білім беру үдерісінде негізгі рөл атқаратын «интеллект» ұғымына алғаш рет концептуалдық талдау жасалынды;

- Педагогикалық тұрғыдан алғанда адамның интеллектуалдық сипатын танытатын «ақыл», «білім», «тәжірибе», «ғылым», «мәдениет», «шешендік» базалық концептілерінің когнитивтік, лингвомәдени ерекшеліктері сараланды;

- Қазақ шешендік өнері ұлттық интеллект көрсеткіші ретінде халық педагогикасымен байланыста зерттелді;

- «Интеллект» макроконцептісінің педагогикалық дискурстағы (когнитивтік метафоралар, тұрақты тіркестер, паремиялардағы) көрінісі айқындалды;

- «Гендерлік интеллект» ұғымына алғаш рет халық мұралары негізінде тілдік талдау жасалып, анықтама берілді, педагогикалық ерекшеліктері қарастырылды;

- Танымдық тіл білімі бойынша адамның интеллектуалдық сипатын оқытуға арналған дәрістер мен практикалық оқу жұмыстарының тақырыптық тізбесі ұсынылды.

Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері қазақ тіл білімінде жаңадан қалыптасып келе жатқан когнитивтік лингвистика саласының теориялық және практикалық деңгейі жетілуіне, қазақ тілінің жаңа бағыттарын оқытудың жүйесін дамытуға үлес қосады. Этностың әлеуметтік, мәдени дүниетанымында адам факторына қатысты антрополингвистикалық ұстанымдар мен тұжырымдарды жете түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде қазіргі қазақ тілін оқыту, когнитивтік лингвистикамен байланыстырып, этнопедагогика, елтану, қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, лингвомәдениеттаным, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика бойынша оқылатын дәрістерде, элективті курстар бойынша оқу әдістемелік кешендерін жасауда пайдалануға болады.

Аннотация

Рахимова Айна Маратовна

Концептуализация интеллектуальных характеристик человека (педагогический аспект)
Актуальность исследования. Президент РК – Лидер Нации Н.А.Назарбаев в своем Послании народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» отмечает: «Интеллигенция может и должна играть ключевую роль в проектировании ментальной, мировоззренческой модели будущего страны на основе моего видения нового политического курса Казахстан-2050».

Формирование интеллигенции, какой видит ее Президент, начинается с совершенствования в соответствии с требованиями времени интеллектуального потенциала страны, наших граждан, нацеленное на национальные интересы. Для этого необходимо всесторонне изучить интеллектуальные способности каждой личности, уделяя внимание ее сложной научной сущности. Поскольку под научным смыслом национальной интеллигенции лежит проблема определения познавательных, психологических, языковых способностей личности, основанные на знаниях и воспитании. В конечном итоге, этот большой научный процесс кружится вокруг интеллекта человека. Понятие «интеллект» – это не только простое языковое понятие, оно должно рассматриваться в качестве психо-физиологического, логико-философского, познавательно-педагогического концепта.

В настоящее время исследование концептуализации интеллектуальных свойств человека в педагогическом аспекте является актуальным. Если интеллект человека в рамках языкознания (когнитивная лингвистика, психолингвистика, лингвокультурология) будет изучаться комплексно, перекрещиваясь с педагогической наукой, будет реализовываться, беря за основу требования современности и науки, то был бы осуществлен один из механизмов научного вклада в реализацию стратегической цели Президента. Во-вторых, в эпоху конкурентоспособности, необходимо постоянно модернизировать науку о человеке. Процесс мировой глобализации развивает интеллектуальные способности, присущие только человеку, посредством искусственного интеллекта. В мире все больше набирает обороты научно-техническая революция, о которой доселе никто не задумывался. Эта ситуация заставляет жизнь человека подчиниться мобильности, информационному потоку, мировой конкуренции и др. многим общественным факторам. Как ни крути, а интеллект человека (мысли, сознание, ум, разум, знания, талант и т.д.) – основная опора сознательного существования, а это, в свою очередь, является важным условием видения будущего страны и интеллектуального потенциала нашего молодого поколения. В связи с этим актуальность темы нашего научного исследования не вызывает споров.

Объект исследования. Педагогический аспект концептов, определяющих интеллектуальные свойства человека.

Предмет исследования. Педагогический аспект когнитивного, психологического направлений современного казахского языкознания.

Цель научного исследования. Цель исследования – на основе материалов современного казахского языка провести анализ, дифференциировать концепты, отображающие интеллектуальные свойства человека и определить их когнитивно-педагогический аспект, содержание и функции.

Задачи:

- подробно остановиться на научных объяснениях понятий «концепт», «интеллект», дать им свое определение;

- сделать научно-теоретические выводы по философскому, психологическому, лингвистическому, педагогическому аспектам макроконцепта «интеллект»;

- определить когнитивно-педагогические особенности базовых концептов, входящих в содержательно-информационное поле макроконцепта «интеллект»;

- базовый концепт «ораторский» рассмотреть в качестве понятия, изображающего национальный интеллектуальный потенциал казахов, определить его когнитивно-педагогические особенности;

- проанализировать языковые функции макроконцепта «интеллект» в образовании и воспитании на основе метафор, паремий, устойчивых словосочетаний;

- определить гендерные особенности макроконцепта «интеллект», дать объяснение понятию «гендерный интеллект», раскрыть его педагогические свойства;

Методы научного исследования. В процессе исследования были использованы методы синхронного описания, анализ и сбор научно-теоретической, педагогической, психологической и методологической литературы по теме исследования, методы когнитивного и лингвокультурологического, психолингвистического анализа, описания, сравнения в ассоциативном отношении, систематизации, моделирования, заключения.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

- Впервые был проведен комплексный концептуальный анализ понятия «интеллект», выполняющий основную роль в образовательном и воспитательном процессе, сделаны научно-теоретические, педагогические выводы;

- было проанализировано личное значительно-информационное поле базовых концептов «ум», «знание», «опыт», «наука», «культура», «ораторский», дифференциированы когнитивно-педагогические особенности;

- определено, что базовый концепт «ораторский» выявляет национальный интеллектуальный потенциал казахов;

- языковые функции макроконцепта «интеллект» были изучены посредством анализа метафор, устойчивых словосочетаний, паремий, была выявлена их роль в воспитательном процессе;

- был проведен языковой анализ дано определение понятию «гендерный интеллект» на основе народного наследия в процессе изучения языковой функции макроконцепта «интеллект» в воспитании.



Практическая значимость исследования. Результаты исследования вносят вклад в совершенствование теоретического и практического уровней отрасли когнитивного языкознания, сформировавшаяся в казахском языкознании сравнительно недавно, в развитие системы обучения новых направлений казахского языка. Способствуют полному пониманию антропологических принципов и заключений, относящиеся к человеческому фактору в социальном, культурном мировоззрении этноса. Результаты исследования могут быть использованы в лекциях, читаемых по современному казахскому языкознанию, страноведению, лексикологии и фразеологии казахского языка, лингвокультурологии, психолингвистике, социальной лингвистике, гендерной лингвистике, изучаемые во взаимосвязи с когнитивной лингвистикой, при составлении учебно-методических комплексов по элективным курсам на филологическом факультете высших учебных заведений. Также теоретические выводы исследования можно использовать в научно-теоретических трудах по педагогическим наукам, в учебных курсах по этнопедагогике, при разработке воспитательных занятий, организованных в образовательном и воспитательном процессе и т.д.
Аnnotation

Rakhimova Aina Maratovna

Conceptualization of individual’s intellectual character

(pedagogical aspect)
The relevance of the research. «Intelligentsia can and must play a key role in drafting a model of the future of our country based on my vision of Kazakhstan 2050. The intelligentsia plays main role in the spiritual development» said the President of the Republic of Kazakhstan, Nursultan Nazarbayev in his address to the nation «Strategy Kazakhstan-2050»: new political course of the established state». According tothe President’s vision the formation and development of the intelligentsia should start with improving the intellectual potential of the country and citizens in accordance with the modern requirements and taking into account the national interest. Therefore we must research thoroughly intellectual character of the individual. Scientific basis for defining national intelligence is closely connected with cognitive, psychological, linguistic abilities of highly educated individual. In general this kind of scientific process is taking place around the human intellect. Therefore we have to define «intelligence» not just as a simple language notion, also as a cognitive and pedagogical concept which scientific significance has not been defined since human’s occurrence.

Nowadays, conceptualizing of human intellectual character in the pedagogical aspect is one of the relevant research topics. The study of human intelligence in linguistics (cognitive linguistics, psycholinguistics, cultural linguistics) integrated with pedagogical science, taking into account new requirements of society and science will make a scientific contribution in the execution of the strategic objectives of the president. On the other hand, we should update the science of human being constantly in competitive world. Intellectual capabilities which were peculiar only to human are being developed by artificial intelligence in the process of world globalization. Scientific-technological revolution that we never thought or dreamt is undergoing in the world. This leads to the changes of values in human’s life and to dependence on mobility, informatization, worldwide competition and many other social factors.

Intelligence given us by the nature (mind, consciousness, knowledge, talent, etc.) is the main foundation of our conscious living, and also it is future of the nation and main terms of intellectual potential of our generation. In this regard, we believe that our research work is among relevant research topics.

Object of the research. Pedagogical aspect of concepts which describe individual’s intellectual character.

Subject of the research. Pedagogical aspect of cognitive, psychological tendencies in modern Kazakh linguistics.

The aim of the research. To analyze concepts which describe intellectual characteristics of individual on the basis of materials of modern Kazakh language and to define their cognitive-pedagogical characteristics, content, activity.

Research objectives:

- to define the scientific terms of «concept», «intelligence»;

- to draw a scientific-theoretical conclusion on philosophical, psychological, linguistic, pedagogical aspects of the macroconcept «intelligence»;

- to determine the cognitive-pedagogical characteristics of basic concepts belonged to the content-informative field of the macroconcept «intelligence;

- to determine the cognitive-pedagogical characteristics of basic concept «sheshendik» as a definition which decribes Kazakh national intellectual potential;

- to analyze linguistic activity of the macroconcept «intelligence» in educational and upbringing on the basis of metaphors, paroimias, word combinations;

- to determine gender and pedagogical characteristics of the macroconcept «intelligence», to give definition to the term «gender intelligence».

Methods of research: Synchronous description, analysis of scientific-theoretical, pedagogical, psychological and methodological sources according to research problem, the methods of cognitive and cultural linguistic, lingua-psychological analyzing, description and associative comparative methods are used in research work.

Scientific novelty and theoretical significance of the research:


  • The term «intelligence» which plays the main role in educational and upbringing process is analyzed conceptually for the first time, scientific-theoretical, pedagogical conclusions are worked out;

- Content-informative field and cognitive-pedagogical characteristics of basic concepts such as «mind», «knowledge», «practice», «science», «culture», «sheshendik» are analyzed;

- Basic concept «Sheshendik» is defined as the concept which shows Kazakh national intellectual potential;

- Linguistic activity of the macroconcept «intelligence» is analyzed on the basis of metaphors, paroimias, word combinations and their role in educational and upbringing process are defined;

- The term «gender intellegince» is defined and analyzed on the basic of national heritage in studying linguistic activity of the macroconcept «intelligence».



The practical significance of the research.

The research results can be used in theoretical and practical fields of newly developing Kazakh cognitive linguistics and also in the development of new directions in teaching of Kazakh language. Results also give an opportunity to understand anthropological-linguistic principles and conclusions in social, cultural world view of ethnos concerning to human factors. The results of research also can be used at the lectures, courses such as modern Kazakh language, ethnopedagogics, regional geography, lexicology and phraseology of kazakh language, cultural linguistics, social linguistics integrated with cognitive linguistics in philological departments of higher education institutions and in preparing educational-methodogical complexes of elective courses.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет