Қазақстан Республикасының Білім жӘне Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік Университеті
РАХМЕТУЛИНА Ж.Б.
«Экономикалық теория» пӘні бойынша
ПРАКТИКУМ
экономикалық емес мамандықтарға арналған
.
ШЫМКЕНТ, 2010ж.
ОБЖ 378(075.8): 330
БҚИ 65.01я 73
Р 24
Рахметулина Ж.Б. «Экономикалық теория» пәні бойынша практикум.- Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2010ж.- 111б.
ISBN 978-601-255-026-9
Практикум химия- технологиялық факультетінің: 050720 БЗХТ, 050721 ОЗХТ мамандықтарының студеттеріне арналған.
Практикум экономикалық теорияның, микроэкономика мен макроэкономиканың негізгі ережелерімен білімді тексерудің және бақылаудың сұрақтары енгізіп, «Экономикалық теория» пәнінің типтік бағдарламасы мен оқу жоспарының талаптарына сәйкес құрастырылған. Практикум алған білім мен теориялық материалдарды толық меңгеруге және практикада қолданудағы дамыту үшін әсерін тигізеді.
Рецензенттер:
|
Садыков Ә.С.- э.ғ.д., профессор, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық- экономикалық колледжінің директоры
|
|
Кожамкулова И.Е.- э.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ аға оқытушы
|
|
Икматова Э.Б.- э.ғ.к., Академиялық инновациялық университетінің доценті
|
Практикум басуға ұсынылған ҚР БҒМ РОӘК-нің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і жанындағы химия-технологиялық мамандықтары бойынша оқу- әдістемелік секциясы, хаттама № 4 11.12. 2009ж.
ISBN 978-601-255-026-9 © М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан Мемлекеттік Университеті
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
|
4
|
Тақырып 1. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері.
|
5
|
Тақырып 2. Қоғамдық өндірістің негіздері.
|
13
|
Тақырып 3 Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
|
19
|
Тақырып 4. Қоғамдық өндірістің нышандары.
|
26
|
Тақырып 5. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас.
|
31
|
Тақырып 6. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
|
35
|
Тақырып 7. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері.
|
38
|
Тақырып 8. Кәсіпорын капиталының айналымы.
|
47
|
Тақырып 9. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы.
|
54
|
Тақырып 10. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы.
|
63
|
Тақырып 11. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
|
69
|
Тақырып 12. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
|
76
|
Тақырып 13. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.
|
80
|
Тақырып 14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары.
|
93
|
Тақырып 15. Экономикалық өсу.
|
103
|
Іскерлік ойындарды жүргізу мысалдары, кейс- әдісін қолдану.
|
109
|
Тест сұрақтарының жауаптары
|
110
|
Әдебиеттер
|
111
| Алғы сөз
Нарықтық қатынастар қарқын алған бүгінгі қоғамда экономикалық білімге деген қызығушылық күннен- күнге артып келеді. Нарықтық бәсеке аясында табысқа, тұрақтылыққа және жоғары пайдаға қол жеткізу экономикалық білімсіз мүмкін емес.
Экономикалық теорияның негіздерін, экономикалық өмірдің даму тенденциялар мен заңдылықтарын меңгермейінше, білікті экономист немесе іскер адам ретінде қалыптасу қиын. Содықтан біліктілігі жоғары экономикалық маман даярлауда экономикалық теорияны оқытуға зор көңіл бөлінуде.
Қазіргі жағдайда экономикалық теорияның рөлі ерекше. ҚР-дағы экономика реформалар тәжірибесі, нарықтық қатынастарға тиімді өту мен дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне экономикалық интеграциялауды қамтамасыз етуде осы процеске қатысушылардың экономикалық біліміне жоғары талаптар қойылады. Семинар сабағының ұсынылатын құрылымы мыналар:
1 кезең. Тақырып бойынша ауызша сұрау (10 минут)
2 кезең. Ұсынылған сұрақтарға жауап беру (дұрыс/қате), егер жауаптар дұрыс емес болса, онда лекция материалдарын бекітуге байланысты талқылау жүргізу (5 минут).
3 кезең. Жаңа тақырыптар бойынша жаттығулар мен есептер шығару (15 минут).
4 кезең. Тарату материалдары бойынша жазбаша бақылау (15-20 мин.), яғни материалды студенттік тереңірек түсінуін бағалауға мүмкіндік береді. Әр студентке жеке- жеке жауап беруге мынандай тапсырмалар беріледі:
-
Төмендегі терминдердің анықтамысын беріңіз (3-5 термин).
2. Экономикалық ойлау қабілетін дамыту үшін сұрақ.
3. Логикалық схема (кестені) толтыру.
4. Тесттер.
Сонымен қатар, модуль бойынша аралық бақылау жұмысын тест түрінде өткізуді ұсынылады.
Мұндай семинар сабағын жүргізудің құрылымы біз көзқарасымыз бойынша белгілі-бір мақсатқа жетуге арналған. Оқылған материалдар «Экономикалық теория» курсы бойынша тақырыптарды меңгеруді жеңілдетеді, теориялық материалдар мен практикалық сұрақтарды байланыстыратын жүйелілік және күнделікті жұмыстардың негізін қалайды. Студенттер осыдан кейін тест түріндегі және жазбаша түріндегі жүргізінетін емтихандарға күнделікті дайындалатын болады. Сонымен бірге сабақта экономикалық есептерді құрастыру мен шығару, шағын- шығарма, кейсті талқылау, іскерлік ойындарды өткізу қарастырылады.
Берілген семинар сабағының құрылымы студенттердің материалдарды толық меңгеруі жоғарлайды, сонымен бірге студенттік топты қосымша әдебиеттерді оқуға, өзекті мәселелер бойынша пікір- таласқа қатысуға белсендіруге мүмкіндік береді.
Тақырып 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ
ЖӘНЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ.
Экономикалық теория курсының қисыны және құрылымы.
Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық теорияның қызметтері және зерттеу әдістері.
Экономикалық категориялар және заңдар.
Тақырып бойынша ауызша сұрау:
-
Экономика дегеніміз не? Экономикалық ілімдер жүйесінде алатын орнын анықтаңдар.
-
Экономикалық теория пәніне анықтама беріңдер. Қызметтерін анықтаңдар.
-
Макроэкономика және микроэкономика қарастыратын сұрақтардың аумағы.
-
Жалпы экономикалық теорияның зертеу әдістеріне сипаттама беріңдер.
-
Қоғамның экономикалық мақсаттарын айтыңдар.
-
Экономикалық ойлардың даму тарихын айтып беріңдер.
-
Қазақстандағы экономикалық ғылымның даму ерекшеліктері қандай.
-
Меркантилистер неге байлық көзі айналым аясы деп есептеген?
-
Физиократтардың тарихи еңбегі немен қорытындыланады?
-
А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларының ерекшелік сипаттамалары қандай?
-
Экономикалық ғылымды идеологияландыру нені білдіреді?
-
Кейнсиан мектебінің неоклассикалық мектептен қандай айырмашылығы бар?
-
«Саяси экономияның», «экономикалық теорияның» және «экономикстің» қандай айырмашылықтары бар?
-
Экономикалық теория нені зерттейді?
Дұрыс - Қате
-
Экономикалық теория пәні– бұл адамдардың шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
-
Микроэкономика - бұл жалпы мемлекеттік экономика деңгейін зерттейді.
-
Макроэкономика - бұл жеке бизнесті, жеке фирманың іс-әрекетін талдайды.
-
Эксперимент - бұл арнайы жағдайлар жасап және бақылауға қойылған шарттар арқылы зерттеулер жүргізу.
-
Нормативті экономика – нақты деректер мен ұсыныстарға сүйенеді.
-
Позитивті экономика - ұсыныстар мен ұйғарымдар, яғни болжау арқылы мақсатқа жету үшін қандай шаралар жүргізу керектігін анықтайды.
-
Экономикалық заңдар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі.
Келесі тапсырмаларды ойластырып көріңіздер:
1. Қазақстанның нарыққа өтуі адамдар арасындағы экономикалық және әлеуметтік теңсіздікке, жұмыссыздықтың өсуіне, шаруашылық байланыстардың бұзылуына және жалпы – қазақстандық азаматтық қоғамның тұрақсыздануына әкеледі. Сондықтан, жаңаның негізі салынбаған жерде ескіні бұзбау үшін, Қазақстанда реформалар біртіндеп, кезеңмен ұзақ уақыт мерзімінде жүргізілуі керек.
Нормативтік және позитивтік ойды бөліп көрсетіңіз. Айтылған ойдың өзіне комментарий беріңіздер.
Тақырып 2. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ.
Экономикалық қорлар (ресурстар) және өндіріс факторлары.
Өндіріс және ұдайы өндіріс
Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну.
Тақырып бойынша ауызша сұрау:
-
Ресурстар дегеніміз не ?
-
Ресурстардың қандай түрлері бар?
-
Қажеттілік дегеніміз не?
-
Адамның экономикалық қызметтері деген не?
-
Экономикалық мүдделер және экономикалық мінез- құлықтың ішкі себептері.
-
Қоғамдық өндіріс дегеніміз не?
-
Материалдық және материалдық емес өндіріс дегеніміз не?
-
Қоғамдық өнім дегеніміз не?
-
Өндіріске қандай факторлар әсер етеді?
-
Өндіргіш күштерге не жатады?
-
Өндірістік қатынастардың түрлерін ата?
-
Жұмысшы күші дегеніміз не?
-
Өндіріс құрал – жабдықтарына жататындар?
-
Ұдайы өндіріс дегеніміз не?
-
Жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс дегеніміз не?
Дұрыс - Қате
-
Экономикалық ресуртар – бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын жер және оның қойнауынан алынған байлықтардан адамдардың өндірген ресурстары (табиғи, еңбек, капитал, ақпараттық ресуртар)
-
Игіліктер – бұл нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстар (жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілет)
-
Өндіріс - ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтиды.
-
Ұдайы өндіріс - бұл үнемі қайталанып, жаңғырып отыратын өндіріс түрі.
-
Ұдайы өндіріс жай және шағын болып бөлінеді.
-
Еңбек бөлінісі - бұл қоғамдық өндірісте адамдар арасындағы қатынастарды ұйымдастыру формасы, басқаша айтқанда, бұл еңбектің мамандандырылуы.
-
Өндіріс факторлары - бұл тұтынушының белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін немесе өндірушінің көздеген мақсатына сәйкес қолдануы үшін материалдық және материалдық емес өнімдер.
Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Өндіріс мүмкіндіктерінің кисығын график түрінде салыңыздар.
Өнім түрі
|
Баламалы өндіріс
|
А
|
В
|
С
|
Д
|
Е
|
Автомобиль (млн)
|
0
|
2
|
4
|
6
|
8
|
Ракеталар (мың)
|
30
|
27
|
21
|
12
|
0
|
Тақырып 3. МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ.
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
Меншік объектілері және субъектілері.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, проблемалары.
Тақырып бойынша ауызша сұрау:
-
Меншік дегеніміз не?
-
Меншіктің қандай түрлері мен формаларын білесіңдер?
-
Меншіктің экономикалық және құқықтық жағының айырмашылығының критериі не болып табылады?
-
Меншікке деген құқықтарды атап олардың әрқайсысына сипаттама беріңдер.
-
Жеке және заңды тұлғалар арасында айырмашылық бар ма?
-
Мемлекетсіздендіру дегеніміз не?
-
Жекешелендіру дегенміз не? Оның мақсаттары қандай?
-
Жекешелендірудің негізгі бағыттарын атаңдар.
-
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру кезеңдерін атаңдар.
-
Жекешелендірудің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңдар.
-
Қазақстан экономикасының дамуының болашағы.
Дұрыс - Қате
-
Меншік- бұл тұрмыстық мағынада белгілі бір затты иемдену арқылы адамдар арасында туындайтын қатынастар.
-
Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
-
Жекелендіру – меншікті иеліктен шығару.
-
Жатсындыру - әрбір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
-
Меншіктің субъектілері: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік, ақша, асыл заттар.
-
Меншіктің объектілері: ұжым, халық, мемлекет, басқару органдары.
Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Экономикалық жүйелердің тиімділігін табиғи ресурстардың көлемі бойынша, тұрғындардың саны мен олардың білімінің деңгейі бойынша, жан басына шаққанда келетін ұлттық табыс бойынша, әлеуметтік қорғау деңгейі бойынша, тұрғындардың әртүрлі топтарының табысының көрсеткіші бойынша, қоршаған ортаның жағдайын бойынша салыстыруға бола ма?
2. Меншіктің оң және теріс көріністерін айырып көрсетіңдер:
А) меншік иесінің жағдайының өндірістік қызметтің нәтижесіне қатаң тәуелсіздігі.
Б) кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету.
В) бәсекелестік күрестің күшеюі.
3. Сіздердің ойларың бойынша кәсіпкерліктің қандай формасы ыңғайлы: а) тұрғын үйді сату- сатып алу ұшін делдалдық кеңсе үшін; б) коммерциялық банк үшін; в) қолдан тоқылған киімді жасайтын кәсіпорын үшін; г) автомобиль шығару бойынша өнеркәсіп кешені үшін?
Тақырып 4. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЫШАНДАРЫ.
«Қоғамдық шаруашылық» ұғымының сипаттамасы.
Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нышандары: натуралды және тауарлы.
Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы.
Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болуы, жағдайлары мен себептері.
Тақырып бойынша ауызша сұрау:
1. Натуралды шаруашылықтың негізгі сипаттарын атаңдар.Олардың қайсысын Қазақстанның қазіргі экономикасында «көруге» болады? Бұл натуралды шаруашылықтың нышандары екендігін дәлелдеңдер.
2.Тауарлы шаруашылықтың негізгі сипаттарын атаңдар. Тауарлы шаруашылық экономикалық өмірге қандай маңызды жаңалықтарды әкеледі?
3.Тұтынушылық құн мен пайдалылық арасындағы ерекшеліктерді атаңдар.
4. Ақшаның табиғаты қандай және ол қалай іске асады? Ақшаның қай қызметі қазіргі кезде тек қана номиналды түрде орындалады?
5. Құнның еңбек теориясына сәйкес еңбектің екі жағы мен екі қасиеті қандай?
6. Еңбектің құн теориясы тауар айырбасын қалай түсіндіреді? Құн заңының ролі қандай?
7. Субъективті құн теориясы тауар айырбасын қалай түсіндіреді?
8. Айырбаста игіліктің пайдалылығын қалай түсіндіруге болады?
9. Игіліктің шекті пайдалылығы дегеніміз не?
10. Госсен заңы нені қөрсетеді?
11. Ақша айналымының заңы нені көрсетеді?
13. Толық бағалы және толық бағалы емес ақша дегеніміз не?
14. Кредиттік ақшаның тәжірибеде қандай түрі қолданылады?
Дұрыс - Қате
-
Тауар- бұл айырбасқа арналған еңбек өнімі.
-
Тауардың үш қасиеті бар: тұтыну құны, айырбас құны және абстракты құны.
-
Айырбас құны- тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетілігін қанағаттандыру қасиеті.
-
Тұтыну құны- тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеті.
-
Натуралды шаруашылық: еңбек бөлінісі дамымаған, қолмен жасалатын еңбек басым болады.
-
Тауарлы шаруашылық: еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы, мамандырылған еңбек, экономикалық қатынастар ашық және жанама байланыста болады.
-
Нарық – бұл экономикалық проблемалардың тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауар өндіру мен тауарға айырбастауда туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формалары.
-
Ақша – бұл жалпылама эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар
Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Төмендегідей жағдайларда ақша қандай міндеттерді (айналым құралы- А, құн өлшемі -Қ, жинақтау құралы -Ж, немесе төлем құралы- Т) орындайды?
-
Ата- анаңыз сізге тұған күніңізде 5000 теңге сыйлады.
-
Сіз ақшаңызды құнсызданудан сақтау үшін алтын сатып алдыңыз.
-
Сіз бір шөлмек Сары- ағаш сусынына теңге төледіңіз.
Тақырып 5. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖҮЙЕЛІК КӨЗҚАРАС.
Қоғам дамуың кезеңдерге бөлудегі негізгі көзқарастар.
Экономикалық жүйе, оның элементтері.
Экономикалық жүйелердің типтік үлгілері: дәстүрлі, жоспарлы, нарықты, аралас экономика.
Тақырып бойынша ауызша сұрау:
-
Жүйе дегеніміз не?
-
Экономикалық жүйенің негізгі түрлері қандай?
-
Экономикалық жүйе немен ерекшеленеді?
-
Экономикалық жүйе қандай мәселелерді шешеді?
-
Мына сұрақтар қалай шешіледі: Нені өндіру қажет? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? - нарықтық жүйеде ме?
-
Мына сұрақтар қалай шешіледі: Нені өндіру қажет? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? – аралас экономикада ма?
Дұрыс - Қате
-
Экономикалық жүйе– бұл экономикалық процестер элементтерінің жиынтығы (қоғамның өндіргіш күштері, технико-экономикалық қатынастар).
-
Экономиканың төрт негізгі сұрақтары: нені, қалай, неге және кім үшін өндіру қажет?
-
Экономикалық жүйенің типтері- дәстүрлі, әкімшілік- әміршілік, нарықтық, аралас, өтпелі.
-
Нарықтық экономикаға өту жолдары: экономиканы қайта құруды тәжірибеде екі жолмен жүргізіледі: біріншіден шұғыл реформалар (шок терапиясы арқылы) жүргізу, екіншіден әміршілік басқару элементтерін жаңа нарықтық қатынастарға жәйлап ауыстыруға бағыт алу.
Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Логикалық схеманы толтырыңыз (кесте):
Модельдер
Белгілер
|
дәстүрлі
|
әкімшілік- әміршілік
|
нарықтық
|
аралас
|
Құрылымы , шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ету
|
|
|
|
|
Реттеу тетігі
|
|
|
|
|
Меншік нышаны
|
|
|
|
|
Ынталандыру
|
|
|
|
|
Тақырып 6. ТАУАРЛЫ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ. НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
Тауар- ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың қалыптасуы.
Нарықтың мәні мен қызметтері.
Нарықтың түрлері және олардың классификациясы.
Тақырып бойынша ауызша сұрау:
-
Нарық дегеніміз не? Нарық объектілері мен субъектілерін анықтаңдар.
-
Әр түрлі нышандар бойынша нарықтың түрлерін атаңдар.
-
Нарық қызметтерін атаңдар.
-
Нарықтың тиімділігі қалай есептеледі?
-
Нарық инфрақұрылымын сипаттаңдар.
-
Нарықтағы «көрінбейтін қол» деп А.Смит нені түсінген?
-
Нарық тетіктерінің негізгі элементтерін атаңыздар.
Дұрыс - Қате
-
Нарықтың түрлері: орналасуы бойынша көтерме, бөлшек сауда нарығы болады.
-
Нарықтың дамуына байланысты дамыған және дамымаған болады.
-
Нарықтың инфрақұрылымы: бұл өзара байланысты нарықты белгілі бір жағдаймен қамтамасыз ету қызмет атқаратын арнайы мамандырылған мекемелер жиынтығы. (тауар биржасы, жәрмеңке, аукцион, жарнама, маркетинг).
-
Нарықтың кемшіліктері: еңбек құқығы мен табысқа кепілдеме бермейді.
-
Нарықтың басымдылығы: ресурстарды тиімді бөлу.
-
Нарық тетіктерінің негізгі элементтері нарық бағасы, сұраныстар қатынасы, ұсыныстар мен бәсекелестік болып табылады.
Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Логикалық схеманы толтырыңыз (кесте):
-
Дж.М.Кейнстің реттелетін нарық теориясының ерекшелігі неде?
-
Нарықтың неоклассикалық теориясының әдіснамалық сілтемесі қандай болады?
Достарыңызбен бөлісу: |