|
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
201__ жылғы “____” ___________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
|
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Cинупрет®
Саудалық атауы
Cинупрет®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған шәрбат, 100 мл
Құрамы
100 г шәрбат құрамында
белсенді заттар:
шерменгүл тамырынан* 0.069 г
тостағаншасы бар наурызгүл гүлінен* 0.207 г
қымыздық шөбінен* 0.207 г
аюбадам гүлінен* 0.207 г
нарқайсар шөбінен * 0.207 г
алынған 10 г сулы-спиртті сығынды
қосымша заттар:
тазартылған су, сұйық мальтит, шие хош иістендіргіші.
* - 59% этил спиртінің экстрагенті
Ескерту: препараттағы этил спиртінің құрамы шамамен 8 %.
Сипаттамасы
Шие иісі және тәтті дәмі бар, ашық-қоңыр түсті тұтқыр сұйықтық. Сақтау үдерісінде лайлануы және аздап шөгінді түзілуі мүмкін.
|
|
Фармакотерапиялық тобы
Қақырық түсіретін дәрілер. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.
АТХ коды R05CA10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Біріктірілген препарат, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Өсімдік текті біріктірілген препарат.
Фармакологиялық қасиеттері препараттың құрамына кіретін биологиялық тұрғыдан белсенді заттарға байланысты болады. Синупрет® секретолитикалық, секретомоторлық және қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Мұрынның қосалқы қуыстарынан және жоғарғы тыныс алу жолдарынан экссудаттың ағып шығуына мүмкіндік береді. Бактерияға қарсы және вирусқа қарсы белсенділікке ие және жұқпалардан қорғайды.
Қолданылуы
-
тұтқыр сөліністің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы синуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге және 12 жастан асқан жасөспірімдерге: күніне 3 рет 7,0 мл
6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3 рет 3,5 мл
2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3 рет 2,1 мл
Емдеу курсы 7-14 күнді құрайды.
Қолданар алдында шайқау керек.
Жағымсыз әсерлері
Келесі жағымсыз әсерлер болуы ықтимал:
- асқазан-ішектік бұзылулар (іш ауыруы, жүрек айнуы)
- аллергиялық реакциялар (Квинке ісінуі, ентігу)
- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары (қызару, бөртпе, қышу)
Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде (әсіресе аллергиялық реакциялар) препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралған жөн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 2 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Этиопатогенетикалық ем жүргізу мақсатында бактерияларға қарсы дәрілік заттармен біріктірілуі мүмкін және бұл орынды.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі қазіргі уақытқа дейін белгісіз.
Егер симптомдар 7-14 күннен артық сақталған немесе әлсін-әлсін қайталанған жағдайда дәрігерден кеңес алу қажет.
1 мл шәрбат құрамында 0,0639 мл спирт бар.
Қолдану кезіндегі ерекше сақтандырулар: құрамында алкоголь болғандықтан, препаратты маскүнемдікпен ауыратындарға, сондай-ақ алкогольге тәуелділікті емдегеннен кейін қолдануға болмайды. Маскүнемдіктен және бауыр ауруынан, бас ми жарақаттары мен ауруларынан және эпилепсиядан зардап шегетін емделушілер Синупрет® шәрбатында 8,0 % спирттің бар екендігін есте сақтауы тиіс.
Қант диабетімен ауыратындарда қолдану
Аталған препарат құрамында мальтит ерітіндісі бар.
Егер сізге қанттың белгілі бір түрлері жақпайтыны белгілі болса, препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
7,0 мл шәрбат құрамында 5,5 г мальтит ерітіндісі бар, бұл шамамен 0,35 нан бірлігіне (НБ) сай келеді. Энергетикалық құндылығы мальтиттің 2,3 ккал/г құрайды. Мальтит аздап іш жүргізетін әсер беруі мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезеңінде Синупретті® дәрігердің қатаң көрсетілімдері мен тағайындауы бойынша ғана қолдануға болады.
Лактация (емшек емізу) кезеңінде қолдану тәжірибесінің жоқ болуына байланысты препаратты осы кезеңде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Егер ұсынылған дозаларда қабылдаса, препарат көлікті басқару және қауіпті механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: препаратты емдік дозадан асатын дозаларда қабылдау асқазан бұзылысын, құсуды немесе диарея туындатуы мүмкін.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препараттан жоғарғы жағында дозалаушы тамызғыш құрылғысы, алғаш ашылуы бақыланатын бұрап жабылатын қақпағы және өлшегіш қасығы бар күңгірт шыны құтыда. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан медицинада қолданылу жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 6 ай
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Bionorica SЕ/Бионорика СЕ/» өкілдігі
Алматы қ-сы, «Главпочтамт», а/ж № 200, тел: 250-93-99
e-mail: info@bionorica.kz
Достарыңызбен бөлісу: |