Ер-тоқым-ұлттық жәдігер.
Кең даланы мекендеген халқымыз жылқы малын мінсең көлік, жесең азық, ішсең сусын,- деп бекер айтпаса керек. Ат-ер қанаты дейді. Ұлттық ойынымызда да атпен көрсетілетін түрлері көп. Олай болса күнде атқа мініп жүрмесе де, ер-тоқымның қадір-қасиетін жас ұрпақ білуі тиіс. Жылқыға міну үшін жақсы ер-тұрман қажет. Бұрынғылар жуан өскен ағаштың тамырынан ер шауып қосатын. Ер-тоқымды жасайтын адамды ерші дейді. Ерді қосады. Ер төрт бөліктен тұрады.
• Алдыңғы жағын ердің қасы деп аталады.
• екі жағын қаптал дейді.
• отыратын жерін, негізін арқалық деп атайды.
Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей қорығында Ұлытау ауылының ұстасы, мектеп мұғалімі Секен Айтуғанұлының қолынан жасаған ер тоқымы сақтаулы тұр.
Тоқымын құрымы былғарыдан пішіп, астарлап тігеді. Үзеңгіні
ағаштан жасаған. Жүген мен құйысқан да қайыстан жақсы тілініп күміспен көмкеріледі. Қамшысы мен тұсамысы бір бөлек дүние. Жігіттің ат әбзелдері ерекше бір шебердің өнер туындысы болып есептеледі. Халқымыз жеткіншек бозбалаға әдейі арнап жасатса, бойжеткен қыз баласына бір бөлек жасалады. Қазіргі кездегі автомашиналардың маркасы іспетті, бейтаныс жолаушыны аттан түскенде-ақ киген киімінен, мінген атына қарап танитын. Жомарт қазақ адамды қабағынан байқағыш қой. Жолаушы үйдің босағасына қамшысын ілсе, асығыс екендігі, сусын ішіп жөн сұрасып жүріп кететіндігін білген. Қамшысын төрге тастаса, алыстан шаршап келеді, қона жатуға ыңғай танытқаны. Қасиетті халықтың жолаушыны қас-қабағынан байқап бірін-бірі ұғып, ыммен танығаны осы емес пе? Киім киісінен де қай рудан екенін тани білген. Тіпті аттың жамбасына күйдіріп басқан таңбасы мен ат әбзелдерінің өзінде де айырмашылық болады. Әр шебердің өз қолтаңбасы болады. Оңтүстіктің ерінің қасы биік, шошақ болып келеді. Сарыарқа ерінің басы дөңгеленіп келеді, биік болмайды. Батыс өңірінікі жалпақ кең, ұзақ отырғанда жайлы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |